🇰🇿🇨🇳Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен кездесті
✔️ҚХР бизнес өкілдерімен «дөңгелек үстел» форматында өткен кездесуде Президент қытайлық серіктестерге шынайы ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікке жоғары баға берді.
– Екіжақты байланыстарымыз бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді. Біз Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының жаңа «алтын отыз жылдығына» бірге қадам бастық. Елдеріміздің ықпалдастығы мүлде жаңа сапалық деңгейге шықты деп айтуға болады. Халықтарымыздың арасында өзара сенім, шынайы достық және болашаққа деген ортақ ұстаным бар. Орайлы сәтті пайдалана отырып, елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін қадірлі досым, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзаға зор алғыс айтқым келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақмола облысының орталығында полиция есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша ақпараттық акция өткізді
«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ақмола облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласындағы «Жаңа Жағалау» жағалауында жаңа скейт-алаңның ашылуына арналған қалалық іс-шараға қатысты.
Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған мерекелік бағдарлама танымал өнерпаздардың қатысуымен өткен Open Air концертімен қорытындыланып, оған үш мыңға жуық қала тұрғындары мен қонақтары жиналды.
Іс-шараға жастардың көптеп қатысуын ескере отырып, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері «Есбол Қоры» фронт-офисінің еріктілерімен бірлесіп, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған ақпараттық акция ұйымдастырды.
Акция барысында полиция қызметкерлері мен еріктілер есірткіні қолдану мен таратудың зиянды салдары туралы ақпараттық жадынамалар таратып, сондай-ақ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының сенім телефонының нөмірі көрсетілген материалдарды тұрғындарға ұсынды.
Профилактикалық акцияның дәл осы заманауи скейт-алаңның ашылу күні өтуі де ерекше мәнге ие. Мұндай қоғамдық кеңістіктер жастарға спортпен шұғылдануға, белсенді демалуға, достарымен араласуға және өз қабілеттерін дамытуға кең мүмкіндік береді. Қолжетімді әрі мазмұнды бос уақыт ортасы жастардың салауатты өмір салтын таңдауына ықпал етіп, есірткіден алыс болудың тиімді жолдарының бірі саналады.
Осындай ауқымды қалалық іс-шаралар аясында профилактикалық жұмыстар жүргізу халықтың кең аудиториясын қамтуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғам қауіпсіздігі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және әрбір азаматтың бірлескен жауапкершілігі екенін тағы бір мәрте еске салуға мүмкіндік береді.
«Заң мен тәртіп»: Көлік терезесінен қол мен басты шығаруға болмайды
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Соңғы уақытта көлік қозғалысы кезінде жолаушылардың қолын, басын немесе денесінің басқа бөліктерін терезеден және люктен шығаруы жиі кездеседі. Мұндай әрекет тек тәртіп бұзушылық қана емес, адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.
Көлік кенет тоқтағанда, бұрылғанда немесе жолдағы басқа көлікпен не кедергілермен жанасқан жағдайда жолаушы ауыр жарақат алуы мүмкін. Сондықтан жүргізуші де, жолаушы да жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауы тиіс.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабының 1-2-бөлігіне сәйкес, жолаушыларды көлік құралының кабинасынан (салонынан) тыс тасымалдау, сондай-ақ олардың қозғалыс кезінде көлік құралының терезесінен немесе люгінен денесінің бір бөлігін шығаруына, есіктерін ашуына жол беру10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2026 жылы бұл 43 250 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, жүргізуші жолаушыларды тасымалдау қағидаларының сақталуына жауапты. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамағаны үшін жүргізушіге 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған.
Полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларға көлік ішінде өзін қауіпсіз ұстау ережелерін түсіндіріп, қозғалыс кезінде олардың терезеден немесе люктен еңкеюіне жол бермеуге кеңес береді.
Жолдағы қауіпсіздік – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Заң талаптарын сақтау – айыппұлдан ғана емес, орны толмас қайғылы жағдайлардың алдын алудың ең тиімді жолы.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысып, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асырудың өзекті мәселелері, оны жүзеге асырудың әдістемелік тәсілдері мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағыттары талқыланды.
Кездесу барысында өңірде атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, қабылданған шаралардың тиімділігі мен қол жеткізілген нәтижелері қарастырылды. Сонымен қатар қатысушылар пікір алмасып, алдағы кезеңге арналған бірлескен міндеттер айқындалды.
Жеңіл табысқа сенбеңіз: қаржы пирамидалары мыңдаған қазақстандықты алдауды жалғастыруда
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «100 мың теңге салыңыз – бір айда үш есе табыс табасыз», «тәуекелсіз жоғары кіріс», «жабық инвестициялық клубқа қосылыңыз» деген жарнамалар әлі де жиі кездеседі. Мамандар мұндай ұсыныстардың басым бөлігі қаржы пирамидаларының белгілеріне ие екенін ескертеді.
Қаржы пирамидалары – жаңа қатысушылардың ақшасы есебінен бұрын кіргендерге төлем жасайтын алаяқтық схема. Мұнда нақты инвестиция да, тұрақты бизнес те болмайды. Жаңа салымшылар азайған сәтте жүйе күйреп, ұйымдастырушылар қаражатпен бірге жоғалып кетеді.
Қандай тәсілдер қолданылады?
Бүгінде қаржы пирамидалары әртүрлі атаумен ұсынылады. Олар өздерін «инвестициялық клуб», «қаржылық қауымдастық», «бизнес-жоба» немесе «пассивті табыс көзі» ретінде таныстырады.
Кең таралған схемалардың қатарында:
көп деңгейлі серіктестік жүйелері; желілік маркетинг түрінде жасырылған жобалар; Telegram және WhatsApp-тағы жабық чаттар; инвестиция немесе жеке даму курстары ретінде ұсынылатын «элиталық клубтар».
Барлығына ортақ белгі – табыстың негізгі көзі жаңа адамдарды тарту болып табылады.
Неліктен адамдар сеніп қалады?
Көп жағдайда азаматтар мұндай жобаларға жарнамадан емес, таныстарының немесе туыстарының ұсынысымен қосылады. Ұйымдастырушылар қымбат көліктерді, шетелдік сапарларды, жоғары табыс туралы скриншоттарды көрсетіп, сенім қалыптастырады.
Алғашқы кезеңде кейбір қатысушыларға төлем жасалуы да мүмкін. Бұл жаңа адамдарды тартуға арналған әдіс қана. Нәтижесінде адамдар көбірек қаражат салып, өз жақындарын да осы схемаға шақырады.
Неден сақ болу керек?
Мамандар төмендегі белгілерге назар аударуға кеңес береді:
кепілдендірілген жоғары табыс уәде етіледі; тәуекел жоқ деп сендіреді; шешімді тез қабылдауға итермелейді; жаңа қатысушыларды тартқаны үшін сыйақы береді; компанияның лицензиясы немесе нақты қызметі туралы ақпарат жоқ; бизнес-моделі түсініксіз.
Есте ұстаған жөн: инвестиция саласында жоғары табыс әрдайым жоғары тәуекелмен қатар жүреді. Ал тәуекелсіз мол пайда туралы уәде – алаяқтардың ең кең таралған айласы.
Егер күмән туындаса…
Күмәнді жобаға ақша аудармаңыз, жақындарыңызды оған тартпаңыз. Компания туралы ақпаратты, лицензиясын және мемлекеттік органдардың ресми ескертулерін міндетті түрде тексеріңіз.
Қазақстанда қаржы пирамидаларын құруға, басқаруға және жарнамалауға заңмен тыйым салынған. Мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға сақ болуға шақырады. Егер ұсыныс шындыққа жанаспайтындай тиімді көрінсе, оның артында алаяқтық схема тұруы әбден мүмкін.
🇰🇿🇨🇳Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды
Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.
Бұдан бөлек, қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді.
17 шілде күні Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Жиын «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналып отыр.
🇰🇿🇨🇳Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды
Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.
Бұдан бөлек, қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді.
17 шілде күні Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Жиын «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналып отыр.
2026 жылғы маусым айында Қазақстан Республикасында 167 878 автокөлік есепке қойылды. Бұл ағымдағы жылдың мамыр айындағы көрсеткішпен (147 668 бірлік) салыстырғанда 13,7% жоғары.
Есепке қойылған автокөліктердің жалпы санының 87,4% жеңіл автомобильдер, 5,7% жүк автомобильдері, 2,4% тіркемелер, 1% мотоциклдер, 0,9% автобустар және 2,6% өзге де автокөлік құралдары құрады.
Маусым айында есепке қойылған көліктердің қозғалтқыш көлемі бойынша 34,5% 1500–2000 см³ аралығына тиесілі.
Пайдаланылатын отын түрлері бойынша: бензинмен жүретін – 136 232 көлік құралы (жалпы санының 81,1%); дизель отынымен жүретін – 10 845 көлік құралы (6,5%); газбен жүретін – 895 көлік құралы (0,5%); аралас отын түрін пайдаланатын – 11 183 көлік құралы (6,7%); электр қуатымен жүретін – 2 872 көлік құралы (1,7%); отын түрі көрсетілмеген – 5 851 көлік құралы.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 6 025,9 мың автокөлік тіркелген. Тіркелген автопарк құрылымында ең жоғары үлесті жеңіл автомобильдер құрайды – 5 053,7 мың бірлік (жалпы санының 83,9%). Одан кейін жүк автомобильдері – 493,7 мың бірлік (8,2%), тіркемелер – 262,3 мың бірлік (4,4%), автобустар – 89,5 мың бірлік (1,5%), мотоциклдер – 74,2 мың бірлік (1,2%) және өзге де көлік құралдары – 52,6 мың бірлік (0,9%).
Автокөлік паркінің ең көп бөлігі Алматы қаласында (733,3 мың бірлік) және Алматы облысында (646,3 мың бірлік) тіркелген.
*Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.
Халық – мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі. Бұл қағида сайлау күні нақты жүзеге асады. Әр азаматтың таңдауы елдің болашағына әсер етеді. Толығырақ бейнероликтен көріңіз.
Зеренді ауданының кітапханаларында Қазақстанның конституциялық дамуының тарихына арналған тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылды. Көрмелерде еліміздің конституциялық қалыптасу кезеңдерін, тәуелсіз Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде даму жолын, Ата Заңның қабылдану тарихы мен оның қоғам өміріндегі маңызын баяндайтын кітаптар, архивтік материалдар, энциклопедиялық және құқықтық әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылды. Сонымен қатар, келушілерге Конституцияның негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпарат беріліп, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен заңға құрметті арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.