Category: Без рубрики (Page 78 of 260)

Неліктен сайлауға қатысу маңызды?

Неліктен сайлауға қатысу маңызды?

Сайлау және сайлану құқығы – адамның негізгі құқықтарының бірі әрі демократиялық мемлекеттің маңызды негізі. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтарға сайлау арқылы елді басқаруға қатысу құқығын кепілдендіреді. Бұл халықтың өз еркін білдіріп, мемлекеттің болашағына ықпал етуіне мүмкіндік береді.

Сондықтан Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысудың маңызы ерекше. Әрбір дауыс елдің алдағы дамуына әсер етеді. Себебі қабылданатын шешімдер, мемлекеттік басқарудың сапасы және Қазақстанның болашағы азаматтардың таңдауына тікелей байланысты.

Толығырақ – бейнематериалда.

Құрылтай #Сайлау2026 #23Тамыз #Қазақстан #Сайлау #ҚазақстанКонституциясы #АзаматтықЖауапкершілік #ДауысБеруҚұқығы #ҚазақстанЖаңалықтары

📊 Азаматтардың 86,9%-ы Президентке сенім білдіреді – әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері

📊 Азаматтардың 86,9%-ы Президентке сенім білдіреді – әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері

2026 жылғы 17 шілдеде Қазақстандық қоғамдық даму институты «2026 жылғы электоралдық ландшафт және сайлау тенденциялары: қоғам не күтеді» тақырыбында «Sarap» сарапшылар клубының отырысын өткізді.

Кездесу барысында ҚҚДИ жүргізген екі әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелері таныстырылды. Зерттеулер электоралдық кезеңнің қоғамдық бірлік, оптимизм және мемлекеттік институттарға деген тұрақты сенім жағдайында басталғанын көрсетті.

📌 Негізгі нәтижелер:

  • Азаматтардың 84,1%-ы елдегі қоғамдық-саяси ахуалды қолайлы немесе тұрақты деп бағалайды.
  • 88,5% өз көңіл күйін жақсы немесе бірқалыпты деп бағаласа, өмірге қанағаттану деңгейі 85,8%-ға жеткен.
  • Респонденттердің 50,5%-ы соңғы бір жылда отбасының материалдық жағдайы жақсарғанын айтқан, ал 60,1%-ы алдағы жылы оң өзгерістер күтеді.
  • 18–28 жас аралығындағы жастардың 87,1%-ы қоғамдық-саяси ахуалды оң бағалап, 65,6%-ы өз өмірінің жақсаратынына сенім білдірген.
  • Мемлекет басшысына деген сенім деңгейі 86,9%-ды құрады.
  • Сауалнамаға қатысқандардың 75,1%-ы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін жеткізді.

Сарапшылардың пікірінше, алдағы Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жүйесінің жаңа кезеңін айқындайтын маңызды оқиғалардың бірі болмақ.

Айта кетейік, Қазақстандық қоғамдық даму институты сайлау науқаны кезеңінде қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында аккредиттеуден өткен.

Алтынды өңдейтін жасырын цех Ақмола облысында анықталды

Алтынды өңдейтін жасырын цех Ақмола облысында анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Шортанды ауданы аумағында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында құрамында алтыны бар кенді өңдеуге және бағалы металдарды бөліп алуға арналған жасырын цех анықталды.

Кенді ұсақтауға және балқытуға арналған жабдық, салмағы 446 грамм алтын құймасы, 4 тонна алтын құрамды материал, 6 келі сынап, сондай-ақ 2 млн теңгеден астам және 8 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражат тәркіленді.

Тінту барысында қару мен оқ-дәрілер табылды.

Қазіргі уақытта заңсыз қызметке қатысы бар барлық тұлғалар, сондай-ақ заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі анықталуда.

Ұйымдастырушы қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ЖРО жастарға арналған зияткерлік ойын өткізді.

ЖРО жастарға арналған зияткерлік ойын өткізді.
Жастар ресурстық орталығы Конституция мен сайлау құқығына арналған қызықты зияткерлік ойын ұйымдастырды. Қатысушылар өз білімдерін тексеріп қана қоймай, күрделі сұрақтарға жауап берді және мемлекеттік құрылымның негіздерін түсінуді үйренді.Ойын тек танымдық қана емес сонымен қатар өте серпінді болды. Балалар белсенді түрде қатыса отырып, құқықтық сауаттылықтың жаңа қырларын ашты

Макпал Габиденовна с детства мечтала получить высшее образование и стать востребованным специалистом.

Макпал Габиденовна с детства мечтала получить высшее образование и стать востребованным специалистом. При поступлении в университет ей не хватило всего нескольких баллов для получения государственного образовательного гранта, поэтому первый год она обучалась на платной основе. Благодаря упорству, отличной успеваемости и высокому GPA Макпал была переведена на обучение по государственному гранту.
Получение гранта стало большой поддержкой для ее семьи, которая переехала в Астану, чтобы дать дочери возможность получить педагогическое образование. Сегодня Макпал успешно совмещает учебу с педагогической деятельностью, применяя полученные знания на практике. По ее словам, государственная поддержка не только помогла продолжить обучение без финансовых трудностей, но и придала уверенности в собственных силах, став важным шагом на пути к профессиональному росту и реализации своей мечты.

Ульяна Федорович – «Айналайын» балалар үйінің түлегі қазіргі таңда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті.

Ульяна Федорович – «Айналайын» балалар үйінің түлегі, қазіргі таңда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті. 2026 жылдың сәуір айында мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында өзінің бір бөлмелі пәтеріне қол жеткізді.
Бүгінде Ульяна жаңа баспанасында тұрып, білімін жалғастырып, болашағына нық сеніммен қадам басып келеді. Өзінің айтуынша, баспаналы болу оған тұрақтылық сыйлап, өз алдына дербес өмір бастауына үлкен мүмкіндік берген. Мемлекеттік қолдау балалар үйі түлектеріне өмірден өз орнын тауып, армандарына сеніммен ұмтылуына жол ашып отыр.

Нышанбай Сүйінбай Қарынтайұлы – көп балалы әке.

Нышанбай Сүйінбай Қарынтайұлы – көп балалы әке. Ол өз кәсібін ашуды армандап, мемлекет ұсынған қайтарымсыз грант бағдарламасы аясында 1 572 800 теңге көлемінде қолдауға ие болды. Осы қолдаудың арқасында «Жиһаз шеберханасы» жобасын жүзеге асырып, өз ісін бастады.
Бүгінде Нышанбай жеке кәсіпкер ретінде сапалы жиһаз өндіріп, тұрғындардың тапсырысын орындап келеді. Мемлекеттік қолдау оның арманының орындалуына, жаңа жұмыс мүмкіндіктерін жасауға және отбасының әл-ауқатын жақсартуға жол ашты. Қазір оның шеберханасы өңірдегі шағын кәсіпкерліктің дамуына үлес қосып, халыққа сапалы қызмет көрсетуде.

Ақмола облысының әскери міндеттілері есірткі қылмыстары үшін жауапкершілік туралы ақпарат алды

Ақмола облысының әскери міндеттілері есірткі қылмыстары үшін жауапкершілік туралы ақпарат алды

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында аумақтық қорғаныс бригадасына тіркелген әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны барысында Ақмола облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен кездесу өтті.

Іс-шараны №99265 әскери бөлімі ұйымдастырып, оның мақсаты қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері есірткі құралдарын сақтау, пайдалану және заңсыз тарату үшін көзделген жауапкершілік туралы айтып, заңнамадағы соңғы өзгерістерді түсіндірді. Сондай-ақ азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына тарту үшін қолданылатын қылмыстық тәсілдер жөнінде ақпарат берді.

Кездесудің маңызды тақырыптарының бірі – жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу болды. Әскери міндеттілердің басым бөлігі отбасылы азаматтар болғандықтан, полиция қызметкерлері химиялық тәуелділіктің алғашқы белгілерін түсіндіріп, ата-аналар балалардың мінез-құлқындағы қандай өзгерістерге назар аударуы керектігін айтты.

Сонымен қатар есірткіге қарсы іс-қимыл және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында жүзеге асырылып жатқан «Әр үйге – наркотест» профилактикалық бастамасы таныстырылды. Қатысушыларға есірткі заттарын қолдану фактісін анықтайтын экспресс-тестілерді үй жағдайында пайдалануға болатыны және олардың отбасы мүшелері арасында мәселені ерте анықтауға мүмкіндік беретін тиімді құрал екені түсіндірілді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Әскери міндеттілер дәріханалық есірткілердің таралуы, есірткіге қатысты қылмыстар үшін көзделген жауапкершілік, есірткіге қарсы заңнамадағы өзгерістер және жастарды зиянды ықпалдан қорғау жолдары туралы сұрақтарын қойды.

Кездесу соңында қатысушылар полиция қызметкерлеріне мазмұнды ақпарат үшін алғыс білдіріп, мұндай кездесулер заң талаптарын тереңірек түсінуге ғана емес, отбасы мен жақындарының арасында туындауы мүмкін қауіптердің алдын алуға да септігін тигізетінін атап өтті.

Мемлекет басшысы трансұлттық цифрлық инфрақұрылым жасақтауға ұсынысты ортаға салды

Мемлекет басшысы трансұлттық цифрлық инфрақұрылым жасақтауға және ЖИ саласындағы саясатты өзара үйлестіруге қатысты бірқатар ұсынысты ортаға салды
– Біз «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынамыз. Басты мақсат – цифрлық сауданы жандандыру және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында цифрлық экономикаларды ықпалдастырудың тиімді үлгісін қалыптастыру. Өңдеу секторы, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және су ресурстарын басқару секілді салаларда жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі кеңінен енгізу ісін жеделдеткен жөн. Жасанды интеллектіні реттейтін ұлттық саясат пен заңдық тетіктерді өзара үйлестіру айрықша мәнге ие. ЖИ жүйелерін тестілеу мен сертификаттаудың ортақ стандарттарын түзу де өте маңызды. Біз жасанды интеллектіні теріс мақсатқа пайдаланудың алдын алатын, соның ішінде кибершабуыл, дипфейк, цифрлық алаяқтық пен басқа да қатерлерден қорғайтын пәрменді шаралар әзірлеуіміз керек. Келесі жылды екі елде Жасанды интеллект саласындағы бірлескен бастамалар жылы деп жариялауды ұсынамыз. Қытай Үкіметі мұны қолдаса, зор ризашылықпен қабылдар едік, – деді Мемлекет басшысы.

және ЖИ саласындағы саясатты өзара үйлестіруге қатысты бірқатар ұсынысты ортаға салды
– Біз «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынамыз. Басты мақсат – цифрлық сауданы жандандыру және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында цифрлық экономикаларды ықпалдастырудың тиімді үлгісін қалыптастыру. Өңдеу секторы, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және су ресурстарын басқару секілді салаларда жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі кеңінен енгізу ісін жеделдеткен жөн. Жасанды интеллектіні реттейтін ұлттық саясат пен заңдық тетіктерді өзара үйлестіру айрықша мәнге ие. ЖИ жүйелерін тестілеу мен сертификаттаудың ортақ стандарттарын түзу де өте маңызды. Біз жасанды интеллектіні теріс мақсатқа пайдаланудың алдын алатын, соның ішінде кибершабуыл, дипфейк, цифрлық алаяқтық пен басқа да қатерлерден қорғайтын пәрменді шаралар әзірлеуіміз керек. Келесі жылды екі елде Жасанды интеллект саласындағы бірлескен бастамалар жылы деп жариялауды ұсынамыз. Қытай Үкіметі мұны қолдаса, зор ризашылықпен қабылдар едік, – деді Мемлекет басшысы.

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑