Category: Без рубрики (Page 70 of 260)

Озық дамыған мемлекеттердің барлығы көпбағытты саясатты қатаң ұстанатын болды.

Озық дамыған мемлекеттердің барлығы көпбағытты саясатты қатаң ұстанатын болды.
Олардың көбі қабілетті, дарынды адамдарды, ғалымдарды, әсіресе жастарды өздеріне тартып, оларға қолайлы жағдай жасап жатыр. Себебі озық елдердің негізгі қозғаушы күші – білімді, ақылды, еңбекқор, ұқыпты адамдар. Бұл – ақиқат. Біз де озық ел боламыз десек, осы саясатты тиімді түрде іске асыруымыз керек!

Патриотизм сөзбен емес іспен дәлелденеді

Патриотизм сөзбен емес, іспен дәлелденеді.
Елге деген сүйіспеншілік айналаға жасалған әрбір игі істен басталады. Әрбір адал еңбек – Отанға деген құрметтің белгісі. Қазақстанның болашағы өз қолымызда!

Бала қауіпсіздігі – қарапайым шешімдер мен заң алдындағы жауапкершіліктен басталады

Бала қауіпсіздігі – қарапайым шешімдер мен заң алдындағы жауапкершіліктен басталады

Жыл сайын жазғы және көктемгі мезгілдерде балалардың терезеден құлап кетуімен байланысты қайғылы жағдайлар жиілейді. Оқыс оқиғалардың басым бөлігі — ересектердің қараусыз қалдыруынан немесе терезеде арнайы қорғаныс құрылғыларының болмауынан орын алады. Өкінішке орай, көптеген ата-аналар қарапайым масадан қорғайтын торды (москитная сетка) бекем кедергі деп қателеседі. Шын мәнінде, ол баланың салмағын көтере алмайды.

Бала өмірін сақтап қалудың ең тиімді әрі қарапайым жолы — терезеге арнайы блокираторлар мен қауіпсіздік құлыптарын орнату.

Заң не дейді? Ата-ананың міндеті мен жауапкершілігі
Баланың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету — тек моральдық парыз емес, сонымен бірге заңды міндет.

ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 70-бабына сәйкес, ата-аналар балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және моральдық дамуына қамқорлық жасауға, олардың қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасауға міндетті.

ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабында («Қауіпті жағдайда қалдыру») немесе 141-бабында («Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамау») баланың өміріне қауіп төндіретін салғырттық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Заң талаптарын сақтау және отбасындағы ішкі тәртіпті жоғарылату — жазадан корқу үшін емес, ең қымбат қазынамыз – баламыздың өмірін сақтау үшін қажет.

Терезеден құлаудың алдын алу: Негізгі ережелер
Балаңызды қауіп-қатерден қорғау үшін мына ақпараттарды есте ұстаңыз:

-Арнайы блокиратор орнатыңыз: Терезенің тұтқасына кілтпен жабылатын құлып, шектегіш немесе трос-блокираторлар қойыңыз. Бұл құрылғылар баланы терезені айқара ашудан қорғайды.

-Жиһазды терезеге жақын қоймаңыз: Диван, орындық немесе үстел арқылы бала терезе алдына оңай шығып кетеді.

-Москит торына сенбеңіз: Тор баланың салмағына шыдамайды. Ол тек жәндіктерден қорғауға арналған.

-Баланы жалғыз қалдырмаңыз: Тіпті «бірнеше минутқа» болса да, кішкентай баланы терезесі ашық бөлмеде қараусыз қалдыруға болмайды.

-Балаға түсіндіру жұмысын жүргізіңіз: Терезе алды ойын алаңы емес екенін балаға кішкентайынан түсіндіріп отырыңыз.

Есте сақтаңыз: Қауіпсіздікті кейінге қалдыруға болмайды. Бүгін орнатылған біріңғай бұранда мен құлып — ертеңгі тыныш болашақтың кепілі.
Балаларыңызға қамқор болыңыз, заң мен тәртіпті сақтай отырып, қауіпсіз орта қалыптастырыңыз!

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарының сайлауына арналған сайлау бюллетеніндегі саяси партиялардың орналасу ретін анықтау үшін жеребе тарту рәсімін өткізді.

Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Құрылтай2026 #Сайлау

Қазақстанның Бас прокуратурасы мәлімдеме жасады.

Қазақстанның Бас прокуратурасы мәлімдеме жасады. Атап айтқанда, ведомство бұқаралық ақпарат құралдары Құрылтай депутаттығына кандидаттардың сайлауалды науқанын объективті түрде жариялауға міндетті екенін атап өтті.

Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Құрылтай2026 #Сайлау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әрі тікелей қолдауымен Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әрі тікелей қолдауымен Маңғыстаудың жартасты мешіттері (Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата, Сұлтан Үпі) ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді.

Бүгін Корея Республикасының Пусан қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік мұралар комитетінің 48-ші сессиясында осындай оң шешім қабылданды.
Бұл – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Өйткені, төл мәдени мұрамыз ЮНЕСКО-ның беделді тізіміне соңғы рет 22 жыл бұрын, яғни 2004 жылы қосылған болатын (2003 жылы – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, 2004 жылы – Таңбалы петроглифтері). Кейінгі жылдары ғана Президенттің бастамасымен бұл бағыттағы жұмыс қайта жанданып, жаңа деңгейге көтерілді.
Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында Маңғыстаудың жартасты мешіттерін ЮНЕСКО мұралары тізіміне қосу жұмыстарын бастауды тапсырды.
ЮНЕСКО тізімінен лайықты орын алу – біз үшін зор мақтаныш. Әрі бұл – үлкен жауапкершілік жүктейтін тарихи жетістік.
Комитеттің 48-ші сессиясында сөйлеген сөзімде атап өткенімдей, Маңғыстаудың жартасты мешіттері тек құлшылық жасайтын мекен ғана емес, өз заманында білім мен ағартудың өзіндік орталықтары болды. Бұл жартастарда халқымыздың тарихи жады, ата-бабаларымыздың аманаты сақталған. Осылайша, ЮНЕСКО аталған нысандарды көпғасырлық рухани, мәдени, архитектуралық дәстүрлердің озық үлгісі ретінде мойындады.
Тарихи нысандардың ЮНЕСКО тізіміне енуі әлем назарын кезекті рет Қазақстанға аудартып, отандық туризмге соны серпін әкеледі. Әрі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.
Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың Атырауда, Түркістанда, Қызылордада өткен отырыстарында ЮНЕСКО тізімдеріне ұлттық номинацияларды қосу ісін жан-жақты жандандыруды тапсырған еді. Дәлірек айтсақ, алдымызда таза ағаштан салынған Жаркент мешіті мен Алматыдағы Вознесенск кафедралды шіркеуін, Қаратау петроглифтерін, хәкім Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО тізімдеріне енгізу міндеті тұр. Біздің ендігі күш-жігеріміз осыған бағытталады.

Дереккөз: https://t.me/erlankarin/836

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑