Month: July 2026 (Page 24 of 39)

Сарапшылар білім беру мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму салаларының сарапшылары адами капиталды нығайтуға және заманауи құзыреттерді дамытуға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.
«Әділет» партиясы Саяси Кеңесі Бюросының мүшесі, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева адами капиталды дамыту үшін заманауи білім беру жобалары мен өңірлердегі бастамаларды қолдау қажет екенін атап өтті. «Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп ауқымды AI-Sana бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл – заманауи білім алғысы және дамығысы келетін жүз мың қазақстандық азаматты даярлауға арналған бағдарлама. Біз өңір тұрғындарының қандай шығармашылық жобаларды жүзеге асырғысы келетінін және оған қандай инфрақұрылым қажет екенін анықтаймыз», – деді Ләззат Шыңғысбаева. Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пұсырманов елдің ұзақ мерзімді дамуын қоғамдық институттардың сапасымен, заң үстемдігімен және тарихи жадының сақталуымен байланыстырды. Оның пікірінше, азаматтық жауапкершілікті нығайту барысы ғылым, білім беру және мәдениет салаларын дамыту ісімен қатар жүруге тиіс. Сондай-ақ жастар қауымының бастамаларын, білім беру саласын, креативті экономиканы және медиаортаны дамыту мәселелеріне де баса назар аударылды. Сарапшылар жауапты қоғам қалыптастырудың негізгі элементтері ретінде жаңа экономикаға қажет кадрлар даярлау, креативті индустрияға қолдау көрсету, кітап оқу мәдениетін, медиасауаттылықты және қоғамдық диалогты дамыту мәселелерін талқылады. Тағы бір маңызды тақырып – экологиялық мәдениет. Қатысушылар экологиялық мониторинг жүргізу жұмысын цифрландыру, қалдықтарды қайта өңдеу ісін дамыту, экологиялық деректердің ашықтығын арттыру және шешім қабылдау барысында ғылыми әзірлемелерді кеңінен пайдалану мәселелері бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті. Стратегиялық сессия қорытындысы бойынша қатысушылар барлық ұсынысты жинақтап, оларды алдағы уақытта жан-жақты қарауға және партияның сараптамалық жұмысы барысында пайдалануға уағдаласты.

Дереккөз: adilet-partiyasy.kz
Партияның қызметі туралы қосымша жаңалықтарды ресми Telegram арнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy

Алдағы Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.

Алдағы Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Партиялар жаңа құрам жасақтауға кірісіп, қоғамға танымал тұлғаларды ұсынуға басымдық беруде. Биылғы сайлау несімен ерекшеленеді?

Құрылтай #Сайлау2026 #Қазақстан #Саясат #Партиялар

Елдің болашағына қатысты маңызды шешімдерге әр азаматтың таңдауы әсер етеді

Елдің болашағына қатысты маңызды шешімдерге әр азаматтың таңдауы әсер етеді. Сайлауға қатысу – тек таңдау жасау ғана емес, қоғамдағы өз ұстанымыңды білдірудің де бір жолы.

Құрылтай #Сайлау2026 #ӘрДауысМаңызды #Қазақстан #АзаматтықБелсенділік

Ақмола облысында Жаңа Конституцияның ел дамуындағы рөлі талқыланды

Ақмола облысында Жаңа Конституцияның ел дамуындағы рөлі талқыланды

Жалпыұлттық референдумның қорытындысы бойынша қабылданған Жаңа Конституция Қазақстанның саяси және қоғамдық дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. Негізгі заң әділетті мемлекет құрудың басты қағидаттарын бекітіп, азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтіп, елді одан әрі жаңғыртудың негізгі басымдықтарын айқындады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің подкастында қазақстандық журналист, қоғам қайраткері, Ақмола облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты Жабал Ерғалиев айтып берді.

Спикердің айтуынша, әрбір Конституция өз дәуірінің талаптарына сай қабылданады. 1995 жылы қабылданған Ата заң тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында тарихи рөл атқарды. Алайда уақыт талабына сай елдің одан әрі дамуы жаңа құқықтық және саяси шешімдерді қажет етті.

«Бүгінде Қазақстан Республикасы өзінің дамуындағы аса маңызды тарихи кезеңді бастан өткеріп отыр. Егер тәуелсіздігіміздің тарихына алтын әріптермен жазылатын айтулы күндер болса, олардың бірі сөзсіз 2026 жылғы 15 наурыз болады», – деді Жабал Ерғалиев.

Сарапшының айтуынша, Жаңа Конституция – Мемлекет басшысының бастамасымен 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан ауқымды саяси реформалардың заңды жалғасы. Құжатта адам құқықтарын қорғауды күшейтуге, заң үстемдігін нығайтуға, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дамытуға және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге ерекше басымдық берілген.

Жабал Ерғалиев цифрландыру мәселесіне де арнайы тоқталды. Оның айтуынша, заманауи технологиялардың қарқынды дамуы азаматтардың дербес деректерін және цифрлық құқықтарын қорғауды күшейтуді талап етеді.

«Бүгінде адам туралы ақпараттың басым бөлігі электронды форматта сақталады. Сондықтан дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау ерекше маңызға ие», – деп атап өтті ол.

Сарапшының пікірінше, Жаңа Конституция Қазақстанның тарихи сабақтастығын да нығайтады. Құжатта еліміздің Ұлы дала өркениетінің мұрагері ретіндегі мәртебесіне баса назар аударылып, ұлттық бірегейлікті сақтауға және отандық тарихты тереңірек зерделеуге мүмкіндік берілген.

Жабал Ерғалиев Жаңа Конституцияның қағидаттарын табысты іске асырудың маңызды шарттарының бірі ретінде қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағытта жастардың рөлі ерекше.

Ақмола облысында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Жастар ресурстық орталығы Жаңа Конституцияны, мемлекеттік реформаларды және белсенді азаматтық ұстанымды насихаттауға арналған кездесулер, дәрістер мен ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын тұрақты ұйымдастырып келеді.

Подкаст соңында Жабал Ерғалиев елдің табысты дамуы қоғамдағы бейбітшілік, қоғамдық келісім мен бірлікті сақтаумен тығыз байланысты екенін атап өтті. Оның пікірінше, дәл осы құндылықтар Жаңа Конституцияның қағидаттарын тиімді жүзеге асырудың және Қазақстанның одан әрі өркендеуінің берік негізі болып табылады.

Домбыра – өткеннің мұрасы емес бүгінгі жастардың да таңдауы

Домбыра – өткеннің мұрасы емес, бүгінгі жастардың да таңдауы

Ұлттық домбыра күні – қазақтың төл өнеріне тағзым жасайтын ерекше мереке. Домбыра – халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қасиетті мұра. Бүгінде бұл өнерді жаңа деңгейге көтеріп жүрген жастар аз емес. Солардың бірі – айтыскер ақын, ұстаз, республикалық және облыстық айтыстардың жүлдегері Берденбек Мырзат.

Ақынның айтуынша, оның өнер жолы айтыстан емес, мектеп қабырғасында өлең жазудан басталған. Ақындыққа деген қызығушылығын алғаш болып байқаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жас талаптың шығармашылыққа деген ынтасын қолдап, қанаттандырған.

– «Менің ақындық жолым жазба поэзиядан басталды. Мектеп қабырғасында өлең жазып, түрлі мүшәйраларға қатысып жүрдім. Сол кезде ұстазым бойымдағы қабілетті байқап, ақындыққа деген жолымды ашты. Егер жақсы ұстаздың қолдауы болмаса, бүгінгі жетістіктерім де болмас па еді деп ойлаймын», – дейді Берденбек Мырзат.

Кейін жазба поэзиядан суырыпсалма өнеріне бет бұрған жас ақын бүгінде еліміздің түрлі өңірлерінде өткен республикалық және облыстық айтыстарда топ жарып жүр. Оның айтуынша, айтыстағы жетістік тек талантқа емес, үлкен дайындыққа байланысты.

Әрбір айтыстың алдында ақын өзі баратын өңірдің тарихын, мәдениетін, белгілі тұлғаларын зерттейді. Бұл – қарсыластың сөзін қайтару ғана емес, елдің тарихын құрметтеу және тыңдарманға мазмұнды ой жеткізудің маңызды бөлігі.

– «Айтыс – үлкен жауапкершілік. Сахнаға шыққан ақын өз өңірінің ғана емес, бүкіл елдің сөзін сөйлейді. Сондықтан көп іздену керек. Тарихты, әдебиетті, мәдениетті білмей, мықты айтыс жасау мүмкін емес», – дейді айтыскер ақын.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің дамуы ұлттық өнердің жаңа тынысын ашып отыр. Бұрын айтысты тек теледидардан немесе үлкен сахналардан көруге мүмкіндік болса, бүгінде оның үзінділері TikTok, Instagram секілді платформалар арқылы миллиондаған көрерменге жетуде.

Берденбек Мырзат мұның жастардың айтысқа деген қызығушылығын арттырғанын айтады. Оның пікірінше, қазіргі айтыстың форматы да өзгеріп келеді. Әзіл-қалжың, еркін пікір алмасу, тың форматтар жастардың ұлттық өнерге жақындауына ықпал етіп отыр. Дегенмен айтыстың негізгі мақсаты – қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеру, халықтың үнін жеткізу екенін ұмытпау қажет.

Бүгінде Берденбек Мырзат мектепте аға тәлімгер болып жұмыс істейді. Ұстаз ретінде ол оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілетті дамытуға ерекше көңіл бөледі. Оның айтуынша, өлеңге, әдебиетке, домбыраға қызығатын жастардың қатары аз емес. Ең бастысы – олардың талабын дер кезінде байқап, дұрыс бағыт беру.

Жас ақынның өзі де шабытты туған жерден, елге деген сүйіспеншіліктен алатынын айтады. Оның пікірінше, нағыз ақын үшін ең үлкен қозғаушы күш – халықтың сенімі мен туған елге деген махаббат.

Ұлттық домбыра күні – тек мереке ғана емес, ұлттық өнердің өміршеңдігін көрсететін маңызды күн. Домбыраның үні ғасырлар бойы үзілмей жеткендей, бүгінгі жастардың да осы өнерді жалғастыруы – ұлттық рухтың мәңгі жасайтынының айқын дәлелі.

♻️ Тазалық – күнделікті өмір салты.

♻️ Тазалық – күнделікті өмір салты.

Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, қоқысты арнайы орындарға тастау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз.

ТазаҚазақстан #ТазалықМәдениеті

Таза Қазақстан – бұл қоршаған ортаны қорғауға тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама

«Таза Қазақстан» – бұл қоршаған ортаны қорғауға, тазалық мәдениетін қалыптастыруға және туған жерге жанашырлықпен қарауға бағытталған маңызды бастама.

Таза аула, көрікті көше, жасыл аймақтар – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Табиғатты аялау мен тазалықты сақтау арқылы біз болашақ ұрпаққа жайлы әрі көркейген Қазақстанды қалдырамыз.

ТазаҚазақстан

Желілік кестеге сәйкес бүгін Зеренді ауданы Қоғамдық кеңесінің

Желілік кестеге сәйкес бүгін Зеренді ауданы Қоғамдық кеңесінің, азаматтық белсенділікті арттыруға, қоғамдық сенімді нығайтуға және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды дамытуға қатысты өзекті мәселелері қаралған, отырысы өтті. Қатысушылар шешім қабылдау үдерістеріне азаматтарды тартудың қазіргі жолдарын, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мәселелерін, сондай-ақ қоғамдық бақылауды дамыту перспективаларын талқылады. Халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, жастардың қоғамдық-саяси процестерге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, қоғамдық бастамаларды қолдау және халықпен өзара іс-қимылдың цифрлық құралдарын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders NorenUp ↑