Month: July 2026 (Page 11 of 39)

🟤 Шетпе вокзалы қайта жаңғыртудан кейін пайдалануға берілді

🟤 Шетпе вокзалы қайта жаңғыртудан кейін пайдалануға берілді

Маңғыстау облысындағы Шетпе теміржол вокзалы толық жаңартылып, қайта ашылды. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан 124 теміржол вокзалын жаңғырту бағдарламасы аясында іске асырылды.

Қайта жаңғырту нәтижесінде вокзалдың аумағы бес еседен астам ұлғайып, тәуліктік өткізу қабілеті екі есеге артты. Жаңартылған нысан жолаушыларға жайлы әрі қауіпсіз қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда ресми тіркелген жеті саяси партияның барлығы Құрылтай депутаттығына кандидаттар

Қазақстанда ресми тіркелген жеті саяси партияның барлығы Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізімін Орталық сайлау комиссиясына ұсынды. Жалпы сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайға 145 депутат сайланады.

Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Парламент #Құрылтай2026 #СаясиРеформа #Сайлау #ҚазақстанЖаңалықтары

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауын ұйымдастыру кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне ерекше көңіл бөліп отыр.

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауын ұйымдастыру кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне ерекше көңіл бөліп отыр.

Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Парламент #Құрылтай2026 #СаясиРеформа #Сайлау #ҚазақстанЖаңалықтары

Дауыс беру – әр азаматтың маңызды құқығы.

Дауыс беру – әр азаматтың маңызды құқығы. Сайлау арқылы халық елдің болашағына ықпал етіп, өз таңдауын жасайды.

Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Парламент #Құрылтай2026 #СаясиРеформа #Сайлау #ҚазақстанЖаңалықтары

Заң мен тәртіп: Қазақстанда жүргізушілерге қойылатын талаптар күшейтілді

Заң мен тәртіп: Қазақстанда жүргізушілерге қойылатын талаптар күшейтілді

2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» заңына енгізілген бірқатар өзгерістер күшіне енеді. Жаңашылдықтар ең алдымен жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.

Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында енгізілген өзгерістер жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруды және жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыруды көздейді.

Енгізілген негізгі өзгерістердің бірі – 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілердің екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өтуі. Медициналық тексеруден өткені туралы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелері арасында автоматты түрде алмасады.

Егер мемлекеттік ақпараттық жүйеде жүргізушінің медициналық тексеруден өткені және көлік құралын басқаруға қарсы медициналық көрсетілімдердің жоқтығы расталмаса, оның көлік құралын басқару құқығы тоқтатылады. Бұл талап тек 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілерге қатысты қолданылады.

Сонымен қатар заңнамада жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілердің білімін қайта тексеру тетігі енгізілді. Заңда белгіленген жағдайларда олар теориялық емтиханды қайта тапсыруға жіберіледі. Мұндай құқық бұзушылықтарға жол қиылысында авариялық жағдай туғызу, жылдамдықты бірнеше рет асыру, маневр жасау, жолақ ауыстыру немесе басып озу қағидаларын қауіпті түрде бұзу жатады.

Егер жүргізуші дәлелді себепсіз тиісті қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде теориялық емтиханға келмесе, бұл да көлік құралын басқару құқығын тоқтатуға негіз болады.

Тағы бір маңызды өзгеріс – мас күйінде көлік басқарғаны үшін жауапкершіліктің күшеюі. Енді алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік басқаруға байланысты қылмыстық іс жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылған жағдайда да, құқық бұзушы сегіз жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Ал жүргізуші куәлігі жоқ азаматтар сегіз жыл бойы оны ала алмайды.

Мамандардың айтуынша, қабылданған өзгерістердің негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру және қоғамда заң талаптарын мүлтіксіз сақтау мәдениетін қалыптастыру.

Ішкі істер министрлігі барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Ал заң талаптарына сәйкес міндетті медициналық тексеруден өтуі тиіс азаматтарға оны уақытылы өткізу қажеттігі ескертіледі.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз жолдың басты кепілі. Әрбір жүргізушінің жауапкершілігі өз өмірі мен өзгенің өмірін қорғаудан басталады.

Алаяқтардан қалай қорғануға болады: қазақстандықтар үшін тегін курстар ашылды

Алаяқтардан қалай қорғануға болады: қазақстандықтар үшін тегін курстар ашылды

Қазақстанда кибералаяқтыққа қарсы іс-қимыл шаралары қабылданып жатыр. Былтыр байланыс операторлары жанынан антифрод-жүйелер құруды көздейтін заңнамалық түзетулер пакеті қабылданды. Алайда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, алаяқтық схемалар үнемі жетілдіріліп отырады. Сондықтан техникалық және құқықтық шаралармен қатар халықтың киберсауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында вице-министр Досжан Мұсалиев мәлімдеді.

«Тәжірибе көрсеткендей, пайдаланушылар цифрлық қауіпсіздік қағидаларын өздері сақтамаса, ең заманауи технологиялардың өзі толық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды. Осы мақсатта мемлекет азаматтарға өздерінің қорғалу деңгейін дербес арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық сервистерді енгізді», – деді спикер.

Осылайша, тегін цифрлық сервистер мен білім беру платформалары іске қосылды. eGov Mobile қосымшасындағы «Стоп-кредит» сервисі азаматтарға өз еркімен несие рәсімдеуге тыйым салуға мүмкіндік береді. Ал дербес деректерге қолжетімділікті бақылау сервисі қандай ұйымдарға жеке деректерді өңдеуге келісім берілгенін тексеріп, қажет болған жағдайда оны кері қайтарып алуға жағдай жасайды. NomadGuard платформасы жеке деректердің ықтимал таралуын тексеруге және фишингтік сілтемелерді анықтауға көмектеседі.

Кибермәдениет деңгейін арттыру үшін тегін білім беру ресурстары да қолжетімді. Атап айтқанда, UNICEF ұйымымен бірлесіп әзірленген eGov және eGov Mobile платформаларындағы балалар мен ата-аналарға арналған жаңа онлайн-курс іске қосылды. Онда кибербуллинг, онлайн-груминг, дербес деректерді қорғау және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық мәселелері қамтылған. Сонымен қатар азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге арналған кибергигиена негіздері бойынша курстар ұсынатын CitizenSec платформасы жұмыс істейді.

Сонымен қатар әрбір қазақстандыққа кибермәдениеттің негізгі қағидаларын сақтау ұсынылады:

SMS-кодтарды, құпиясөздерді және банк карталарының деректерін ешкімге хабарламау. Банктер мен мемлекеттік органдар мұндай ақпаратты телефон арқылы немесе мессенджерлерде сұратпайды.
Күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз жіберушілердің хабарламаларына жауап бермеу. Жеке деректерді енгізер алдында сайттың немесе қосымшаның мекенжайын міндетті түрде тексеру.
Әрбір сервис үшін күрделі әрі бірегей құпиясөз қолдану және екі факторлы аутентификацияны қосу.
«Заманауи технологияларды, мемлекеттік сервистерді және әрбір азаматтың жауапты іс-әрекетін ұштастыру ғана кибералаяқтық тәуекелдерін едәуір төмендетіп, азаматтардың қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді вице-министр.

дереккөз: https://ortcom.kz/kk/novosti/1784619835

Ақмола облысында экологиялық бақылау күшейтілді

Ақмола облысында экологиялық бақылау күшейтілді

Өңірде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Жыл басынан бері Экология департаменті жүздеген мемлекеттік қызмет көрсетіп, экологиялық талаптардың орындалуына бақылауды күшейтті. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары – Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Тұрар Қартамұлы мәлімдеді.

Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында департамент 411 мемлекеттік қызмет көрсетті. Олардың барлығы электрондық форматта ұсынылды. Қызметтердің қатарында І санаттағы объектілерге экологиялық рұқсат беру, жоспарланып отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша қорытынды шығару, қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру және кешенді экологиялық рұқсаттарды рәсімдеу бар.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты бірде-бір шағым тіркелмеген және қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол берілмеген.

Сонымен қатар мемлекеттік экологиялық бақылау аясында жыл басынан бері 25 тексеру жүргізілді. Оның нәтижесінде экологиялық заңнама талаптарының 55 бұзушылығы анықталып, оларды жою жөнінде міндетті нұсқамалар берілді.

Құқық қорғау органдарынан келіп түскен материалдар негізінде бірқатар әкімшілік істер қаралды. Сонымен қатар заң талаптарын сақтамаған лауазымды тұлғалар мен заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Олардың арасында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін уақытылы жоймағаны немесе қоқыс орындарының өртенуіне жол бергені үшін ауылдық округ әкімдері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының жауапты мамандары және коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері бар.

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Экология департаментінің аккредиттелген сынақ зертханасының жұмысы ерекше маңызға ие. Зертхана атмосфералық ауаға, табиғи және сарқынды суларға, топыраққа, өндірістік шығарындыларға, сондай-ақ қоршаған ортаның физикалық факторларына тұрақты зертханалық бақылау жүргізеді.

Жыл басынан бері зертхана мамандары 190-ға жуық сынама алып, 650-ден астам зертханалық зерттеу жүргізді. Бұл жұмыстар өңірдегі экологиялық жағдайды тұрақты бақылауға және ықтимал қауіптердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Бүгінде облыста 2026–2028 жылдарға арналған Ақмола облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол картасы іске асырылуда. Құжат атмосфералық ауаны қорғау, су ресурстарын сақтау, жердің ластануын азайту, өсімдіктер дүниесін қорғау, қалдықтарды басқару, радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді дамыту бағыттарын қамтиды.

Өңірдегі негізгі экологиялық мәселелердің қатарында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуы, су бұру жүйелерінің тозуы және бірқатар елді мекендерде кәріз-тазарту құрылыстарының ескіруі немесе болмауы бар.

“Қоршаған ортаны қорғау – баршамызға ортақ міндет. Экологиялық талаптардың сақталуы тек мемлекеттік бақылауға ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігіне де байланысты. Біздің мақсатымыз – заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру. Бұл бағытта мемлекеттік бақылау, зертханалық мониторинг және алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізілуде”, – деді Ақмола облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары – Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Тұрар Қартамұлы.

Патриотизм ұранмен өлшенбейді.

Патриотизм ұранмен өлшенбейді.

Отанға деген сүйіспеншілік – күнделікті іс-әрекеттен көрінеді. Заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, туған жерге жанашырлық таныту және ел дамуына үлес қосу – нағыз патриотизмнің белгісі.

🌿 Табиғат аясындағы демалыс – тек сергектік емес үлкен жауапкершілік.

🌿 Табиғат аясындағы демалыс – тек сергектік емес, үлкен жауапкершілік.

Демалғаннан кейін қоқысты жинау, от жаққанда қауіпсіздік ережелерін сақтау, ағаштар мен өсімдіктерге зиян келтірмеу – әр азаматтың мәдениеті мен табиғатқа деген құрметінің көрінісі.

Таза табиғат – болашақ ұрпаққа қалдыратын ең үлкен мұрамыз.

ТазаҚазақстан

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders NorenUp ↑