Month: July 2026 (Page 14 of 39)

♻️ Тазалық – күнделікті өмір салты.

♻️ Тазалық – күнделікті өмір салты.

Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, қоқысты арнайы орындарға тастау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз.

ТазаҚазақстан #ТазалықМәдениеті

🇰🇿 ЖАУАПТЫ АЗАМАТ – МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ

🇰🇿 ЖАУАПТЫ АЗАМАТ – МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ

Мықты мемлекет – әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталады. Заңды құрметтеу, өз міндетін адал атқару, қоғамдық тәртіпті сақтау, туған елдің дамуына үлес қосу – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Жаңа Конституция – әділетті, құқықтық және демократиялық Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап қана қоймай, әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін де айқындайды.

Еліміздің жарқын болашағы – саналы, белсенді және жауапты азаматтардың қолында. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Жауапты азамат – мықты мемлекеттің берік іргетасы! 🇰🇿

ЖауаптыАзамат #МықтыМемлекет #ЖаңаҚазақстан #Конституция #Қазақстан #МемлекеттікТіл #Бірлік #ЗаңҮстемдіг

Алдағы Құрылтай сайлауының басты жаңалығы – бірмандатты аумақтық сайлау округтерінен бас тартылып пропорционалды сайлау жүйесіне көшу

Алдағы Құрылтай сайлауының басты жаңалығы – бірмандатты аумақтық сайлау округтерінен бас тартылып, пропорционалды сайлау жүйесіне көшу. Енді Құрылтайдың барлық 145 депутаты бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша тек партиялық тізімдер арқылы сайланады.

Толығырақ – бейнематериалда.

Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Парламент #Құрылтай2026 #СаясиРеформа #Сайлау #ҚазақстанЖаңалықтары

Құрылтай сайлауындағы дауыс беру – елдің жаңа заңдарын қабылдайтын мемлекеттік бюджетті бекітетін және мемлекеттің дамуына қатысты маңызды шешімдер

Құрылтай сайлауындағы дауыс беру – елдің жаңа заңдарын қабылдайтын, мемлекеттік бюджетті бекітетін және мемлекеттің дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын депутаттарды таңдауға берілетін мүмкіндік.

Толығырақ – бейнематериалда.

Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Парламент #Құрылтай2026 #СаясиРеформа #Сайлау #ҚазақстанЖаңалықтары

Құрылтай – бір палаталы Парламент.

Құрылтай – бір палаталы Парламент. Оның құрамына партиялық тізімдер бойынша бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді.

Бір палаталы Парламент жүйесі заңдарды қабылдау үдерісін жеделдетеді, өйткені заң жобаларын екі палатада жеке-жеке қараудың қажеті болмайды. Сонымен қатар Парламентті ұстауға жұмсалатын бюджет шығындары да азаяды.

Толығырақ – бейнематериалда.

Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Парламент #Құрылтай2026 #СаясиРеформа #Сайлау #ҚазақстанЖаңалықтары

ДАСТАРХАН ҮСТІНДЕ ҚОЛ АЛЫСЫП АМАНДАСУ – ӘДЕПСІЗДІК

ДАСТАРХАН ҮСТІНДЕ ҚОЛ АЛЫСЫП АМАНДАСУ – ӘДЕПСІЗДІК

Н. Жүсіп қазақ қоғамында амандасу мәдениетіне қайта мән беру қажет екенін айтты. Оның пікірінше, бүгінде дастарқан басында отырған адамдарға сырттан келген кісінің әрқайсысымен жеке-жеке қол алысып шығуы уақытты алып қана қоймай, әдеп пен гигиена талаптарына да сай келе бермейді.​

Ол мұндай жағдайда «Сәлем бердік!» деп көпшілікке ортақ амандасу жеткілікті болар еді деген пікір білдірді. Сондай-ақ бұрынғы қазақ қоғамында «Мал-жан аман ба?» деп амандық сұрасу қалыпты дәстүр болғанын еске салып, мемлекеттік тілдегі амандасу мәдениетін жаңғырту қажет екенін айтты.

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders NorenUp ↑