Category: Без рубрики (Page 47 of 260)

Құрылтай сайлауында белсенді дауыс беру – ашық әрі әділетті қоғам құруға қосылған үлес.

Құрылтай сайлауында белсенді дауыс беру – ашық әрі әділетті қоғам құруға қосылған үлес.

Қазақстанда ауқымды саяси реформалар жүзеге асырылып жатыр. Олар ашықтық, есептілік қағидаттарын нығайтуға және мемлекеттің азаматтық қоғаммен сындарлы өзара іс-қимылын дамытуға бағытталған.

Шетелде қалай дауыс беруге болады?

Шетелде қалай дауыс беруге болады?

Егер Құрылтай сайлауы өтетін күні шетелде болсаңыз, дауыс беру үшін есептен шығару куәлігі қажет емес. Қазақстанның елшілігі немесе консулдығы жанында ашылған шетелдегі сайлау учаскесінде дауыс бере аласыз.

Сайлау комиссиясын үйге қалай шақыруға болады?

Сайлау комиссиясын үйге қалай шақыруға болады?

Сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар үшін дауыс берудің арнайы тәртібі қарастырылған. Оған денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне бара алмайтындар, науқас отбасы мүшесіне күтім жасайтындар, сондай-ақ шалғай немесе қатынауы қиын елді мекендерде тұратын азаматтар жатады.

Ақмола полицейлері пәтер жалдау кезінде алаяқтық туралы ескертеді

Ақмола полицейлері пәтер жалдау кезінде алаяқтық туралы ескертеді

Төмен баға, тартымды фотосуреттер және алдын — ала төлем жасау туралы өтініш-мұндай схема бойынша алаяқтар әдетте азаматтарды жоқ тұрғын үйді жалға беру арқылы алдайды. Ақмола полицейлері өңір тұрғындарын тәулік бойына және ұзақ мерзімге пәтер іздеген кезде аса мұқият болуға шақырады. Құқық қорғау органдары еске салады: пәтердің бар екендігі, жалға берушінің жеке басы және оның тұрғын үйді басқару құқығы расталғанға дейін жалдау ақысының толық немесе ішінара құнын аударуға болмайды.
Мысалы, “Hi-Tech” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері пәтерді жалға беру туралы жалған хабарландыру орналастырған Шымкент қаласының 20 жастағы тұрғынын анықтады.
Жәбірленуші, Ақмола облысының тұрғыны ұсынысты танымал Krisha.kz сервисінде көріп, хабарландыру авторымен байланысқа шықты. Болашақта ер адам жалдау ақысы ретінде қолма-қол ақша салды. Ақшаны алғаннан кейін “иесімен” байланыс тоқтап, қолма-қол ақша қайтарылмаған.
Осы факті бойынша тергеу жүргізілуде.
Полицейлер мұндай схемалар күнделікті және ұзақ мерзімді жалға беру кезінде қолданылатынын атап өтті. Қаскөйлердің әлеуетті жалға алушылардың назарын аудару үшін нақты пәтерлердің фотосуреттерін көшіруі, басқа адамдардың жарнамаларын пайдалануы немесе нарықтық бағадан едәуір төмен тұрғын үй ұсынуы сирек емес.
Полиция азаматтардан пәтерді жеке тексеріп, хабарландырудың дұрыстығына көз жеткізгенше алдын-ала төлемді аудармауды, жалға берушінің жеке басын және жылжымайтын мүлік құжаттарын тексеруді, мүмкін болса, ресми жалдау шартын жасасуды сұрайды.

«Қазақ күшінің картасына» М.Нұрғазиннің рекорд тасы ақмолалық ойын Балуан тасы ретінде тіркелді

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Қазақ күшінің картасына» М.Нұрғазиннің рекорд тасы ақмолалық ойын Балуан тасы ретінде тіркелді

Астаналық палуан Мұрат Нұрғазиннің әлемдік рекордтық тасы «Қазақ күшінің картасына» Ақмоланың «Ойын Балуан тасы» ретінде тіркелді. Бұл туралы «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының президенті Абылайхан Қалназаров хабарлайды.

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылында өткен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында қазақтың күш мәдениетіне қатысты маңызды тарихи оқиға болды.

Атақты балуантасшы, күш өнерін дәріптеуші Мұрат Нұрғазин Күш атасынан өнеге болған күштік нөмірін жаңа салмақпен қайталап, 120 келілік бетон блокты кеудесіне қойып, денесінің «көпір» қалпын сақтай, 10 келілік балғамен сындыру арқылы өзінің әлемдік рекордын жаңартты.
Осы жетістікті GBR – The World Book of Records for Asia and Africa рекордтар комиссиясы ресми түрде растады. Сертификатта рекордтың ресми тіркелген күні «2026 жылғы 8 тамыз» деп көрсетілген. Құжатта «Рекорд иегері ретінде Мұрат Мырзагалиевич Нұрғазин, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Қажымұқан ауылы» деп көрсетілген. Тіркеу нөмірі – GBR-AA-2026-NURGAZIN-005/53.
Осылайша, М.Нұрғазин GBR рекордының екі дүркін иегері атанды. Ал «Baluan tas» академиясы жүргізіп отырған «Қазақ күшінің картасына» жаңа тарихи нысан қосылды.
Аталмыш карталық жобаның негізгі мақсаты – Ұлы дала күш мәдениетінің материалдық және символдық мұрасын жүйелеп, тарихи батыр-балуандардың ізін, күш сынаған орындарын, балуантас нысандарын және қазіргі заманғы аутентикалық тастық рекордтарды біртұтас мәдени картаға түсіру.
«Baluan tas» академиясының президенті Абылайхан Қалназаров: «Біз үшін бұл жай ғана спорттық рекорд емес. Бұл қазақтың дәстүрлі күш мәдениетінің бүгінгі күндегі жалғасы. Қажымұқан атамыздың есімімен байланысты тарихи жерде жаңа рекордтың жасалуының өзі символдық мәнге ие. Әсілінде, балуантастар бес топқа бөлінеді. Бұл ретте Мұраттың рекорд орнатқан ауыр тасын «Қазақ күшінің картасына» Ақмоланың «Ойын Балуан тасы» ретінде тіркеу туралы шешім қабылдадық. Бұл тас енді нақты әлемдік жетістіктің ғана емес, Қажымұқан дәстүрінің жалғастығын көрсететін мәдени нысан ретінде қарастырылады», – деп атап өтті.
Оның айтуынша, «Күш картасы» уақыт өте келе еліміздің әр өңіріндегі қазақтың күш мәдениетіне қатысты деректерді біріктіретін ұлттық мәдени-танымдық базаға айналуы тиіс.
Өз кезегінде рекорд иегері Мұрат Нұрғазин жаңа жетістігін Қажымұқан Мұңайтпасұлының мерейтойымен байланыстырып, бұл рекордтың өзі үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.
«Қажымұқан атамыздың атын арқалаған ауылда, оның мерейтойы аясында осындай прецедент жасау – мен үшін зор мәртебе. Бұған дейінгі көрсеткішімді жаңа салмақпен жаңартуды мақсат еттім. Бұрынғыларынан да ауыр зілбатпан тасты көтеріп, кеудеде ұстап, балғамен сындыру үлкен физикалық дайындықты, төзімділікті және техниканы талап етеді. Бұл жетістік ең алдымен қазақтың күш өнеріне, Қажымұқан атамыздың рухына деген құрметім», – деді Мұрат Нұрғазин.

Қажының айтулы мерейтойын азаматтық қоғам атынан ұйымдастыруға атсалысқан, Қажымұқан ауылының тұрғыны Таңат Омаров бұл оқиғаның ауыл үшін де ерекше мәні бар екенін жеткізді.
«Бүгінгі ерен қимыл – үлкен тарихи сабақтастықты білдіреді. Қаһарман бабалар мұрасын бүгінгі ұрпақтың жалғастырып жатқанын осындай нақты істерден көреміз. Әсіресе рекордтың дәл осы жерде жасалып, оның «Қазақ күшінің картасына» енгізілуі ауылымыздың тарихы мен рухани маңызын арттыра түседі. Бұл тас кейінгі ұрпаққа да Қажымұқанның киелі жолын еске салатын нышан болады деп ойлаймын. Жалпы бүкіл іс-шараға азаматтық қоғам атынан атсалушылар – Рауан Сейдахметов, Әсемгүл Шарагаева, Асылхан Атанов, Олжас Минкин, Азамат Кенесов, Жанат Накупов, Әнуар Махметовтер де осы ұстанымда. Баршаға рақмет», – деді Таңат Омаров.

Айта кетейік, «Baluan tas» академиясы үшін М.Нұрғазиннің рекорды – дәстүрлі күш мәдениетінің қазіргі әлемдік спорттық практикамен сабақтастығын көрсететін маңызды дерек. Яғни «Балуантас» ұғымы тек ауыр тасты көтеру немесе онымен күш сынасу дәстүрімен шектелмейді. Ол қазақ қоғамындағы күш, ерлік, төзімділік, намыс, мәрттік және ұрпақ сабақтастығы сияқты құндылықтардың материалдық көрінісі ретінде қарастырылады. Осы тұрғыдан алғанда, Қажымұқан ауылында тіркелген жаңа рекордтық тас Ақмола өңірінің қазіргі заманғы «Балуан тас» ретінде «Қазақ күшінің картасындағы» жаңа нүктеге айналып отыр.
«Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясы алдағы уақытта Қазақстанның өзге өңірлеріндегі тарихи және заманауи балуантас нысандарын анықтап, оларды «Қазақ күшінің картасына» жүйелі түрде енгізуді жалғастырады. Бұған дейін Түркістан облысына жасалған «Балуан тас сапары» экспедициясы аясында 2 символдық, 13 заттық балуан тас тіркелген болатын. Бұл жолғы тас та заттық балуан тас жәдігеріне жатады.
Қазақ күшінің тарихы жалғасуда.
Әр тас – тарих. Әр рекорд – ұлт жадының жаңғыруы.

«Болашақ – біздің қолымызда»: жастарға арналған мерекелік кеш өтті

«Болашақ – біздің қолымызда»: жастарға арналған мерекелік кеш өтті
Зеренді ауылында Жастар күніне орай жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Болашақ – біздің қолымызда» атты мерекелік би кеші өтті.
Кеш барысында жастар заманауи әуендерге билеп, достарымен бірге көңілді уақыт өткізді. Іс-шараның ерекше атмосферасын көбік кеші мен холли бояулары толықтырып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Түрлі-түсті бояулар мен көңілді музыка жастардың белсенділігін арттырып, мерекелік кешке ерекше сән берді.
Жастар үшін ұйымдастырылған бұл кеш – олардың бір-бірімен еркін араласып, жаңа достық қарым-қатынас орнатуына, жағымды эмоция алып, есте қаларлық сәттерді бірге өткізуіне мүмкіндік берді.
Жастар – елдің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші. Осындай мазмұнды әрі қызықты іс-шаралар олардың белсенділігін арттырып, қоғамдық өмірге араласуына оң ықпал етеді. Мерекелік кеш көтеріңкі көңіл-күймен, жарқын әсерлермен аяқталды.

Құрылтай сайлауы – ел болашағына ортақ жауапкершілік

Құрылтай сайлауы – ел болашағына ортақ жауапкершілік
Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі – алдағы Құрылтай сайлауы. Бұл сайлау халықтың өз таңдауын білдіріп, елдің болашағына қатысты маңызды шешімдерге өз үлесін қосуына мүмкіндік беретін жауапты үдеріс.
Аға буын өкілі ретінде біз үшін елдің тұрақтылығы, қоғамдық келісім мен жас ұрпақтың жарқын болашағы әрдайым басты құндылық болып келеді. Бүгінгі таңда мемлекетіміздің дамуы азаматтардың белсенділігіне, жауапкершілігіне және ел тағдырына бейжай қарамауына тікелей байланысты.
Құрылтай депутаттарын сайлау – халықтың талап-тілегін жеткізетін, өңірлердің өзекті мәселелерін көтеруге мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық институтты қалыптастыру жолындағы қадам. Сондықтан әрбір азамат сайлау науқанына жауапкершілікпен қарап, кандидаттардың бағдарламалары мен ұстанымдарымен танысып, саналы таңдау жасауы қажет.
Зеренді ауданының тұрғындары әрдайым ел өміріндегі маңызды бастамаларға белсенді қатысып келеді. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауылдардың өркендеуі, жастарға қолдау көрсету, еңбек адамының мәртебесін арттыру, аға буынға құрмет көрсету сияқты мәселелер біз үшін маңызды.
Біз, ардагерлер, жас ұрпаққа елге деген сүйіспеншілікті, Отанға қызмет етуді және азаматтық жауапкершілікті үлгі етуге тиіспіз. Осы тұрғыдан алғанда, сайлауға қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығымен қатар, ел болашағына деген жауапкершілігінің көрінісі.
Барша Зеренді ауданының тұрғындарын Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға шақырамын. Елдің ертеңі – бүгінгі азаматтық ұстанымымызға байланысты.
О.Бекішев – Зеренді ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Өткен жылы сұлулық саласында 127,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілді

Өткен жылы сұлулық саласында 127,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілді

Өткен жылы Қазақстанда сұлулық саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 127,3 млрд теңгені құрады. Оның ең үлкен үлесі шаштараз қызметтеріне тиесілі – 67,5 млрд теңге. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артық.

Маникюр мен педикюрді қоса алғанда, косметикалық қызметтердің көлемі 7,5 млрд теңгені құрады.

Сұлулық салондары көрсететін өзге де қызметтердің көлемі 52,3 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде адамның өңделмеген шашына қатысты қызметтер де бар.

Сұлулық саласының дамуы қалалармен қатар ауылдық жерлерде де байқалады. 2025 жылы ауылдардағы шаштараз қызметтерінің көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға өсіп, 34,3 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар, ауылдық жерлерде сұлулық салондарының өзге де қызметтерінің көлемі 1,9 млрд теңгені, ал косметологиялық қызметтердің көлемі 814,9 млн теңгені құрады.
t.me/stat_gov_kz_official/3442

Jibek Joly телеарнасында жеті саяси партияның дебаты аяқталды

Jibek Joly телеарнасында жеті саяси партияның дебаты аяқталды

Құрылтай сайлауы алдындағы партиялар командалық теледебатының сауалнама қорытындысы анықталды. Рейтингте «Әділет» партиясы 60,6 пайыз дауыспен көш бастап тұр.

Jibek Joly телеарнасы тікелей эфирі кезінде көрерменге «Қай партия командасының сөзі өтімді?» деген сауал қойылды. Көрермен экранның төменгі жағындағы QR-код арқылы дауыс берді. 2 сағатқа жуық аралықта сауалнамаға 165 153 көрермен қатысқан.

Сауалнаманы «Jibek Joly» телеарнасының тапсырысы бойынша Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізді.
Онлайн дауыс беру сайлау учаскесінде берілетін ресми дауыстың орнын алмастырмайды және сайлауға қатысушы партияның ресми рейтингін білдірмейді. Бұл – көрерменнің командалық телевизиялық дебатқа қатысқан партия өкілдерінің жауабы мен белсенділігіне берілген дербес баға.

Теледебат қалай өтті

Теледебаттың басты ерекшелігі – пікірталас командалық форматта өтті, яғни әр партиядан екі спикерден қатысты.
Спикерлер жеребе арқылы анықталған ретпен сөз алды:

  1. «Ақ жол» партиясы (Бек-Мұхамед Жәукебаев, Ермек Әбілдин);
  2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (Лариса Ли, Нұрайнаш Камалова);
  3. «Әділет» партиясы (Айжан Аймағанова, Мәди Мырзағараев);
  4. Қазақстанның Халық партиясы (Жандос Бидайбеков, Ирина Смирнова);
  5. «Ауыл» партиясы (Жазира Сұлтанқұлова, Ерболат Саурықов);
  6. «Байтақ» партиясы (Амалбек Өміртай, Алмат Тұртаев);
  7. Respublica партиясы (Олжас Құспеков, Динара Шүкіжанова).

Дебатта 4 раунд болды.
Бірінші кезеңде әр партия өкілдері өз ұстанымын ғана емес, бәсекелестерінің бағдарламасына да сыни көзқарасын білдіруге мүмкіндік алды.
Екінші кезеңде көрермен мен журналистер спикерлерге сұрақ қойды. Сауалдың бәрі «Заң мен тәртіп – Әділетті Қазақстанның негізі» тақырыбымен байланыстырылған.
Үшінші раундта әр партия өз таңдауы бойынша өзге партияға сұрақ қойып, өзара пікір таластырды.
Соңғы «Уәде» деп аталатын кезеңде әрбір партия өкілі Құрылтайға сайланған жағдайда атқарылатын істің анық-қанығын баяндады. Белгіленген 2 минут ішінде саяси ұйымдардың алдағы жоспары, бес жылға жоспарланған міндеттері тарқатылды.
Айта кетейік, Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді.
Қазақстандықтардың дауыс беруі арқылы 145 депутат сайланады.

@jibekjolydebate2026

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

📌Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Үкімет Қазақстан бойынша көлік инфрақұрылымын жаңғырту және теміржол вокзалдарын жаңарту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруда. Осы жұмыстар аясында Түркістан облысындағы «Түлкібас» теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды.

«Түлкібас» стансасының тарихы 100 жылдан асады. Стансаның алғашқы ғимараты 1916 жылы салынған. Жаңа вокзал кешені тәулігіне 200-ге жуық жолаушыға қызмет көрсетуге есептелген және азаматтар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Ғимаратта 90 орындық күту залы бар, бұл бұрынғы вокзалдан екі есе көп. Сондай-ақ теміржол кассалары, анықтамалық бюро, тамақтану пункттері, қызметтік үй-жайлар жұмыс істейді.

Кедергісіз ортаны құруға ерекше назар аударылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен мүгедектер үшін арнайы аймақтар қарастырылып, лифт орнатылды. Сонымен қатар ана мен бала бөлмесі жабдықталған.

Реконструкция аясында ұзындығы 540 метр болатын перрон платформасы жаңартылды. Іргелес аумақта абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, бейнебақылау және дауыс зорайтқыш жүйелері орнатылды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер көпірі реконструкцияланды.

Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі вокзалдарды қамтитынын және жолаушылар үшін заманауи және қолайлы жағдайлар жасауға бағытталғанын атап өту маңызды. Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында еліміз бойынша 124 теміржол нысанын жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда 72 вокзал жөнделіп, пайдалануға берілді. Тағы 49-ын реконструкциялау жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Астана, Алматы және Түркістан қалаларындағы тарихи-архитектуралық құндылығы бар үш ірі вокзал бойынша жұмыстар жеке блок ретінде қарастырылған. Оларды жаңғырту жұмыстары тарихи келбетін сақтау талаптарын ескере отырып, келесі жылы аяқталады.

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑