Қызметтік иттер “Қарасора-2026” операциясы аясында 90 есірткі қылмысының жолын кесуге көмектесті 1-ден 1 слайд. Қызметтік иттер “Қарасора-2026” операциясы аясында 90 есірткі қылмысының жолын кесуге көмектесті 20 шілде 2026 09:27
Көру саны:67 Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына қарсы “Қарасора – 2026” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын жалғастыруда.
Маусым айынан бастап қарасора өсетін өңірлерде қарқынды жұмыс жүргізілуде. Операцияға полиция қызметкерлері, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері қатысуда. Сонымен қатар тікұшақтар, дрондар және Жерді ғарыштан бақылау технологиясы қолданылуда.
Шу өңірі ерекше назарда. Мұнда дрондардың көмегімен жабайы қарасораның ондаған ошағы анықталып, жойылды. Сондай-ақ қызметтік иттер мен кинологтар тәулік бойы қызмет атқаруда. Олар автожолдарда, теміржол объектілерінде және есірткі тасымалдануы мүмкін бағыттарда тексеру жүргізуде.
Операция барысында қызметтік иттердің көмегімен 90 есірткі қылмысының жолы кесіліп, 550 килограмға жуық түрлі есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді.
“Қарасора” операциясы есірткі қылмысына қарсы күрестегі тиімділігін дәлелдеуде. Заманауи технологиялар мен кешенді шаралардың арқасында қойылған міндеттер нәтижелі орындалуда.
“Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында Ішкі істер министрлігі азаматтардың денсаулығын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмыстарын алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
«Екінші қол» сервисі: алаяқтардан қорғанудың тиімді тәсілі
Қазіргі таңда телефон алаяқтары азаматтарды асығыс шешім қабылдауға итермелейтін түрлі айла-тәсілдерді қолдануда. Әсіресе егде жастағы адамдар жиі олардың құрбанына айналады. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында банктер «Екінші қол» сервисін енгізуде.
Бұл қызметтің жұмыс істеу қағидаты қарапайым. Клиент алдын ала өзі сенетін адамды – жұбайын, ересек баласын немесе жақын туысын таңдайды. Егер клиент ірі көлемдегі ақша аудару, қомақты қаражатты шешіп алу немесе депозитті жабу сияқты тәуекелі жоғары қаржылық операция жасамақ болса, банк сенімді тұлғаға қосымша растау туралы хабарлама жібереді.
Маңыздысы – сенімді тұлға клиенттің шотына немесе ақшасына қол жеткізе алмайды. Оның міндеті – операцияның клиенттің өз еркімен жасалып жатқанына көз жеткізу.
Мұндай қосымша бақылау алаяқтардың әрекетіне тосқауыл болады. Өйткені олар көбіне адамдарды қорқытып, асықтырып, жақындарымен ақылдасуға мүмкіндік бермеуге тырысады. Ал «Екінші қол» сервисі жағдайды сабырмен бағалап, дұрыс шешім қабылдауға уақыт береді.
Мамандар бұл қызметтің тек зейнеткерлерге ғана емес, цифрлық сервистерді сирек пайдаланатын немесе өз қаражатына қосымша қорғаныс жасағысы келетін барлық азаматтарға пайдалы екенін айтады.
Сонымен қатар, ешбір сервис қаржылық сауаттылықтың орнын баса алмайды. Сондықтан бөгде адамдарға SMS арқылы келген кодтарды, банк картасының деректерін және CVV-кодын ешқашан хабарламаңыз, белгісіз адамдардың өтінішімен қосымшалар орнатпаңыз және күмәнді жағдайларда банктің ресми байланыс орталығына немесе жақындарыңызға хабарласыңыз.
Дереккөз: ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Fingramota.kz порталы. «Алаяқтардан қорғануға көмектесетін «Екінші қол» сервисі» материалы негізінде дайындалды.
Бүгін Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен №6 мекемеде департамент қызметкерлері мен жазасын өтеуші сотталған азаматтардың қатысуымен құқықтық мәдениетті арттыру, құқықтық сауаттылықты нығайту және медиация институтын насихаттау мақсатында «Заң және тәртіп» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараны Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бас маманы Билялова Динара Бақытжанқызы жүргізді. Кездесуге Медиация кеңесінің төрайымы, кәсіби медиатор Гүлнар Мәдиева, Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бас маманы Байғожин Алдияр Абайұлы, сондай-ақ №6 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізу бөлімінің ОВСПРсО жасағының бастығы, бас маман, әділет капитаны Төлешов Иззат Әлібекұлы қатысты. Кездесу барысында спикерлер заң талаптарын сақтау – қоғамдық тұрақтылықтың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және құқықтық мемлекетті қалыптастырудың басты негізі екенін атап өтті. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдағы заң үстемдігін нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды. Медиация кеңесінің төрайымы, кәсіби медиатор Гүлнар Мәдиева өз сөзінде медиацияның қоғамдағы дауларды сотқа дейін бейбіт жолмен шешудегі маңыздылығына тоқталды. Ол медиацияның тараптардың өзара түсіністігін арттыруға, жанжалдарды өршітпей келісімге келуге, адамдар арасындағы сыйластық пен өзара жауапкершілікті нығайтуға ықпал ететін тиімді құқықтық тетік екенін атап өтті. Сондай-ақ сотталған азаматтарға медиация рәсімінің негізгі қағидаттары – еріктілік, құпиялылық, бейтараптық және тараптардың тең құқықтылығы туралы түсіндірме беріліп, даулы жағдайларды сындарлы диалог арқылы шешудің артықшылықтары айтылды. Кездесу барысында «Заң және тәртіп» тақырыбында дайындалған бейнеролик көрсетіліп, «еркін микрофон» форматында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заңнама талаптары мен медиация институтының қолданылу ерекшеліктері жөнінде жан-жақты жауаптар алды.
Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 25,7 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28% артық. Өндіріс көлемі 5,6 мың тоннаға өсті.
2026 жылғы қаңтар-мамыр аралығында қазақстандық өндірушілер шетел нарығына шамамен 0,9 мың тонна ірімшік пен сүзбе экспорттады. Отандық өнім Ресейде, Қырғызстанда және Арменияда тұрақты сұранысқа ие. Сонымен қатар өткізу нарығының географиясы кеңейіп келеді: Өзбекстан мен Моңғолияға жеткізілім көлемі айтарлықтай артты, сондай-ақ Әзербайжан мен Корея Республикасының нарықтарына алғашқы экспорттық жеткізілімдер жүзеге асырылды.
Отандық өндіріс көлемінің артуына байланысты 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірімшік пен сүзбе импорты 9,2% төмендеді.
Ішкі нарықта сұраныстың тұрақты өсімі байқалады. 2026 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша ірімшік пен сүзбені өткізу көлемі 41,4 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға өсті.
2026 жылғы маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда сүзбенің орташа бөлшек сауда бағасы бір килограмына 2 457 теңгені құрады. Ең төменгі орташа баға Петропавл қаласында тіркелді – бір килограмы 1 661 теңге, ал ең жоғары баға Жезқазған қаласында –бір килограмы орта есеппен 3 060 теңге болды. Дереккөз: stat.gov.kz
Ақмола облысында Jańa Dala / Green Day-2026 халықаралық көрмесі өтті
Ақмола облысында еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі ең ірі іс-шаралардың бірі – Jańa Dala / Green Day-2026 халықаралық мамандандырылған көрме-демонстрациясы өтті. Биыл оныншы рет ұйымдастырылған мерейтойлық көрме Целиноград ауданында өтіп, озық технологияларды таныстыруға, тәжірибе алмасуға және агроөнеркәсіп саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған маңызды алаңға айналды.
Көрменің ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, дипломатиялық корпус өкілдері мен аграрлық қауымдастық мүшелері қатысты.
Көрменің ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйлеген өңір басшысы көрменің Ақмола облысында өтуі кездейсоқ таңдау емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, өңір 2030 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін екі есеге арттыру жөніндегі мақсатқа нық қадам басып келеді. Бүгінде облыс рекордтық нәтижелерге қол жеткізіп, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,2 триллион теңгеге жетті, сондай-ақ соңғы онжылдықтардағы ең жоғары астық өнімі жиналды.
«Өңірде мал шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Ет кластері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Мұндай нәтижелерге агроөнеркәсіптік кешенді жүйелі мемлекеттік қолдау мен өндірістің барлық кезеңіне инновацияларды енгізудің арқасында қол жеткізілді. Осы жаңашылдықтардың басым бөлігін фермерлер алғаш рет Jańa Dala / Green Day көрмесінде көрді.
Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ауыл шаруашылығы саласына заманауи цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдер кеңінен енгізілуде. Бұл жұмыстар саланың тиімділігін арттыруға, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және стратегиялық міндеттерді орындауға бағытталған», – деді Марат Ахметжанов.
Саланың дамуына елеулі үлес қосқан ауыл еңбеккерлері де назардан тыс қалған жоқ. Олардың еңбегі мемлекеттік наградалармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Көрмеде әлемнің 26 елінен келген 200-ден астам компания өз өнімдерін ұсынды. Сонымен қатар 500-ден астам заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының үлгілері, агродрондар, роботтандырылған сүт фермалары таныстырылды. Қонақтарға аптап ыстықтан егінді қорғауға арналған инновациялық шешімдер мен егіншілік саласындағы өзге де заманауи технологиялар көрсетілді. Бағдарлама аясында далалық жағдайда техникалардың көрсетілімі, аграрлық форумдар, асыл тұқымды мал көрмесі, кәсіби жарыстар және мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, әрбір көрме өз ерекшелігімен дараланады. Биыл басты назар ауыл еңбеккерлеріне, әсіресе малшылардың еңбегіне аударылды. Сонымен қатар диалог алаңдарында өндірісті цифрландыру, мал шаруашылығын дамыту перспективалары және әрбір шаруа қожалығы үшін өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Айта кетерлігі, көрмеде еліміздің ең үздік тұқымдарынан іріктелген 80-ге жуық асыл тұқымды бұқа ұсынылды. Олардың ең ірілерінің салмағы бір тоннадан асты.
Нұресіл ауылы көрмені екінші жыл қатарынан қабылдады. Іс-шаралар «Ақтық» агрофирмасы» АҚ аумағында ұйымдастырылды.
«Мұнда жаңа ауыл шаруашылығы техникалары, өсімдіктерді қорғау құралдары мен ветеринариялық препараттар кеңінен ұсынылған. Бұл біз үшін өте маңызды. Облыстан шықпай-ақ заманауи технологиялармен танысып, оларды өндіріске енгізуге мүмкіндік бар. Соңғы жылдары жаңа комбайндар мен техникалар сатып алдық. Бұған қоса, мемлекет тарапынан көрсетілетін субсидиялардың қолдауы зор», – деді «Ақтық» агрофирмасы» АҚ өндіріс жөніндегі директоры Петр Подоксенов.
Көрменің маңызын шетелдік қонақтар да жоғары бағалады. Франциядағы мал шаруашылығы саммитінің төрағасы Жак Шазале бірнеше жылдан бері француз аграршылары өздерінің озық әзірлемелерін ұсынып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық аграршылармен ынтымақтастықтың болашағы зор. Сондай-ақ жемшөп өндірісіне арналған заманауи технологиялар әлем фермерлерінің ортақ сұранысына толық жауап береді.
Жыл сайын Ақмола облысының аграршылары мен шетелдік әріптестері арасындағы халықаралық ынтымақтастық нығайып келеді. Германия, Франция, Канада және басқа да елдердің өкілдерімен бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды. Көрменің географиясы да жыл сайын кеңейіп келеді. Биыл алғаш рет Молдова өкілдері қатысты. Бұл Ақмола облысының еліміздің аграрлық жүрегі ғана емес, ауыл шаруашылығындағы инновациялар мен озық технологиялардың халықаралық орталығына айналып келе жатқанын тағы бір мәрте айқындады.
Көкшетау қ. прокуратурасымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Zhastarmen» жобасы іске асырылуда
Көкшетау қаласының прокуратурасы «Zhastarmen» жобасы аясында Полиция басқармасымен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде есірткі заттары заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Аталған іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болған фактілері анықталып, олар бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Өткізілетін іс-шаралардың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру.
Ұлттық болмысты жаңа сапалық деңгейге көтеру үшін қазіргі жастар тек көкке қарап, өз күші мен еркіндігіне сеніп өсуі тиіс дегенді айтады Нұртөре Жүсіп. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы нұсқаған «білімді, бай және күшті болу» қағидасы бүгінгі тәуелсіз ел ұрпағы үшін де басты бағдар болуы қажет. Тәуелсіздіктің арқасында кез келген жоба мен кәсіпті, ел болашағын өз қолымызбен шешуге толық мүмкіндік туды, сондықтан жас буын осы жауапкершілікті терең сезінуі шарт.
Нұртөре Жүсіп ХХІ ғасырда қазақ елі әлемдік аренада терезесі тең мемлекетке айналғанын, ендігі кезекте ішкі бірлік пен сапалық өсу бірінші орынға шығатынын алға тартады. Бүгінгі ұрпақтың басты артықшылығы – бұрынғыдай жалтақтамай, өз тағдырын өздері айқындай алуында. Осы орайда спикер жастарды білім мен бірліктің күшімен ұлттың жаңа белесін бағындыруға шақырады.