Табиғатқа деген қамқорлық – болашаққа деген жауапкершілік.
Табиғаттағы тазалықты сақтау – қоршаған ортаға деген құрмет пен жоғары мәдениеттің көрінісі. Әрқайсымыз табиғатты аялап, демалған жерімізді таза қалдырсақ, келер ұрпаққа көркем әрі таза өлке қалдырамыз.
Қоршаған ортаны ластауға жол бермейік. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғатты ластағаны үшін айыппұл салынады. Табиғатқа құрмет – өзімізге деген құрмет.
2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 44,9 млрд $ құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды түрде 7,9% артқан.
Экспорт көлемі 24 млрд $, ал импорт көлемі 20,9 млрд $ құрады.
Қазақстанға тауар жеткізуші ірі елдердің қатарында Ресей (6,6 млрд $), Қытай (6 млрд $), Германия (1 млрд $), АҚШ (0,9 млрд $) және Оңтүстік Корея (0,5 млрд $) болды.
Қазақстан экспортының негізгі бағыттары Қытай (4,9 млрд $), Италия (4 млрд $), Ресей (2 млрд $), Түркия (1,7 млрд $) және Өзбекстан (1,4 млрд $) елдері болды.
Құқықтық актiлер Жарлықтар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды 2026 жылғы 07 шілде
📍Бүгін Зеренді аудандық ауруханасында Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Е.Дәукеновтың қатысуымен «Конституция және азаматтардың жауапкершілігі» тақырыбында дискуссиялық алаң өтті. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігін нығайту және әрбір азаматтың елдің дамуына қосатын жауапкершілігі туралы өзара пікір алмасты. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды. Мұндай пікірталас алаңдары құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық сананы арттыруға және Конституция құндылықтарын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.
Тазалық тек қоршаған ортаны күтіп ұстау ғана емес, ол – адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Табиғатты аялап, қоғамдық орындарда тазалықты сақтау арқылы өзімізге де, келер ұрпаққа да үлгі болайық.
Отанға деген сүйіспеншілік – күнделікті іс-әрекеттен көрінеді. Заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, туған жерге жанашырлық таныту және ел дамуына үлес қосу – нағыз патриотизмнің белгісі.
Қазақстандықтардың 87%-ы елдің саяси бағытын қолдайды
DATAmetrics компаниясы 2026 жылғы 13 маусым мен 2 шілде аралығында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынды. «Face-to-face» форматында, яғни бетпе-бет сұхбат түрінде өткен сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 тұрғын қатысты. Қоғамдық көңіл-күйдің негізгі индикаторларының бірі – азаматтардың еліміздің даму бағытына берген жалпы бағасы. Бұл көрсеткіш халықтың мемлекеттік саясатты қабылдау деңгейін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері халық мемлекеттің саяси бағытын жоғары деңгейде қолдайтынын айқындады. Атап айтқанда, сауалнамаға қатысқандардың 87,8%-ы Қазақстан дұрыс бағытта дамып келеді деп көрсеткен. Азаматтық белсенділіктің маңызды индикаторы – халықтың сайлауда дауыс беруге деген ынтасы. Сауалнама жүргізілген кезде Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауы өтетін күн әлі жарияланған жоқ еді. Сондықтан респонденттерге: «Егер алдағы жексенбіде Құрылтай (Парламент) сайлауы өтсе, Сіз дауыс беруге барар ма едіңіз?» деген сұрақ қойылды. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауында дауыс беруге дайын. Респонденттердің 75,6%-ы сайлау учаскесіне баруға ниетті екенін айтқан. Оның ішінде 44,2%-ы дауыс беретінін нақты атап көрсетсе, 31,4%-ы дауыс беруі ықтимал екенін жеткізген. Партияларға деген көзқарасты анықтау үшін респонденттерге: «Егер жақын арадағы жексенбіде Құрылтай сайлауы өтсе, Сіз қай саяси партияға дауыс берер едіңіз?» деген сұрақ қойылды. Сауалнама қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы ең жоғары қолдауға ие болған. Бұл партияға респонденттердің 54,2%-ы дауыс беруге дайын екенін білдірген. Екінші орында 7,3% көрсеткішпен «Ауыл» партиясы тұр. «Ақ жол» партиясы 4,6% көрсеткішпен үшінші орынға шыққан. «Respublica» партиясын қолдау деңгейі 3,4%-ды құраған. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға сауалнамаға қатысушылардың 2,4%-ы дауыс беруге дайын. Қазақстан Халық партиясын респонденттердің 2,1%-ы қолдаған. «Байтақ» партиясын сауалнамаға қатысушылардың 1,1%-ы таңдаған. «Барлығына қарсымын» нұсқасын респонденттердің 2,3%-ы белгілеген. Сонымен қатар, сайлауалды үгіт-насихат барысында саяси партиялар үшін тартыс нысанасы жеткілікті екені анықталды – сайлаушылардың едәуір бөлігі өз таңдауын әлі жасаған жоқ. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, азаматтардың 22,6%-ы, яғни шамамен әрбір бесінші сайлаушы қай партияға дауыс беретіні жөнінде шешім қабылдамаған. Жалпы, зерттеу нәтижелері қоғамда елдің саяси бағытын қолдау деңгейі жоғары екенін және азаматтардың сайлау процесіне қатысуға дайын екенін көрсетті.
Іріктеу Қазақстан Республикасы халқының негізгі әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына, атап айтқанда тұрғылықты жерінің түріне (қала/ауыл), жынысы мен жасына қарай репрезентативті. Сенімділік ықтималдығы 95% болған жағдайда іріктеменің статистикалық қателік шегі ±1,1%-дан құрайды. DATAmetrics компаниясы бұл зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 3 шілдедегі № ОСК-11-07/ЗТ-К-29 хабарламасы негізінде жариялап отыр. t.me/gdpkazakhstan