Month: August 2026 (Page 30 of 40)

Әр адамның арманы – еліміздің ертеңі

Әр адамның арманы – еліміздің ертеңі

Бірақ арман қалай туады? Оны жоғарыдан таңып бере алмайсыз. Оны тек ести білу керек. Бүгін Қазақстанда осы идеяны шындыққа айналдыратын «Qazaq Dream» қысқаметражды фильмдер мен әдеби эссе шығармашылық байқауы басталды.

2026 жылғы 15 маусым мен 31 тамыз аралығында еліміздің кез келген азаматы «Сен қандай Қазақстанды армандайсың?» деген бір ғана сұраққа жауап ретінде қысқаметражды фильмін (ұзақтығы 3 минутқа дейін) немесе эссесін (А4 форматындағы 1-3 бет көлемінде) ұсына алады. Байқауға қатысушылар жұмысын қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде жолдауына болады.

Осылайша Қазақстан алғаш рет жалпыұлттық арман фестивалін ұйымдастырып, әрбір азаматты елдің болашағын бірге суреттеуге шақырып отыр. Іріктеу комиссиясы ұсынылған жұмыстарды сараптап, бағалайды, үздік 35 фильм мен кемінде 10 үздік эсседен тұратын шорт-парақты тізімдейді. Дәл осы жұмыстар Гран-при иегерлері мен көрермен көзайымы жүлдесінің жеңімпаздарын анықтайтын беделді қазылар алқасының қарауына ұсынылады. Жеңімпаздарды жалпы жүлде қоры 8 миллион теңге күтіп тұр.

«Бұл байқау – өз ойыңды айтуға, арманыңды асқақтатуға берілген мүмкіндік. Өз тілегіңді әдеби шығарма немесе кино тілі арқылы жеткізуге жол ашады. Бұл – баршаны бір ортақ идея төңірегіне топтастыра алатын бейне мен мағына іздеуге талпыныс. Бұл – ел тұрғындарын шын мәнінде біртұтас халыққа айналдыруға жасалған қадам», – деп атап өтті «Qazaq Dream» байқауының президенті, белгілі кинорежиссер, сценарист әрі жазушы Ермек Тұрсынов.

Жоба аясында байқаудың ішкі тынысын көрсететін медиа-шежіре – «Байқау күнделігі» жүргізіледі. Сонымен қатар іріктеу комиссиясының шорт-тізіміне енген қатысушылар туралы жобаға ерекше көрік беретін 10 шағын фильм түсіріледі.

«Qazaq Dream» байқауының қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында, 2026 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірілмей өтеді. Ең бастысы – қоғам үні мемлекет пен бизнес үшін қоғамдық сұраныстың өзіндік картасына айналмақ.

«Біз Америкалық арман ұғымының бірнеше ұрпақты, миллиондаған адамды қарапайым ғана: егер аянбай еңбек етсең, жақсы өмір құруға болады деген ұстаныммен шабыттандырып келгенін білеміз. Америкалық арман кәсіпкерліктің қозғаушы күшіне айналды. Ал, Сингапур арманы жаңа технократиялық мемлекеттің негізін қалады. Корей арманы кемелдікке ұмтылыстың символына айналды. Табысты әрбір ұлт ортақ арман мен ұжымдық ұмтылыс төңірегінде қалыптасады. Ал Қазақстандық арман қалай шабыттандыра алады?» – деп сауал тастады байқауға қатысушыларға «Qazaq Dream» бастамасының авторы, Centras Group компаниясының басшысы Елдар Әбдіразақов.

Байқау тұжырымдамасында: «Ұйымдастырушылар қазақстандық арманның қандай болуы керектігі туралы түсінікті ешкімге таңбайды», – деп нақты көрсетілген. Бұл жоба адамдардың жеке ой-пікірінен туындайтын арманға кеңістік қалыптастырады. Арман елдің болашағы туралы қоғамдық ой-пікірді білдірудің бір түріне айналады.
Бұл – мемлекеттік немесе коммерциялық байқаулардың көпшілігінен ерекшеленетін маңызды қағида. Мұнда «мынау дұрыс немесе теріс» деген нақты жауап жоқ, жоғарыдан бекітілген дайын үлгі де жоқ. Тек әр адам өз ойын жазатын ақ парақ бар. Ал сол парақ баршаның ортақ игілігіне айналар құндылық болмақ.
Жұмыстарыңызды мына сілтеме бойынша жолдаңыздар: https://qazdream.kgforum.kz/kk

17 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысу үшін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан келетін байқаушыларды аккредиттеу аяқталады.

17 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысу үшін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан келетін байқаушыларды аккредиттеу аяқталады.

Абай күні – ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасын ұлықтап оның тағылымды ойларын кейінгі ұрпаққа жеткізетін маңызды күн.

Абай күні – ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасын ұлықтап, оның тағылымды ойларын кейінгі ұрпаққа жеткізетін маңызды күн.

Абайдың білімге, еңбекке, адамгершілікке үндеген өсиеттері бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Бүгін – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туған күні.

Бүгін – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туған күні.

Абай мұрасы – халқымыздың рухани байлығы. Оның шығармалары білімге ұмтылуға, адал еңбек етуге, елге қызмет етуге шақырады.

⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы

⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы
 
Құрметті отандастар!
 
Баршаңызды Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлы ойшылдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы әлемдік және ұлттық мәдениеттің асыл қазынасы қатарынан айрықша орын алады. Абай ілімі – рухани шамшырағымыз, айнымас темірқазығымыз. Ақын жұртшылықты толғандыратын көкейкесті мәселелерді бүкпесіз айтып, халқымызды бейқамдық пен жалқаулықтан аулақ болуға шақырды. Хакімнің «Толық адам» идеясы – әрбір азаматты рухани кемелденуге үндейтін және ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын мазмұны терең тұжырым.

Биыл Абай күні елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстанның Халық Конституциясы заңды күшіне еніп, биліктің барлық институттарын түбегейлі жаңғырту үдерісі басталды. Бұл – шын мәнінде, ұзақ мерзімге арналған даму бағдарымызды айқындайтын ерекше кезең. Көп ұзамай ел тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы Парламент реформаларды сапалы әрі тиімді жүзеге асыруға тың серпін беретіні сөзсіз.

Бұл өзгерістердің түпкі мәні – жасампаздық құндылықтарын азаматтардың санасына сіңіріп, Қазақстанның тың қарқынмен дамуына жол ашу. Біз қоғамда жаңа этиканы қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту және гуманистік идеалдарды дәріптеу барысында әрдайым Абайға жүгінеміз. Ұлы ақын халықтың болашағы үшін білімпаздық, еңбекқорлық, жауапкершілік сынды қасиеттер өте маңызды екенін ұғындырды, көрегендік танытып, жұртты бірлік пен келісімді сақтауға шақырды. Абай қара сөздерінің тағылымы қазіргі Қазақстанның құндылықтарымен толық үндеседі. «Адал Азамат», «Таза Қазақстан», «Заң мен Тәртіп» тұғырнамалық идеялары – Абай армандаған берекелі қоғамның берік негізі. Сондықтан, біз Әділетті, Озық әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз.

Ұлы ойшылдың мол мұрасы алдағы уақытта да өскелең ұрпақты шынайы отаншылдық пен туған елге сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу ісінде рухани азық болады деп сенемін.

Баршаңызға амандық және табыс тілеймін!

Абай күні құтты болсын!
 
t.me/aqorda_resmi

Астанада Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты

Астанада Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты

Comic Con Astana 2026 халықаралық фестивалі өткен «Барыс Арена» және «Алау» мұз сарайы алаңдарында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында экологиялық акция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Фестивальдің қорытынды күнінде алаңға Тазабек маскоты да келді. Ол «Барыс Арена» сахнасына шығып, жүргізушімен бірге қонақтарға тазалықты сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын еске салды.
Негізгі бағдарлама аяқталғаннан кейін елорда тұрғындары мен қонақтары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылды. Қатысушылар фестиваль алаңдарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және қала тазалығын сақтау идеясын қолдады.

ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1271071?lang=kk
« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders NorenUp ↑