«Қазақстанның болашағы – адам капиталы»: Ұлттық теледебат қорытындыланды
Құрылтай сайлауы қарсаңында «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы жаңа медиакешенде сайлауға қатысатын саяси партиялар арасындағы Ұлттық теледебат өтті.
📌Пікірсайысқа «Әділет», «Ауыл», Respublica, Қазақстан Халық партиясы, «Байтақ», «Ақжол» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияларының өкілдері қатысты.
Табиғатты қорғап, қоршаған ортаны таза ұстау – мәдениетті қоғамның белгісі. Есіңізде болсын, табиғатты ластағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік пен айыппұл қарастырылған.
⚠️ Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Ақпараттық кеңістікте жасанды интеллект технологияларының көмегімен дайындалған, саяси партиялар өкілдерінің бейнесі заңсыз пайдаланылған бейнематериалдардың таралуы тіркелуде.
Мұндай материалдар қоғамдық пікірге ықпал ету және ақпараттық манипуляция жасау құралдарының бірі саналады. Олар сайлау процесіне қатысушылардың беделін түсіруге, қоғам назарын саяси партиялардың сайлауалды бағдарламалары мен үгіт жұмыстарының мазмұнынан басқа арнаға бұруға, сондай-ақ дауыс беру қарсаңында қоғамдық маңызы бар ақпарат туралы бұрмаланған түсінік қалыптастыруға бағытталуы мүмкін.
Осыған байланысты саяси партиялардың атынан жарияланатын кез келген мәлімдеме, үндеу, бейнематериал мен өзге де ақпараттық жарияланымдар тек тиісті саяси партиялардың ресми ақпараттық ресурстарында жарияланған немесе жарияланған ақпараттың дұрыстығына жауапты тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған жағдайда ғана сенімді ақпарат көзі ретінде қарастырылуы тиіс екеніне назар аударамыз.
🔈 Азаматтарды ақпараттық қырағылық танытуға, таратылып жатқан контентке сыни көзқараспен қарауға және оның шынайылығы расталғанға дейін одан әрі таратудан бас тартуға шақырамыз. Егер материалдан жасанды интеллект арқылы генерациялау, монтаждау немесе нақты айтылған мәлімдемелерді бұрмалау белгілері байқалса, ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеріп, жалған ақпарттың таралуына жол бермеу ұсынылады. t.me/JAQortcomkz
Еңбектің жаманы жоқ. Әрбір адал еңбек қоғамның дамуына үлес қосады. Еңбекке құрметпен қарап, жауапкершілік пен адалдықты өмірлік ұстанымға айналдырайық.
Бақытжан Бұқарбай: Құрылтай атауы бізге жат ұғым емес
Бұл туралы саяси сарапшы Бақытжан Бұқарбай Ұлттық теледебат аясында ұйымдастырылған Sky студияда берген сұхбатында айтты.
«Құрылтай атауы бізге жат ұғым емес. Тарихымызға үңілсек, Құрылтай көне түркілер, Алтын Орда, қазақ хандығы кезінде маңызды мәселелерді талқылайтын орган болған. Дала демократиясының бір көрінісі деп айтуға болады. Біздің бұл атауды Парламент атауына беріп, заңда бекіткеніміз дәстүрмен сабақтастық, құрмет дер едім», – дейді ол.
Бақытжан Бұқарбай: Пропорционалды жүйе арқылы партиялардың жауапкершілігі артады
Бұл туралы саяси сарапшы Бақытжан Бұқарбай Ұлттық теледебат аясында ұйымдастырылған Sky студияда берген сұхбатында айтты.
«Мұндағы басты ерекшелік – партиялар арасында жауапкершілік артады. Қазірдің өзінде партиялар өзара бағдарламаларын салыстырып, мәлімдемелеріне мән беріп, аудит жасап жатыр. Құрылтайға өткен жағдайда өзара бәсеке артады. Бұл – саяси модельдің ең басты ерекшелігі», – дейді ол.
«Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінде өтетін ұлттық теледебатқа 7 саяси партияның өкілдері қатысады.
Пікірсайыс барысында партия өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, ел дамуының басым бағыттары бойынша партиялық ұстанымдарын ортаға салады.