Category: Без рубрики (Page 15 of 309)

Дәл осындай құбылмалы заманға қарамастан, Қазақстан ел дамуының жаңа дәуіріне үлкен сеніммен қадам басып, кең ауқымды саяси реформаны іске асырды

⚡️ Мемлекет басшысы:

«Дәл осындай құбылмалы заманға қарамастан, Қазақстан ел дамуының жаңа дәуіріне үлкен сеніммен қадам басып, кең ауқымды саяси реформаны іске асырды. Бұл – дүние жүзінде өте сирек кездесетін құбылыс.

Енді алдағы уақытта да еліміздің егемендігін нығайтуымыз керек. Бұл – қазіргі әлемдегі бұлыңғыр ахуалда ішкі тұрақтылықты сақтай отырып, өсіп-өркендеу деген сөз.

Осы жолда бүкіл қоғам, соның ішінде отаншыл, белсенді, білімді азаматтар қарқынды еңбек етуі керек. Құрылтай депутаттарына да үмітім зор.

Осындай жағдайда мемлекеттік аппарат пен құқық қорғау мекемелерінің рөлі аса маңызды екені баршаңызға түсінікті.

Басқаша айтқанда, қазіргі буын өкілдері, яғни біз келе жатқан жас ұрпақтарға жоспарлар мен тұжырымдар емес, экономикасы қуатты және қарқынды, жоғары технологиялары дамыған, білім мен ғылымға негізделген, заңды мойындайтын, жасампаз әрі озық, геосаяси тұрғыдан күші мен ықпалы бар Қазақстанды қалдыруымыз керек.

Бұл – ұлтымыздың алдында тұрған нағыз стратегиялық міндет».

t.me/aqorda_resmi

«Бүгін мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жөніндегі ойларыммен бөлісемін, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталамын.

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Бүгін мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жөніндегі ойларыммен бөлісемін, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталамын.

Ашығын айтсақ, бүгінде тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді қорғауға қатысты барлық мәселе әлі толықтай шешімін тапқан жоқ. Бұл – алдымызда көптеген өзекті міндет тұр деген сөз.

Жұмысты ойдағыдай орындау үшін, ең алдымен, бүкіл қоғамымыз тату болуы керек. Бірлік пен келісім болмаса, ешқандай реформа және ілгерілеу болмайтыны айдан анық.

Қазір жаһандық сын-қатерлер әлдеқайда қауіпті сипат алған кезде қоғамымызда талап пен тәртіпке басымдық беруіміз қажет.

Қазіргі таңда әлем елдері арасында ақылға қонымсыз жалған айыптаулар, астыртын текетірестер күшейді, ал алпауыт, ықпалды мемлекеттердің арасында жаппай өзара сенім дағдарысы пайда болды.

Бақылаусыз, жүйесіз көші-қон ағындары әлдеқайда көбейді, бұл бірнеше еуропалық елдің қауіпсіздігіне үлкен зиян келтіргеніне көзіміз жетті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының абырой-беделі үлкен тоқырауға ұшырады. Халықаралық құқықтың құндылығы төмендеп кетті. Қысқасы, қазіргі әлем бұлыңғыр дәуірге аяқ басты, оның келешегі қандай болатыны туралы саясаткерлер мен сарапшылар арасында біртұтас пікір жоқ.

Күллі әлем жұртшылығы аласапыран кезеңде өмір сүріп жатыр десек, артық болмас. Мұндай күрделі, болжамсыз ахуал «қырғи-қабақ соғыс» кезінде де болмаған еді».

t.me/aqorda_resmi

«Бүгін мен Мемлекет басшысы ретінде Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауымды жариялаймын.

⚡️Мемлекет басшысы:

«Бүгін мен Мемлекет басшысы ретінде Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауымды жариялаймын.

Бұл Жолдаудың мәні де, мазмұны да айрықша.

25 қазанда ұлттық мерекеміз – Республика күнін атап өттік. Осы күні Егемендік туралы декларация қабылданды. Біз дербес ел болу жолында батыл қадам жасадық. Көп ұзамай Тәуелсіздік туын биікке көтеріп, елдігіміздің іргесін бекіттік.

Міне, биыл қасиетті Тәуелсіздігімізге 35 жыл толып жатыр. Бұл тарихи меженің ұлт шежіресінде алатын орны бөлек.

Биыл наурыз айында халқымыз мемлекеттігіміздің негізгі тірегін – Конституциямызды қабылдады. Бұл тұтас еліміз үшін тарихи мән-мағынасы терең оқиға болды.

Конституцияны бірнеше ұрпақтар арасындағы қастерлі келісім деп атауға болады. Өйткені Конституцияда Қазақстанның қазіргі бітім-болмысы мен болашақтағы бейнесі нақты айқындалды.

Азаматтарымыз жаппай қолдаған Конституция 1 шілдеде заңды күшіне еніп, еліміздің саяси жүйесінің түбегейлі жаңғыруына, жаңа билік институттарының құрылуына үлкен серпіліс берді.

Жұртымыз жарқын болашаққа бастайтын ауқымды жұмысты атқаруға белсенді түрде кірісті.

Ел өміріндегі тарихи өзгерістердің барлығы халықтың көз алдында болып жатыр. Бұл мәселе аса маңызды болса да, көп сөз айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын».

t.me/aqorda_resmi

Смартфон қашан осал болады: деректерді ұрлаудың алты сценарийі

Смартфон қашан осал болады: деректерді ұрлаудың алты сценарийі

Смартфонның жеткілікті қорғалмауы жеке деректердің таралуына және қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін. Fingramota.kz мамандары киберқауіптердің кең таралған алты түрін атап, олардан қорғану жолдарын түсіндірді.

  1. Смартфонның жоғалуы. Құрылғы бөтен адамның қолына түскен жағдайда, ол хат-хабарларға, құжаттарға және банк қосымшаларына қол жеткізуге әрекет жасауы мүмкін. Сондықтан сенімді PIN-код орнатып, биометриялық қорғанысты және құрылғыны қашықтан бұғаттау функциясын қосу қажет.
  2. Зиянды қосымшаларды орнату. Күмәнді сілтемелер арқылы жүктелген бағдарламалар құрылғыдағы хабарландыруларға және басқа да функцияларға қол жеткізуі мүмкін. Қосымшаларды тек ресми дүкендерден жүктеп, олардың қандай рұқсаттар сұрайтынын тексерген жөн.
  3. Құрылғының жасырын түрде зиянды бағдарламамен зақымдануы. Зиянды бағдарламалар смартфонды иесінің хабарынсыз хабарламалар тарату және басқа да заңсыз әрекеттер жасау үшін пайдалануы мүмкін. Мұндай қауіптің алдын алу үшін операциялық жүйені уақтылы жаңартып, белгісіз қосымшаларды жою қажет.
  4. Файлдарды бұғаттайтын бопсалаушы бағдарламалар. Зиянды бағдарламалар құжаттарға қолжетімділікті шектеп, оларды қалпына келтіру үшін ақша талап етуі мүмкін. Маңызды деректердің резервтік көшірмелерін тұрақты түрде жасап, күмәнді файлдарды ашпау ұсынылады.
  5. Жалған Wi-Fi желілері. Алаяқтар қоғамдық орындардағы заңды желілерге ұқсас атаумен жалған Wi-Fi нүктелерін құрып, пайдаланушыларды фишингтік сайттарға бағыттауы мүмкін. Желіге қосылмас бұрын оның атауын мекеме қызметкерлерінен нақтылап, күмәнді сайттарға банк картасының деректерін енгізбеген жөн.
  6. NFC арқылы төлем жасауға қатысты алаяқтық. Қаскөйлер байланыссыз төлемнің қауіпсіздігін тексеруді сылтауратып, пайдаланушыларды арнайы бағдарлама орнатуға көндіруі мүмкін. Бейтаныс адамдардың өтініші бойынша қашықтан басқаруға арналған қосымшаларды орнатпаңыз. Сондай-ақ банк операциялары туралы хабарландыруларды қосыңыз.

Мамандардың ұсыныстары

Смартфонды қорғау үшін экранды сенімді кодпен бұғаттау, операциялық жүйені уақтылы жаңарту, қосымшалардың рұқсаттарын бақылау, екі факторлы аутентификацияны пайдалану және деректердің резервтік көшірмелерін жасау маңызды.

Егер құрылғыға бөгде адамның қол жеткізгеніне күмәндансаңыз, банкпен оның ресми нөмірі арқылы дереу байланысып, қажет болған жағдайда банк карталарын немесе қаржылық сервистерге қолжетімділікті бұғаттаңыз. Электрондық пошта мен маңызды аккаунттардың құпиясөздерін басқа, қауіпсіз құрылғыдан өзгертіңіз.

Ақша ұрланған жағдайда, қолда бар дәлелдерді сақтап, құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Дереккөз: Fingramota.kz
https://fingramota.kz/ru/post/kogda-smartfon-stanovitsya-uyazvimym-shest-scenariev-krazhi-dannyh

Көкшетауда “Қауіпсіз үй” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлерін, қоғам өкілдерін және белсенді жастарды біріктірген “Таза қала” акциясы өтті.

Көкшетауда “Қауіпсіз үй” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлерін, қоғам өкілдерін және белсенді жастарды біріктірген “Таза қала” акциясы өтті.
Іс-шара Көкшетау қаласы Полиция басқармасының алаңында жалпы жиыннан басталды. Учаскелік инспекторлар мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлерге Ақмола облысы Полиция департаменті жанындағы есірткі құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестің мүшелері, “Жастар Рухы” жастар қанатының өкілдері және еріктілер қосылды.
Брифингтен кейін қатысушылар топтарға бөлініп, полицейлермен бірге қаланың тұрғын үй алқаптарына бет алды. Олар үйлерді, аулалар мен кіреберістерді аралап, тұрғындармен сөйлесті, ақпараттық буклеттер таратып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті және көмек сұрау тәртібін түсіндірді.
Есірткі қылмысының алдын алуға ерекше көңіл бөлінді. Бейінді бөлімшенің қызметкерлері жерасты есірткі зертханаларын орналастыру мүмкіндігіне тұрғын үй секторына тексеру жүргізді, сондай-ақ есірткі жарнамасы мен тыйым салынған интернет-ресурстарға сілтемелері бар жазулар мен граффитилерді анықтады. 4 есірткі граффити анықталып, боялды.
Акцияның негізгі жолдауы қарапайым-қауіпсіздік тек полиция жұмысынан ғана емес, азаматтардың өздеріне де бей-жай қарамауынан басталады. Өйткені, кіреберістің тазалығы, қауіпсіз аула және отбасындағы әл-ауқат қаладағы тәртіп пен жайлылықтың негізі болып табылады.
Мұндай іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етіп қана қоймай, жастарды қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін шешуге тарта отырып, полицияның халықпен өзара іс-қимылын нығайтады.
Қауіпсіз үй, таза аула және есірткісіз қала-біздің ортақ міндетіміз!

Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру туралы: Құқықтық тәртіпті сақтамай, елдің экономикалық және әлеуметтік мақсаттарына қол жеткізу мүмкін емес

Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру туралы: Құқықтық тәртіпті сақтамай, елдің экономикалық және әлеуметтік мақсаттарына қол жеткізу мүмкін емес

📌Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді

«”Заң мен тәртіп” – қазіргі таңда ең жоғарғы конституциялық деңгейде бекітілген мемлекетіміздің негізгі қағидаттары. Президентіміз үнемі айтатындай, нағыз патриот ол – бірінші кезекте заңға бағынатын, тәртіпті сақтайтын, тазалықты бағалайтын, табиғатты аялайтын еңбекқор, білімді азамат. Сондықтан дәл осындай құндылықтарды бәріміз кеңінен насихаттауымыз, ілгерілетуіміз қажет. Тәртіп болмаса, елімізде экономикалық, әлеуметтік, саяси, басқа мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Заң мен тәртіп» қағидаты заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталғаны атап өтілді, ал ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдардың құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысын үйлестірумен айналысады.

Жиында «Заң мен тәртіп» идеологиясын қоғамда ілгерілету жөніндегі тұжырымдамадағы іс-шаралардың орындалу барысы және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар қаралды.

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,9%-ды құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 51 935 млрд теңгеге жетті. 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте бұл көрсеткіш 44 840,7 млрд теңгені құраған.

Өңдеу өнеркәсібінде оң динамика байқалды, мұнда өндіріс көлемі 8,6%-ға артты. Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 12,4%-ды, сумен жабдықтау, суды бұру және қалдықтарды басқару саласында 9,2%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде машина мен жабдықтан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру 34,8%-ға, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі 30,9%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру 23,4%-ға өсті. Машина жасау өнімдерінің өндірісі 22,8%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 18,1%-ға, тамақ өнімдерін өндіру 13,8%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру 5,9%-ға артты.

Өнеркәсіп өндірісінің өсуі еліміздің 16 өңірінде тіркелді. Ең жоғары өсім Алматы, Жамбыл, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалды.

https://stat.gov.kz/news/aza-standa-nerk-sip-ndirisini-k-lemi-artty

🇰🇿 ХВҚ болжамы: Қазақстан экономикасы әлемдік экономикаға қарағанда жылдам өсіп келеді

🇰🇿 ХВҚ болжамы: Қазақстан экономикасы әлемдік экономикаға қарағанда жылдам өсіп келеді

🌍 Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) 2026 жылғы қазан айындағы болжамына сәйкес, Қазақстанның номиналды жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) жыл қорытындысы бойынша шамамен 398 млрд долларды құрайды.

📊 Visual Capitalist порталы ХВҚ деректері негізінде әлем елдерінің экономика көлемі бойынша рейтингін жариялады. Қазақстан 47-орынға орналасып, Португалия, Финляндия және Грекиядан озды.

📈 Негізгі экономикалық көрсеткіштер:

🔹 2026 жылғы нақты ЖІӨ өсімі – 4,4%;
🔹 2027 жылға арналған өсім болжамы – 4,9%;
🔹 Жан басына шаққандағы ЖІӨ – 19 мың доллардан астам;
🔹 Шикізаттық емес сектордың өсімі – 5,4%;
🔹 Құрылыс саласындағы өсім – 11,5%.

🌐 Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика мәртебесін сақтап отыр. Өзбекстан рейтингте 61-орында орналасқан. Қазақстанның ЖІӨ көлемі көрші елдің көрсеткішінен екі еседен астам жоғары.

🏗️ Экономикалық өсімге құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік және сауда салалары елеулі үлес қосуда. Бірінші жартыжылдықта өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесі 14,1%-ға жетті.

📌 ХВҚ-ның орта мерзімді болжамына сәйкес, келесі онжылдықтың басына қарай Қазақстанның номиналды ЖІӨ көлемі 500 млрд доллардан асуы мүмкін.

Дереккөз: ХВҚ, Visual Capitalist, ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

#Қазақстан #Экономика #ЖІӨ #ХВҚ #ЭкономикалықӨсім #ОрталықАзия

🇰🇿🇺🇸 Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады

🇰🇿🇺🇸 Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады

📩 2026 жылғы 27 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан Республика күніне орай құттықтау жеделхаты келіп түсті.

Өз құттықтауында Америка көшбасшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығайғанын, халықаралық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың дамуын және екі елге де тиімді маңызды сауда-экономикалық келісімдердің жасалғанын атап өтті.

💬 «Өткен жылы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан бастап, екі елге де пайда әкелетін маңызды коммерциялық келісімдерге қол қоюға дейінгі аралықта әріптестігімізді тереңдете түскенімізді мақтан тұтамын», – делінген жеделхатта.

🇺🇸 Дональд Трамп 1991 жылы Америка Құрама Штаттары Қазақстанды егемен мемлекет ретінде халықаралық аренада алғашқылардың бірі болып танығанын еске салды. Сондай-ақ АҚШ-тың Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және аумақтық тұтастығына деген берік ұстанымын растады.

🤝 АҚШ Президенті америкалық компаниялардың Қазақстан экономикасының дамуындағы маңызды рөлін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

📌 Құттықтау соңында Дональд Трамп желтоқсан айында өтетін G20 саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді асыға күтетінін жеткізді.

#Қазақстан #АҚШ #Тоқаев #Трамп #РеспубликаКүні #ХалықаралықЫнтымақтастық

Republic Day және Bereke Fest акцияларының соңғы күні: мерекелік жеңілдіктерді пайдаланып үлгеріңіз

Republic Day және Bereke Fest акцияларының соңғы күні: мерекелік жеңілдіктерді пайдаланып үлгеріңіз

27 қазанда Қазақстанда Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары аяқталады. Тұтынушылардың тауарларды арнайы бағамен сатып алып, сауда орындарының мерекелік ұсыныстарын пайдаланып үлгеруіне бір күні қалды.

Еліміздің барлық өңірін қамтыған ауқымды акцияларға сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілері, сондай-ақ маркетплейстер қатысуда. Тауарлардың жекелеген санаттарына 50%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған.

Акцияларға 649 сауда нысаны қосылды. Оның ішінде Republic Day аясында 232 сауда-ойын-сауық орталығы, сауда орталығы мен сауда үйі және 417 сауда желісі қатысуда.

Republic Day акциясы аясында сатып алушыларға киім-кешек, аяқ киім, тұрмыстық техника, үйге қажетті заттар және басқа да тауарлар арнайы бағамен ұсынылуда. Ал Bereke Fest акциясы азық-түлік, күнделікті тұтыну тауарлары мен тұрмыстық химия өнімдерін тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен және аумақтық департаменттермен бірлесіп, акцияларды ұйымдастырып, сауда кәсіпорындарын тарту бойынша үйлестіру жұмыстарын жүргізді.

Еске саламыз, 27 қазан – Republic Day және Bereke Fest акцияларының соңғы күні. Ал жеңілдіктер мөлшері, акцияға қатысатын тауарлардың ассортименті және оларды сатып алу шарттары сауда нысанына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑