Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары!
2026 жылғы 17-26 шілде аралығында Ақмола облысының аумағында (өткізілетін негізгі орын: «Бұқпа» орман шаруашылығы мекемесі» КММ аумағы) әскери міндеттілермен әскери жиын және арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.
Оған қоса, а.ж. 20-24 шілде күндері аралығында өңір аумағында «Бекет-2026» ведомствоаралық оқу-жаттығуы өтеді.
Оқу-жаттығуға түрлі құрылымдардың (полиция, жедел жәрдем, құтқарушылар және т.б.) арнайы техникасы жұмылдырылатын болады.
Осыған орай, тұрғындарды сабырлық сақтауға, оқу жаттығуларына түсіністікпен қарауға және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға шақырамыз.
Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың жаңа кезеңі басталды. 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы – осы реформалардың алғашқы маңызды қадамы. Бұл саяси науқанның ерекшелігі неде? Бейнероликтен көріңіз.
Ақмола облысында кене арқылы таралатын инфекциялардың алдын алу шаралары күшейтілді
Ақмола облысында кене белсенділігі басталғалы медициналық көмекке жүгінген тұрғындар саны өткен жылмен салыстырғанда артқан. Бұл туралы Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Серік Омарханов брифинг барысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл көктемнің ерте келуі мен қардың жылдам еруі кенелердің белсенділігін күшейткен. Соның салдарынан кене шаққан адамдар саны да көбейген.
Жыл басынан бері облыста 800-ге жуық адамды кене шаққан. Оның 200-ге жуығы – балалар. Барлық тұрғындарға дер кезінде медициналық көмек көрсетілген, ал басым бөлігіне аурудың алдын алу мақсатында иммуноглобулин егілген.
«Кене шаққан жағдайда уақытты жоғалтпай, алғашқы 72 сағат ішінде медициналық ұйымға жүгіну өте маңызды. Осы уақытта жүргізілген шұғыл профилактика аурудың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондықтан тұрғындардың дер кезінде дәрігерге қаралғаны өте маңызды», – деді Серік Омарханов.
Эпидемиологиялық маусым басталғалы облыста кене энцефалитінің алты жағдайы, ал кене боррелиозының екі жағдайы зертханалық түрде расталған. Кене шағу деректері облыстың барлық аумағында тіркелгенімен, ең көп жағдайлар Бурабай ауданында, Көкшетау қаласында және Сандықтау ауданында кездеседі.
Сандықтау ауданы кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақ болып саналады. Осыған байланысты мұнда жыл сайын адамдар көп баратын демалыс орындары кенеге қарсы арнайы өңдеуден өтеді. Биыл көктемгі кезеңдегі дезинсекциялық жұмыстар толық жүргізілген.
Сонымен қатар табиғи ошақтарда еңбек ететін орман шаруашылығы қызметкерлері, малшылар, механизаторлар және басқа да мамандарға кене энцефалитіне қарсы вакцина салынады. Биыл екпе алуға жататын азаматтардың басым бөлігі вакцина қабылдаған.
Кене шаққаннан кейін алынған жәндіктер зертханаларда тегін тексеріледі. Биыл 300-ден астам кене зерттеліп, олардың ешқайсысынан кене энцефалиті вирусы анықталмаған. Өңірдегі медициналық ұйымдарда шұғыл профилактика жүргізуге арналған иммуноглобулин қоры жеткілікті.
Брифинг барысында Серік Омарханов кенелердің тек кене энцефалитін ғана емес, туляремия сияқты басқа да жұқпалы ауруларды таратуы мүмкін екенін айтты. Биыл облыста туляремияның бір жағдайы тіркеліп, науқастың кене шаққаны анықталған.
«Кенеден қорғанудың ең тиімді жолы – қарапайым сақтық шараларын сақтау. Табиғатқа шыққанда жабық киім киіп, репеллент қолдану, серуеннен кейін денені мұқият тексеру және кене шаққан жағдайда өздігінен емделмей, бірден дәрігерге қаралу қажет», – деді бас мемлекеттік санитариялық дәрігер.
Мамандар табиғат аясында демалғанда қауіпсіздік ережелерін сақтауға, ал эндемиялық аумақтарда жұмыс істейтін азаматтарға профилактикалық вакцина алуға кеңес береді. Бұл кене арқылы таралатын қауіпті инфекциялардың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі.
Шағалалы үлгілі ауылдық кітапханасында «Қазақстанның конституциялық даму тарихы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасу кезеңдері, еліміздің құқықтық дамуы мен конституциялық реформалар туралы әдебиеттер таныстырылды. Көрменің мақсаты – оқырмандардың Конституцияның маңызы туралы білімдерін арттыру және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
«Таза Қазақстан» – бұл қоршаған ортаны қорғауға, тазалық мәдениетін қалыптастыруға және туған жерге жанашырлықпен қарауға бағытталған маңызды бастама.
Таза аула, көрікті көше, жасыл аймақтар – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Табиғатты аялау мен тазалықты сақтау арқылы біз болашақ ұрпаққа жайлы әрі көркейген Қазақстанды қалдырамыз.
🌿 Табиғат аясындағы демалыс – тек сергектік емес, үлкен жауапкершілік.
Демалғаннан кейін қоқысты жинау, от жаққанда қауіпсіздік ережелерін сақтау, ағаштар мен өсімдіктерге зиян келтірмеу – әр азаматтың мәдениеті мен табиғатқа деген құрметінің көрінісі.
Таза табиғат – болашақ ұрпаққа қалдыратын ең үлкен мұрамыз.
Есепті кезеңде республикада майлылығы 85% аспайтын 13,8 мың тонна сары май өндірілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4% артық.
Күнбағыс майы өндірісінде де оң өсім сақталуда.
2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында отандық кәсіпорындар 335,5 мың тонна тазартылған және тазартылмаған күнбағыс майын өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% көп.