Category: Без рубрики (Page 7 of 258)

10 жылдан астам уақыт күрделі жөндеу көрмеген Талдықорған–Үштөбе жолы жаңарып жатыр.

10 жылдан астам уақыт күрделі жөндеу көрмеген Талдықорған–Үштөбе жолы жаңарып жатыр. Қарқынды құрылыс – Қазақстанда. Жобаның жалпы ұзындығы — 42 шақырым, құны — 6 млрд теңге. Жолдың кей бөліктері 7 метрден 9 метрге дейін кеңейтіледі. 🚧 Қазір негізгі жұмыстың басым бөлігі аяқталған. Ал сапасы талапқа сай ма? Толық бағдарламаны осы сілтеме арқылы көре аласыз⤵️ https://youtu.be/I0b_uat66ao?si=K2U2Xng-pVPFSsJR

📌 Мемлекет басшысының Жолдаулары мен тапсырмалары — нақты істер мен нәтижелерде.

📌 Мемлекет басшысының Жолдаулары мен тапсырмалары — нақты істер мен нәтижелерде.

Еліміздің өңірлерінде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және елдің дамуына бағытталған міндеттер кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

📌 Мемлекет басшысының Жолдаулары мен тапсырмалары — нақты істер мен нәтижелерде.

📌 Мемлекет басшысының Жолдаулары мен тапсырмалары — нақты істер мен нәтижелерде.

Еліміздің өңірлерінде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және елдің дамуына бағытталған міндеттер кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Ақмола облысындағы шағын жинақты мектептерде сыныптар қалай біріктіріледі

Ақмола облысындағы шағын жинақты мектептерде сыныптар қалай біріктіріледі

Ақмола облысының ауылдық мектептерінде оқушы санына қарай бірнеше сыныпты біріктіріп оқыту тәсілі қолданылады. Мұндай сыныптар-комплектілер шағын жинақты мектептерде құрылады. Бұл ретте әр оқушы өз сыныбының оқу бағдарламасы бойынша білім алады. Бұл туралы Ақмола облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанаргүл Баймақова айтып берді.

Қолданыстағы талаптарға сәйкес, жасы бір-екі жыл айырмашылық жасайтын екі немесе үш сыныптың оқушыларын бірге оқытуға болады. Мұғалім бірнеше жас тобымен бір уақытта сабақ өткізіп, әр топқа сәйкес оқыту әдістерін қолданады. Бұл ретте сыныптарды біріктіру оқу бағдарламасының қысқаруын білдірмейді.

«Сыныптар-комплектілерді біріктіру оқу бағдарламаларының мазмұнын қысқартуды білдірмейді. Оқыту тиісті сыныптардың жұмыс оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі», – деді Жанаргүл Баймақова.

Сыныптарды біріктіру кезінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың да жағдайы ескеріледі. Біріктірілген сыныпта олардың саны үштен аспауы тиіс. Мысалы, Шортанды ауданының Раевка ауылындағы мектепте екінші сыныпта алты, үшінші сыныпта төрт оқушы бар. Әр сыныпта ерекше білім беру қажеттілігі бар бір баладан оқиды. Сыныптар біріктірілгеннен кейін бір сыныпта осындай екі оқушы білім алады.

Бүгінде Ақмола облысында 330-ға жуық шағын жинақты мектеп бар. Онда 21 мыңнан астам бала білім алады. Өңірдегі кейбір ауылдық мектептерде оқушылар саны 15-20 адам көлемінде.

Шағын жинақты мектептерде сыныптарды біріктіру оқушы саны аз елді мекендерде оқу процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте әр сыныптың оқу бағдарламасы толық көлемде сақталып, балалардың өз елді мекенінде білім алуына жағдай жасалады.

🏗️Үштөбе вокзалын жаңғырту барысында бастапқы жоба бірнеше рет өзгерген. Тіпті салынып жатқан баспалдақтың өзін қайта өзгертуді тапсырған.

🏗️Үштөбе вокзалын жаңғырту барысында бастапқы жоба бірнеше рет өзгерген. Тіпті салынып жатқан баспалдақтың өзін қайта өзгертуді тапсырған.

Себебі жаңа шешім жолаушыларға қолайлы болуы керек.

🚉 1930-жылдары салынған вокзал үшін бұл — соңғы ондаған жылдағы ең ауқымды жаңғыртулардың бірі. Қазір мұнда 60-тан астам маман еңбек етуде.

Толық бағдарламаны осы сілтеме арқылы көре аласыз⤵️
https://youtu.be/I0b_uat66ao?si=K2U2Xng-pVPFSsJR

Бүкіләкүлемдік тазалық күні — World Cleanup Day қарсаңында елімізде ауқымды экологиялық науқан өтеді.

Бүкіләкүлемдік тазалық күні — World Cleanup Day қарсаңында елімізде ауқымды экологиялық науқан өтеді.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 19 қыркүйек күні бүкіл ел бойынша World Cleanup Day акциясы ұйымдастырылады. Бұл күні Ақмола облысының барлық аудандары мен қалаларында тұрғындар бір мезгілде тазалық жұмыстарына шығып, туған өңірді абаттандыруға өз үлестерін қосады.

Ақмолалық тұрғындарды, еріктілерді, жастар мен барлық ұжымдарды осы маңызды шараға белсенді қатысып, табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға шақырамыз! #ТазаҚазақстан #ЧистыйКазахстан #TazaQazaqstan #TazaChallenge #WorldCleanupDay

Қазақстан АЭХА Бас конференциясының 70-ші сессиясында ұлттық мәлімдеме ұсынды

Қазақстан АЭХА Бас конференциясының 70-ші сессиясында ұлттық мәлімдеме ұсынды 2026 жылғы 15 қыркүйекте Венада АЭХА Бас конференциясының 70-ші сессиясы шеңберінде Қазақстан Республикасы делегациясының басшысы, Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин ұлттық мәлімдеме жасады.

Өз сөзінде Гұмар Серғазин Қазақстанның атом саласындағы негізгі басымдықтарын, оның ішінде атом энергетикасы мен өнеркәсібін, ядролық ғылым мен медицинаны дамыту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін атап өтті.

Мәлімдемеде Семей сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына ерекше назар аударылды. Қазақстан ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау жөніндегі міндеттемелеріне бейілділігін растады және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) мүмкіндігінше тезірек күшіне енуіне шақырды.

Гұмар Серғазин Қазақстанның атом саласы дамуының жаңа кезеңіне тоқталды. 2026 жылы Мемлекет басшысы 2050 жылға дейінгі атом саласын дамыту стратегиясын бекітті. Стратегия энергетика, өнеркәсіп, ғылым, білім беру және жоғары технологиялық өндірісті біріктіретін ұлттық ядролық кластер қалыптастыруды көздейді.

Сондай-ақ Қазақстанның жаһандық атом саласындағы және ядролық отынның халықаралық жеткізу тізбектеріндегі рөлі, сондай-ақ ел аумағында орналасқан АЭХА-ның Төмен байытылған уран банкі қызметінің маңызы атап өтілді.

АЭХА-мен ынтымақтастыққа да ерекше мән берілді. 2026 жылы қол қойылған 2036 жылға дейінгі ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі Жол картасы атом энергетикасы, ядролық медицина, ғылым, қауіпсіздік және кадрлар даярлау бағыттарын қамтиды.

Қазақстан АЭХА-мен стратегиялық әріптестікті жалғастыруға және энергетика, ғылым, медицина мен орнықты даму мүддесі үшін атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды одан әрі дамытуға дайын екенін растады.

«Бейбітшілікке, ғылымға және адамзат игілігіне қызмет ететін атом қорқыныштың емес, энергияның, прогресс пен үміттің көзіне айнала алады», – деп атап өтті Гұмар Серғазин.
“Әлемге, ғылымға және адамзатқа қызмет ететін Атом қорқыныш көзі емес, энергия, прогресс және үміт көзі бола алады”, — деп атап өтті Ғұмар Серғазин. Дереккөз: gov.kz

В Акмолинской области подготовили около 400 коек к сезону гриппа и ОРВИ

В Акмолинской области подготовили около 400 коек к сезону гриппа и ОРВИ

Около 400 инфекционных коек подготовили в регионе к предстоящему эпидемическому сезону по гриппу, ОРВИ и COVID-19. При ухудшении ситуации в регионе смогут развернуть еще около 200 коек. Об этом на брифинге сообщил руководитель Департамента санитарно-эпидемиологического контроля области Серик Омарханов.

По его словам, в поликлиниках подготовлены фильтр-кабинеты, дополнительные мобильные бригады и запас лекарств, масок и дезинфицирующих средств. При росте заболеваемости медучреждения смогут усилить работу мобильных бригад и увеличить коечный фонд.

Вакцинация против гриппа начнется 15 сентября. Для жителей области предусмотрено около 66 тыс. доз вакцины «Гриппол». Бесплатно привиться в первую очередь смогут медработники, беременные женщины, дети, люди с хроническими заболеваниями и пожилые.

Как отметил Серик Омарханов, после прививки иммунитет формируется примерно за две недели. Вакцинация снижает риск тяжелого течения гриппа и развития осложнений.

Профилактические меры усилят и в школах и детсадах. Если из-за ОРВИ отсутствуют 20–30% учеников одного класса, вводятся дополнительные меры. При заболеваемости 30% и выше класс могут временно перевести на дистанционное обучение.

Специалисты рекомендуют жителям вовремя пройти вакцинацию, чаще мыть руки, проветривать помещения и избегать контакта с заболевшими. При первых симптомах ОРВИ или гриппа следует оставаться дома и обращаться за медицинской помощью.

«Саналы ұрпақ»: оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңызы түсіндірілді

«Саналы ұрпақ»: оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңызы түсіндірілді

Зеренді ауданында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өтті.

«Саналы ұрпақ» жобасы аясында ұйымдастырылған «Прокурор сағатына» аудан оқушылары қатысты. Кездесу барысында мамандар жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға құрметпен қараудың маңыздылығы туралы түсіндірді.

Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Қатысушыларға күнделікті өмірде кездесуі мүмкін құқықтық жағдайлар түсіндіріліп, жауапкершілік мәселесіне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында танымдық Quiz ойыны ұйымдастырылды. Сайыс барысында жасөспірімдер құқықтық сауаттылықтарын, білімдерін және белсенділіктерін көрсетті.

Мұндай профилактикалық кездесулер өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заң талаптарын түсініп, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

«Прокурор сағаты»: 500-ден астам оқушы заң мен қауіпсіздік мәселелерін талқылады

«Прокурор сағаты»: 500-ден астам оқушы заң мен қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Қоянды ауылының мектеп-лицей-гимназиясында Целиноград ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында 500-ден астам оқушыны қамтыған «Прокурор сағаты» атты ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді.
Кездесудің басты ерекшелігі - практикалық формат. Дәстүрлі дәрістің орнына оқушылар үшін жасөспірімдер күнделікті өмірде кездесуі мүмкін нақты жағдайлар негізінде арнайы кейстер әзірленді.
Буллинг және кибербуллинг, құрдастар арасындағы жанжалдар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік және құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік мәселелері нақты мысалдар арқылы талқыланды.
«Прокурор сағаты» барысында оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өз шешімдерін ұсынып, прокуратура өкілдерімен бірге түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс әрекет ету алгоритмдерін қарастырды.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, жеке жауапкершілікке, заңды құрметтеуге және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
«Прокурор сағаты» - жастармен заң, жауапкершілік және қауіпсіздік туралы ашық диалог.
Мұндай практикалық формат балаларға заң талаптарын түсіндіріп қана қоймай, алған білімдерін нақты өмірлік жағдайларда дұрыс қолдануға үйретуге мүмкіндік береді.
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясындағы жұмыстар жалғасуда.
« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders NorenUp ↑