Адал еңбек – жетістіктің, тұрақтылықтың және жарқын болашақтың негізі. Еңбекқорлық пен жауапкершілік адамды жаңа белестерге жетелеп, қоғамның дамуына үлес қосады. Әрбір табыстың артында маңдай тер мен табанды еңбек жатыр.
Category: Без рубрики (Page 42 of 260)
БАСТЫ ДЕБАТ
🗓 19 тамыз | 20:00
📍 «24KZ» телеарнасында

Жаңа Конституцияға сәйкес, қоғам мен мемлекет арасындағы ашық әрі тұрақты диалогтың негізгі көпірі Халық Кеңесі. Ол маңызды шешімдер қабылданған кезде сарапшылардың пікірлері, азаматтардың бастамалары мен халықтың нақты ұсыныстары тікелей ескерілуіне мүмкіндік береді.
Кеңес құрамына 126 адам кіреді. Олардың барлығын Президент тағайындайды, ал Кеңес төрағасын оның мүшелері өздері сайлайды.
Халық Кеңесі ішкі саясатты жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірлеуге, Конституция мен мемлекеттің басқа да маңызды құжаттарының нормаларын насихаттап, халыққа түсіндіруге баса назар аударады.

Шәмші Қалдаяқовтың сырға толы мына әнін білесіз бе?
Бүгін, 15 тамыз қазақтың мақтанышы, Қазақстанның Еңбек Ері, атақты композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.
Ол 1930 жылы қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген.
