Category: Без рубрики (Page 21 of 309)

Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі

🔹Мемлекет басшысы саммитке қатысушыларға ілтипат білдіріп, қонақжайлық танытқаны және БҰҰ Биоалуантүрлілік бойынша конференциясы аясындағы көшбасшылар саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Премьер-министр Никол Пашинянға алғыс айтты.

🔹Президент табиғатты сақтау жөнінде келер ұрпақ алдында ортақ жауапкершілік пен халықаралық күш-жігерді үйлестіру қажет екенін еске салды.

– Біз табиғат тартуын болашаққа жеткізуді көздейтін халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында жиналып отырмыз. Яғни күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келуі ықтимал өскелең ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік жөнінде сөз қозғадық. Бұл – біздің өркениетіміздің аман қалуына да қатысты мәселе. Өйткені биоалуантүрлілік адамдар игілігін, экономикалық орнықтылықты және ұзақмерзімді қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өте қажет. Бүлінбеген экожүйелер азық-түлік өндірісінде, су ресурстарын қорғауда және миллиондаған адамды кіріс көзімен қамтуда маңызды рөл атқарады. Шөлейттену және су тапшылығы, басқа да экологиялық проблемалар табиғат пен адам арасындағы нәзік тепе-теңдікке орасан қауіп төндіреді. Судың жеткіліксіздігі мен жердің тозуы миллиондаған адам үшін үйреншікті жағдайға айналды. Мұның салдары тым ауыр. Себебі бұл үдерістер мемлекеттер аумағынан ары асып, орнықты дамуды тежейді әрі жаһандық тұрақтылыққа зардабын тигізеді. Мұқият ойластырылған және нақты шараларды қамтитын экологиялық күн тәртібі саяси қайшылықтарды еңсеруі қажет. Бізге шынайы серіктестікке, бөліп-жармауға негізделген, ең бастысы, нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздейтін халықаралық ынтымақтастық керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

🇰🇿🇶🇦Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

🇰🇿🇶🇦Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

✔️Бакуде ұйымдастырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізді.

✔️Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақ-Қатар сан қырлы серіктестігін нығайту, сондай-ақ бірлескен инвестициялық және энергетикалық жобаларды жүзеге асыру перспективасына айрықша назар аударылды.

✔️Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібі, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.

🇰🇿🇮🇱Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесу өткізді

🇰🇿🇮🇱Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесу өткізді

✔️Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті.

✔️Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Израиль қарым-қатынасы қарқынды сипат алғанына тоқталды. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа ден қоя отырып, маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылады.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогтің сәуір айында Астанаға жасаған сапары мемлекеттер арасындағы байланысты нығайтуға айтарлықтай серпін бергеніне назар аударды.

✔️Израиль Президенті де Қазақстанға сапарын ризашылықпен еске алды. Оның пікірінше, еліміздің көптеген салада алға басуы екіжақты ықпалдастықты ілгерілетуге жол ашады.

✔️Ицхак Герцог Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптап, бұл оқиғаның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосылған зор үлес екенін атап өтті.

✔️Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.

✔️Мемлекет басшысы шиеленісті бәсеңдетіп, қақтығыстарды дипломатия құралдары арқылы реттеу қажеттігін жеткізді және Қазақстанның осы қағидатты берік ұстанатынын айтты.

Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды

Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды

Қазақстанда Республика күні қарсаңында Republic Day және Bereke Fest акцияларын қамтитын жалпыұлттық мерекелік жеңілдіктер науқаны басталды. Оған 17 қазаннан еліміз бойынша 649 сауда нысаны қосылды. Republic Day акциясы ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда кешендерінде өтсе, Bereke Fest сауда желілерін қамтиды.

Тұтынушылар үшін азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға арнайы бағалар қойылған. Мерекелік ұсыныстар 27 қазанға (қоса алғанда) дейін жалғасады. Тауарлардың жекелеген санаттарына 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған. Жалпы жеңілдік мөлшері тауар ассортименті мен акцияға қатысушы сауда ұйымдарының шарттарына байланысты.

Republic Day акциясы аясында 232 сауда-ойын-сауық орталығы мен сауда үйі жеңілдіктер ұсынады. Олардың қатарында Астанадағы MEGA Silk Way және «Хан Шатыр», Алматыдағы MEGA Alma-Ata, MEGA Park пен Forum Almaty, сондай-ақ Шымкенттегі Mega Planet пен Shymkent Plaza бар.

Bereke Fest акциясына бөлшек сауда желілерінің 417 дүкені қосылды. Олардың қатарында Magnum, SMALL, «Астықжан» және GraMad бар. Мерекелік ұсыныстар еліміздің басқа өңірлеріндегі сауда нысандарында да қолжетімді.

Бұл акциялар тұтынушылардың белсенділігін арттырып, ішкі сауданы дамытуға бағытталған. Сондай-ақ мерекелік науқан тауарларды төмендетілген бағамен сатып алу мүмкіндігімен қатар, сауда ұйымдарына келушілер санын мен сату көлемін арттыруға, ал отандық өндірушілерге бөлшек сауда желілеріндегі өнім үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жалпыұлттық науқанды Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастырды. Акцияға қатысушы сауда нысандарының мекенжайлары көрсетілген толық тізімі әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарында көрсетілген. Жеңілдіктер мөлшері, тауар ассортименті және сатып алу шарттары туралы ақпаратты сауда ұйымдары жариялайды.

Мерекелік акциялар 2026 жылғы 27 қазанда аяқталады.

https://www.gov.kz/org/mti/press/news/details/1314773?lang=kk

🌾 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің 7 жылдағы жетістіктері

🌾 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің 7 жылдағы жетістіктері

Соңғы жеті жылда Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені айтарлықтай дамыды. Ауыл шаруашылығы өндірісі кеңейіп, кәсіпорындар жаңғыртылып, цифрлық технологиялар енгізілуде. Фермерлерге мемлекеттік қолдау көрсету шаралары да күшейтілуде.

🌱 Бұл өзгерістер өндіріс көлемін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және ауылдық аумақтарды дамытуға ықпал етеді.

🌾 Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру

🌾 Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені цифрландырудың жаңа кезеңіне өтуде. Заманауи технологиялар жер ресурстарын тиімді басқаруға, өндірісті бақылауға және фермерлердің бюрократиялық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ведомствоның 80 мемлекеттік қызметінің 75-і (94%) онлайн көрсетіледі. Gosagro.kz платформасында 200 мыңға жуық пайдаланушы тіркелген. Оның арқасында аграршылар 1 млрд теңгеден астам қаражат үнемдеген.

2026 жылы JerInSpectr жүйесі арқылы 8,3 млн гектар жерге қашықтан мониторинг жүргізілді. Мал шаруашылығында шамамен 39,6 млн бас ірі және ұсақ мал мен жылқы есепке алынған.

🌱 Цифрлық платформалар мен жасанды интеллектіні дамыту өндірістің ашықтығын арттырып, ресурстарды тиімді пайдалануға және Қазақстан ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал етеді.

Дереккөз: Zakon.kz

🌿 Қызылордада «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлік апталығы басталды.

🌿 Қызылордада «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлік апталығы басталды.

Іс-шара Арал өңірінің табиғатын сақтау мен экожүйесін қорғауға бағытталған. Бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен, БҰҰ жариялаған Халықаралық волонтерлер жылы аясында ұйымдастырылды.

Апталыққа Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан өңірлерінен 100 волонтер, сондай-ақ 500-ден астам студент пен жас ерікті қатысты.

🌱 «Таза Қазақстан» акциясы аясында қатысушылар Қызылордадағы Президент саябағына ағаш көшеттерін отырғызды.

20–23 қазан аралығында Арал ауданында экологиялық акциялар, сексеуіл отырғызу, танымдық кездесулер мен мәдени іс-шаралар өткізіледі.

🤝 Бастама экологиялық жауапкершілікті арттыруға, волонтерлік қозғалысты дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

🌾 Цифрландыру — ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды бағыты

🌾 Цифрландыру — ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды бағыты

Қазақстанның Солтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығында заманауи цифрлық технологиялар мен автоматтандырылған жүйелер енгізілуде.

«Атамекен-Агро-Корнеевка» кәсіпорнында малдың жағдайы мен сүт өнімділігін бақылауға арналған DairyPlan және CowScout жүйелері қолданылады. Ал «СК Агро 2050» ЖШС-де 100 басқа арналған «Карусель» сауу қондырғысы жұмыс істейді.

«Зенченко и К» КТ жылына 38 мың тоннаға дейін сүт өндіретін, 9 мың басқа арналған тауарлы-сүт фермасын салу жобасын жүзеге асыруда.

📊 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті. Ал агроөнеркәсіптік кешенді жеңілдікпен қаржыландыруға 1 трлн теңгеге дейін қаражат қарастырылды.

Заманауи технологияларды енгізу, өндірісті жаңғырту және мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Источник: Kazinform

Қазақстанда жеңіл автокөлік өндірісі артты

Қазақстанда жеңіл автокөлік өндірісі артты

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 136 548 жеңіл автокөлік өндірілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38%-ға жоғары.

Қыркүйек айында 19 377 жеңіл автокөлік шығарылды. Өндіріс көлемі өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 66,4%-ға, ал ағымдағы жылдың тамыз айымен салыстырғанда 35,5%-ға көп.

Қазақстанда автокөлік өндірумен 12 кәсіпорын айналысады. Жеңіл автокөлік өндірісінің негізгі көлемі Алматы қаласы мен Қостанай облысына тиесілі. Олардың үлесі тиісінше 50,5% және 49,5%-ды құрайды.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында «Автокөліктер, тіркемелер және жартылай тіркемелер» санаты бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі ақшалай мәнде 1,67 трлн теңгеге жетті. Осы санаттағы өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 129,9% деңгейінде қалыптасты.

2026 жылғы қыркүйекте өндірілген өнім көлемі 198,4 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш ақшалай мәнде 2026 жылғы тамызбен салыстырғанда 25,7%-ға, ал 2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 10,5%-ға өсті.

https://stat.gov.kz/news/aza-standa-zhe-il-avtok-lik-ndirisi-artty

Қосшы қаласында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» атты жайдарман сайысы өтті

Қосшы қаласында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» атты жайдарман сайысы өтті

Қосшы қаласының прокуратурасы қалалық Білім бөлімімен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында қала мектептері арасында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» атты жайдарман сайысын ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында заңға құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттыру.

Сайыс барысында мектеп оқушылары әзіл мен астарлы ойды ұштастыра отырып, қоғамдық тәртіп, заң үстемдігі және құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыптарында сахналық қойылымдар ұсынды. Қатысушылар өз өнерлері арқылы заң талаптарын сақтау мен әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігінің маңызын жеткізді.

Іс-шара қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен командалар жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрініп, оларға бағалы сыйлықтар мен алғысхаттар табысталды.

Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауға және қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесін нығайту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑