Category: Без рубрики (Page 86 of 260)

Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері

Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері

DATAmetrics компаниясы халықтың әлеуметтік көңіл-күйін сипаттайтын әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынады. Бұл деректер азаматтардың өмір сапасына берген бағасын, отбасының материалдық жағдайындағы өзгерістер мен болашаққа деген деген сенім деңгейін қамтыған. Бұл мәліметтер Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 2026 жылғы 13 маусым мен 2 шілде аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеудің нәтижесінде анықталды.

Бетпе-бет сұхбат («face-to-face») әдісімен жүргізілген сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 тұрғын қатысты.

Халықтың әлеуметтік көңіл-күйі адамдардың өз өміріне, материалдық жағдайына және болашаққа деген сенім деңгейіне қандай баға беретіні арқылы анықталады. Зерттеу нәтижелері осы көрсеткіштердің барлығы бойынша респонденттердің жауаптарында оң көзқарас басым екенін көрсетті.

Ең жоғары көрсеткіш өмірге ризалық деңгейі бойынша тіркелген. Сауалнамаға қатысушылардың 63,3%-ы өз өміріне толық риза екенін айтса, тағы 31,9%-ы көп жағдайда қанағат білдіреді. Осылайша, респонденттердің 95,2%-ы өз өміріне оң баға береді. Ал 3,4%-ы өз өміріне онша риза еместігін, 1,1%-ы мүлде риза еместігін мәлімдеді.

Өз өміріне берілген оң баға отбасының материалдық жағдайын қабылдау деңгейінен де көрініс табады. Зерттеуге қатысушылардың үштен екісінен көбі (67,6%) отбасыларының материалдық жағдайы соңғы жылда жақсарғанын айтқан. Оның ішінде 29,8%-ы жағдайы айтарлықтай жақсарғанын, ал 37,8%-ы белгілі бір деңгейде жақсарғанын атап өтті.

Респонденттердің 25,5%-ы отбасының материалдық жағдайы өзгермегенін айтса, 6,6%-ы нашарлай түсті деп санайды.

Азаматтардың бүгінгі күнге берген бағасы болашаққа деген үміт деңгейіне әсер етеді. Зерттеудің қорытындылары бойынша, сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі өз отбасының келешегіне сеніммен қарайды. Мысалы, он респонденттің шамамен сегізі (78,6%) бір жылдан кейін бүгінгі күннен жақсырақ өмір сүретініне сенеді. Оның ішінде 45,0%-ы өз жағдайы айтарлықтай жақсарады деп үміттенсе, тағы 33,6%-ы белгілі бір деңгейде жақсаратынына үмітті.

Сондай-ақ 15,9%-ы өз отбасының тұрмыс деңгейі өзгеріссіз қалады деп есептейді. Ал, респонденттердің 3,4%-ы өз жағдайы нашарлауы мүмкін деп санайтынын айтқан.

Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің негізгі көрсеткіштері бойынша оң бағалаудың басым екенін көрсетеді. Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі өз өміріне риза, отбасының материалдық жағдайындағы өзгерістерді оң бағалайды және алдағы уақытта тұрмыс жағдайының жақсаратынына сенім білдіреді.

Іріктеу Қазақстан Республикасы халқының негізгі әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына, атап айтқанда тұрғылықты жерінің түріне (қала/ауыл), жынысы мен жасына қарай репрезентативті. Сенімділік ықтималдығы 95% болған жағдайда іріктеменің статистикалық қателік шегі ±1,1%-дан құрайды.

DATAmetrics компаниясы бұл зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 3 шілдедегі № ОСК-11-07/ЗТ-К-29 хабарламасы негізінде жариялап отыр.

https://t.me/gdpkazakhstan/727

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылатын «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын өткізуді жалғастырып жатыр. Акция аясында бұлақтар мен су нысандарын тазарту, сондай-ақ олардың айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

11 шілде күні экологиялық акциясының екінші кезеңі еліміздің 12 өңірінде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында) өтеді. Акция барысында 58 бұлақ пен 33 су нысанын тазарту жоспарланып отыр.

Іс-шараларға шамамен 10 мыңнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. Олардың қатарында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар мүшелері мен еріктілер бар.

Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді

Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді
2026 жылғы қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді.

Өндірістің ең жоғары көлемі Алматы облысына тиесілі – 23,3 мың тонна немесе жалпы өндірістің 66,3%. Ірі өндірушілер қатарында Түркістан облысы (6,0 мың тонна), Алматы қаласы (1,3 мың тонна) және Ақмола облысы (1,1 мың тонна).

Өндірілген өнімнің негізгі бөлігін кілегейлі балмұздақ (15,2 мың тонна) пен пломбир (14,3 мың тонна) құрады. Бұл жалпы өндіріс көлемінің 80% астамына тең.

Сыртқы сауда көрсеткіштері де оң серпін көрсетуде. 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша қазақстандық балмұздақ экспорты 6,4 мың тоннаны құрап, ақшалай көлемі 24,8 млн АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 46,4%, ал ақшалай мәнде 77,0% артық.

Сыртқы сауда сальдосы оң деңгейде қалыптасты: экспорт көлемі импорттан 2,9 мың тоннаға асып түсті.

Экспорттың басым бөлігі (99,9%) ТМД елдеріне бағытталды. Негізгі өткізу нарығы – Ресей, оған 4,3 мың тонна өнім жөнелтілді. Сондай-ақ Қырғызстанға экспорт 68,4%, Өзбекстанға 27,7% өсті.

2026 жылғы қаңтар–сәуірде балмұздақ импорты 3,4 мың тоннаны құрап, ақшалай көлемі 12,9 млн АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1% көп. Балмұздақтың негізгі жеткізушілері – Ресей (1,5 мың тонна), Қырғызстан (1,4 мың тонна), Өзбекстан (178,1 тонна) және Түркия (156,0 тонна).

Көпбағытты саясатты табысты жүзеге асырудың негізі – адами капитал.

Көпбағытты саясатты табысты жүзеге асырудың негізі – адами капитал. Білімді, ақылды, еңбекқор және ұқыпты азаматтар ғана елдің тұрақты дамуына үлес қосып, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына 7 саяси партия қатысады.

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына 7 саяси партия қатысады. Олардың негізгі бағыттарымен, идеологиялық ұстанымдарымен және алдағы сайлау науқанындағы рөлімен таныса аласыздар.

Алдағы сайлау Қазақстандағы партиялық жүйе мен саяси өкілдікті дамытудағы маңызды кезең болмақ.

Құрылтай #Сайлау2026 #Қазақстан #СаясиПартиялар #СайлауНауқаны

Сарапшылар білім беру мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму салаларының сарапшылары адами капиталды нығайтуға және заманауи құзыреттерді дамытуға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.
«Әділет» партиясы Саяси Кеңесі Бюросының мүшесі, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева адами капиталды дамыту үшін заманауи білім беру жобалары мен өңірлердегі бастамаларды қолдау қажет екенін атап өтті. «Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп ауқымды AI-Sana бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл – заманауи білім алғысы және дамығысы келетін жүз мың қазақстандық азаматты даярлауға арналған бағдарлама. Біз өңір тұрғындарының қандай шығармашылық жобаларды жүзеге асырғысы келетінін және оған қандай инфрақұрылым қажет екенін анықтаймыз», – деді Ләззат Шыңғысбаева. Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пұсырманов елдің ұзақ мерзімді дамуын қоғамдық институттардың сапасымен, заң үстемдігімен және тарихи жадының сақталуымен байланыстырды. Оның пікірінше, азаматтық жауапкершілікті нығайту барысы ғылым, білім беру және мәдениет салаларын дамыту ісімен қатар жүруге тиіс. Сондай-ақ жастар қауымының бастамаларын, білім беру саласын, креативті экономиканы және медиаортаны дамыту мәселелеріне де баса назар аударылды. Сарапшылар жауапты қоғам қалыптастырудың негізгі элементтері ретінде жаңа экономикаға қажет кадрлар даярлау, креативті индустрияға қолдау көрсету, кітап оқу мәдениетін, медиасауаттылықты және қоғамдық диалогты дамыту мәселелерін талқылады. Тағы бір маңызды тақырып – экологиялық мәдениет. Қатысушылар экологиялық мониторинг жүргізу жұмысын цифрландыру, қалдықтарды қайта өңдеу ісін дамыту, экологиялық деректердің ашықтығын арттыру және шешім қабылдау барысында ғылыми әзірлемелерді кеңінен пайдалану мәселелері бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті. Стратегиялық сессия қорытындысы бойынша қатысушылар барлық ұсынысты жинақтап, оларды алдағы уақытта жан-жақты қарауға және партияның сараптамалық жұмысы барысында пайдалануға уағдаласты.

Дереккөз: adilet-partiyasy.kz
Партияның қызметі туралы қосымша жаңалықтарды ресми Telegram арнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑