Month: July 2026 (Page 23 of 39)

Әрбір дауыс – елдің ертеңіне әсер ететін таңдау

Әрбір дауыс – елдің ертеңіне әсер ететін таңдау. Азаматтық белсенділік қоғамның дамуына ықпал етіп, халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу мәдениетін қалыптастырады.

Құрылтай #Сайлау2026 #ӘрДауысМаңызды #АзаматтықБелсенділік #Қазақстан

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтайдепутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай
депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті
Ұйымдастырушылық мәселелер қаралғаннан кейін «Әділет» партиясының
кезектен тыс III Съезінің делегаттары Сайлауалды бағдарламаның негізгі
басымдықтарын талқылап, Қазақстан Республикасы Құрылтайының
депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – мазмұны мен басты басымдықтары
жаңартылған партияның Сайлауалды бағдарламасын бекіту болды. Құжат сегіз
негізгі бағыттан тұрады. Оларды партияның Саяси кеңес мүшелері жан-жақты
таныстырды. Бағдат Мусин цифрлық мемлекетті дамытуға арналған бастамаларды
ұсынды. Замира Кузиева өңірлерді дамыту мәселелеріне тоқталды. Ренат Бектұров
әділетті экономиканы қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын таныстырды. Динара
Зәкиева әлеуметтік саясат бағытын ұсынды. Лаура Қарабасова адами капиталды
дамыту мәселелеріне тоқталды. Қарлығаш Жаманқұлова мәдениет саласына
қатысты бастамаларды таныстырса, Ирина Тен экологиялық күн тәртібіне арналған
ұсыныстарын ортаға салды.
Талқылауды қорытындылаған партия Төрағасы Айбек Дәдебай «Әділет»
партиясының Сайлауалды бағдарламасы ауқымды сараптамалық және қоғамдық
жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.
«Бүгін бекітілген партияның сайлауалды бағдарламасы кабинетте
отырып жазылған жоқ. Оның негізіне Қазақстан Республикасының
Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың стратегиялық
бастамалары, әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы, «Әділет» партиясы
өткізген көптеген стратегиялық талқылаудың нәтижесі, сондай-ақ
азаматтардың ұсыныс-пікірі мен жетекші сарапшылардың ұсыныстары арқау
болды», – деді Айбек Дәдебай.
Оның айтуынша, құжат алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап қана
қоймай, бүгінде қоғам үшін ең өзекті мәселелерді шешетін нақты тәсілдерін де
көрсетеді.
«Біздің бағдарламаның басты ерекшелігі – оның мемлекеттік
аппараттың емес, азаматтардың мүддесіне негізделуінде. Бағдарламаның
әрбір бөлімінің өзегінде нақты адам, оның тұрмыс-тіршілігі, мүддесі, үміті мен
қажеттілігі тұр», – деді партия Төрағасы.
Сөзін қорытындылаған Айбек Дәдебай Сайлауалды бағдарлама бекітілгеннен
кейін партия сайлау науқанына дайындықтың келесі кезеңіне кірісетінін айтты.
Ендігі негізгі назар өңірлердегі азаматтармен жұмысқа және бағдарламаның негізгі
ережелерін кеңінен түсіндіруге бағытталады.
«Жаңа Конституция Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
Енді маңыздысы – сол мүмкіндіктерді қалай пайдалана алатынымыз. Елді
өзгертетін – адамдар: олардың идеялары, жауапкершілігі, адал еңбегі және
халқына қызмет етуге деген даярлығы. Бүгін біз алдағы сайлауда «Әділет»
партиясының атынан түсетін, осы жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын
кандидаттар тобын бекіттік. Сіздермен бірге ел игілігі жолында еңбек етуге
дайын пікірлес азаматтардың біртұтас командасын жасақтадық. Олар уәде
берумен ғана шектелмейді. Кінәліні іздемейді. Өткенмен өмір сүрмейді.
Болашақты бірге құрады», – деп түйіндеді Айбек Дәдебай.
Күн тәртібіндегі жеке мәселе ретінде Қазақстан Республикасы
Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Съезд
ұсынылған кандидаттарды қолдап, олар алдағы реформалардың ел ішіндегі негізгі
жаршылары болады деген сенім білдірді.
«Әділет» партиясы 186 кандидаттан тұратын ең ауқымды партиялық тізімді
ұсынды. Оның құрамына ғылым, білім, бизнес, өнеркәсіп, цифрлық сала, мәдениет,
спорт және азаматтық қоғам өкілдері енді.
Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі:

  1. Константин Авершин Викторович
  2. Ербол Адаев Дәненұлы
  3. Әлия Адамбаева Райымқұлқызы
  4. Кендебай Адамбек Сарыбайұлы
  5. Тілектес Адамбеков Серікбайұлы
  6. Асхат Аймағамбетов Қанатұлы
  7. Айжан Аймағанова Талғатқызы
  8. Абай Алтай
  9. Жарқынбек Амантайұлы
  10. Гүлзира Атабаева Нұржанқызы
  11. Гүлназ Атамқұлова Төреханқызы
  12. Дархан Ахмедиев Мейрамұлы
  13. Съезбек Ахметов Рақышұлы
  14. Сәбит Ахметов Мейрамұлы
  15. Ульяна Ашимова
  16. Алмат Әбдікешов Жанболатұлы
  17. Мұрат Әбенов Абдуләмитұлы
  18. Айымгүл Әбілева Ақылбайқызы
  19. Алпамыс Әбілов
  20. Бекжан Әлімқұлов Мұхидинұлы
  21. Мадияр Әмірғалиев Орынтайұлы
  22. Эмин Әскеров Халилұлы
  23. Жанарбек Әшімжанов Садықанұлы
  24. Аяужан Әшімова Тұрсынбекқызы
  25. Айрат Базенов Базенұлы
  26. Шалкар Байбеков
  27. Зүлфия Байсақова
  28. Ғиззат Байтұрсынов Сейдахметұлы
  29. Нұркен Бақытбекұлы
  30. Әділ Балтабаев Серікұлы
  31. Айнагүл Балташева Қыдырбайқызы
  32. Вадим Басин Борисов
  33. Ерлан Батырбеков Ғаділетұлы
  34. Жолдас Батырхан Нұрланұлы
  35. Марат Башимов Советұлы
  36. Рустам Баялиев Ахатханұлы
  37. Елдос Баялышбаев Қайыркенұлы
  38. Сергей Бежецкий Владимирович
  39. Нұрлан Бекназаров Құдиярұлы
  40. Ренат Бектұров Нұрмолдаұлы
  41. Берік Беркімбаев Серікұлы
  42. Берген Беспалинов Маратұлы
  43. Әсел Бәденова Жанболатқызы
  44. Дәурен Битеміров Мұхтарұлы
  45. Наурызбек Бірмағанбетов
  46. Евгений Больгерт Андреевич
  47. Сатыбалды Бұршақов Ересұлы
  48. Белла Газдиева Асланбековна
  49. Наталья Годунова Николаевна
  50. Ербол Данағұлов Жеткергенұлы
  51. Жұлдыз Данбаева Сейітқамзақызы
  52. Александр Данилов Сергеевич
  53. Айбек Дәдебай Арқабайұлы
  54. Қазыбек Дәуіталиев Нұрсейітұлы
  55. Дидарбек Ділдәбек Жұмағалиұлы
  56. Нұрлан Дулатбеков Орынбасарұлы
  57. Динара Егамбердиева Асылқызы
  58. Бота Елеусізова Серікқызы
  59. Бегалы Ералиев Ералыұлы
  60. Мағжан Ералиев Абзалұлы
  61. Дәурен Ерғарин Тілекұлы
  62. Нұрсадық Ергешбек Ергешбекұлы
  63. Шынасыл Ерназар Жеңісұлы
  64. Айсұлу Ерниязова Әлімжанқызы
  65. Сұнғат Есімханов Қуатұлы
  66. Серік Есматов Аманжолұлы
  67. Ботагөз Жақселекова Шаймарданқызы
  68. Бауыржан Жамалов Салдарұлы
  69. Карлығаш Жаманқұлова Қалибекқызы
  70. Арман Жансeңгіров Серікұлы
  71. Алмат Жүкебаев Отаубайұлы
  72. Эльдар Жұмағазиев Тынышбайұлы
  73. Ләззат Жылқыбаева Әуезханқызы
  74. Геннадий Зенченко Геннадьевич
  75. Динара Зәкиева Болатқызы
  76. Еркебұлан Ильясов Сайдоллаұлы
  77. Снежанна Имашева Валерьевна
  78. Ақерке Искандерова Нұрғалиқызы
  79. Мейрамбай Кемалов Тамабайұлы
  80. Рауан Кенжеханұлы
  81. Наргиза Керімбаева Абайдоллақызы
  82. Дәулет Кәрібек Жамаубайұлы
  83. Алтынай Көбеева Орманқалиқызы
  84. Замира Кузиева Закировна
  85. Юлия Кучинская Владимировна
  86. Раушан Қажыбаева Жаңабергенқызы
  87. Диляра Қайдарова Радикқызы
  88. Дәурен Қайыпов Айтасұлы
  89. Сандуғаш Қалижанова Қайыргелдіқызы
  90. Арман Қалықов Қобыландыұлы
  91. Дихан Қамзабекұлы
  92. Лаура Қарабасова Чапайқызы
  93. Шолпан Қариева Қайратқызы
  94. Ерлан Қарин Тынымбайұлы
  95. Шолпан Қаринова Таңатқызы
  96. Ақтоты Қисықова Жанаралқызы
  97. Марат Қожаев Шәдетханұлы
  98. Серік Қожаниязов Салауатұлы
  99. Ләззат Қожахметова Таймырқызы
  100. Асқар Құйқабаев Нұртуғанұлы
  101. Ақжол Құрмансейіт Ахатұлы
  102. Андрей Лаврентьев Сергеевич
  103. Дәурен Маралов Әділмырзаұлы
  104. Нұрбек Матжани Сейілханұлы
  105. Дана Медеуова Теміртайқызы
  106. Жанат Мекеева Жұмағазықызы
  107. Бағдат Мусин Батырбекұлы
  108. Шахмұрат Мүтәліп
  109. Абылай Мүтіев Құрметұлы
  110. Ерқанат Мұсылманбек
  111. Мұратбек Мұхамбедиев Қайырсәпиұлы
  112. Әлия Мұханбетжанова Биғазықызы
  113. Назгүл Мұхтарова Батыржанқызы
  114. Мади Мырзағараев Жомартұлы
  115. Айжан Найымбекова Ізбасханқызы
  116. Бахадыр Нарымбетов Мадалыұлы
  117. Гүлісхан Нахбаева Сайфулинқызы
  118. Нұржан Ниязалиев Әуезұлы
  119. Ербол Нұрғалиев Жолдаспекұлы
  120. Бөріхан Нұрмухамедов Жолбарысұлы
  121. Кирилл Осин Владимирович
  122. Әмірбек Оспанбеков Қанатбекұлы
  123. Шота Оспанов Сәбитбекұлы
  124. Аббат Өрісбаев Жәңгірханұлы
  125. Дмитрий Павленко Иванович
  126. Анжелика Парсегова Борисовна
  127. Ольга Перепечина Валентиновна
  128. Константин Петров Викторович
  129. Сергей Пономарев Михайлович
  130. Шерзод Пулатов Аббозович
  131. Ләззат Разбекова Мұратқызы
  132. Наталья Рамазанова Сергеевна
  133. Айзада Рахметова Нұрланқызы
  134. Максим Рожин Николаевич
  135. Мәди Рымжанов Рысбекұлы
  136. Татьяна Савельева Михайлова
  137. Жұлдыз Сағымбаева Әбдіполатқызы
  138. Замир Сағынов Садықұлы
  139. Ерлан Саиров Бияхметұлы
  140. Әлібек Сайланбаев Айдосұлы
  141. Эльмира Сапарова Карифоллақызы
  142. Әсем Сартбаева Бахытқызы
  143. Айдос Сарым Әміроллаұлы
  144. Марат Себасов Бақбергенұлы
  145. Елена Семидоцких Александровна
  146. Айнұр Сәбитова Әлімханқызы
  147. Динара Сәдуақасова Тайбасарқызы
  148. Айжан Сқакова Амангелдіқызы
  149. Екатерина Смышляева Васильевна
  150. Ирина Соловьёва Анатольевна
  151. Эльзира Солтабаева Әуесханқызы
  152. Русана Сулаймонова Русланқызы
  153. Аят Сүгіpбай Исатайұлы
  154. Жұлдыз Сүлейменова Досбергенқызы
  155. Айсұлу Сүлейменова Қанатқызы
  156. Тәттігүл Талаева Жақсыбайқызы
  157. Нұргүл Талғатбекова Ахатқызы
  158. Әбілхайыр Тамабек Ғалымұлы
  159. Мұхамедқали Тауан
  160. Айжан Темербаева Маратқызы
  161. Ирина Тен Сергеевна
  162. Нұрбақыт Теңізбаев Молдахметұлы
  163. Илья Теренченко Сергеевич
  164. Тұрарбек Тілемісов Тілемісұлы
  165. Гүлнар Тойлыбаева Қожағұлқызы
  166. Армангүл Тоқтамұрат
  167. Ерлан Тоқшылық Бейсенұлы
  168. Нұрлан Толыбаев Әлішерұлы
  169. Асылжан Төлегенов Қанатұлы
  170. Қаныш Төлеушин Аманбайұлы
  171. Қалия Төренова Батталқызы
  172. Руфина Усанова Касымовна
  173. Анар Фазылжан Мұратқызы
  174. Әсел Хаирова Әнуарқызы
  175. Мұса Хайруллиев Қарашаұлы
  176. Арман Хайруллин Ғабидоллаұлы
  177. Еділ Хамза
  178. Имамзада Шағыртаев Қуанышбайұлы
  179. Айгүл Шалбаева Дүйсенқызы
  180. Үнзила Шапақ
  181. Никита Шаталов Сергеевич
  182. Мейрамбек Шермағамбет
  183. Марат Шибұтов Мақсұмұлы
  184. Ләззат Шыңғысбаева Алтынбекқызы
  185. Станислав Щербаков Александрович
  186. Мамирхан Юлдашев Муталибович
    Күн тәртібіндегі барлық мәселе қаралғаннан кейін делегаттар кезектен тыс III
    Съездің Қаулысын қабылдап, күн тәртібінің әрбір тармағы бойынша қабылданған
    шешімдерді бекітті.
    press@adilet-partiyasy.kz

Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады

Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады
Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады. Оған еліміздің барлық өңірінен келген 1000-нан астам делегат, облыстық филиалдардың, қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылар қоғамдастығының өкілдері және шақырылған қонақтар қатысуда.

Съездің пленарлық отырысы басталар алдында партия Саяси кеңесінің отырысы өтіп, оның алаңында күн тәртібіндегі мәселелер мен партия қызметінің негізгі бағыт-бағдары талқыланды.

III Съезд делегаттары Сайлауалды бағдарламаны, кандидаттардың партиялық тізімін бекітіп, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, мүшелік жарналардың мөлшерін айқындайды, сондай-ақ қорытынды Қаулы қабылдайды.

10 шілдеге дейін партия ұйымдық құрылымын толық қалыптастырып, өңірлік желісін құрды және басшылық органдарын жасақтады. Өңірлік Саяси кеңестердің құрамына 808 адам, Бақылау-тексеру комиссияларының құрамына 100 адам енді. Олардың қатарында шағын және орта бизнес, білім беру және ғылым, үкіметтік емес сектор мен кәсіподақтар, мәдениет және спорт, өнеркәсіп, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, бұқаралық ақпарат құралдары, экономика, құқықтану, IT және креативті индустрия салаларының өкілдері бар.

«Әділет» партиясы түрлі кәсіби қоғамдастықтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілі саналатын қазақстандықтардың бастамасымен құрылды. 2026 жылғы 7 мамырда Астана қаласында партияның құрылтай съезі өтті. 2026 жылғы 1 маусымда заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Әділет» саяси партиясын мемлекеттік тіркеуден өткізді.

Қазір «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын жалғастыруда.

Кезектен тыс III Съезд жұмысы «Әділет» партиясының ресми YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі:
https://www.youtube.com/@AdiletPartiyasy

Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері

Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері

DATAmetrics компаниясы халықтың әлеуметтік көңіл-күйін сипаттайтын әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынады. Бұл деректер азаматтардың өмір сапасына берген бағасын, отбасының материалдық жағдайындағы өзгерістер мен болашаққа деген деген сенім деңгейін қамтыған. Бұл мәліметтер Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 2026 жылғы 13 маусым мен 2 шілде аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеудің нәтижесінде анықталды.

Бетпе-бет сұхбат («face-to-face») әдісімен жүргізілген сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 тұрғын қатысты.

Халықтың әлеуметтік көңіл-күйі адамдардың өз өміріне, материалдық жағдайына және болашаққа деген сенім деңгейіне қандай баға беретіні арқылы анықталады. Зерттеу нәтижелері осы көрсеткіштердің барлығы бойынша респонденттердің жауаптарында оң көзқарас басым екенін көрсетті.

Ең жоғары көрсеткіш өмірге ризалық деңгейі бойынша тіркелген. Сауалнамаға қатысушылардың 63,3%-ы өз өміріне толық риза екенін айтса, тағы 31,9%-ы көп жағдайда қанағат білдіреді. Осылайша, респонденттердің 95,2%-ы өз өміріне оң баға береді. Ал 3,4%-ы өз өміріне онша риза еместігін, 1,1%-ы мүлде риза еместігін мәлімдеді.

Өз өміріне берілген оң баға отбасының материалдық жағдайын қабылдау деңгейінен де көрініс табады. Зерттеуге қатысушылардың үштен екісінен көбі (67,6%) отбасыларының материалдық жағдайы соңғы жылда жақсарғанын айтқан. Оның ішінде 29,8%-ы жағдайы айтарлықтай жақсарғанын, ал 37,8%-ы белгілі бір деңгейде жақсарғанын атап өтті.

Респонденттердің 25,5%-ы отбасының материалдық жағдайы өзгермегенін айтса, 6,6%-ы нашарлай түсті деп санайды.

Азаматтардың бүгінгі күнге берген бағасы болашаққа деген үміт деңгейіне әсер етеді. Зерттеудің қорытындылары бойынша, сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі өз отбасының келешегіне сеніммен қарайды. Мысалы, он респонденттің шамамен сегізі (78,6%) бір жылдан кейін бүгінгі күннен жақсырақ өмір сүретініне сенеді. Оның ішінде 45,0%-ы өз жағдайы айтарлықтай жақсарады деп үміттенсе, тағы 33,6%-ы белгілі бір деңгейде жақсаратынына үмітті.

Сондай-ақ 15,9%-ы өз отбасының тұрмыс деңгейі өзгеріссіз қалады деп есептейді. Ал, респонденттердің 3,4%-ы өз жағдайы нашарлауы мүмкін деп санайтынын айтқан.

Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің негізгі көрсеткіштері бойынша оң бағалаудың басым екенін көрсетеді. Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі өз өміріне риза, отбасының материалдық жағдайындағы өзгерістерді оң бағалайды және алдағы уақытта тұрмыс жағдайының жақсаратынына сенім білдіреді.

Іріктеу Қазақстан Республикасы халқының негізгі әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына, атап айтқанда тұрғылықты жерінің түріне (қала/ауыл), жынысы мен жасына қарай репрезентативті. Сенімділік ықтималдығы 95% болған жағдайда іріктеменің статистикалық қателік шегі ±1,1%-дан құрайды.

DATAmetrics компаниясы бұл зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 3 шілдедегі № ОСК-11-07/ЗТ-К-29 хабарламасы негізінде жариялап отыр.

https://t.me/gdpkazakhstan/727

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылатын «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын өткізуді жалғастырып жатыр. Акция аясында бұлақтар мен су нысандарын тазарту, сондай-ақ олардың айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

11 шілде күні экологиялық акциясының екінші кезеңі еліміздің 12 өңірінде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында) өтеді. Акция барысында 58 бұлақ пен 33 су нысанын тазарту жоспарланып отыр.

Іс-шараларға шамамен 10 мыңнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. Олардың қатарында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар мүшелері мен еріктілер бар.

Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді

Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді
2026 жылғы қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді.

Өндірістің ең жоғары көлемі Алматы облысына тиесілі – 23,3 мың тонна немесе жалпы өндірістің 66,3%. Ірі өндірушілер қатарында Түркістан облысы (6,0 мың тонна), Алматы қаласы (1,3 мың тонна) және Ақмола облысы (1,1 мың тонна).

Өндірілген өнімнің негізгі бөлігін кілегейлі балмұздақ (15,2 мың тонна) пен пломбир (14,3 мың тонна) құрады. Бұл жалпы өндіріс көлемінің 80% астамына тең.

Сыртқы сауда көрсеткіштері де оң серпін көрсетуде. 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша қазақстандық балмұздақ экспорты 6,4 мың тоннаны құрап, ақшалай көлемі 24,8 млн АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 46,4%, ал ақшалай мәнде 77,0% артық.

Сыртқы сауда сальдосы оң деңгейде қалыптасты: экспорт көлемі импорттан 2,9 мың тоннаға асып түсті.

Экспорттың басым бөлігі (99,9%) ТМД елдеріне бағытталды. Негізгі өткізу нарығы – Ресей, оған 4,3 мың тонна өнім жөнелтілді. Сондай-ақ Қырғызстанға экспорт 68,4%, Өзбекстанға 27,7% өсті.

2026 жылғы қаңтар–сәуірде балмұздақ импорты 3,4 мың тоннаны құрап, ақшалай көлемі 12,9 млн АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1% көп. Балмұздақтың негізгі жеткізушілері – Ресей (1,5 мың тонна), Қырғызстан (1,4 мың тонна), Өзбекстан (178,1 тонна) және Түркия (156,0 тонна).

Көпбағытты саясатты табысты жүзеге асырудың негізі – адами капитал.

Көпбағытты саясатты табысты жүзеге асырудың негізі – адами капитал. Білімді, ақылды, еңбекқор және ұқыпты азаматтар ғана елдің тұрақты дамуына үлес қосып, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына 7 саяси партия қатысады.

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына 7 саяси партия қатысады. Олардың негізгі бағыттарымен, идеологиялық ұстанымдарымен және алдағы сайлау науқанындағы рөлімен таныса аласыздар.

Алдағы сайлау Қазақстандағы партиялық жүйе мен саяси өкілдікті дамытудағы маңызды кезең болмақ.

Құрылтай #Сайлау2026 #Қазақстан #СаясиПартиялар #СайлауНауқаны

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders NorenUp ↑