Category: Без рубрики (Page 24 of 309)

«Мемлекеттік басқаруда ЖИ қолдану адам жауапкершілігін алмастырмайды»

«Мемлекеттік басқаруда ЖИ қолдану адам жауапкершілігін алмастырмайды»

Жасанды интеллект мемлекеттік басқару жүйесінде кеңінен қолданылып келеді. Алайда оны пайдалану барысында әділеттілік пен ашықтық қағидаттарын сақтау мәселесі өзекті болып отыр.

Astana IT University ассистент-профессоры, PhD Айнұр Сләмғажының айтуынша, жасанды интеллект үлкен көлемдегі деректерді өңдеп, шешім қабылдау үдерісін жеделдетуге көмектеседі. Дегенмен, түпкілікті шешімді адам қабылдауы керек. Өйткені жауапкершілікті жасанды интеллектке жүктеуге болмайды.

«Жасампаз ұлт» подкастының толық нұсқасын «Qazaqstan TV» YouTube арнасында: https://youtu.be/MOYNKdL3H0I?si=TfItZQVDXpgkK8Av

ЖИ даму қарқыны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті

ЖИ даму қарқыны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті

Креатор Мырзахан Жұмаханның айтуынша, Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған бағыт бойынша дамып келеді. Соңғы бір жылда жасанды интеллект көмегімен видео мен фильмдер жасау бағытында айтарлықтай ілгерілеу байқалады.

Сондай-ақ түрлі сала мамандарының бірлескен жұмысы еліміздің технологиялық дамуына серпін беріп, Қазақстанның дамушы мемлекеттер арасында жоғары қарқынмен дамуына мүмкіндік ашады.
 
«Жасампаз ұлт» бағдарламасының толық нұсқасы «Qazaqstan TV»YouTube арнасында https://youtu.be/MOYNKdL3H0I?si=ZRqrz6IEVgbCXLKk

«Технологиялық сауаттылықты қажет ететін жаңа дәуірде тұрмыз»

«Технологиялық сауаттылықты қажет ететін жаңа дәуірде тұрмыз»

Жасанды интеллектіні мемлекеттік секторға жаппай енгізбес бұрын қандай қауіптерді ескеру қажет?

Astana IT университетінің ассистент-профессоры, PhD Айнұр Сләмғажы жасанды интеллектіні қолданудағы негізгі тәуекелдеріне қатысты пікір білдірді.

Маманның айтуынша, технологияны дамытуда қауіпсіздік, ашықтық және жауапкершілік басты назарда болуы керек. Сонымен қатар жаңа дәуірде технологиялық сауаттылықтың маңызы артып келеді.

«Жасампаз ұлт» бағдарламасының толық нұсқасы «Qazaqstan TV»YouTube арнасында https://youtu.be/MOYNKdL3H0I?si=ZRqrz6IEVgbCXLKk

Қазақстандық стартаптар әлемдік нарыққа шыға ала ма?

Қазақстандық стартаптар әлемдік нарыққа шыға ала ма?

Бұл сұраққа креатор Мырзахан Жұмахан жауап берді.

«Бұрын стартаптардың басым бөлігі Америкадан шығатын. Ал жуырда өткен AI & Digital Bridge 2026 көрмесінде қазақстандық стартаптардың көп екенін байқадық. Енді стартаптардың орталығы тек АҚШ емес, Орталық Азия да болуы мүмкін», – деді ол.

«Жасампаз ұлт» подкастының толық нұсқасы «Qazaqstan TV» YouTube арнасында: https://youtu.be/MOYNKdL3H0I

Астаналық балабақша бүлдіршіндері Республика күніне ән арнады

Астаналық балабақша бүлдіршіндері Республика күніне ән арнады

Астанадағы №93 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиеленушілері 25 қазан – Республика күніне орай патриоттық ән орындады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мерекеге арналған ән арқылы бүлдіршіндер туған жерге деген сүйіспеншілігін, Отанға деген құрметін жеткізді.

Балабақшада балаларды жастайынан отансүйгіштікке тәрбиелеуге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Республика күніне арналған бұл бастама да бүлдіршіндердің бойында елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған.

https://www.gov.kz/org/astana/press/news/details/1313348?lang=kk

Астананың барлық мектебінде Республика күніне арналған сынып сағаттары өтті

Астананың барлық мектебінде Республика күніне арналған сынып сағаттары өтті

25 қазан – Республика күні қарсаңында Астананың барлық мектебінде оқушыларға арналған бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сабақтарда ел тарихы, егемендіктің маңызы мен ұлттық құндылықтар туралы айтылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осындай тәрбиелік іс-шаралардың бірі Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде өтті. Сынып сағаттарының тақырыптары оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдалды. Бастауыш сыныптарда «Менің Қазақстаным», ал 9-11-сыныптарда «25 қазан – Республика күні» тақырыптары қамтылды.

Төменгі сынып оқушылары туған жер, Отан және мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін толықтырды. Ал жоғары сынып оқушылары Қазақстанның егемендікке қол жеткізу жолын, тәуелсіздіктің тарихи негіздері мен елдің даму кезеңдерін талқылады.

Сынып сағаттары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Оқушылар интерактивті тапсырмалар орындап, танымдық сұрақтарға жауап берді, шығармашылық жұмыстар мен топтық талқылауларға қатысты.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ел тарихы мен мемлекеттік рәміздерге құрметін арттыру және Республика күнінің тарихи маңызын түсіндіру.

Сондай-ақ сабақтарда оқушылардың азаматтық жауапкершілігін нығайтуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және ел болашағына деген қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді.

https://www.gov.kz/org/astana/press/news/details/1313450?lang=kk

Мемлекет басшысы: «Қиналған адамға көмек қолын созу – ұлтымыздың болмысына сіңген дағды»

Мемлекет басшысы: «Қиналған адамға көмек қолын созу – ұлтымыздың болмысына сіңген дағды»

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет өз азаматтарына қай жерде болса да көмек қолын созатынын еске салды.

✔️Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл қағидаттар Конституциямызда көрініс тапқан. Ата заңымызда ең алдымен адам өмірі мен қауіпсіздігін сақтау, оның құқығын қорғау ең жоғары құндылықтар ретінде қарастырылады.

✔️Осы орайда Президент қауіпсіздік әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын алға тартып, бейқамдық пен салғырттықты кез келген қоғамды артқа тартатын қасиеттер ретінде атады.

– Дегенмен апатқа көбіне адамдардың өзі себеп болатынын мойындау керек. Егер әркім өзіне тапсырылған жұмысты тиянақты орындаса, апаттардың алдын алып, адамдардың өмірін сақтауға болар еді. Кейбіреулердің немқұрайдылығы мен салғырттығының салдары тым қымбатқа түседі. Қоғам қауіпсіздігі әр жанның ішкі тәртібіне байланысты қалыптасады. Сондықтан ежелден адам бойындағы жинақылық, тәртіптілік пен жауапкершілік секілді қасиеттер жоғары бағаланады. Тиянақты, ұқыпты, жауапкершілігі жоғары азаматтар – өркениетті және қауіпсіз қоғамның арқауы. Біз озық ойлы ұлт боламыз десек, өскелең ұрпаққа заңды құрметтеу, тәртіпке бағыну, табиғатты аялау құндылықтарын аманат етуіміз керек. Бұл қасиеттер қоғамдағы жаңа этиканың айнымас өлшемі болуға тиіс. Қиналған адамға көмек қолын созу – ұлтымыздың болмысына сіңген дағды. Мұны жауапкершілік пен жанашырлықтың озық үлгісін көрсетіп, бейбіт күнде ерен ерлік жасап жүрген азаматтарымыз нақты ісімен дәлелдеп жүр. Мемлекет осындай адамдарды ешқашан назардан тыс қалдырмайды, оларға лайықты құрмет көрсетеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

✔️Президент сала мамандары өздеріне жүктелген міндетті адал атқарып, әрдайым ел игілігі үшін қызмет етіп келе жатқанын айтты.

– Жұртымыз құтқарушылардың қажырлы еңбегіне қашанда орасан зор құрметпен қарайды, сіздерді жоғары бағалайды. Бүгін біздің ортамызда ауылдық жерлерде өрт қауіпсіздігі инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтар да отыр. Бұл шын мәнінде әлеуметтік жауапкершілігі жоғары және отаншыл адамдарға тән әрекет екені сөзсіз, – деді Мемлекет басшысы.

Президент: «Кейінгі бес жылда құтқарушыларымыз 75 мыңнан астам жедел шақырту бойынша 240 мыңға жуық азаматқа көмек көрсетті»

Президент: «Кейінгі бес жылда құтқарушыларымыз 75 мыңнан астам жедел шақырту бойынша 240 мыңға жуық азаматқа көмек көрсетті»

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық қорғаныс саласын дамыту үшін озық технологияларды енгізу және материалдық-техникалық әлеуетті нығайту маңызды екеніне назар аударды.

– Кейінгі бес жылда құтқарушыларымыз 75 мыңнан астам жедел шақырту бойынша 240 мыңға жуық азаматқа көмек көрсетті. Мемлекет азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бүгінде бұл салаға қойылатын талап түбегейлі өзгеруде. Ең басты міндет – апаттың алдын алу. Сондықтан осы салаға озық технологияны және жасанды интеллектіні енгізу аса маңызды. Құтқару қызметінің материалдық-техникалық әлеуетін нығайту да – өзекті мәселе қатарында. Қазір бұл бағытта ауқымды шаруа атқарылып жатыр. Соңғы үш жылда 3 мыңдай техника, соның ішінде жаңа ұшақтар мен тікұшақтар, сан алуан қызмет көрсетуге арналған кемелер сатып алынды. 60-қа жуық өрт сөндіру депосы мен құтқару станциясы салынды. Төтенше жағдайлар министрлігінің осыдан екі жыл бұрын құрылған ахуалдық орталығы азаматтық қорғаныс жүйесін басқаруға арналған маңызды құрылымға айналды. Соның арқасында тұрақты бақылау, қауіп-қатерді алдын ала болжау, жедел шешім қабылдау жұмысы оң нәтиже бере бастады, – деді Президент.

Мемлекет басшысы қазір еліміз түбегейлі жаңғыру мен өзгеріс жолына нық сеніммен қадам басқанын атап өтті

Мемлекет басшысы қазір еліміз түбегейлі жаңғыру мен өзгеріс жолына нық сеніммен қадам басқанын атап өтті

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның барлық саласында ауқымды реформалар жүзеге асырылғанына назар аударды.

– Еліміздің басты мақсаты да, міндеттері де – айқын. Біз біртұтас қоғам болып заң мен тәртіп үстемдік құратын, ынтымағы мықты, бірлігі бекем, Әділетті, Озық, Күшті және Таза Қазақстанды құрып жатырмыз. Жалпы халық қолдаған жаңа Конституциямыз 1 шілде күні заңды күшіне енді. Бұл – бүкіл еліміз үшін тарихи оқиға. Конституциямызға көптеген ел зор ықыласпен назар аударды. Өйткені Конституция жарқын болашаққа жол ашатын қастерлі құжатымыз, ұлтымыздың темірқазығы ретінде заман талабына сай мүлде жаңа сипатқа ие болды. Конституцияда адам және оның өмірі ең жоғары құндылық екені айқын жазылды. Азаматтық қорғаныс саласының әр қызметкері адам өмірін қорғап, Конституциямыздың осы мызғымас құндылығын сақтауға зор үлес қосуда. Сондықтан еліміздің барша құтқарушыларын қауіпсіз Қазақстанның мызғымас тірегі десек, артық болмайды, – деді Мемлекет басшысы.

✔️Президенттің айтуынша, ұлтымыздың болашағына тікелей әсер ететін осындай іргелі өзгерістердің арқасында мемлекеттік басқару жүйесі толық жаңғырды.

– Елімізде бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастады. Конституциялық мәртебесі бар ең жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесі де өз жұмысына кірісті. Қауіпсіздік Кеңесінің реформасы жүргізілді. Таяу арада барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы өтеді. Қазіргі таңда менің тапсырмаммен еліміздің Қарулы күштерін реформалау, жаңа үлгідегі әскер жасақтау жұмысы басталды. Қазақстанның армиясы қазіргі заманның әскери талабына сай, басқа сөзбен айтқанда, әрбір қауіп-қатерге тойтарыс беруге дайын озық, мықты қарулы күш болуға тиіс. Себебі Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін көздің қарашығындай қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мемлекетіміздің стратегиялық міндеті саналады, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
 
✔️Мемлекет басшысы салтанатты жиынға қатысушыларды Құтқарушы күнімен құттықтап, төтенше жағдай саласының қызметшілеріне ризашылығын білдірді.
 
– «Құтқарушы» сөзінің мағынасы – өте кең әрі терең. «Құтқару» – әрдайым игі іс жасаумен, жақсылық істеумен байланысты ұғым. Адам өміріне араша түсу, азаматтарды қауіп-қатерден қорғау, оқыс жағдайға тап болған адамдарға қол ұшын созу, тіпті, олардың қорқынышын басып, жұбату сөз айту – осының бәрі де нағыз құтқарушының бойынан табылатын асыл қасиеттер. Сондықтан халқымыз сіздерді, яғни еліміздің барша құтқарушы мамандарын бейбіт күннің батырлары деп атайды. Бұл – шын мәнінде әділетті баға. Әрине, құтқарушы болу көптің алғысына бөлейтін абыройлы және мәртебелі қызмет екені сөзсіз. Алайда азаматтық қорғаныс саласында адал еңбек ету бәрінің қолынан келе бермейтін шаруа екенін де ұмытпауымыз қажет. Батыл, қайсар, ширақ әрі өжет болу – өз алдына өте маңызды талап екені даусыз. Бірақ құтқарушы ең алдымен елге жаны ашитын отаншыл азамат және білікті маман болуға тиіс. Осындай күрделі жұмысты рухы мықты, жауапкершілігі жоғары, жүректі адамдар ғана таңдайды, – деді Президент.
 
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай саласының қызметшілері ешқандай қауіп-қатерден тайсалмайтын, сын-сағатта жедел шешім қабылдай алатын, арнайы даярлықтан өткен нағыз кәсіби мамандар деп есептейтінін айтты.
 
– Құтқарушылардың еңбегі қашанда еліміздің көз алдында. Сіздер күн сайын тәуекелге барып, кәсіби міндет пен жауапкершілікті бәрінен биік қоясыздар. Басқаша айтқанда, от пен судың ортасында жүресіздер. Төтенше жағдайға түскен адамдарға жәрдем беріп, оларды қиындықтан құтқару үшін қажымай қызмет етесіздер. Құтқарушылар кез келген төтенше жағдайда бірінші болып көмекке ұмтылады. Олар өзгенің өмірін сақтау үшін, өз өмірін қатерге тігеді. Бұл – нағыз құтқарушыға тән батырлық. Мен Мемлекет басшысы ретінде сіздердің ерен еңбектеріңіз қоғамымыздың айрықша сый-құрметіне лайықты деп санаймын, – деді Президент.

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑