Бостандық – адамзат өміріндегі ең биік әрі қастерлі құндылықтардың бірі
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам бостандығын жоғары құндылық ретінде таниды. Әр азаматтың құқығы сот арқылы қорғалады. Ұсталған адамға оның құқықтары мен ұсталу себептері дереу түсіндіріліп, адвокат көмегін алуға мүмкіндік беріледі.
Сондай-ақ Ата Заңда азаптауға, зорлық-зомбылыққа және адам қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттерге қатаң тыйым салынған. Бұл қағидаттар әділ сот пен адам құқығын қорғаудың берік негізін қалыптастырады.
Конституциялық құндылықтар мен ауылдың дамуы талқыланды Бүгін Зеренді ауылдық округінің әкімі және учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен «Конституциялық құндылықтар мен ауылдың дамуы» тақырыбында кездесулер өтті. Кездесу барысында тұрғындарға Конституцияның қоғамдағы орны мен маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, тұрғын үйлердің аулаларын күтіп ұстау, тазалықты сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Учаскелік полиция инспекторлары құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кездесу барысында айтылған ұсыныстар тиісті назарға алынып, бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Мұндай кездесулердің басты мақсаты – тұрғындармен ашық диалог орнату, конституциялық құндылықтарды дәріптеу, құқықтық мәдениетті арттыру және ауылдың тұрақты дамуына қоғамның белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Абай күніне орай Ақмола өңірінде ақынның рухани мұра кеңінен дәріптелді
Ақмола облысында Абай күніне арналған мәдени-ағартушылық шаралар кең көлемде өтіп жатыр. Өңірдің барлық аудандары мен қалаларында ұлы ақынның шығармашылығын насихаттауға бағытталған әдеби кештер, байқаулар, танымдық сабақтар, пікірталастар мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылуда.
10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшыл әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туған күні. Осыған орай Ақмола облысында Абайдың әдеби және музыкалық мұрасын кеңінен насихаттауға, оның тағылымды ойларын жас ұрпаққа жеткізуге бағытталған түрлі форматтағы іс-шаралар қолға алынды.
Абайдың білім, еңбек, адамгершілік пен адалдық туралы ойлары уақыт өткен сайын өзектілігін арттырып келеді. Сондықтан өңірдегі шараларда ақынның шығармаларын жатқа оқумен қатар, оның қара сөздері мен философиялық тұжырымдарын бүгінгі қоғаммен сабақтастыруға ерекше мән берілуде.
Көкшетаудағы Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Абай дана, Абай дара қазақта» атты поэзиялық кеш өтті. Қатысушылар ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқып, оның шығармашылығының ұлттық әдебиет пен руханияттағы орны туралы ой бөлісті.
Абай мұрасын дәріптеудің маңызына тоқталған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Байқал Байәділ мұндай кездесулердің ақын шығармашылығын кейінгі ұрпаққа жеткізудегі рөлін атап өтті.
«Абайдың шығармашылығы – халқымыздың рухани қазынасы. Осындай кездесулер арқылы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін қайта оқып, оның айтқан ойларына жаңаша үңілеміз. Абайды ұлықтау – оның мұрасын есте сақтау ғана емес, сол мұраны бүгінгі ұрпақтың санасына жеткізу», – деді Байқал Байәділ.
Ақынның музыкалық мұрасы да назардан тыс қалмады. Көкшетауда «Абай әндері – руханияттың алтын қазынасы» атты сұхбат-кездесу ұйымдастырылып, онда Абайдың әндері орындалып, қара сөздерінің бірі оқылды. Шараның негізгі мақсаты – ақынның әдеби және музыкалық мұрасын кеңінен насихаттап, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттыру.
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында Абайдың «Ескендір» поэмасының әдеби оқылымы өтті. Театр әртістері шығарманы кезектесіп оқып, поэмадағы философиялық ойлар мен адамгершілік мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
Абай мұрасын жастар арасында насихаттауға да басымдық беріліп отыр. Мәселен, облыстық «Абай дана» қарасөзтану байқауына Ақмола облысының аудандары мен қалаларынан жастар қатысады. Байқаудың басты мақсаты – ақынның қара сөздерін кейінгі буын арасында кеңінен насихаттау.
Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директорының орынбасары Галина Васильевна Савенкова жастарға Абай мұрасын танытудың маңыздылығын атап өтті.
«Абайдың шығармашылығын жастарға таныстырудың маңызы ерекше. Оның өлеңдері мен қара сөздері жас ұрпақты білімге, ізденіске, адамгершілікке үндейді. Осындай әдеби кездесулер жастардың Абай мұрасына жақындай түсуіне мүмкіндік береді», – деді Галина Васильевна Савенкова.
Абай күніне арналған іс-шаралар облыстың барлық аудандары мен қалаларын қамтып отыр. Әр өңірде ақын шығармаларын оқу, викториналар мен танымдық сабақтар өткізу, көше акцияларын ұйымдастыру, пікірталас пен шығармашылық байқаулар өткізу сияқты түрлі форматтар қарастырылған. Мәселен, Ерейментау ауданында «AbaiTime» көше акциясы ұйымдастырылса, Жарқайың ауданында «Абай – қазақтың рухани темірқазығы» атты танымдық сабақ өткізу жоспарланған.
Осылайша, Абай күні Ақмола облысында бір ғана мәдениет ошағының немесе жекелеген ауданның көлемінде емес, өңірдің барлық аумағын қамтитын ауқымды рухани-ағартушылық бастама ретінде аталып өтуде.
Бір жерде ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалса, енді бір жерде қара сөздері талқыланып, жастар арасында байқаулар мен танымдық шаралар ұйымдастырылуда. Мұның барлығы – Абай мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін де маңызын жоғалтпағанының көрінісі.
Абайды ұлықтау – ұлы ақынның сөзін еске алу ғана емес, оның білімге, еңбекке, адамгершілікке үндеген өнегесін жаңа ұрпаққа жеткізу.
«Мен қоғамда кіммін?»: «Жас дәурен» орталығында «Заң және тәртіп» қағидаттары дәріптелді
4 тамызда «Жас дәурен» балалар білім беру-сауықтыру орталығында «Мен қоғамда кіммін?» тақырыбында мазмұнды іс-шаралар кешені өтті. Негізгі мақсат – балаларға қоғамдағы өз рөлін түсіндіру, айналасындағыларды құрметтеуге, өзара түсіністікке және бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.
Тақырыптық күн «Заң және тәртіп» қағидаттарымен сабақтасты. Балаларға қоғамдағы тәртіптің сақталуы, өзгенің құқығы мен пікірін құрметтеу, ортақ ережелерге жауапкершілікпен қарау және өз іс-әрекетіне жауап бере білу маңызды екені түсіндірілді. «Мен және мені қоршаған әлем»
Күн бағдарламасының негізгі бөлімдерінің бірі педагог-психолог Даирова Р.К. өткізген «Мен және мені қоршаған әлем» атты психологиялық сағат болды.
Сабақ барысында балалар адамның қоғамдағы рөлі мен әлеуметтік жауапкершілігі туралы бейнеролик тамашалап, кейін өз ойларын ортаға салды. Арнайы жаттығулар арқылы балалар бір-біріне сенім білдіру, пікірін тыңдау, өзара түсіністік пен ұжымдық қарым-қатынасты нығайту дағдыларын жетілдірді.
«Фиеста» педагогикалық жасағынан қызықты ойындар
Тақырыпты әрі қарай ашу мақсатында «Фиеста» педагогикалық жасағының тәлімгерлері интерактивті және жағдаяттық ойындар ұйымдастырды.
Ойындар барысында балалар қарым-қатынас жасау, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, ортақ шешім қабылдау және түрлі жағдайларда бір-бірімен келісімге келу дағдыларын көрсетті.
Шығармашылық пен спорт – ортақ мақсатқа бастар жол
Қоғамдағы өзара сыйластық, достық және жауапкершілік тақырыбы орталықтағы үйірмелердің жұмыстарында да жалғасын тапты.
«GAMMA» бейнелеу өнері студиясында балалар достық, қоғам және жеке тұлғаның «Менін» жүрек бейнесі арқылы шығармашылықпен жеткізді.
Ал спорттық секцияда командалық эстафеталар ұйымдастырылып, басты назар ұйымшылдыққа, тәртіпке және әр қатысушыға қолдау көрсетуге аударылды.
Тақырыптық күн балалар үшін пайдалы әрі мазмұнды өтті. Олар маңызды өмірлік құндылықтар туралы ой бөлісіп қана қоймай, өзара сыйластық, жауапкершілік, тәртіп және командалық жұмыс сияқты қасиеттерді тәжірибе жүзінде қалыптастырды.
Қоғамдағы «Заң және тәртіп» мәдениеті ең алдымен адамның күнделікті әрекетінен басталады. Өзгенің құқығын құрметтеу, белгіленген ережелерді сақтау, жауапкершілікпен әрекет ету және айналаңа қолдау көрсету – осы қағидаттардың қарапайым әрі маңызды көрінісі.
Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді
Демократия институты 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентіне сенім жоғары деңгейде сақтала отырып, 85,7%-ды құрады.
Әлеуметтанулық сауалнама 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында Демократия институтының қаржыландыруы негізінде жүргізілді. Іріктеме көлемі 8000 респондентті құрайды. Сауалнамаға 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты.
Зерттеу 18-29 аралығындағы жастардың Президентке жоғары деңгейде сенім білдіретінін анықтады. Осы жас тобындағылардың 90,1%-ы («ия» және «ия деуге болады» жауаптарының ортақ көрсеткіші) Президентке сенім артатынын білдірді. Бұл сауалнамаға қатысқандарды жас санаттары бойынша талдағандағы ең жоғары көрсеткіш. Білім деңгейі – саяси сенімнің маңызды көрсеткіштерінің бірі: азаматтардың білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, олардың Президентке деген сенімі де соғұрлым жоғары. Мысалы білім деңгейі төменірек респонденттер арасында сенім 81,8%-ды құраса, жоғары білімді азаматтар арасында бұл көрсеткіш 89,7%-ға жетіп отыр. Халықтың Мемлекет басшысына деген жоғары сенімі мемлекеттің даму бағытын жоғары деңгейде қолдауымен тығыз байланысты. Мемлекеттің даму бағытына да халықтың басым бөлігі қолдау білдіріп отыр. Атап айтқанда 81,5% қазақстандық мемлекет дұрыс бағытта дамып отыр деп санайды. Елдің даму бағытын қолдайтындардың әлеуметтік-демографиялық портреті Президентке сенім білдіретін қазақстандықтардың портретіне ұқсас. Мысалы, 18-29 аралығындағы жастар мемлекеттің даму бағытын ең жоғары деңгейде қолдайтын топты құрайды. Олардың 85,4%-ы мемлекет дұрыс бағытта дамуда деп санаса, бұл көрсеткіш жас шамасы ұлғайған сайын төмендей түседі. Көрсеткіш төмендегеніне қарамастан, ол бәрібір жоғары деңгейде сақтала отырып, жасы ең үлкен респонденттер тобында 76,9%-ды құрайды (60 жастан асқандар). Президентке сенім білдіретіндер арасында білім деңгейі бойынша жоғары білімділер ең жоғары көрсеткішті құраса, Қазақстанның даму бағытын дұрыс деп санайтындардың да ең жоғары үлесі жоғары білімді азаматтар арасында тіркеледі (86%). Жалпы алғанда, Президентке деген сенім деңгейіне де, елдің даму бағытын қолдау деңгейіне де әсер ететін негізгі факторлар ретінде респонденттердің жас ерекшелігі мен білім деңгейі анықталып отыр. Сонымен қатар, бір қызығы, зерттеу нәтижелері Президентке деген сенім мен елдің даму бағытын қолдауға қатысты ерлер мен әйелдердің, сондай-ақ қала мен ауыл тұрғындарының көзқарастарында елеулі айырмашылықтар жоқ екенін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері елдің әлеуметтік-саяси даму бағытын барынша оң бағалайтын азаматтардың әлеуметтік санатын анықтауға мүмкіндік берді. Олар мемлекеттік бастамаларды одан әрі ілгерілетудің әлеуетті тірегі бола алады. Бұл санатты жас қазақстандықтар мен жоғары білімді азаматтар құрайды. Респонденттердің жынысы мен тұрғылықты жері (ауыл/қала) айтарлықтай әсер ететін фактор ретінде қарастырылмайды. Мұндай үрдіс жастар арасында мемлекетке институционалдық сенім деңгейінің жоғары екенін, қазіргі қоғамдық-саяси күн тәртібіне көбірек қызығушылық танытатынын, сондай-ақ олардың елдің одан әрі өзгеруі мен дамуына қатысты үміттерінің жоғары екенін көрсетуі мүмкін. Елдің қазіргі даму бағытын қолдайтын азаматтар арасында жоғары білімділердің басым болуы эмоционалды сенімнен рационалды сенімге көшуді көрсетеді. Азаматтар нақты оң өзгерістерді көріп, реформалардың нәтижелерінің өз өмірлеріне жағымды әсерін сезінгендіктен Президенттің бағытын қолдайды. Президентке деген қоғамдық сенімнің жоғары деңгейі мен елдің даму бағытына берілген оң бағаның үйлесуі қоғамдағы жоғары деңгейдегі консолидацияны, әлеуметтік оптимизмді және қоғамдық-саяси тұрақтылықтың әлеуетін көрсетуі мүмкін. https://instdem.kz/saualnama_natigeleri
8,5 млн электронных справок и 5,6 млн онлайн-записей: цифровизация упростила получение медпомощи в Казахстане
Миллионы казахстанцев уже используют цифровые сервисы в сфере здравоохранения. Электронные справки, запись к врачу онлайн и современные цифровые решения помогают сделать получение медицинской помощи более удобным, быстрым и доступным для граждан.
В 2025 году в системе здравоохранения Казахстана оказано более 215 млн медицинских услуг, из них 190,8 млн, или 88,6%, предоставлены в электронном формате.
Одним из заметных результатов цифровизации стал переход медицинских документов в электронный формат. Сегодня оцифровано 12 видов медицинских справок, пять из них оформляются исключительно онлайн. За 2025 год гражданам выдано более 8,5 млн электронных медицинских справок — это в 2,2 раза больше, чем годом ранее.
Все больше жителей страны используют возможность записаться к врачу через цифровые сервисы. В 2025 году онлайн-записью воспользовались 5,6 млн граждан, что позволяет планировать посещение специалистов без дополнительных обращений в регистратуру.
Цифровые решения также помогают сокращать сроки ожидания важных диагностических исследований. Например, время ожидания ПЭТ/КТ удалось сократить с трех месяцев до двух недель.
Следующим этапом развития цифрового здравоохранения станет расширение возможностей раннего выявления рисков для здоровья. С 2026 года планируется обеспечить цифровое сопровождение ключевых групп населения, включая более 7 млн детей до 18 лет, около 5 млн женщин фертильного возраста и 400 тыс. беременных женщин.
Это позволит своевременно выявлять возможные риски, усиливать профилактическую работу и повышать качество медицинского наблюдения.
В дальнейшем планируется запуск новых цифровых сервисов: единого графика приема врачей по принципу онлайн-бронирования, портала e-Health и мобильного приложения для граждан, медицинских работников и организаций. Также будут развиваться инструменты обратной связи и подтверждения факта получения медицинской услуги.
Кроме того, продолжается перевод медицинских справок в полностью цифровой формат.
Цифровизация здравоохранения направлена на то, чтобы сделать медицинскую помощь более доступной, удобной и ориентированной на потребности каждого гражданина.
8,5 млн электрондық анықтама және 5,6 млн онлайн қабылдауға жазылу: цифрландыру Қазақстанда медициналық көмекті алуды жеңілдетті
Бүгінде миллиондаған қазақстандық денсаулық сақтау саласындағы цифрлық сервистерді пайдаланып келеді. Электрондық медициналық анықтамалар, дәрігердің қабылдауына онлайн жазылу және заманауи цифрлық шешімдер медициналық көмекті алу процесін азаматтар үшін ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етуде.
2025 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде 215 миллионнан астам медициналық қызмет көрсетілді. Оның ішінде 190,8 миллионы немесе 88,6%-ы электрондық форматта ұсынылды.
Цифрландырудың маңызды нәтижелерінің бірі – медициналық құжаттарды электрондық форматқа көшіру болды. Қазіргі таңда медициналық анықтамалардың 12 түрі цифрландырылды, оның бесеуі тек онлайн рәсімделеді. 2025 жылы азаматтарға 8,5 миллионнан астам электрондық медициналық анықтама берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп.
Ел тұрғындары дәрігердің қабылдауына цифрлық сервистер арқылы жазылу мүмкіндігін барған сайын жиі пайдалануда. 2025 жылы онлайн жазылу қызметін 5,6 миллион азамат қолданды. Бұл мамандардың қабылдауын тіркеу бөліміне жүгінбей-ақ алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
Цифрлық шешімдер маңызды диагностикалық зерттеулерді күту мерзімін де қысқартуға ықпал етуде. Мәселен, ПЭТ/КТ зерттеуін күту уақыты үш айдан екі аптаға дейін қысқарды.
Цифрлық денсаулық сақтауды дамытудың келесі кезеңі денсаулыққа төнетін қауіптерді ерте анықтау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталады. 2026 жылдан бастап халықтың негізгі топтарын цифрлық сүйемелдеуді қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Олардың қатарында 18 жасқа дейінгі 7 миллионнан астам бала, репродуктивтік жастағы шамамен 5 миллион әйел және 400 мың жүкті әйел бар.
Бұл ықтимал қауіп-қатерлерді уақтылы анықтауға, профилактикалық жұмысты күшейтуге және медициналық бақылаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта онлайн брондау қағидаты бойынша дәрігерлердің бірыңғай қабылдау кестесін, e-Health порталын және азаматтарға, медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымдарға арналған мобильдік қосымшаны іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар кері байланыс тетіктері мен медициналық қызметтің нақты көрсетілгенін растау құралдары одан әрі дамытылады.
Бұдан бөлек, медициналық анықтамаларды толықтай цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасады.
Денсаулық сақтау саласын цифрландырудың басты мақсаты – медициналық көмекті әрбір азамат үшін қолжетімді, ыңғайлы әрі оның қажеттіліктеріне бағдарланған ету.