Month: July 2026 (Page 9 of 39)

Сақ болыңыз: сайлау қарсаңындағы анонимді сауалнамалар – әлеуметтанулық зерттеу емес ықпал ету құралы

Сақ болыңыз: сайлау қарсаңындағы анонимді сауалнамалар – әлеуметтанулық зерттеу емес, ықпал ету құралы

Сайлау науқаны қарсаңында әлеуметтік желілерде қолданушылардан кімге дауыс беруді жоспарлайтынын, қай партияға сенім білдіретінін немесе елдегі саяси ахуалға қатысты пікірін сұрайтын анонимді сауалнамалар тарала бастады.

Алғашқы қарағанда мұндай сауалнамалар қоғамдық пікірді зерттеудің қарапайым құралы сияқты көрінуі мүмкін. Алайда іс жүзінде олардың басым бөлігі қоғамдық пікірді анықтауға емес, оны қалыптастыруға бағытталады.

Мұндай жарияланымдардың негізгі мақсаты – белгілі бір көзқарасты қоғамның басым бөлігі қолдап отырғандай әсер қалыптастыру. Бұл үшін боттар желісі, тролльдер фабрикалары немесе онлайн-сауалнамалардағы дауыстарды жасанды түрде көбейтуге мүмкіндік беретін «астротурфинг» сервистері пайдаланылуы мүмкін. Нәтижесінде кез келген адам қажетті нәтижені іс жүзінде «сатып алып», оны көпшіліктің шынайы пікірі ретінде көрсете алады.

Бұл – адамның көпшілік ұстанған көзқарасқа бейім тұратын белгілі психологиялық тәсіл. Сондықтан манипуляторлар қоғамның шынайы пікірін білуге емес, алдымен «көпшілік қолдап отыр» деген иллюзияны жасап, кейін соны қоғамдық көңіл-күйдің «дәлелі» ретінде ұсынуға тырысады.

Сонымен қатар мұндай сауалнамаларды ұйымдастырушылар олардың нәтижесінің шынайылығына ешқандай жауап бермейді. Олар дауыс беруге нақты кімнің қатысқанын, бір пайдаланушының қанша рет дауыс бергенін, нәтижелердің қолдан бұрмаланғанын, іріктеудің қандай қағидатпен жүргізілгенін немесе алынған деректердің азаматтардың нақты пікірін қаншалықты көрсететінін дәлелдей алмайды.

Сол себепті де сайлау кезеңінде қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен қатаң реттеледі.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 9-тармағына сәйкес, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуге әлеуметтік зерттеулер саласында кемінде 5 жыл тәжірибесі бар және бұл туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясын алдын ала хабардар еткен заңды тұлғалар ғана құқылы.

2026 жылғы 22 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу туралы, тиісті құжаттардың көшірмелері қоса ұсынылған, 6 заңды тұлғадан хабарлама келіп түскен. Олар:

  1. «Еуразиялық интеграция институты» ЖШС
  2. «DATAmetrics» ЖШС
  3. «Қоғамдық саясат институты» жеке мекемесі
  4. «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ («СОЦИС-А» ИКСИ ҚҚ)
  5. «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ
  6. «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы» ҚБ.

Аталған ұйымдар ғылыми негізделген зерттеу әдістерін қолданады, зерттеу әдіснамасын, іріктеу көлемін, статистикалық қателік шегін жариялайды және ұсынылған деректердің дұрыстығына жауап береді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 120-бабына сәйкес, сайлау заңнамасының талаптарын бұза отырып қоғамдық пікірге сауалнама жүргізгені, сондай-ақ оның нәтижелерін міндетті мәліметтерсіз немесе заңда белгіленген талаптарды бұза отырып жариялағаны үшін жауаптылық көзделген.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді: егер әлеуметтік желілерде көпшіліктің пікірі ретінде ұсынылған анонимді сауалнамаларды көрсеңіз, олардың нәтижесіне сыни тұрғыдан қараңыз.

Шынайы әлеуметтанулық зерттеу дауыстар санымен емес, ғылыми әдіснамаға, ашықтыққа және тексерілетін деректерге негізделеді. Ал онлайн-сауалнамалардағы нәтижелерді санаулы минуттың ішінде жасанды түрде өзгертуге болады. t.me/AntiFakeCenter

Таза Қазақстан – әрқайсымыздан басталады!

Таза Қазақстан – әрқайсымыздан басталады!

Табиғатты таза ұстау – үлкен іс емес, күнделікті әдет. Қоқысты жерге тастамаңыз, демалған жеріңізді жинап кетіңіз, айналаңызға жанашыр болыңыз.

Таза көше, таза аула, таза қала – бәрі өзімізден басталады. Бір кішкентай әрекет үлкен өзгеріске себеп болады.

ТазаҚазақстан

Ақмола облысында рақымшылық жасау бойынша 22 қылмыстық іс және 46 мың әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды

Ақмола облысында рақымшылық жасау бойынша 22 қылмыстық іс және 46 мың әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды

Ақмола облысында “Рақымшылық туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жалғасуда.
Бүгінгі таңда полицейлер 22 қылмыстық істі, сондай-ақ 46 мыңға жуық әкімшілік іс жүргізуді, оның ішінде өткен жылдардағын тоқтатты.
Оған мысал Степногорск қаласында абайсызда денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша тергелген қылмыстық іс болды.
Полицияның мәліметінше, осы жылдың мамыр айында ер адам құрамында алтын бар карьердің аумағына заңсыз кірген. Күзетшілер оны тоқтатуға тырысқанда, ол қашып бара жатып, тас лақтырған. Нәтижесінде күзетшілердің бірі дене жарақатын алды.
Тергеу барысында ер адам өзінің кінәсін толық мойындады, жәбірленушіге материалдық шығынның орнын және моральдық зиянның орнын толтырды. Жәбірленуші оған ешқандай шағымы жоқ екенін айтты.
Қылмыс абайсызда жасалғандықтан, ауырлығы орташа санатқа жатқызылып және Қазақстан Республикасының “Рақымшылық туралы” Заңының қолданысына жататын болғандықтан қылмыстық іс тоқтатылды.
Полиция департаменті рақымшылық қылмыстың барлық санаттарына қолданылмайтынын еске салады. Әрбір жағдай заң талаптарын ескере отырып, жеке қаралады.

Ақмола облысының полицейлері Сарыарқа шағын ауданының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді

Ақмола облысының полицейлері Сарыарқа шағын ауданының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді

Ақмола облысының полиция қызметкерлері “Аулалардағы қабылдау” акциясы аясында Сарыарқа жаңа шағын ауданының тұрғындарымен көшпелі кездесу ұйымдастырды. Іс-шара № 8 учаскелік полиция пунктінің жанында өтті.
Талқылауға жергілікті атқарушы органдардың, төтенше жағдайлар департаментінің, тұрғын үй инспекциясының өкілдері, бала құқықтары жөніндегі уәкіл және МИБ өкілдері қатысты.
Тұрғындар мемлекеттік органдардың өкілдеріне тікелей жүгініп, оларды толғандыратын мәселелерді айта алды. Негізгі тақырыптардың бірі жол қозғалысы қауіпсіздігі, соның ішінде тұрғын үйлер арасындағы жол жүруді ұйымдастыру және жаяу жүргіншілер өткелін ұйымдастыру болды.
Полицейлер азаматтардың өтініштері бақылауға алынғанын хабарлады. Бейіндік қызметтердің қатысуын талап ететін мәселелер бойынша тиісті нұсқамалар жолданады, ал шешімдерді егжей-тегжейлі пысықтау үшін барлық құзыретті органдардың қатысуымен жеке кездесу өтеді.
Ақмола облысы ПД ҚҚБ бастығы полиция полковнигі Ерболат Хусаинов атап өткендей, мұндай кездесулер азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға және барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен бірлескен шешімдер әзірлеуге көмектеседі.
Шағын аудан тұрғындары өз кезегінде мұндай қарым-қатынас форматы әр түрлі инстанцияларға өз бетінше жүгінуге әрдайым ыңғайлы бола бермейтін аға буын өкілдері үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.

Қазақстанда «Адам саудасы – ауыр қылмыс!» атты 

республикалық ақпараттық науқан басталады

Қазақстанда «Адам саудасы – ауыр қылмыс атты 

республикалық ақпараттық науқан басталады

Бүгінгі таңда халықаралық қылмыстық топтар жұмыс іздеу үшін цифрлық технологияларды, әлеуметтік желілерді және интернет-платформаларды белсенді қолданады. Жоғары ақы төленетін жұмыс орындарының атын жамылып, адамдарды жаңылыстырады, бас бостандығынан айырады және заңсыз әрекеттерге қатысуға мәжбүрлейді.

Қанаудың бұл түрі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың ең тез таралатын қауіптерінің біріне айналуда. Адам саудасының құрбандары әр түрлі жастағы, кәсіптегі және білім деңгейіндегі адамдар болуда.

Қазіргі заманғы адам саудасы тек жыныстық қанау немесе мәжбүрлі жұмыс емес. Барған сайын адамдарды алаяқтық, киберқылмыс, заңсыз көші-қон, есірткі саудасы, ұрлық және басқа да қылмыстарға қатысуға мәжбүрлейді.

Сондықтан алдын-алу қылмыстың осы түріне қарсы тұрудың ең тиімді құралдарының бірі болып қала береді.

Адам саудасына қарсы іс – қимыл жөніндегі халықаралық күш-жігерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2026 жылғы 24-30 шілде аралығында «Адам саудасы – ауыр қылмыс атты республикалық ақпараттық науқан өткізеді.  

Науқанның басты мақсаты – қоғамның назарын ұйымдасқан қылмыстың осы қауіпті түріне аудару, халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, адамдарды тартудың заманауи тәсілдері және зардап шеккендерді мемлекеттік қорғау шаралары туралы айту.

​Науқанға мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, полиция бөлімшелері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар қатысады. Апта ішінде бүкіл ел бойынша халықпен кездесулер, құқықтық консультациялар, профилактикалық материалдарды тарату және адам саудасының алдын алуға бағытталған басқа да науқандар өтеді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі азаматтарды жұмысқа орналасу туралы ақпаратты мұқият тексеруге шақырады, әсіресе ол ақпарат шетелде жұмыс істеу туралы болса, құжаттарды бейтаныс адамдарға бермеуге, күмәнді ұсыныстарға келіспеуге және адам саудасының ықтимал жағдайлары туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.  

Әрбір адам қырағылық таныту, сенімді ақпарат тарату және қиын өмірлік жағдайға тап болғандарды қолдау арқылы бұл қылмыстың алдын алуға үлес қоса алады.

Адам саудасы қазіргі заманның маңызды сын-қатері болып қала береді, алайда мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың бірлескен күш-жігерімен адамның қадір-қасиетін, бостандығын және әрбір адамның қауіпсіз өмір сүру құқығын қорғауға болады.

Жыл сайын 30 шілдеде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні атап өтілетінін айта кету керек.

Биыл ол қанаудың жаңа түрі адам саудасының құрбандарын ең алдымен онлайн-алаяқтық саласында қылмыс жасауға мәжбүрлеу нысанына назар аударуға арналған «Алаяқтық тұзағында» ұранымен өтеді.

Адам саудасы – ауыр қылмыс. Бей-жай қарамаңыз.

23 шілдеде ресми түрде сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталады

23 шілдеде ресми түрде сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталады, ал 23 тамызда жаңа Конституцияға сәйкес Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтеді.

Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Парламент #Құрылтай2026 #СаясиРеформа #Сайлау #ҚазақстанЖаңалықтары

23 шілдеде Құрылтай сайлауына қатысу үшін кандидаттар тізімін ұсынған жеті партияның сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталады.

23 шілдеде Құрылтай сайлауына қатысу үшін кандидаттар тізімін ұсынған жеті партияның сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталады.

Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Парламент #Құрылтай2026 #СаясиРеформа #Сайлау #ҚазақстанЖаңалықтары

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders NorenUp ↑