Category: Без рубрики (Page 77 of 260)

🇰🇿 ЖАУАПТЫ АЗАМАТ – МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ

🇰🇿 ЖАУАПТЫ АЗАМАТ – МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ

Мықты мемлекет – әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталады. Заңды құрметтеу, өз міндетін адал атқару, қоғамдық тәртіпті сақтау, туған елдің дамуына үлес қосу – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Жаңа Конституция – әділетті, құқықтық және демократиялық Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап қана қоймай, әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін де айқындайды.

Еліміздің жарқын болашағы – саналы, белсенді және жауапты азаматтардың қолында. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Жауапты азамат – мықты мемлекеттің берік іргетасы! 🇰🇿

ЖауаптыАзамат #МықтыМемлекет #ЖаңаҚазақстан #Конституция #Қазақстан #МемлекеттікТіл #Бірлік #ЗаңҮстемдіг

Алдағы Құрылтай сайлауының басты жаңалығы – бірмандатты аумақтық сайлау округтерінен бас тартылып пропорционалды сайлау жүйесіне көшу

Алдағы Құрылтай сайлауының басты жаңалығы – бірмандатты аумақтық сайлау округтерінен бас тартылып, пропорционалды сайлау жүйесіне көшу. Енді Құрылтайдың барлық 145 депутаты бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша тек партиялық тізімдер арқылы сайланады.

Толығырақ – бейнематериалда.

Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Парламент #Құрылтай2026 #СаясиРеформа #Сайлау #ҚазақстанЖаңалықтары

Құрылтай сайлауындағы дауыс беру – елдің жаңа заңдарын қабылдайтын мемлекеттік бюджетті бекітетін және мемлекеттің дамуына қатысты маңызды шешімдер

Құрылтай сайлауындағы дауыс беру – елдің жаңа заңдарын қабылдайтын, мемлекеттік бюджетті бекітетін және мемлекеттің дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын депутаттарды таңдауға берілетін мүмкіндік.

Толығырақ – бейнематериалда.

Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Парламент #Құрылтай2026 #СаясиРеформа #Сайлау #ҚазақстанЖаңалықтары

Құрылтай – бір палаталы Парламент.

Құрылтай – бір палаталы Парламент. Оның құрамына партиялық тізімдер бойынша бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді.

Бір палаталы Парламент жүйесі заңдарды қабылдау үдерісін жеделдетеді, өйткені заң жобаларын екі палатада жеке-жеке қараудың қажеті болмайды. Сонымен қатар Парламентті ұстауға жұмсалатын бюджет шығындары да азаяды.

Толығырақ – бейнематериалда.

Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Парламент #Құрылтай2026 #СаясиРеформа #Сайлау #ҚазақстанЖаңалықтары

ДАСТАРХАН ҮСТІНДЕ ҚОЛ АЛЫСЫП АМАНДАСУ – ӘДЕПСІЗДІК

ДАСТАРХАН ҮСТІНДЕ ҚОЛ АЛЫСЫП АМАНДАСУ – ӘДЕПСІЗДІК

Н. Жүсіп қазақ қоғамында амандасу мәдениетіне қайта мән беру қажет екенін айтты. Оның пікірінше, бүгінде дастарқан басында отырған адамдарға сырттан келген кісінің әрқайсысымен жеке-жеке қол алысып шығуы уақытты алып қана қоймай, әдеп пен гигиена талаптарына да сай келе бермейді.​

Ол мұндай жағдайда «Сәлем бердік!» деп көпшілікке ортақ амандасу жеткілікті болар еді деген пікір білдірді. Сондай-ақ бұрынғы қазақ қоғамында «Мал-жан аман ба?» деп амандық сұрасу қалыпты дәстүр болғанын еске салып, мемлекеттік тілдегі амандасу мәдениетін жаңғырту қажет екенін айтты.

НАДАНДЫҚ ПЕН АДАМДЫҚ МАЙДАНЫ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?

НАДАНДЫҚ ПЕН АДАМДЫҚ МАЙДАНЫ. ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?

Жастардың өмірлік мақсаты қымбат телефон мен сәнді көлік секілді материалдық қажеттіліктерді өтеумен ғана шектелмеуі керек дейді Нұртөре Жүсіп.
Оның пайымдауынша, адамдық пен надандықтың мәңгілік майданында жас ұрпақтың ар мен ұяттың, намыстың жолын таңдауы аса маңызды. Құр көрсеқызарлық, көреалмаушылық және бос сөз адамды надандық жетегінде қалдыратындықтан, әрбір жас ең алдымен айналасына, елі мен жұртына пайдасы тиетін шынайы азамат болуға ұмтылуы қажет.

Нұртөре Жүсіп бүгінгі жастарды тек сыртқы жылтырға қызықпай, ішкі рухани әлемін байытуға, жан дүниесінің сұранысын өтеуге мұқият болуға шақырады. Абай атамыз нұсқаған адамдықтың ақ жолы мен иманды күшейту – әрбір жастың басты мақсат-мұратына айналуы тиіс.

БІТКЕН ІСКЕ СЫНШЫ БОЛҒАНША БАЛАҢА ДҰРЫС ТӘРБИЕ БЕР

БІТКЕН ІСКЕ СЫНШЫ БОЛҒАНША, БАЛАҢА ДҰРЫС ТӘРБИЕ БЕР

Нұртөре Жүсіп қоғамдағы мәселелерді сырттай сынаудан бұрын әр адам өз отбасындағы тәрбиеге көңіл бөлуі керек екенін айтты. Оның пікірінше, еңбекқорлық, адалдық, жауапкершілік және үлкенді құрметтеу сияқты қасиеттер ең алдымен отбасында қалыптасады.

Н.Жүсіп қоғамдағы барлық мәселе үшін тек мемлекетті кінәлау дұрыс емес екенін айтып, әр азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қоғамның дамуына үлес қосуы тиіс екенін жеткізді. Оның сөзінше, саналы қоғам әр адамның өз міндетін адал атқаруынан басталады.

Құрылтай – бұрынғы екі палаталы Парламенттің орнына құрылған Қазақстан Республикасының жаңа бір палаталы Парламенті

Құрылтай – бұрынғы екі палаталы Парламенттің орнына құрылған Қазақстан Республикасының жаңа бір палаталы Парламенті. Оның құрамына бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді.

Бір палаталы Парламенттің негізгі артықшылықтарының қатарында шешімдерді жедел қабылдау, бюрократиялық рәсімдерді қысқарту және бюджет қаражатын тиімді пайдалану бар. Қарқынды өзгерістер жағдайында мемлекет үшін жаңа сын-қатерлерге дер кезінде жауап беріп, қажетті шешімдерді тиімді қабылдау маңызды.
арламенті қалай жұмыс істейтіні және реформадан кейін қандай өзгерістер күтілетіні туралы толығырақ – осы бейнероликте.

Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Парламент #Құрылтай2026 #СаясиРеформа #Сайлау #ҚазақстанЖаңалықтары

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑