Қазақстанның жаңа Конституциясы азаматтардың жеке бас бостандығы мен оған қол сұғылмаушылық құқығына кепілдік береді.
Адамды құқық қорғау органдары ұстаған кезде оған ұстау себебін түсіндіруге, қорғаушы шақыру құқығын, үндемеу құқығын және оның айтқан сөздері сотта өзіне қарсы қолданылуы мүмкін екенін хабарлауға міндетті.
Соттың шешімінсіз ұстаудың ең ұзақ мерзімі 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартылды.
Бұл өзгерістердің негізгі мәні – адам ұсталған сәттен бастап өзінің құқықтық мәртебесін және құқықтарын нақты білуі тиіс.
Жаңа Конституция – бұл Әділетті Қазақстан. Мұнда сот төрелігі заң мен адам құқықтарын сенімді түрде қорғайды.
Енді барлық деңгейдегі соттар адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді қолдана алмайды.
Сот жүйесі бұдан былай ресми түрде Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады. Бұл сот төрелігінің тәуелсіздігін, әділдіктің жоғары деңгейін және әр азаматтың құқықтары мен мүдделерінің тікелей қорғалуын қамтамасыз етеді.
“Сөз – ұлттың визиттік карточкасы” – Kumis Seitova Бүгін мен сөздің күші туралы, дәлірек айтқанда, күнделікті өмірде қалай сөйлейтініміз жайында өз ойымды айтып өтсем деймін. Көп жағдайларда біз туған-туысқан, көрші-қолаң, дос-жаран және бөгде кісілермен сөйлескенде қандай сөздерді қолданамыз, осының бәрі біздің қандай адам екенімізді көрсетеді. Қазақ халқы сөйлеу әдебіне әрқашан үлкен мән берген. Бұл тек сыпайы сөз айту емес. Оның негізінде үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу және кісінің көңіліне тимей, ренжітпей сөйлей білу жатыр. Ата-бабаларымыз «Тіл – жүректің айнасы» деп бекер айтпаған. Себебі адамның қалай сөйлейтініне қарап, оның тәрбиесін, адамдарға деген құрметін және мәдениетін түсінуге болады. Сөз өнері де әрқашан жоғары бағаланған. Керек кезде дұрыс сөз таба білу де үлкен өнер, ал кей кездері бір ауыз сөздің өзі үлкен дауды шешуге көмектескен. Өкінішке қарай, бүгінгі күні осының бәрі біртіндеп азайып бара жатқанын көріп жүрміз. Қазір қоғамдық орындарда, көлікте, әлеуметтік желілерде және күнделікті әңгімелерде дөрекі және балағат сөздер жиі естілетін болды. Кейде тіпті боғауыз сөздер адамдардың күнделікті сөйлесу әдетіне айналып кеткендей әсер қалдырады. Кез келген дөрекі сөздің артында ең алдымен құрметсіздік тұрады. Бұл – сөйлесіп тұрған және айналадағы адамдарға, тіпті балаға дейін және ең соңында адамның өзіне деген құрметсіздікті көрсетеді. Шындығында әр адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның бір бөлігі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы тәртіп пен әдеп туралы айтқанда, осындай қарапайым, бірақ маңызды мәселелерге назар аударады. Себебі мемлекетті ең алдымен оның азаматтары қалыптастырады. Сондықтан әр адамның өз ісі, сөзі және қоғамдағы қарым-қатынасы өте маңызды. Жаңа Конституцияда заңға негізделген және әділ мемлекет құру идеясы көрсетілген. Бірақ бұл қағидалар күнделікті өмірде қолданылғанда ғана өз маңызын көрсетеді. Адамға деген құрмет тек ресми құжаттарда ғана емес, көшеде, көлікте, үйде сөйлескен кезде де көрінуі керек. Демек, қоғамның мәдениеті біздің өзімізден басталады, бір-бірімізбен қалай сөйлесетініміз және бір-бірімізге қаншалықты құрметпен қарайтынымыз қоғамның мәдениетінің айнасын көрсетеді. https://www.facebook.com/100025952056738/posts/2112777319597316/?mibextid=wwXIfr&rdid=URD91Dqx97r7q2pP#
🔹Өнімділіктен цифрландыруға дейін: Ақмола облысында агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігі артып келеді
Ақмола облысында егін жинау науқаны қарқын алып келеді. Өңірдің барлық аудандарында шаруалар алқаптарға шығып, бүгінгі таңда басты міндеттердің бірі – науқанды ұйымдасқан түрде, оңтайлы мерзімде және өнім сапасын жоғалтпай өткізу. Осы мәселелер Бурабай ауданында өткен ауқымды агрокеңесте талқыланды. Жиынға облыстың 200-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісі қатысты. Жиында қалыптасқан жағдайды Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин талқылады. Ақмола облысы дәстүрлі түрде еліміздің негізгі астық өндіретін өңірлерінің бірі болып саналады. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 5,6 млн гектар алқапқа орналастырылса, оның 4,5 млн гектарын дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар құрайды. Егіс алқаптарын әртараптандыру аясында майлы дақылдардың көлемі 838 мың гектарға дейін ұлғайтылды.
Қазір барлық аудандарда егін жинау жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде шаруалар 800 мың гектардан астам дәнді дақылды жинап, 978 мың тонна астық бастырды. Орташа өнімділік гектарына 12,2 центнерді құрайды. Жалпы, биыл облыста шамамен 8 млн тонна ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жоспарланып отыр.
Биылғы науқанға өңір толық техникалық дайындықпен кірісті. Егін жинау жұмыстарына 14,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған, машина-трактор паркінің дайындығы 100 пайызды құрайды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге науқанды өткізу үшін 81 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Сонымен қатар шамамен 433 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған.
Техниканы жаңарту жұмыстары да жалғасуда: жыл басынан бері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,1 мың техника сатып алған, оның 842-сі жеңілдікті лизинг бағдарламасы аясында алынған.
«Бүгінде аграрийлердің алдында тұрған міндет – өнімді жай ғана жинап алу емес, оны сапалы әрі оңтайлы мерзімде жинау. Ол үшін қажетті жағдайлар жасалды: техника, жанар-жағармай материалдары мен тыңайтқыштар қамтамасыз етілді. Біздің міндетіміз – егін жинау науқанын ұйымдасқан түрде өткізу және туындаған мәселелерді жедел шешу», – деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпан.
🔹Өнімділіктен цифрландыруға дейін: Ақмола облысында агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігі артып келеді
Ақмола облысында егін жинау науқаны қарқын алып келеді. Өңірдің барлық аудандарында шаруалар алқаптарға шығып, бүгінгі таңда басты міндеттердің бірі – науқанды ұйымдасқан түрде, оңтайлы мерзімде және өнім сапасын жоғалтпай өткізу. Осы мәселелер Бурабай ауданында өткен ауқымды агрокеңесте талқыланды. Жиынға облыстың 200-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісі қатысты. Жиында қалыптасқан жағдайды Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин талқылады. Ақмола облысы дәстүрлі түрде еліміздің негізгі астық өндіретін өңірлерінің бірі болып саналады. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 5,6 млн гектар алқапқа орналастырылса, оның 4,5 млн гектарын дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар құрайды. Егіс алқаптарын әртараптандыру аясында майлы дақылдардың көлемі 838 мың гектарға дейін ұлғайтылды.
Қазір барлық аудандарда егін жинау жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде шаруалар 800 мың гектардан астам дәнді дақылды жинап, 978 мың тонна астық бастырды. Орташа өнімділік гектарына 12,2 центнерді құрайды. Жалпы, биыл облыста шамамен 8 млн тонна ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жоспарланып отыр.
Биылғы науқанға өңір толық техникалық дайындықпен кірісті. Егін жинау жұмыстарына 14,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған, машина-трактор паркінің дайындығы 100 пайызды құрайды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге науқанды өткізу үшін 81 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Сонымен қатар шамамен 433 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған.
Техниканы жаңарту жұмыстары да жалғасуда: жыл басынан бері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,1 мың техника сатып алған, оның 842-сі жеңілдікті лизинг бағдарламасы аясында алынған.
«Бүгінде аграрийлердің алдында тұрған міндет – өнімді жай ғана жинап алу емес, оны сапалы әрі оңтайлы мерзімде жинау. Ол үшін қажетті жағдайлар жасалды: техника, жанар-жағармай материалдары мен тыңайтқыштар қамтамасыз етілді. Біздің міндетіміз – егін жинау науқанын ұйымдасқан түрде өткізу және туындаған мәселелерді жедел шешу», – деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпан.
ҚАЗАҚСТАН МЕН АУСТРАЛИЯ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТІП ЖАТЫР
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Аустралияның Мёрдок университетінің өкілдерімен кездесті. Тараптар Шәкәрім университеті мен Мёрдок университеті арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту және Семей қаласында Аустралия университетінің филиалын ашу перспективаларын талқылады. Кездесуге Шәкәрім университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Думан Орынбеков, Басқарма мүшесі – интернационалдандыру және инновациялар жөніндегі проректоры Ерасыл Дулатбай, Мёрдок университетінің Жаһандық байланыстар жөніндегі проректордың орынбасары Саймон Джон МакКирди, Тамақ өнеркәсібін дамыту перспективалары институтының проректоры Питер Мостин Дэвис, сондай-ақ Мёрдок университетінің Дубай кампусының атқарушы директоры және стратегиялық серіктестік жөніндегі директоры Мохамед Абдулхалек Мохамед Ба қатысты. Кездесу аясында Шәкәрім университеті мен Мёрдок университеті өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, бірлескен білім беру және зерттеу бастамаларын іске асыруға, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын кеңейтуге, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, сондай-ақ сарапшылар мен зерттеушілер алмасуға бағытталған. Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі – Шәкәрім университетінің базасында Мёрдок университетінің филиалын ашу мүмкіндігі болды. Тараптар филиалды құру мен оның жұмыс істеу моделін, кадр даярлаудың перспективалы бағыттарын, сондай-ақ бастаманы іске асыруға қатысты академиялық, ұйымдастырушылық және инфрақұрылымдық мәселелерді талқылады. Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды бағыттарға ерекше назар аударылды. Олардың қатарында жоғары білікті кадрлар даярлау, ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру және білім беру үдерісіне халықаралық тәжірибені енгізу бар. Мёрдок университетінің филиалын ашу Қазақстан мен Аустралия арасындағы жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, озық білім беру және ғылыми тәжірибелер трансферіне, адами капиталды дамытуға және өңірдегі халықаралық білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған перспективалы бастама ретінде қарастырылуда. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын дамыту, сондай-ақ Семей қаласында Мёрдок университетінің филиалын ашу мәселесін одан әрі пысықтау жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
📃Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?
Құрылтай депутаттарын сайлау қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты 2026 жылғы 13 маусым мен 17 тамыз аралығында DATAMetrics (ҚСЗИ тапсырысы бойынша), Қазақстандық қоғамдық даму институты (ҚҚДИ), Еуразиялық интеграция институты, Демократия институты және Қоғамдық саяси институты жүргізген жеті әлеуметтанулық зерттеудің деректерін талдады.
Салыстырмалы талдауға сәйкес, Қазақстанда сайлау науқаны барысында азаматтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты түрде жоғары деңгейде сақталып отыр. Сонымен қатар, өз таңдауын әлі айқындамаған сайлаушылар саны азайып, партиялық таңдаулардың көрінісі барған сайын айқындала түсуде.
Барлық жеті зерттеуде, олардың жүргізілу мерзімі, әдіснамасы және іріктеу көлемі бойынша айырмашылықтарына қарамастан, азаматтардың дауыс беруге дайындық деңгейінің көрсеткіштері бір біріне ұқсас.
DATAMetrics нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 75,6%-ы сайлауға қатысуға ниетті екенін білдірген. Ал, Еуразиялық интеграция институтының екі зерттеуінде бұл көрсеткіш 72,1 және 73,2%-ды, ҚҚДИ зерттеулерінде 75,1% және 70,3%-ды, Қоғамдық саяси институтының зерттеуінде 72,3%-ды, сондай-ақ Демократия институтының зерттеуінде 73,1%-ды құрады.
Осылайша, электоралды белсенділік көрсеткіштері 70,3% және 75,6% аралығындағы диапазонда орналасып отыр. Ең төменгі және ең жоғары көрсеткіштер арасындағы айырмашылық небәрі 5,3 пайыздық тармақты құрайды. Бұл тұрақты үрдіс сауалнамаға қатысқандардың шамамен оннан жетеуі немесе одан да көп бөлігі науқан барысында сайлау учаскелеріне баруға ниетті екенін мәлімдегенін көрсетеді.
Сонымен қатар, әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер аға буын өкілдері арасында электоралды белсенділіктің жоғары екенін көрсетті. ҚҚДИ мәліметтеріне сәйкес, аға буын өкілдері арасында бұл көрсеткіш 80,7%-ды құраса, жастар арасында 69,4%-ды құрайды. Дауыс беруге дайындық, сондай-ақ жоғары білімді азаматтар арасында да жоғары.
Соңғы екі айдағы көзге түскен үдерістердің бірі – партиялық таңдауларын әлі жасамаған сайлаушылар санының азаюы.
ҚСЗИ тапсырысы бойынша DATAMetrics компаниясы 13 маусым мен 2 шілде аралығында жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, партиялық таңдауын әлі айқындамағандардың үлесі 22,6%-ды құраған.
Еуразиялық интеграция институтының алғашқы өлшеуінде бұл көрсеткіш 14,2%-ға дейін төмендесе, ҚҚДИ телефон арқылы жүргізген сауалнамада – 10,9%-ға, Еуразиялық интеграция институтының екінші зерттеуінде – 8,4%-ға, ал Қоғамдық саяси институтының соңғы өлшеуінде 5,3%-ға дейін төмендеген.
Осылайша, бірінші өлшемнен соңғы өлшемге дейінгі аралықта партиялық таңдауларын әлі жасамаған сайлаушылардың көрсеткіші 17,3 пайыздық тармаққа, яғни төрт еседен аса төмендеген. Бұл динамика дауыс беру күнінің жақындауы, қоғамдық хабардарлықтың артуы және партиялық, ақпараттық, сондай-ақ үгіт-насихат науқандардың күшеюімен байланысты сайлаушылардың қалауларының біртіндеп нығая түсуін көрсетуі мүмкін.
Халықтың хабардарлық деңгейінің жоғары екенін қарастырып отырған соңғы өлшемнің нәтижелері де растайды. Қоғамдық саяси институтының мәліметтеріне сәйкес, респонденттердің 89,4%-ы тамыздың 23-і өтетін сайлау туралы хабардар. Олардың 55,2%-ы сайлау туралы ақпаратты жақсы біледі, ал 34,2%-ы сайлау өтетіні туралы естігенімен, егжей-тегжейлі ақпараттан хабардар емес.
Зерттеулерге жасалған салыстырмалы талдау «Әділет» партиясының тұрақты түрде көшбасшылық позицияны ұстап тұрғанын көрсетеді.
Оның көрсеткіші 13 маусым мен 2 шілде аралығында жүргізілген ҚСЗИ зерттеуіндегі 54,2%-дан 20 шілде мен 6 тамыз аралығында Демократия институты жүргізген зерттеуде 70,3%-ға дейін өскен. Бірінші және соңғы өлшемдер арасындағы айырмашылық 16,1 пайыздық тармақты құрайды.
«Ауыл» партиясы салыстырып отырған зерттеулердің барлығында екінші орында тұр, оның көрсеткіші 5,1 мен 7,3% арасында қалыптасқан.
Қалған саяси партиялардың рейтингтерінде салыстырмалы түрде айтарлықтай үлкен өзгерістер байқалмайды. Сонымен қатар, сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайға қанша партия және нақты қай партиялар өтетіні әзірге ашық күйінде қалып отыр.
Әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері «Ақ жол» мен Respublica партиялары арасында үшінші және төртінші орындар үшін бәсекелестіктің сақталып отырғанын көрсетеді.
Сонымен қатар Қазақстан Халық партиясы мен қазіргі сайлау науқанына қатысып отырған жалғыз оппозициялық партия, яғни Жалпыұлттық социал-демократиялық партия арасында да жеке бәсекелестік желісі қалыптасқаны байқалады.
Осылайша, қарастырып отырған кезеңдегі негізгі динамика электоралдық рейтингте партиялардың орындарының өзгеруімен ғана емес, сондай-ақ таңдауын әлі жасамаған сайлаушылар санының азаюымен және көшті бастап келе жатқан партияның позициясының нығаюымен байланысты.
Сонымен қатар, азаматтардың таңдауына әсер ететін факторлар да әртүрлі. Қоғамдық саяси институтының зерттеуіне сәйкес, респонденттердің 44,4%-ы өзінің партиялық таңдауын жасауда олардың бастамаларының оң бағалануын басшылыққа алса, 29,2%-ы өзін осы партияның жақтаушысы деп санайды, 25,3%-ы Қазақстанның болашағын өзі таңдаған партиямен байланыстырады, ал 14,7%-ы партияның сайлаушылармен өзара іс-қимылына назар аударады.
Әлеуметтанулық динамика науқан барысында сарапшылар талқылауының негізгі тақырыптарының біріне айналды. 8 шілде мен 13 тамыз аралығында ҚСЗИ Астана, Алматы, Петропавл және Өскемен қалаларында жеті сараптамалық алаң өткізді.
8 шілдеде Астанада «Құрылтай сайлауы: конституциялық негіздер және саяси трансформация» тақырыбында және 16 шілдеде Алматыда «Құрылтай – заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасының негізі» тақырыбында сараптамалық алаңдар ұйымдастырылды. 23 шілдеде Петропавл қаласында өткен «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» Ұлттық сараптамалық алаңында Қазақстанның жаңа конституциялық архитектурасы өңірлер тұрғысынан талқыланды.
30 шілдеде Астанада сарапшылар «Сайлау-2026» науқанындағы медианың және цифрлық платформалардың рөлін қарастырса, 4 тамызда Өскеменде жаңа саяси конфигурациядағы өңірлердің орны талқыланды.