Category: Без рубрики (Page 79 of 260)

Мемлекет басшысы  Қазақстанның жасанды интеллектіні дамытудағы стратегиялық артықшылықтарына тоқталды

Мемлекет басшысы  Қазақстанның жасанды интеллектіні дамытудағы стратегиялық артықшылықтарына тоқталды

🟦Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке ие.

– Энергетикалық ресурстардың мол қоры, аса маңызды минералдар кеніштері, заманауи көлік дәліздері мен жедел дамып келе жатқан цифрлық инфрақұрылым  нарықтарды, технология және инновациялық экожүйелерді өзара ұштастыруға тың мүмкіндік береді. Цифрлық трансформация ұлттық даму стратегиямыздың басым бағыттарының бірі саналады. Қазақстанның жаңа Конституциясында жасанды интеллектіге, оның елімізді орнықты дамытуға қосар үлесіне баса назар аударылған. Сонымен қатар Ата заңымыз әр азаматтың дербес дерегінің қорғалуына кепілдік береді. 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялап, «Digital Kazakhstan-2029» ұлттық стратегиясын бекіттік. Жасанды интеллект туралы заң мен Цифрлық кодекс қабылданды. Елордада Smart City технологиялық платформасы іске қосылды. Көп ұзамай аталған тәжірибе Қазақстанның барлық ірі қаласында қолданылады. Бұдан бөлек, біз Алатау қаласының дамуына стратегиялық тұрғыдан басымдық беріп отырмыз. Ол Орталық Азиядағы алғашқы толық интеграцияланған цифрлық шаһар болмақ. Әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде Қытайдан технологиялық компанияларды, инвесторлар мен новаторларды тарту үшін Конституцияда Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі айқындалды, – деді Президент.

Президенттің пікірінше ЖИ экономика сауда және жаһандық өзара байланыстың болашағын айқындайтын толыққанды инфрақұрылымы бар салаға айналып келеді

Президенттің пікірінше, ЖИ экономика, сауда және жаһандық өзара байланыстың болашағын айқындайтын, толыққанды инфрақұрылымы бар салаға айналып келеді

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға өскен. 2033 жылға қарай жаһандық ЖИ нарығының көлемі шамамен 5 триллион долларға жетеді деп болжанып отыр. Демек, бір нәрсе анық: жасанды интеллектіні басқару жүйесі кешенді сипатқа ие болуға тиіс. Ол жартылай өткізгіштер мен деректерді өңдеу орталықтарынан бастап этика, білім беру және адамның қадір-қасиетін қорғауға дейінгі бүкіл бағытты қамтуы қажет. Cонымен қатар трансформация үдерісі геосаяси шиеленіс ушығып, ірі әлемдік державалар арасындағы сенімге селкеу түскен, жік-жікке бөлінген кезеңде жүріп жатыр. Өкінішке қарай, мемлекеттердің көбі қақтығыстарға тосқауыл қоюға мән бермейді, есесіне оның салдарын жоюға күш-жігерін сарқа жұмсайды. Жасанды интеллект алдын ала ескерту жүйесін, превентивті дипломатияны, гуманитарлық көмек пен бітімгерлік әрекеттерді күшейту арқылы бізге осы қисынсыз түсінікті өзгертетін тарихи мүмкіндік беріп отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

🟦Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне қатысты. Шанхайда өтіп жатқан дәстүрлі жиын биыл «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналып отыр.

🟦Мемлекет басшысы бұл конференция Қытайдың жасанды интеллект саласындағы айтулы жетістіктерін айқын көрсететінін атап өтті.

– Бүгінде дүние жүзіндегі жасанды интеллектіні зерттеушілердің жартысынан астамы – Қытай елінің өкілдері. ЖИ саласындағы патенттердің басым бөлігі қытайлық жаңашыл мамандарға тиесілі. Ал елдің қарқынды инновациялық экожүйесі озық технологиялардың көптеген бағытында соны серпіліс жасауда, – деді Президент.

🟦Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясында жарияланған «Барша адамзат игілігіне қызмет ететін ЖИ» тұжырымдамасына қолдау білдірді.

– Технологиялық прогресті баршаның игілігіне айналдыруға күш-жігер жұмылдырғанда осы ұсынылған қағидаттарды басшылыққа алған жөн деп санаймын. Келешектің келбетін өзара сенім мен ортақ мүддеге сай тығыз ынтымақтастық орнатып, серіктесе әрекет ететіндер айқындайды. Мен бұған кәміл сенемін. Осы орайда Төраға Си Цзиньпин ұсынған «Адамзаттың ортақ тағдыры қоғамдастығын» құру туралы тұжырымдаманың маңызы зор. Қазақстан алысты болжаған бұл бастаманы жоғары бағалайды әрі жасанды интеллект дәуірінде оның өзектілігі артып келеді деп санайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеп келеді

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеп келеді

2026 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша, есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді.
Ең көп арзандаған өнім – қияр, оның бағасы 4,6% төмендеді. Сонымен қатар қызанақ пен сәбіз (әрқайсысы – 3,2%), жұмыртқа (-0,4%), ұн (-0,3%), тауық еті (-0,2%) бағасының төмендеуі тіркелді.

Өңірлер бөлінісінде бағаның төмендеу үрдісі еліміздің бірқатар қаласында байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Ақтауда (-0,7%), Қонаевта (-0,3%), Жезқазған мен Петропавлда (әрқайсысы -0,2%), Тараз, Қарағанды және Түркістанда (әрқайсысы -0,1%) төмендеді. Ал Астана, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Павлодар және Семей қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды.

Республика бойынша қиярдың орташа бағасы бір келісі үшін 524 теңгені құрады. Ең төмен баға Тараз қаласында тіркеліп, бір келісі 357 теңге болды.
Тазартылған күріштің орташа бағасы республика бойынша бір келісі үшін 534 теңгені құрады. Ең қолжетімді баға Қызылордада – 456 теңге, Алматыда – 478 теңге.

Ақ қауданды қырыққабаттың орташа бағасы республика бойынша бір келісі үшін 198 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістан қаласында, бір келісі 137 теңге.
I санаттағы 10 дана жұмыртқаның орташа бағасы республика бойынша 561 теңгені құрады. Ең төмен баға Қызылордада (464 теңге) және Оралда (476 теңге) тіркелді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары индексінің көрсеткіші апта сайын есептеледі. Бағаларды бақылау барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының динамикадағы өзгерістерін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының сайтынан және «Талдау» ақпараттық-талдау жүйесінен көруге болады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №362-НҚ бұйрығымен бекітілген және 31 атаудағы азық-түлік өнімдерін қамтиды.

🌿 Табиғат аясындағы демалыс – тек сергектік емес үлкен жауапкершілік

🌿 Табиғат аясындағы демалыс – тек сергектік емес, үлкен жауапкершілік.

Демалғаннан кейін қоқысты жинау, от жаққанда қауіпсіздік ережелерін сақтау, ағаштар мен өсімдіктерге зиян келтірмеу – әр азаматтың мәдениеті мен табиғатқа деген құрметінің көрінісі.

Таза табиғат – болашақ ұрпаққа қалдыратын ең үлкен мұрамыз.

ТазаҚазақстан #ЭкологиялықМәдениет

Еңбектің жаманы жоқ.

Еңбектің жаманы жоқ. Әрбір адал еңбек қоғамның дамуына үлес қосады. Еңбекке құрметпен қарап, жауапкершілік пен адалдықты өмірлік ұстанымға айналдырайық.

ЕҢБЕК ПЕН ТӘРТІП – ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫН АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН ҮЛКЕН КҮШ

ЕҢБЕК ПЕН ТӘРТІП – ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫН АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН ҮЛКЕН КҮШ

Осылай деген белгілі қоғам қайраткері Нұртөре Жүсіп дамыған мемлекеттердің жетістікке жетуінің басты кепілі – темірдей тәртіп пен уақытты жүйелі пайдалану дейді. Алайда, қазіргі қазақ қоғамында сағаттап кешігіп басталатын той-томалақтар мен түн ортасына дейін созылатын жиындар уақытты ысырап етіп, адамның биологиялық ырғағын бұзып жатыр. Шала ұйқымен, уақытылы демалмай ертесіне жұмысқа шыққан қоғамнан өнімді еңбек пен сапалы нәтиже күту мүмкін емес дейді ол. Сондықтан биологиялық заңдылықтарды сақтап, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау – ел болашағы үшін аса маңызды қадамның бірі.

Бүгінгі жаһандық бәсеке заманында озық технологиялы Жапония, Оңтүстік Корея мен Еуропа елдері зымырап алға озып барады және олар біздің көшімізді түзеткенімізді күтіп тұрмайды. «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» деген қазақ даналығына сүйеніп, жастарымыз мақсатсыздық пен ұйқысыздық дертінен арылуы қажет. Тек уақытты бағалайтын, тәртіпке бағынған және заман ағымына сай икемді әрекет ете алатын ұлт қана әлемдік көшке ілеседі.

ҚАЗАҚТАН ДА ИЛОН МАСК ШЫҒАДЫ

ҚАЗАҚТАН ДА ИЛОН МАСК ШЫҒАДЫ

Белгілі қоғам қайраткері Н.Жүсіптің айтуынша, жастарға шабыт беретін тұлғалар туралы еңбектерді көбейту қажет. Ол әлемге жаңашылдығымен танылған Илон Маск секілді адамдардың табыс жолын зерттеумен қатар, Қазақстаннан да сондай ауқымды ойлайтын, технология мен ғылымда серпіліс жасайтын азаматтарды кеңінен насихаттау маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, «қазақтардан да өз Илон Маскі шығуы әбден мүмкін», ол үшін жастарға нақты үлгі болатын оқиғалар көбірек айтылуы керек.

Сонымен қатар, мәселе тек кітап жазумен шектелмеуі тиіс. Мұндай оқиғалар қызықты форматта ұсынылып, кеңінен насихатталғаны маңызды. Әйтпесе, сапалы еңбек жазылғанымен, оны аз ғана адам оқыса, негізгі мақсатқа жету қиын. Сондықтан ғылым, технология және кәсіпкерлік саласында жетістікке жеткен тұлғалар туралы кітаптармен қатар, деректі фильмдер, сериалдар және білім беру жобалары да көбірек жасалуы қажет.

КІТАП ОҚЫП ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКЕН АДАМ – ПРЕЗИДЕНТ

КІТАП ОҚЫП ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКЕН АДАМ – ПРЕЗИДЕНТ

Белгілі қоғам қайраткері Нұртөре Жүсіп «Кітап оқып жетістікке жеткен адамды көрсетіңізші?» деген сұраққа жарқын мысал деп Қасым-Жомарт Тоқаевты атады. Ол жазушының отбасында тәрбиеленіп өсті. Көп оқып, білімге ерекше көңіл бөлді.

Соның нәтижесінде бүгінде қытайлармен қытай тілінде, ағылшындармен ағылшын тілінде, француздармен француз тілінде, көрші елдердің басшыларымен орыс тілінде еркін сөйлесе алатын дипломат. Кітап оқу адамды бір күнде өзгертпейді. Бірақ күн сайын оқылған кітап ой-өрісті кеңейтіп, тіл байлығын арттырып, үлкен жетістіктерге бастайды.

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑