Category: Без рубрики (Page 44 of 260)

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі.

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі. Бұл – билік тармақтары өзара теңгерімді жұмыс істейтін, азаматтармен ашық әрі шынайы диалог орнатуға басымдық беретін, басты мақсаты елдің бірлігі мен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан.

Қоғам мен мемлекет арасындағы тікелей, ашық әрі тұрақты диалогтың маңызды көпірі – Халық Кеңесі.

Конституциялық мәртебеге ие болған бұл кеңес сарапшылардың пікірлері, азаматтардың бастамалары мен халықтың нақты үні аса маңызды шешімдер қабылданған кезде тікелей ескерілуіне кепілдік береді.

Қазақстандықтардың 73,8%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Қазақстандықтардың 73,8%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Қазақстандық қоғамдық даму институтының 21 шілде – 4 тамыз аралығында 1200 респондент арасында жүргізген телефон сауалнамасы азаматтардың алдағы сайлауға көзқарасын көрсетті.

📊 73,8% азамат 23 тамыздағы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға ниетті. 8,1% дауыс беруге қатыспайтынын айтса, 18,1% әлі шешім қабылдамаған.

Алдыңғы сауалнамамен салыстырғанда, сайлауға қатысу ниеті 2,5%-ға артқан, ал дауыс беруден бас тартатындар үлесі 15,2%-ға азайған.

Сайлауға қатысу ниеті ауыл тұрғындары арасында қала тұрғындарына қарағанда 5,3%-ға жоғары. Әйелдер ерлерге қарағанда сайлауға қатысатынын 6,2%-ға жиі білдірген. Жоғары білімді азаматтар арасында да электоралдық белсенділік жоғары.

Саяси партиялар рейтингі бойынша «Әділет» партиясы – 70,2% көрсеткішпен көш бастап тұр. Одан кейін «Ауыл» – 5,6%, «Ақ жол» – 4,9%, Respublica – 4,7%, ЖСДП – 4,5%, Қазақстан халық партиясы – 3,3%, «Байтақ» – 0,8%.

📱 Сауалнамаға қатысқандардың 65,4%-ы саяси ақпараттың негізгі көзі ретінде әлеуметтік платформаларды атаған. Одан кейін теледидар – 22,4%, жаңалық таратушы интернет-сайттар – 14,9%.

Зерттеу нәтижелері сайлау науқаны басталғаннан бері азаматтардың электоралдық таңдауы қалыптасып келе жатқанын және өзгеруі мүмкін екенін көрсетеді.

Зауыт цехынан қызылша алқабына дейін: сайлауалды науқанның 13 тамызы қалай өтті 13 тамыздағы сайлауалды күн түрлі мазмұндағы оқиғаларға толы болды

  • Зауыт цехынан қызылша алқабына дейін: сайлауалды науқанның 13 тамызы қалай өтті 13 тамыздағы сайлауалды күн түрлі мазмұндағы оқиғаларға толы болды – зауыт цехтары мен қызылша алқаптары, дәрігерлермен және мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен кездесулер, экологиялық акциялар, ашық кездесулер және өңірлерге жол тартқан пойыз. Партиялар қалыпты кездесулер өтетін алаңдардан барған сайын алыстап, саяси диалогты жалпы бағдарламалық ұстанымдардың артында нақты мәселелер тұрған жерлерге көшірді. Олар өндіріс пен ауыл шаруашылығы, жұмыс орындары мен медицина, әлеуметтік қолдау мен экология мәселелерін көтерді. Кей өңірлерде бұл әңгіме зауыт станоктарының жанында және тікелей егістікте өтсе, енді бірінде тұрғындармен, еңбек және кәсіби ұжымдармен жүргізілді.
    «Әділет» партиясының республикалық штабы партия лидері Айбек Дәдебаймен бірге Жетісу облысында болып, бірқатар кездесу өткізді. Талдықорғанда энергетикалық инфрақұрылымға арналған бөлшектер шығаратын «DENK» ЖШС зауытында импортқа тәуелділікті азайту және отандық өндірушілер үшін қосылған құн салығын қайтару рәсімін жеңілдету мәселелері талқыланды. Ескелді ауданындағы қызылша алқабында аграршыларды қолдау шаралары, оның ішінде қант саласын дамыту бағдарламасын жалғастыру және ауыл шаруашылығын цифрландыру мәселелері сөз болды. Сол күні штаб өңірдің медицина қызметкерлерімен де кездесті.
    Одан кейін штаб Алматы облысындағы жұмысын жалғастырды. Бұл – ел бойынша сапар аясындағы 15-ші өңір. «Galanz Bottlers» АҚ кәсіпорнында бизнестің жұмысшылар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі талқыланды. Қонаев қаласында жұмыспен қамту, инфрақұрылым, бизнеске түсетін салық жүктемесі және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қоғам өкілдерімен кездесу өтті. Іле ауданында «БЕНТ» фирмасы» ЖШС ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.
    Орал қаласында Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның кандидаты Анаргүл Әбенова аутизм спектрі бұзылған және ДЦП диагнозы бар балаларды қоса алғанда, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен кездесті. Қатысушылар медициналық көмек, оңалту және әлеуметтік қолдаудың қолжетімділігін, соның ішінде аз қамтылған отбасыларға тегін қызмет көрсететін ірі оңалту орталығын құру мүмкіндігін талқылады. Ақмола облысының Бұланды ауданында кандидаттар Ілияс Жанғали мен Ару Алшынбай Макинск тұрғындарымен ашық диалог өткізді. Кездесуде жолдар, сумен жабдықтау, медициналық қызмет пен білімнің қолжетімділігі, жастар мен зейнеткерлерді қолдау мәселелері көтерілді.
    «Байтақ» партиясы экологиялық бағыттағы бірнеше іс-шара өткізді. Кандидат Сәуле Қамытбекова ArayDent стоматологиялық клиникасының ұжымымен кездесті. Қатысушылар қоршаған ортаның ластануының ауыз қуысының денсаулығына ықтимал әсерін талқылады. Ақтөбе облысында партия бизнес өкілдері мен экологтардың қатысуымен ағын суларды тазарту және қайта пайдалану технологияларына арналған дөңгелек үстел өткізді. Алматыда кандидат Владимир Мартель №80 мектептің педагогикалық ұжымымен кездесті. Кездесуде экологиялық тәрбие және мұғалімдерді әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ партия Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қарағанды облысының Глубокое ауданында, Теміртауда, сондай-ақ Шымкентте тұрғындармен кездесулер өткізді. Негізінен жолдардың жағдайы, көгалдандыру, қоқыс шығару және жалпы экология мәселелері сөз болды.
    Астанада Қазақстанның Халық партиясының «Әлеуметтік Қазақстан» атты алғашқы конгресі өтті. Онда партия төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов сөз сөйледі. Ол социализмді тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету жолы ретінде қарастыратынын, ал қоғамның әділдікке деген сұранысын ең алдымен азаматтардың өмір сүру сапасын арттырумен байланыстыратынын атап өтті. Шымкентте кандидаттар қалалық №2 аурухананың медицина қызметкерлерімен кездесті. Қатысушылар дәрігерлердің мәртебесі мен әлеуметтік қамсыздандырылуын талқылады. Кандидат Ләззат Ақтаева денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты пікір білдіріп, ЖСДП бағдарламасының тиісті бөлімін сынға алды. Партия Жамбыл, Абай, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы еңбек және медицина ұжымдарымен де кездесулер өткізді.
    Халықаралық жастар күніне орай «Ауыл» партиясы 350-ден астам адам қатысқан «Таза Ауыл» экологиялық іс-шарасын өткізді. Оған партия төрағасы Қайрат Айтуғанов та қатысты. Қатысушылар Қайнар-Бөржар бұлағының маңын тазалады. Партияның мәліметінше, сайлауалды науқан аясында еліміздің өңірлерінде осындай 100-ге жуық акция өткізілген. Маңғыстау облысында партияның жас белсенділері Каспий теңізінің жағалауында акция ұйымдастырды.
    «Ақ жол» партиясының төрағасы Дания Еспаева бастаған делегация Абай облысындағы «Семей цемент зауыты» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуде отандық өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланды. Сол күні партия өңірлерге қатынайтын пойызын жолға шығарды. Алғашқы аялдама Павлодар станциясында болды. Онда Дания Еспаева мен штаб мүшелері жолаушылармен ашық диалог өткізді.
    «Respublica» партиясының өкілдері Оралдағы «Кублей» ЖШС ет өңдеу кәсіпорнына барды. Партия 2023 жылғы оқиғаны еске салды. Сол кезде оның басшылығының өтініштерінен кейін Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық талаптарды қайта қарап, кәсіпорынның жабылу қаупіне қарамастан жұмысын жалғастыруына мүмкіндік берген болатын.
    Оралда сондай-ақ партия өкілдері 70 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан «ОралАгроРеммаш» АҚ машина жасау зауытының ұжымымен кездесті. Кездесуде өнеркәсіпті қолдау, салық реформасы және кадр саясаты талқыланды. Түркістанда партия өкілі медициналық кешен салуға шамамен 9 млрд теңге жеке инвестиция тартылғанын хабарлады. Аумағы 15 мың шаршы метр болатын нысанның құрылысы аясында 240-тан астам жұмыс орнын құру жоспарланғанын айтты.
    Осылайша, 13 тамыздағы сайлауалды науқан кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы нысандарындағы кездесулерден бастап экологиялық акциялар, ашық диалогтар мен партиялық конгреске дейінгі түрлі форматта өтті. Күн бойы науқанға қатысушылар өндіріс, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту, медицина, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым және экология мәселелерін талқылады.

Дроппер болмаңыз: оңай табыс бостандықтан айырылуға әкелуі мүмкін

Дроппер болмаңыз: оңай табыс бостандықтан айырылуға әкелуі мүмкін

Қазақстанда 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Енді өз банк картасын, шотын немесе банктік деректерін басқа адамдарға сыйақы үшін беру ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін.

Дроппер – өзінің банк картасын, шотын немесе банктік қосымшасына кіру мүмкіндігін үшінші тұлғаларға беріп, олардың қаржылық операцияларды жүзеге асыруына жағдай жасайтын адам. Көп жағдайда мұндай адамдар өз шоттары арқылы қандай қаражаттың өтіп жатқанын және оның қандай мақсатта пайдаланылатынын білмеуі мүмкін.

Алайда бәрі қарапайым ұсыныстан басталады. Мәселен, «оңай ақша табудың жолы», «картаңа ақша түседі, белгілі бір бөлігін өзіңе қалдырасың» немесе «картаңды уақытша пайдаланып тұрамыз» деген ұсыныстар жасалуы мүмкін. Мұндай ұсыныстардың артында алаяқтық немесе басқа да заңсыз қаржылық схемалар тұруы ықтимал.

Дропперлік үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабында көзделген. Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайына байланысты жаза жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды және мүлікті тәркілеуді қамтуы мүмкін.

Мәселенің өзектілігін Ақмола облысындағы көрсеткіштер де айқын көрсетеді. Бүгінде өңірде 129 дроппер бойынша жұмыс жүргізіліп, олардың 16-сы қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Бұл сандар банк картасын немесе шот деректерін басқа адамға беру – жай ғана қосымша табыс табудың жолы емес екенін көрсетеді. Аз ғана сыйақы үшін өз шотыңызды пайдалануға беру қылмыстық іске араласуға және заң алдында жауап беруге әкелуі мүмкін.

Әсіресе әлеуметтік желілердегі немесе мессенджерлердегі «оңай жұмыс», «үйден отырып табыс табу» сияқты ұсыныстарға сақтықпен қараған жөн. Егер жұмыс беруші банк картасын, интернет-банкингке кіру деректерін, SMS арқылы келетін кодтарды немесе басқа да құпия мәліметтерді сұраса, мұндай ұсыныстан бас тарту қажет.

Банк картасын, PIN-кодты, интернет-банкингке арналған логин мен парольді, SMS-кодтарды және өзге де құпия деректерді ешкімге беруге болмайды.

Егер банк картаңыздың немесе шотыңыздың деректерін үшінші тұлғаларға беріп қойған болсаңыз, дереу банкке хабарласып, болған жағдай туралы құқық қорғау органдарына мәлімдеу қажет.

Есте сақтаңыз: бірнеше мың теңге үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылу – тым қымбат «табыс». Өзгенің заңсыз әрекетіне өз шотыңызды пайдалануға жол бермеңіз.

Дроппер болмаңыз. Оңай ақша бостандыққа қауіп төндіруі мүмкін.

Ақмола облысында 321 килограмнан астам есірткінің заңсыз айналымының жолы кесілді.

Ақмола облысында 321 килограмнан астам есірткінің заңсыз айналымының жолы кесілді. Аймақ полициясы “Қарасора-2026” жедел-алдын алу іс-шарасының аралық қорытындысын шығарды.

Ақмола облысында “Қарасора-2026” жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда. 2,5 ай ішінде есірткі полицейлері 321,8 килограмнан астам есірткі түрлерінің заңсыз айналымының жолын кесті. Синтетикалық препараттардың едәуір бөлігі-142,6 килограмнан асады. Олардың таралуына қарсы тұру полиция жұмысының негізгі бағыттарының бірі.

Есепті кезеңде облыс аумағында 58 қылмыстық есірткі құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде есірткі заттарын өткізудің 24 фактісі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 8 фактісі, күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымының 9 фактісі, есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде сақтаудың 3 фактісі, сондай-ақ 14 қылмыстық теріс қылық.

Жұмыстың жеке бағыты-күшті заттардың заңсыз айналымының жолын кесу. Толық емес екі жарым айда 9 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда. ЖПІШ басталғаннан бері осы санаттағы 8 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Бұдан басқа, жеке және заңды тұлғаларға іргелес аумақтарда және азаматтардың үй иеліктерінің жанында өсетін жабайы қарасораны жою туралы 70-ке жуық ұйғарым берілді. Шара қолданбаудың 10 фактісі бойынша әкімшілік хаттамалар құрылды.

Есірткі жеткізу арналарының жолын кесуге ерекше назар аударылады. Облыс аумағында синтетикалық есірткіні жеткізудің екі арнасы жабылды.

Бүгінгі таңда есірткінің заңсыз таралуының едәуір бөлігі интернет-кеңістікке көшіп жатқандығын ескере отырып, құқық қорғау органдары кибер бағытты да күшейтуде. Кибер бақылау жүйесіне тыйым салынған мазмұны бар 400 сілтемелер мен сайттарды бұғаттауға бағытталған.

🇰🇿 Ел болашағы – әр азаматтың таңдауынан басталады!

🇰🇿 Ел болашағы – әр азаматтың таңдауынан басталады!

Зеренді ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Құрылтай сайлауы қарсаңында мәдениет саласының ұжымдарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ел болашағы, қоғамдық бірлік, азаматтық жауапкершілік пен белсенділік туралы маңызды ойлар айтылып, салаға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Әрбір азаматтың таңдауы – елдің ертеңіне қосқан үлесі. Сондықтан өз болашағымызға бейжай қарамай, азаматтық ұстанымымызды білдіру – баршамызға ортақ жауапкершілік.

📅 23 тамыз – ел болашағына жауапты таңдау жасайтын күн!

Баршаңызды азаматтық белсенділік танытып, Құрылтай сайлауына қатысуға шақырамыз! 🇰🇿

Атом реакторларының қауіпсіздігі қалай тексеріледі?

Атом реакторларының қауіпсіздігі қалай тексеріледі? Ұлттық ядролық орталық өкілімен сұхбат Бүгінде атом энергетикасының қауіпсіздігін жоғары дәлдікті компьютерлік модельдеусіз қамтамасыз ету мүмкін емес. Заманауи есептеу технологиялары эксперименттер жүргізгенге дейін реактор қондырғыларының жұмысын болжауға, сондай-ақ олардың қалыпты жағдайындағы және ықтимал штаттан тыс жағдайлардағы жұмысын бағалауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында қандай әдістер қолданылатыны және олардың реакторлардың қауіпсіздігін негіздеудегі маңызы туралы ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Артур Сураев әңгімелейді.

  • Неліктен бүгінгі таңда компьютерлік модельдеу реактор қондырғыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болып саналады?
  • Заманауи компьютерлік модельдеу реактор ішінде жүретін процестерді көптеген қымбат әрі күрделі эксперименттер жүргізбей-ақ зерттеуге мүмкіндік береді. Оның көмегімен реактор қондырғысының қалыпты пайдалану жағдайындағы, сондай-ақ жобалық және жобадан тыс авариялар кезіндегі жұмысын алдын ала бағалауға болады.

Компьютерлік модельдер өзара байланысты физикалық процесті талдауға, ықтимал өзгерісті болжауға және жобалау мен ғылыми зерттеу кезеңінің өзінде қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған техникалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

  • Мұндай зерттеулер жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында қандай бағдарламалық кешендер қолданылады?
  • Реакторлық эксперименттерді есептік сүйемелдеу үшін ҚР ҰЯО РМК мамандары заманауи лицензиялық бағдарламалық өнімдерді – MCNP6.3 және ANSYS Academic Research бағдарламалық кешендерін пайдаланады.

Бұл бағдарламалық кешендер бірін-бірі толықтырады. MCNP нейтрондық-физикалық процестерді модельдеуге арналған болса, ANSYS реактор қондырғысы конструкцияларының жылу гидравликалық және беріктік сипаттамаларын есептеуге мүмкіндік береді. Бірлесіп олар кешенді талдаудың бірыңғай жүйесін қалыптастырады.

  • MCNP6.3 бағдарламасы қандай міндеттерді шешеді?
  • MCNP6.3 бағдарламасы Монте-Карло әдісіне және ядролық деректердің үздіксіз кітапханасын пайдалануға негізделген. Ол күрделі үш өлшемді геометрияда нейтрондар мен гамма-кванттардың тасымалдануын жоғары дәлдікпен модельдеуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама көмегімен мамандар нейтрондардың көбею коэффициентін, нейтрон ағынының кеңістіктік таралуын, радиациялық қызуды және ядролық отындағы жергілікті энергия бөлінуін анықтайды. Дәл осы есептеулер реактордың жұмысына кейінгі талдау жүргізудің негізін құрайды.

  • ANSYS бағдарламалық кешені қандай міндеттерді орындайды?
  • ANSYS бағдарламалық кешені макрофизикалық процестерді модельдеу үшін қолданылады. Ол жылу тасығыштың қозғалысын есептеуге, бір фазалы және көп фазалы ағындарды талдауға, температураның таралуын анықтауға, әртүрлі пайдалану режимдерінде жылу бөлетін элементтер мен жылу бөлетін құрамалардың термиялық кернеуі мен механикалық беріктігін бағалауға мүмкіндік береді.

Іс жүзінде бұл бағдарлама реактор конструкциясының жылу және механикалық жүктемелердің әсерінен қалай әрекет ететінін көрсетеді.

  • Бұл бағдарламалық кешендерді бірлесіп қолданудың маңызы неде?
  • Осы бағдарламалардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде ең жоғары дәлдікті алуға болады.

Алдымен MCNP реактордың актив аймағындағы энергия бөлінуінің таралуын есептейді. Кейін бұл деректер ANSYS бағдарламасына беріліп, онда температуралық өрістер есептеледі. Бұдан соң жаңартылған ақпарат температуралық кері байланыстарды ескере отырып келесі есептеуді жүргізу үшін қайтадан MCNP бағдарламасына жіберіледі.

Мұндай деректер алмасуы реактордың актив аймағының жоғары дәлдікті цифрлық телқосағын жасауға және ядролық отынның қалыпты пайдалану жағдайындағы да, авариялық режимдердегі де жұмысын барынша сенімді болжауға мүмкіндік береді.

  • Компьютерлік есептеулерге толықтай сенуге бола ма?
  • Жоқ. Кез келген есептік әдістеме міндетті түрде эксперименттік деректерге сәйкестігі тұрғысынан тексерілуі тиіс. Бұл процесс верификация деп аталады және компьютерлік модельдеуді қолданудың міндетті кезеңі болып саналады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында мұндай жұмыстардың эксперименттік базасы ретінде ИВГ.1М және ИГР зерттеу реакторлары, сондай-ақ арнайы реактордан тыс эксперименттік кешендер пайдаланылады.

Зерттеу барысында алынған нәтижелер математикалық модельдерді нақтылауға мүмкіндік береді, соның арқасында компьютерлік есептеулердің дәлдігі мен сенімділігі артады.

  • Әзірленген әдістемелер кейін қай салаларда қолданылады?
  • Есептік әдістемелер верификациядан сәтті өткеннен кейін ВВЭР және PWR типтегі реакторларды қоса алғанда, энергетикалық реакторлардың жылу бөлетін элементтері мен жылу бөлетін құрамаларының жұмысын талдау үшін қолданылуы мүмкін.

Олар авариялық режимдер кезінде твэл қабықшаларының тұтастығын сақтау шектерін бағалауға, отынның деградациясы мен балқу процестерін модельдеуге, оның конструкциялық материалдармен өзара әрекеттесуін зерттеуге, сондай-ақ авариялық әсерлерге төзімділігі жоғары жаңа буындағы ядролық отын түрлерінің сипаттамаларын болжауға мүмкіндік береді.

  • Бұл жұмыстың атом энергетикасын дамытудағы маңызы қандай?
  • Заманауи компьютерлік модельдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бірегей эксперименттік базасымен ұштаса отырып, реактор қондырғыларының қауіпсіздігін ғылыми негіздеуге арналған бірыңғай ғылыми-техникалық платформаны қалыптастырады.

Мұндай тәсіл есептеулердің сенімділігін едәуір арттыруға, пайдалану кезінде туындайтын қауіпті төмендетуге және реакторлық технологияларды әзірлеу мен жетілдіруді ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінде цифрлық модельдеуді эксперименттік тексерумен ұштастыру атом энергетикасын қауіпсіз дамытудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Дереккөз: dalanews.kz

Қазақстанда сайлауға тіркелген жеті партияның барлығы белсенді үгіт-насихат науқанын жүргізіп жатыр.

Қазақстанда сайлауға тіркелген жеті партияның барлығы белсенді үгіт-насихат науқанын жүргізіп жатыр.

Бюллетеньде партиялар мына ретпен орналасады:

  • «Әділет» партиясы;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП);
  • Қазақстанның «Байтак» жасылдар партиясы;
  • Қазақстан халық партиясы;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
  • Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы;
  • Respublica партиясы.

Дауыс берер алдында әр партияның саяси бағдарламасымен мұқият танысып, Қазақстанның болашағы үшін өз таңдауыңызды жасаңыз!

Сайлау – жай ғана формалдылық емес.

Сайлау – жай ғана формалдылық емес. Бұл қоғамның кемелдігін, мемлекет пен халық арасындағы сенімді, сондай-ақ азаматтық мәдениеттің деңгейін көрсететін маңызды үдеріс.

Құрылтай депутаттарын сайлауда сайлаушылар тізімінен өзіңізді қалай тексеруге болады?

Мұның екі жолы бар:

  1. Жеке сәйкестендіру нөміріңізді (ЖСН) жергілікті әкімдіктің сайтына енгізу немесе колл-орталыққа хабарласып, өзіңіздің сайлау учаскеңізді анықтау.
  2. Тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша сайлау учаскесіне жеке куәлігіңізбен барып, сайлаушылар тізіміндегі деректеріңізді тексеру.

Сарапшылардың пікірінше жекелеген кандидаттар емес партиялар бәсекеге түсетін пропорционалды сайлау жүйесі Құрылтайдың жұмысын жүйелі әрі тұтас етуге мүмкіндік береді.

Сарапшылардың пікірінше, жекелеген кандидаттар емес, партиялар бәсекеге түсетін пропорционалды сайлау жүйесі Құрылтайдың жұмысын жүйелі әрі тұтас етуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда сайлауда жеке тұлғалардан гөрі партиялар ұсынған бағдарламалар бәсекеге түседі.

Сонымен қатар партия өз бағдарламасында уәде еткен өзгерістерді жүзеге асыруға және сайлаушыларының мүддесін күнделікті қорғауға ұжымдық жауапкершілік алады. Мысалы, «Әділет» партиясы өз бағдарламасындағы саяси бастамаларды нақты іске асыру мерзімдері мен реформалардың тиімділік көрсеткіштерімен толықтырған.

23 тамызда Қазақстанның алдағы даму бағытын таңдауға мүмкіндік бар. Сайлау учаскесіне барып, ел болашағы үшін өз таңдауыңызды жасаңыз!

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑