Month: August 2026 (Page 13 of 40)

Жаттығудан кейін – сайлау учаскесіне роликпен

Жаттығудан кейін – сайлау учаскесіне роликпен

Сандықтау ауданында жас спортшылар күндерін таңғы жаттығудан бастап, кейін №601 сайлау учаскесіне роликпен келді. Осылайша олар өмірінде алғаш рет дауыс беруге қатысты.

Алғаш рет дауыс бергендердің қатарында 2008 жылы туған, биатлоннан Қазақстан жасөспірімдер чемпионатының жүлдегері Никита Волосевич пен шаңғы жарысынан елдің жастар чемпионатының күміс жүлдегері Анастасия Кубрина бар. Жас спортшылар өз спорт түрлерінде жақсы жетістіктерге жетіп, аудан намысын облыстық және республикалық жарыстарда қорғап жүр.

Бүгінгі күн екеуі үшін де ерекше болды. Себебі олар алғаш рет өз таңдауын жасап, дауыс беру мүмкіндігіне ие болды.

«Әдетте күніміз жаттығудан басталады. Бүгін де жаттығудан кейін бірге сайлау учаскесіне келдік. Бұл – біздің алғашқы дауыс беруіміз. Сондықтан өз таңдауымызды жасап, сайлауға жеке қатысу біз үшін маңызды болды», – дейді Никита Волосевич пен Анастасия Кубрина.

Осылайша жас спортшылар әдеттегі жаттығуларын маңызды азаматтық оқиғамен ұштастырды. Алғашқы дауыс беру күні олардың өміріндегі тағы бір есте қаларлық сәтке айналды.

Жалпыұлттық онлайн-марафон барабаншылар мен бишілердің әсерлі шоуымен басталды.

✨Жалпыұлттық онлайн-марафон барабаншылар мен бишілердің әсерлі шоуымен басталды.

✨Общенациональный онлайн-марафон начался с яркого шоу барабанщиков и танцоров.

📌 Онлайн трансляция https://www.youtube.com/live/fdiuUl8c_WA?si=Vfjavpc8-SJC5okE

Ақмолалықтар сайлау учаскелеріне тегін жеткізілуде

Ақмолалықтар сайлау учаскелеріне тегін жеткізілуде

Бүгін, 23 тамызда Ақмола облысында «Тегін көлік» акциясы өтуде. Дауыс беру күні өңір тұрғындары сайлау учаскелеріне тегін жету мүмкіндігіне ие болды.

Акцияға облыстың қала және аудандарындағы жүргізушілер мен қоғамдық көлік қызметі қосылуда. Олар тұрғындардың сайлау учаскелеріне еш қиындықсыз жетуіне жағдай жасауда.

Мәселен, Степногорск қаласында таңертеңнен бастап жүргізушілер тұрғындарды сайлау учаскелеріне тегін жеткізуде. Игі бастамаға өз еркімен қосылған жүргізушілер дауыс берушілерге көмек көрсетіп жатыр.

Көкшетау қаласында да тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған. Бүгін барлық қалалық қоғамдық көлік бағыттарында жол жүру тегін. Бұл тұрғындарға сайлау учаскелеріне қосымша шығынсыз жетуге мүмкіндік береді.

Ал Аршалы ауданында да тұрғындарды сайлау учаскелеріне жеткізу мақсатында тегін көлік ұйымдастырылған. Акция аясында жүргізушілер мен көлік қызметі тұрғындардың дауыс беру орындарына қолайлы жетуіне қолдау көрсетуде.

«Тегін көлік» акциясы дауыс беру күні тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Ақмола облысында бүгін сайлау учаскелері жұмыс істеп, тұрғындар өз таңдауын жасауда.

Тегін тасымалдау бастамасы өңір тұрғындарының сайлау учаскелеріне ыңғайлы әрі қолжетімді жетуіне мүмкіндік беріп отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі

Құрметті отандастар!

Алдағы жексенбі күні елімізде жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтеді. Бұл – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға.

Еліміз соңғы жылдары ауқымды реформаларды жүзеге асырып, жарқын болашаққа батыл қадам басып келеді. Біз бірлік пен келісімнің және ынтымақтың арқасында Әділетті Қазақстанды құру ісінде зор жетістікке жеттік. Халық Конституциясы күшіне енді, еліміздің даму бағдары өзгерді. Дегенмен атқаратын жұмыс әлі де көп.

Бұл сайлау халқымыздың игілігіне қызмет ететін тың реформаларға бастау болып, қазіргі Қазақстан жылнамасындағы жаңа кезеңге жол ашады.

Мен партиялардың барлығы дайындық жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізуі үшін Құрылтай сайлауы өтетін уақытты ертерек хабарладым.

Сондықтан Құрылтайдың алғашқы сайлау науқаны мазмұнды, ашық, бәсекеге толы әрі өркениетті сипатта өтті. Ел азаматтарының сайлау туралы пікірі осындай болды.

Бұл сайлау ел тарихындағы ең тартысты науқандардың бірі ретінде есте қалатыны анық. Партиялар сайлаушылармен кездесу кезінде, сондай-ақ ақпараттағы үгіт-насихат, жалпыұлттық теледебаттар, әлеуметтік желідегі пікірталастар барысында өз бағдарламаларын кеңінен әрі дәйекті түрде таныстырды.

Бір сөзбен, азаматтарымыз партиялардың ел болашағына қатысты ұстанымын мұқият зерделеуге мүмкіндік алды. Саяси ұйымдардың экономикадан бастап мәдениет саласына дейін қамтыған бастамаларын бағалап-бағамдады.

Сайлауалды науқан еліміздегі қоғамдық күн тәртібі өзгергенін, жасампаздық пен өркендеу идеясы мемлекет саясатының арқауына айналғанын айқын көрсетті. Жұрт алдына жаңа тұлғалар шықты, ұтымды ұсыныстар айтыла бастады. Бұл – түбегейлі саяси жаңғырумен қатар, ұлтымыздың қайта жанданған пассионарлық қуатын танытатын маңызды нышан.

Қоғамдық пікірталасқа жастарымыз, кәсіби қауымдастық өкілдері мен кәсіпкерлер де белсенді қатысты. Мемлекет басшысы ретінде баршаңызға зор ризашылығымды білдіремін.

Жалпы, халқымыздың саяси мәдениеті артып, жұртымыз мемлекеттік басқару ісіне атсалыса бастады. Бұл біз бір ел болып жүргізген реформалардың тікелей нәтижесі екені сөзсіз.

Азаматтарымыз қастерлі Отанымыздың тағдырына шынайы жанашырлық танытып, еліміздің келешегіне жауапты екенін терең сезінуге тиіс. Сонда ғана Қазақстан одан әрі қарыштап дамиды.

Сайлау науқаны отандық және халықаралық байқаушылардың жіті назарында болды. Олар дауыс беру күні де учаскелерде болады.

Біз «Заң мен Тәртіп» қағидаты үстемдік құратын, халық үніне құлақ асатын, саяси және қоғамдық институттары тиімді жұмыс істейтін мемлекет құрып жатырмыз.

Жалпыхалықтық дауыс берудің қорытындысы бойынша Құрылтайға кәсіби мамандар мен отаншыл азаматтар сайланады деп кәміл сенемін.

Құрылтай әралуан көзқарас пен ұлт келешегі жолындағы ұмтылыстар тоғысатын біртұтас алаң болуға тиіс. Осылайша, Құрылтай ел жаңғыруына тың серпін беретін құрылымға айналмақ.

Біз геосаяси шиеленіс ширығып, жаһандық сын-қатерлер күшейе түскен кезеңде бет алған бағытымыздан таймай, тек алға қарай жүруіміз қажет. Қазақстанды әлемдегі нағыз озық мемлекеттердің қатарына қосу үшін ауқымды жұмыс атқаруымыз керек, яғни ұлттық стратегиямызды табысты жүзеге асыруымыз қажет.

Адамдар көп жағдайда қабылданған маңызды шешімдердің шынайы құндылығын жылдар өткен соң ғана түсінеді. Алдағы жексенбі ел тағдыры үшін дәл осындай бетбұрысты сәт болады.

Біз Қазақстан тарихындағы жаңа кезеңге қадам басамыз. Осындай тағдыршешті сәтте әр адамның дауысы маңызды екені сөзсіз.

Құрметті отандастар, еліміздің келешегі әр азаматтың саналы таңдауына байланысты болмақ. Сайлауға қатысу дегеніміз – халықтың өз ықтиярын білдіру, ел тағдырына бей-жай қарамай, азаматтық жауапкершілік таныту, ел игілігі үшін өнегелі іс жасау деген сөз. Дүние жүзінде миллиондаған адам өз сайлау құқы үшін күресуде.

Қазақта «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген мақал бар. Азаматтарды, әсіресе, жастарды сайлауға келіп, өз таңдауын жасауға, яғни Қазақстанның табысты дамуына үлес қосуға шақырамын.

Халқымыздың дауысы қастерлі Отанымыздың тұғырын бекемдеуге, нағыз озық ел болуымызға тікелей ықпал етері анық.

Баршаңызға амандық және табыс тілеймін!

Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасасын!

«Кітап оқитын ұлт» республикалық челленджі аясында ауданымызда ерекше рухани әрі тағылымы мол мәдени іс-шара өтті.

«Кітап оқитын ұлт» республикалық челленджі аясында ауданымызда ерекше рухани әрі тағылымы мол мәдени іс-шара өтті. Бұл маңызды акцияға аудандық кітапхана ұжымы белсене қатысып, ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз кітап мерекесін сыйлады.Іс-шараның ең көрнекті бөлігі — «Кітап — рухани қазына» атты кең көлемді кітап көрмесі болды. Көрмеге ұлттық әдебиетіміздің классикалық туындылары, заманауи танымал кітаптар және балаларға арналған түрлі-түсті басылымдар қойылды. Кітапханашылар әрбір туындының маңыздылығына тоқталып, оқырмандарға қызықты шолу жасады.Сонымен қатар “Буккросинг” кітап алмасу, кітапты сыйға тарту рәсімі өткізілді!

Зеренді ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Зеренді ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

22 тамыз күні Зеренді ауданында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында “Игі істер күні” тақырыбымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Акция аясындағы тазалық жұмыстары ауданның барлық елді мекенінде өткізілді. Игі бастамаға ауыл тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және белсенді азаматтардан құралған 300-ге жуық адам қатысты.
Тазалық жұмыстарын жүргізуге 10 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, елді мекендердің аумақтарынан жалпы көлемі 15 тонна қоқыс пен тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Атап айтқанда, көшелер, қоғамдық орындар, аулалар және елді мекендерге бекітілген учаскелер тазартылды.
Зеренді ауылында экологиялық акцияға 90 адам қатысып, ауылішілік көшелер мен бекітілген аумақтарда абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1 тонна қоқыс жиналып, арнайы техника арқылы шығарылды.
«Таза Қазақстан» акциясы – табиғатты аялауға, туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарауға және қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Осындай ортақ іске тұрғындардың белсенді қатысуы елді мекендердің көркейіп, қоршаған ортаның таза болуына оң ықпал етеді.

Әрбір тұрғынның туған жерінің тазалығына үлес қосуы – қоршаған ортаға деген құрметтің және азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Таза аумақ – жайлы орта, таза табиғат – жарқын болашақ!

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders NorenUp ↑