Category: Без рубрики (Page 27 of 309)

Қазақстан Президенті биоалуантүрлілікті сақтау үшін озық технологияларды кеңінен қолдануға шақырды

Қазақстан Президенті биоалуантүрлілікті сақтау үшін озық технологияларды кеңінен қолдануға шақырды

– Бүгінде тиімді серіктестік цифрлық технология мен жасанды интеллектіге арқа сүйеуі қажет. Себебі олар экожүйелерді мониторингтеу, табиғи ресурстарды басқару және экологиялық қауіп-қатерді болжау әдістерін түбегейлі өзгерте алады. Қазақстан үшін жасанды интеллектіні дамыту және цифрлық трансформация – ұлттық басымдық. Астанадағы Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығын бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, биоалуантүрлілік деректерін талдау, алдын ала ескерту жүйелерін әзірлеу, сала мамандарын даярлау платформасы ретінде пайдалануды ұсынамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

🔹Сөз соңында Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік жөніндегі конвенция Хатшылығының өңірлік кеңсесін Алматыда орналастыруды ұсынды.

🔹Президенттің пікірінше, бұл кеңсе Орталық Азия елдеріне биоалуантүрлілік жөніндегі Куньмин-Монреаль жаһандық негіздемелік бағдарламасын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, ғылыми тәжірибе алмасуға және табиғатты қорғау жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ықпал ете алады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Халықаралық сирек түрлерді қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі қор құру туралы бастамасына тоқталып шетелдік серіктестерді аталған іске үн қосуға шақырды

Мемлекет басшысы Қазақстанның Халықаралық сирек түрлерді қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі қор құру туралы бастамасына тоқталып, шетелдік серіктестерді аталған іске үн қосуға шақырды

– Он жылға арналған бұл бастаманы Биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі ұлттық бағдарлама толықтыра түседі. Құжат табиғи мекендеу орталарын қалпына келтіруді, түрлерді қорғауды және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейтуді көздейді. Бұдан бөлек, Ұлттық генетикалық биоалуантүрлілік банкін құруға кірістік. Қазақстан аймақтық деңгейдегі табиғатты сақтау шараларына белсене қатысады. Биыл сәуір айында Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтті. Жиын қорытындысы бойынша Орталық Азиядағы экологиялық ынтымақтастық жөніндегі Астана декларациясы қабылданды. Теңіз маңындағы бес мемлекеттің қолдауымен Қазақстан Каспий теңізінің су ресурстарын сақтауға бағытталған халықаралық бағдарлама қабылдау туралы бастама көтерді, – деді Президент.

🔹Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев ортақ істің бірнеше бағытын айқындады. Мемлекет басшысы су ресурстарын басқаруда берік байланыс қажет деп санайды.

– Өткен жылы Қазақстан БҰҰ жүйесінде Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды. Бұл бастама Орталық Азия елдеріне ортақ әрі оған мүдделес мемлекеттердің барлығы үн қоса алады. Мақсатымыз – су қауіпсіздігін нығайтып, өзен-көлдер мен сулы-батпақты алқаптардың жай-күйіне тәуелді табиғи экожүйелерді қорғау, – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі

🔹Мемлекет басшысы саммитке қатысушыларға ілтипат білдіріп, қонақжайлық танытқаны және БҰҰ Биоалуантүрлілік бойынша конференциясы аясындағы көшбасшылар саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Премьер-министр Никол Пашинянға алғыс айтты.

🔹Президент табиғатты сақтау жөнінде келер ұрпақ алдында ортақ жауапкершілік пен халықаралық күш-жігерді үйлестіру қажет екенін еске салды.

– Біз табиғат тартуын болашаққа жеткізуді көздейтін халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында жиналып отырмыз. Яғни күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келуі ықтимал өскелең ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік жөнінде сөз қозғадық. Бұл – біздің өркениетіміздің аман қалуына да қатысты мәселе. Өйткені биоалуантүрлілік адамдар игілігін, экономикалық орнықтылықты және ұзақмерзімді қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өте қажет. Бүлінбеген экожүйелер азық-түлік өндірісінде, су ресурстарын қорғауда және миллиондаған адамды кіріс көзімен қамтуда маңызды рөл атқарады. Шөлейттену және су тапшылығы, басқа да экологиялық проблемалар табиғат пен адам арасындағы нәзік тепе-теңдікке орасан қауіп төндіреді. Судың жеткіліксіздігі мен жердің тозуы миллиондаған адам үшін үйреншікті жағдайға айналды. Мұның салдары тым ауыр. Себебі бұл үдерістер мемлекеттер аумағынан ары асып, орнықты дамуды тежейді әрі жаһандық тұрақтылыққа зардабын тигізеді. Мұқият ойластырылған және нақты шараларды қамтитын экологиялық күн тәртібі саяси қайшылықтарды еңсеруі қажет. Бізге шынайы серіктестікке, бөліп-жармауға негізделген, ең бастысы, нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздейтін халықаралық ынтымақтастық керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

📈 Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды

📈 Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды
2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға өсіп, 7 812,3 млрд теңгені құрады.
Өсім ғимараттар мен құрылыстарды салу және жөндеу жұмыстары көлемінің 14,7%-ға артуына байланысты болды.
🏗 Құрылыс жұмыстарының негізгі бағыттары:
▪️ Автомобиль және теміржолдар, метро құрылысы — 25%;
▪️ Тұрғын емес ғимараттар құрылысы — 21,5%;
▪️ Тұрғын үйлер құрылысы — 12,6%.
Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде жеке құрылыс ұйымдарының үлесі 89%, шетелдік ұйымдардың үлесі 10,3%, мемлекеттік ұйымдардың үлесі 0,7% құрады.
📊 Құрылыс жұмыстарының көлемі республиканың 17 өңірінде өсті. Ең жоғары өсім Ұлытау облысында (2,4 есе), Қызылорда облысында (31,5%), Шымкент қаласында (25,4%), Атырау облысында (22,2%) және Павлодар облысында (18,8%) тіркелді.
🏠 2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы ауданы 16 348,9 мың шаршы метрді құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің ауданы 2,7%-ға өсіп, 13 197,7 мың шаршы метрге жетті. Оның ішінде:
▪️ Көппәтерлі тұрғын үйлер — 8 561,5 мың шаршы метр;
▪️ Жеке тұрғын үйлер — 4 592,2 мың шаршы метр.

Шетелдік қонақ елордадағы «Астана Опера» опера және балет театрына тәнті болды

Шетелдік қонақ елордадағы «Астана Опера» опера және балет театрына тәнті болды

Шетелдік қонақ жұбайымен бірге «Жизель» балетін тамашалау үшін «Астана Опера» театрына барды. Оның айтуынша, қойылым оған ерекше әсер қалдырған. Театр ғимараты да қонақты таңғалдырды: спектакль басталмай тұрып-ақ ол ғимараттың сәулеті мен ішкі безендірілуіне назар аударған.

Оның есінде әсіресе интерьердегі алтын түстес көптеген бөлшек пен төбедегі зәулім аспалы шам сақталып қалды. Қонақ театрдың келбеті оған Миланның сәулет өнерін еске салғанын атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Еревандағы «Meridian Expo and Event» орталығына келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Еревандағы «Meridian Expo and Event» орталығына келді

Мемлекет басшысын Армения Премьер-министрі Никол Пашинян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш күтіп алды.

Антына адал кәсібіне жауапкершілікпен қарайтын Ксения Шереметьева – Шұғыл медициналық көмек үйлестіру орталығының анестезиолог-реаниматолог дәрігері

Антына адал, кәсібіне жауапкершілікпен қарайтын Ксения Шереметьева – Шұғыл медициналық көмек үйлестіру орталығының анестезиолог-реаниматолог дәрігері

Оның елге, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен таңдаған мамандығына деген адалдығы – кәсіби жолының негізгі ұстанымы.

Ксения Шереметьеваның өмір жолы мен еңбек тәжірибесін «Бір елдің перзенттері» жобасынан көріңіз: https://youtu.be/TZUm7UVpx0U?si=FsjeTlKIJ5rlik6_

«Жұма күні шелпек пісіремін. Күзде қазы айналдырамын»

«Жұма күні шелпек пісіремін. Күзде қазы айналдырамын»

«Қонақ күтетін болсам, қазақтар секілді 2-3 күн дайындаламын. Дастарханды мол жайып, қонақ күтуді жақсы көремін. Бауырсақ пісіруді маған көршілерім үйретті. Қазір өзім жұма сайын шелпек пісіремін. Күзде Өскеменнен соғым келеді, қазы айналдырамын. Ата-енем беріп жіберген етті тұздаймын. Қазақтың әні, дәстүрі, тағамы, бәрі-бәрі ұнайды. Тұсаукесер мен тілашар тойдың атмосфера тіптен бөлек», – дейді Ксения Шереметьева.

«Бір елдің перзенттері» бағдарламасының толық нұсқасы «Qazaqstan TV» YouTube арнасында: https://youtu.be/TZUm7UVpx0U?si=FsjeTlKIJ5rlik6_

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑