Category: Без рубрики (Page 11 of 309)

Жолдау – жарқын болашаққа бағытталған маңызды қадам

Жолдау – жарқын болашаққа бағытталған маңызды қадам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы еліміздің алдағы даму бағыттарын айқындап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Онда көтерілген бастамалар қоғамды жаңғыртуға, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға және елдің болашағын нығайтуға бағытталған.

Цифрландыру, жасанды интеллект, білім беру және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелерінің қатар қамтылуы ерекше маңызды. Заман талабына сай даму мен рухани мұраны дәріптеу өзара үйлесім тапқанда, еліміздің әлеуеті артып, келешек ұрпаққа тың мүмкіндіктер қалыптасады.

Әділдік, бірлік, өзара құрмет пен жауапкершілік – қоғамның берік негізі. Осы құндылықтарды сақтап, жаңашылдыққа ұмтылу арқылы ортақ мақсаттарға қол жеткізуге болады. Жолдауда белгіленген міндеттердің жүзеге асуы ел игілігіне қызмет етіп, Қазақстанның одан әрі дамуына ықпал етеді.

Еліміздің жарқын болашағына бастайтын жол – бірлік пен жасампаздықта. Жаңа бастамаларға қолдау білдіріп, ортақ іске үлес қосу арқылы тұрақты дамуға және келешек ұрпақ үшін мол мүмкіндіктер қалыптастыруға болады.

Қайрат Қазияқпаров – Зеренді ауданы билер алқасының мүшесі

Алатау – жаңа мүмкіндіктерге бастайтын қала

Алатау – жаңа мүмкіндіктерге бастайтын қала

Әрбір үлкен істің артында елдің болашағына деген сенім жатады. Ал Алатау қаласының құрылысы – сондай маңызды жобалардың бірі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында Алатауды инвестиция мен кәсіпкерлікке қолайлы, жедел дамитын қала ретінде қалыптастырудың маңызын атап өтті. Бұл жерде жаңа жобалар жүзеге асып, заманауи технологиялар енгізіліп, жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Алатау – жай ғана жаңа қала емес. Бұл – тың идеяларға, батыл бастамаларға және үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын орта. Мұнда кәсіпкерлер өз жобаларын дамытып, инвесторлар сенімді жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Ол үшін әділ әрі тиімді сот жүйесі де қажет. Себебі заңға деген сенім бар жерде бизнес те дамиды, адамдар да болашаққа нық қадам басады.

Алатаудың болашағы зор деп сенемін. Бұл қала Қазақстанның экономикалық дамуына серпін беріп, халыққа жаңа мүмкіндіктер ұсынатын маңызды орталыққа айналуы мүмкін.

Алатау – ел болашағына жасалған батыл қадам және жарқын өзгерістердің бастауы!

Аягөз Жарлығап -көп балалы ана, Зеренді ауданы аналар кеңесінің мүшесі

Балалар денсаулығы – ұлт болашағының кепілі

Балалар денсаулығы – ұлт болашағының кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балалардың денсаулығын қорғау және медициналық инфрақұрылымды дамыту мәселесіне ерекше назар аударылуы өте маңызды деп санаймын.

Елімізде жыл сайын жүздеген мың сәбидің дүниеге келуі – халқымыздың өсіп-өркендеуінің қуанышты көрінісі. Әрбір баланың дүниеге аман келуі, дені сау болып өсуі және сапалы медициналық көмек алуы – баршамыз үшін ортақ міндет. Сондықтан заманауи перинаталды орталықтар мен балалар ауруханаларын салу туралы бастама қоғам үшін үлкен маңызға ие.

Ана үшін баласының денсаулығынан қымбат ештеңе жоқ. Жаңа медициналық нысандардың ашылуы болашақ аналарға, сәбилерге және балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар дәрігерлердің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтіп, отбасылардың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтады.

Балаларға қамқорлық жасау – елдің болашағына қамқорлық жасау. Әрбір баланың бақытты балалық шағы, мықты денсаулығы мен жарқын келешегі болуы үшін мемлекет пен қоғам бірлесе жұмыс істеуі қажет. Осы бағыттағы бастамалардың жүйелі жүзеге асуы еліміздегі отбасылардың әл-ауқатын арттырып, ана мен бала денсаулығын қорғауға тың серпін береді.

Біздің ең үлкен байлығымыз – дені сау ұрпақ.

Армангуль Малик- Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы

«Заң мен тәртіп» қағидатының қоғам өміріндегі маңызы зор.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің болашағына деген сенімді нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жолдауда белгіленген міндеттер Қазақстанның одан әрі дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына және әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Еліміздің барлық өңірінде заманауи инфрақұрылымның дамуы, жаңа жолдардың салынуы, мектептер мен ауруханалардың жаңғыртылуы, мәдениет және спорт нысандарының көбеюі – халық үшін үлкен қуаныш. Мұндай игі бастамалар қалаларымыз бен ауылдарымыздың көркеюіне, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалуына және жас ұрпақтың жарқын болашағына берік негіз қалайды.

Жаңа өндіріс орындарының ашылуы мен цифрлық экономиканың дамуы да еліміз үшін маңызды мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл – жаңа жұмыс орындары, кәсіби өсуге қолайлы орта және жастардың өз қабілеттерін жүзеге асыруына берілетін мүмкіндік. Білім мен еңбекті бағалайтын қоғамда әрбір азамат ел дамуына өз үлесін қоса алады.

Әйел адам ретінде еліміздегі тұрақтылықты, отбасылардың амандығын, балалардың сапалы білім алып, бақытты өмір сүруіне жасалып жатқан мүмкіндіктерді ерекше бағалаймын. Өйткені әрбір ата-ананың арманы – балаларының бейбіт елде өсіп, жақсы білім алып, болашағына сеніммен қарауы. Еліміздегі татулық пен бірлік осы арманның орындалуына негіз болады.

«Заң мен тәртіп» қағидатының қоғам өміріндегі маңызы зор. Бір-бірімізді құрметтеп, адал еңбек етіп, ортақ құндылықтарымызды бағалай білсек, еліміздің дамуы да баянды болмақ. Бірлігі жарасқан елдің болашағы әрдайым жарқын.

Қазақстанның мүмкіндіктері мол, болашағы зор. Ең бастысы – еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты бағалап, жасампаз істерге бірге атсалысу. Әрбір игі бастама, әрбір адал еңбек және әрбір азаматтың жауапкершілігі мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосады.

Еліміз дами берсін, халқымыздың тұрмысы жақсарып, әр шаңыраққа қуаныш пен береке орнасын! Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын, келешегі кемел боларына сенім мол.

Роза Ибраимова – Зеренді ауданы әжелер кеңесінің төрайымы

Қазақстанның жаңа даму кезеңі: инфрақұрылым, бірлік және жауапкершілік

Қазақстанның жаңа даму кезеңі: инфрақұрылым, бірлік және жауапкершілік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің болашақ даму бағыттарын айқындайтын маңызды құжат болып табылады.

Президент Жолдауында азаматтық инфрақұрылымды жаңғыртуға, өңірлерді дамытуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға және цифрлық экономиканы өркендетуге ерекше назар аударды. Бұл бастамалар еліміздің экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға да мүмкіндік береді.

Автомобиль жолдарын, теміржолдарды, көпірлерді, мектептерді, ауруханаларды, спорт кешендері мен мәдениет нысандарын салу – ел болашағына жасалған маңызды инвестиция. Өйткені заманауи инфрақұрылым халыққа қолайлы жағдай қалыптастырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өңірлердің өркендеуіне жол ашады.

Сонымен қатар жаңа өндірістерді дамыту мен цифрлық технологияларды кеңінен енгізу Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда мемлекет дамуының басты өлшемі экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, азаматтардың әл-ауқаты, білім алу мүмкіндіктері және сапалы медициналық қызметке қолжетімділігімен де бағалануы тиіс.

Жолдауда айтылған «Заң мен тәртіп» қағидатының да маңызы зор. Заңды құрметтеу, адал еңбек ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және әрбір іске жауапкершілікпен қарау – өркениетті қоғамның негізгі белгілері. Мемлекеттің дамуы әр азаматтың өз міндетіне адал болуынан басталады.

Мемлекет басшысының ұлттық бірлікті нығайтуға қатысты пікірі де ерекше мәнге ие. Қазіргі күрделі кезеңде қоғамның ынтымағы мен тұрақтылығы, азаматтардың өзара сенімі және ортақ мақсатқа жұмылуы еліміздің табысты дамуының басты кепілі болып табылады.

Қазақстанның жарқын болашағы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Еліміздің өркендеуі үшін мемлекет пен қоғам бірлесе әрекет етіп, әр азамат өз үлесін қосуы қажет. Сонда ғана біз қуатты экономиканы қалыптастырып, инфрақұрылымы дамыған, азаматтарына қолайлы жағдай жасалған және халықаралық аренада беделі жоғары мемлекет құра аламыз.

Бүгінгі адал еңбек, жауапкершілік пен бірлікке негізделген іс-әрекет – келер ұрпаққа қалдыратын ең құнды мұрамыз.

Оралбек Бекішев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы

Бүгін мен елімізде жасалып жатқан ауқымды өзгерістерге кеңінен тоқталдым. Жарқын болашағымызды айқындайтын маңызды бастамалар жөнінде айттым.

Мемлекет басшысы:

Бүгін мен елімізде жасалып жатқан ауқымды өзгерістерге кеңінен тоқталдым. Жарқын болашағымызды айқындайтын маңызды бастамалар жөнінде айттым.

Алдымызда тұрған тарихи міндеттерді табысты жүзеге асыруымыз керек. Біз әр азаматтың дамуына, барша жұрттың өркендеуіне жол ашатын берекелі қоғам, Әділетті Қазақстанды міндетті түрде құрамыз.

Баршаңызға амандық және табыс тілеймін!

Отанымыз – Қазақ елі мәңгі жасасын!

t.me/aqorda_resmi

«Жалпы, кез келген реформаны іске асыру үшін заңдарды жетілдіру, саяси институттарды нығайту жеткіліксіз. Ең алдымен, сана жаңғыруға тиіс.

Президент:

«Жалпы, кез келген реформаны іске асыру үшін заңдарды жетілдіру, саяси институттарды нығайту жеткіліксіз. Ең алдымен, сана жаңғыруға тиіс.

Еліміз орнықты дамуы үшін қоғамда жаңа этика орнығуы қажет. «Адал азамат» идеологиясы өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы керек.

«Әрекет түбі – берекет» деген халқымыз. Сондықтан мейлінше ширақ болып, отаншыл азамат екенімізді жасампаз істермен көрсету аса маңызды.

Ал отаншыл болу – заңды құрметтеу, тәртіпке бағыну, ел игілігі үшін табанды еңбек ету деген сөз. Заңға құрметпен қарайтын адам әрқашанда табысты болады.

Мен Қазақстан әрбір азаматтың дамуына жол ашатын, жалпыға бірдей мүмкіндік беретін, бірлігі бекем, Әділетті әрі Өркениетті мемлекет болуын тілеймін.

Аталған мақсатқа жету үшін бар күш-жігерімді салып келемін және алдағы уақытта да солай болады.

Қазіргі заманның басты қуаты – білім мен ғылымда, озық инновацияларда. Жаңа технологияларды, жасанды интеллектіні терең меңгерген ел дамиды.

Мемлекетімізге мықты ғалымдар, кәсіби инженерлер, ұлағатты ұстаздар мен білікті дәрігерлер әрқашанда керек болады.

Мен ұлтымыздың көшін алға бастай алатын отаншыл азаматтарға зор үмітпен қараймын».

t.me/aqorda_resmi

«Әрбір мекеме өз өкілеттігімен қатар, тұтас мемлекеттік аппараттың қалай жұмыс істейтінін нақты білуге тиіс.

Президент:

«Әрбір мекеме өз өкілеттігімен қатар, тұтас мемлекеттік аппараттың қалай жұмыс істейтінін нақты білуге тиіс.

Жасанды интеллектінің көмегімен қайталанатын міндеттерді, басқару жүйесіндегі қарама-қайшылықтарды жою керек.

Мемлекеттік аппарат қағазбастылықтан толық және біржола арылуы қажет. Шешім қабылдауға, яғни дамуға кедергі келтіретін барлық рәсімді қысқарту керек.

Мемлекеттік қызметшілер кәсіби білікті, озық маман болуға тиіс. Өкінішке қарай, әзірге мұндай деңгейге жеттік деп айту қиын.

Сондықтан мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа әдеп қағидаттарын әзірлеген жөн. Мемлекеттік қызметші, ең алдымен, Конституция талаптарын басшылыққа алып, Отанына және халқына адал қызмет етуге тиіс. Бұл жерде жекелеген өзгерістер туралы сөз болып отырған жоқ.

Бізге шынайы реформа қажет. Көзбояушылыққа жол беруге болмайды. Бұл – құқықтық және қаржылық шаралар қабылдауды талап ететін аса күрделі үдеріс.
Президент Әкімшілігі 2027 жылдың 1 маусымына дейін мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға қатысты кешенді жоспар ұсынуы керек.

Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік басқару жүйесін цифрлық технология мен жасанды интеллектіге негізделген жаңа экономикаға бейімдеп, жаңғырту қажет».

t.me/aqorda_resmi

«Бірақ бұл ауқымды жұмысты мемлекеттік басқару жүйесін реформалау ісінен бастауымыз керек.

Қасым-Жомарт Токаев:

«Бірақ бұл ауқымды жұмысты мемлекеттік басқару жүйесін реформалау ісінен бастауымыз керек.

Конституция заңды күшіне енген соң еліміздің саяси жүйесі толық жаңғырды. Осыған байланысты мемлекеттік мекемелер алдында тұрған міндеттер де күрделене түсті.

Қазір билік жүйесін дамытудың жаңа стратегиясына сәйкес осы саланы түбегейлі реформалау қажеттігі туындап отыр.

Бұл үдерісте тұтас мемлекеттік аппараттың және әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру маңызды міндет болуға тиіс.

Ең алдымен, Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі барлық деңгейдегі басқару құрылымын қайта қарау қажет.

Билік жүйесі цифрландыру дәуірінің талаптарына сай жұмыс істеп, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білуі керек.

Мемлекеттік мекемелерді ұтымды бастама көтеруге, дербес шешім қабылдауға ынталандыру қажет».

t.me/aqorda_resmi

«Тағы бір мәселе. Қоғамда оқу-ағарту саласындағы реформаларға қатысты түйткілдер көп талқыланып жүр.

Мемлекет басшысы:

«Тағы бір мәселе. Қоғамда оқу-ағарту саласындағы реформаларға қатысты түйткілдер көп талқыланып жүр.

Жалпы, әр өзгеріс мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге, оның қызметіндегі артық жүктемені азайтуға бағытталуы керек.

Іс жүзінде бұл міндет толық орындалмай жатқаны жасырын емес. Бұрын қағазбастылық көп еді. Енді оның орнын түрлі платформаларға, цифрлық жүйелерге енгізілуге тиіс есептер басып отыр.

Ұстаздың негізгі миссиясы – балаға сапалы білім беру, яғни сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бұл міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басы артық жұмысты доғару керек.

Біз мұғалімдердің абырой-беделін қорғауымыз қажет. Соңғы уақытта мектептерде оқушылар ұстаздарына дөрекі сөйлеп, тіпті, күш қолданатын жағдайлар да аз емес.

Мұндай кезде көбінесе мектеп әкімшілігі де мұғалімге қысым көрсетіп жатады. Бұл – дұрыс емес.

Әр мәселе мұқият әрі жан-жақты қаралуға тиіс. Кез келген жағдайға отбасы да, оқушы да, ұстаз да, мектеп те – бәрі де бірдей жауапкершілікпен қарауы керек.

Оқу-ағарту министрлігі бұл жұмысты жіті назарда ұстауы қажет».

t.me/aqorda_resmi

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑