Қазақстан Конституциясының негізгі нормаларының бірі – сөз бостандығы. Бұл – әрқайсымыздың өмірімізге тікелей әсер ететін азаматтардың негізгі құқықтарының бірі.
Негізгі заңда:
– пікір білдіру еркіндігі; – ақпарат алу және тарату құқығы; – цензураға тыйым салу тікелей бекітілген.
Конституцияға сәйкес, цензураға тыйым салынады. Шектеулер басқа адамдардың құқықтарын, қоғамдық тәртіпті және Қазақстанның қауіпсіздігін қорғау мәселесі туындаған кезде, заңда қатаң белгіленген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.
🇰🇿 «Конституциялық құндылықтар және ауылды дамыту» тақырыбында кездесу өтті
📍 Өркен а. тұрғындармен «Конституциялық құндылықтар және ауылды дамыту» тақырыбында кездесу өтті. 🗓 Кездесу бекітілген медиа-жоспарға сәйкес ұйымдастырылды. Кездесу барысында 📕Конституциялық құндылықтарды сақтау, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы және тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды. 💬 Тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. 🇰🇿 Мұндай кездесулер тұрғындармен ашық диалог орнатып, ауылдың одан әрі дамуына бағытталған жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабы тәртібінде
ҮНДЕУ
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Конституциялық өкілеттіктер шеңберінде прокуратура органдары Құрылтай депутаттарын сайлаудың барлық кезеңінде заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыруды жалғастыруда.
Жалпы, сайлау циклі құқықтық алаңда өтуде.
Бүгінгі таңда прокуратура органдары сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісін тіркеді, оның ішінде 3 факт – сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуға және 5 факт – тыйым салынған кезеңде үгітжүргізуге байланысты.
Әкімшілік жауаптылыққа прокурорлар қысқартылған тәртіппен жеті жеке тұлғаны және бір заңды тұлғаны тартты. Олардың барлығы кінәсін мойындады, әрекеттеріне өкінді және онлайн-платформалардағы заңсыз жарияланымдарын жойды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгіт 2026 жылғы 22 тамызда, сағат 00:00-де аяқталады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 32-бабы 1-тармағына сәйкес дауыс беру күні және оның алдындағы күнi кез келген сайлау алдындағы үгiтке тыйым салынады, яғни 2026 жылғы 22 және 23 тамызда.
Осыған байланысты сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады.
Сол сияқты Интернет желісінде бұрын орналастырылған үгіт материалдарын бұрынғы орындарында қалдыруға болады.
Бұл ретте, бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 32-бабы).
Сондай-ақ толтырылған бюллетеньді фото- және (немесе) бейнетүсірілімге түсіруге және оны дауыс беру күні таратуға тыйым салынады.
Осы құқықтық шектеулер сақталмаған жағдайда үгітжүргізуге тыйым салынған кезеңде оны жүргізгені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 102-бабы бойынша әкімшілік жауаптылық туындайды (жеке тұлғаларға – 15, шығын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 25, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабы 9-тармағына сәйкес қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерін дауыс берілетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берілетін күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейтінін тағы да еске саламыз.
Сондай-ақ сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пікірге сауал салуғатыйым салынады.
Көрсетілген құқықтық талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 120-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (жеке тұлғаларға – 10, заңды тұлғаларға – 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады).
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының ережелерін қатаң сақтау қажет, оған сәйкес жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі, ал демонстрациялар мен шерулер үшін келісу тәртібі көзделген.
Жоғарыда көрсетілген белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін бейбіт жиналыстарды ұйымдастырғаны және оларға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабы бойынша айтарлықтай мерзімге қамаққа алуға дейінгі жаза көзделген.
Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен ұштасса, қылмыстық жауаптылық туындайды (ҚК-нің 400-бабы).
Масс-медиада жалған мәліметтер мен құқыққа қайшы контенттің таратылуына ерекше назар аударамыз, ол үшін қауіптілік дәрежесіне және келтірілген зиянға қарай Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық та, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабы бойынша әкімшілік жаза да көзделген.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сайлау процесінің барлық қатысушысын аталған заң талаптарын сақтауға және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге шақырады.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Е. Өтегенов
📺Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
2026 жылдың 23 тамызына белгіленген Құрылтай сайлауы күні «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ұйытқы болуымен ауқымды медиажоба – жалпыұлттық online-марафон өтеді. Марафон тікелей эфирде сағат 09:00-ден түнгі 00:30-ға дейін жалғасады.
Кітап оқуды әдетке айналдыру – жауапты өмір салтының маңызды бөлігі. Білімге ұмтылған адам әрдайым дамуға, ізденуге және дұрыс шешім қабылдауға дайын болады.
Жақсылық жасау – әр адамның азаматтық жауапкершілігінің көрінісі. Ұлтына, тіліне немесе дініне қарамастан, ізгі іс қоғамдағы бірлік пен сенімді нығайтады.
Құрылтай есімі және оның нұсқалары бүгінде Қазақстанда өте сирек кездеседі.
2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша «Құрылтай», «Курылтай», «Курултай» және «Курлтай» есімдерімен 10 азамат тіркелген. Олардың 6-ы ер адам, 4-і әйел.
Құрылтай есімі және оның нұсқаларын иеленген азаматтардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында тіркелген – 4 адам. Алматы қаласында 2 адам тұрады. Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір адамнан тіркелген.
10 адамның бесеуі 65 жастан асқан. Олардың ішіндегі ең үлкені – 80 жаста. Қалған төрт адам 30-34, 50-54, 55-59 және 60-64 жас аралығындағы топтарға жатады.
🔎 2026 жылғы 10–20 тамыз аралығындағы ресми теріске шығарулардың қысқаша жиынтығы
➡️ Фейк: 2026 жылғы қарашадан 2027 жылғы ақпанға дейін күштік құрылымдарда кадрлық ауыс-түйістерге мораторий енгізіледі. Факт: 2026 жылғы 3 маусымдағы №295-VIII Заңда әскери қызметшілер мен күштік құрылым қызметкерлерін қызметтен босатуға, ауыстыруға немесе тағайындауға мораторий енгізу туралы норма жоқ.
➡️ Фейк: eGov бұзылып, 15 млн қазақстандықтың деректері тарап кетті. Факт: Техникалық тексеру eGov жүйелерінің бұзылмағанын көрсетті. Даркнетте жарияланған материалдар eGov деректер базасынан алынбаған және мемлекеттік жүйелердің құрылымына сәйкес келмейді.
➡️ Фейк: Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі апат Өзбекстандағы электрмен жабдықтау іркілісіне себеп болды. Факт: ҚР Энергетика министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
➡️ Фейк: Автомектептерді есепке алу және жүргізуші куәлігіне емтихан қабылдау жеке ұйымдарға беріледі. Факт: Емтихан қабылдау функциясын жеке ұйымдарға беру қарастырылып отырған жоқ. Автомектептерді есепке алу мен оқу топтарын тіркеу мемлекеттік функция болып қала береді.
➡️ Фейк: Мемлекеттік органдар БАҚ, журналистер, блогерлер мен белсенділердің аккаунттарын жаппай бұғаттап жатыр. Факт: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұғаттамайды.
➡️ Фейк: BI Group 1 000 пәтер ойнатып жатыр. Факт: Компания мұндай ұтыс жариялаған жоқ. Таралып жатқан шарттар, күндер мен орындар шындыққа сәйкес келмейді.
📎 Қосымша: Петропавлдағы жол-көлік оқиғасының салдары туралы жалған ақпарат таратқан TikTok пайдаланушысына сот 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл тағайындады.
⚠️ Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріп, расталмаған хабарламаларды таратпаңыз.
Елде саяси партиялар арасында сайлауалды теледебаттар өтті. Дебаттар барысында партиялар өздерінің бағдарламаларын таныстырып, ұстанымдары мен көзқарастарындағы ерекшеліктерді көрсетті.