Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда білім жүйесін дамытуға баса назар аударылатынын атап өтті.
Соңғы жеті жылда бұл салаға бөлінетін қаржы үш есе артып, 6,4 трлн теңгеге жетті. Кейінгі бес жылдың ішінде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1120 мектеп салынды. 5 мыңнан астам ауыл мектебінің материалдық-техникалық қоры жаңартылды. «Келешек мектептері» жобасы аясында 460 мың оқушыға арналған 217 мектеп салынды. Келесі жылы әрбір өңірде, соның ішінде мектептерге сұраныс бар аудандарда сапалы оқу орындарының құрылысы жалғасады.
«Педагог мәртебесі туралы» арнайы заңға толықтыру енгізіліп, ұстаздарға қосымша құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер берілді.
«TALIS-2024 зерттеуінің нәтижесіне сәйкес, Қазақстан мұғалімдердің беделін нығайту көрсеткіші жөнінен 2-орында тұр. «Ұстазды қадірлей білу – өркениетті қоғамға тән қасиет. Біз ұлт сапасын арттырамыз десек, бірінші кезекте мұғалімдерге барынша қолдау көрсетуіміз керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным», – деді Президент.
🔶Бірінші шілде күні күшіне енген жаңа Конституцияда білім саласына айрықша мән берілді, яғни адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамыту еліміздің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды, деді Мемлекет басшысы тамыз конференциясының пленарлық отырысында.
Сондай-ақ Президент 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына назар аударды.
«Жаңа буын өкілдері саяси науқанды жандандыра түскені сөзсіз. Халыққа адал қызмет еткісі келетін, жауапкершіліктен тайсалмайтын, жаңашыл адамдардың бәріне бірдей мүмкіндік берілді. Түптеп келгенде, бұл – қалыпты, яғни эволюциялық үдеріс. Осы орайда саяси партиялардың белсенділігін, олардың идеологиялық ұстанымдарын, кәсіби деңгейін ерекше атап өткім келеді. Саяси дода кезінде ел болашағына тікелей ықпал ететін ұтымды ұсыныстар айтылды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
🔶Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі.
Ұстаздардың биылғы жиыны «Адам капиталы, білім, прогресс – Халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары» тақырыбына арналып отыр.
«Ұстазды ұлықтаған елдің келешегі жарқын болары айдан анық. Ұлы Абай 38-ші қара сөзінде адамның адамдығы жақсы ұстаздан болатынын айтқан. Сіздер жас буынға терең білім беріп, саналы, озық ойлы және отаншыл ұрпақ тәрбиелеуге зор еңбек сіңіріп жүрсіздер. Осылайша, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға атсалысып келесіздер», – деді Мемлекет басшысы.
🔷Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на пленарном заседании Республиканской Августовской конференции.
В этом году работа форума педагогов посвящена теме «Человеческий капитал, знание и прогресс – ключевые ценности Народной Конституции».
«Очевидно, что страну, в которой учитель пользуется уважением, ждет светлое будущее. Великий Абай в своем 38-м слове назидания говорил, что человечность формируется в человеке благодаря хорошему наставнику. Вы вносите огромный вклад в воспитание образованного, мыслящего, прогрессивного и патриотичного молодого поколения, активно участвуя в формировании конкурентоспособной нации», – сказал Глава государства.
⚡️Мемлекет басшысы ұстаздар қауымын дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуымен құттықтады
«Бүгінгі жиынға Қазақстанның барлық аймағынан ұлағатты ұстаздар арнайы келіп отыр.
Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі, бұл – нағыз ақиқат.
Бүгін өте ұтымды, мазмұнды баяндамаларды тыңдадық, тиімді пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Сөз сөйлеген ұстаздарға, бүкіл мұғалімдер қауымына ризашылығымды, ілтипатымды білдіремін. Тиісті министрлік, жалпы Үкімет айтылған мәселелерді үнемі назарда ұстауы керек. Бұл жұмысты аса маңызды стратегиялық міндет деп түсіну қажет.
Ұстазды ұлықтаған елдің келешегі жарқын болары айдан анық. Ұлы Абай 38-ші қара сөзінде адамның адамдығы жақсы ұстаздан болатынын айтқан.
Сіздер жас буынға терең білім беріп, саналы, озық ойлы және отаншыл ұрпақ тәрбиелеуге зор еңбек сіңіріп жүрсіздер. Осылайша, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға атсалысып келесіздер».
Қазақстандағы радиациялық фон: 2026 жылғы өлшеулер нені көрсетті — маман түсіндірді
Радиациялық жағдай тұрақты бақылауда. 2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы гамма-сәулелену дозасының орташа қуаты сағатына 0,13 микрозивертті құрады, ал бақылау деңгейі сағатына 0,57 микрозиверт белгіленген, деп хабарлайды DKNews.kz.
Атом электр станциясы салынатын аумақта радиациялық мониторингтің қалай жүргізілетіні және оның неге станция іске қосылғанға дейін басталатыны туралы Мади Нұрбекұлы Азбергенов, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-нің Энергетика тобының жетекші инженері айтып берді.
0,13 және 0,57 микрозиверт: айырмашылық 4,4 есе
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 2026 жылдың бірінші тоқсанында ел бойынша гамма-сәулелену дозасының орташа қуаты сағатына 0,13 микрозиверт болған.
Бақылау деңгейі сағатына 0,57 микрозиверт. Демек, орташа республикалық көрсеткіш одан шамамен 4,4 есе төмен.
Бірақ ел бойынша бір орташа сан нақты бір елді мекендегі немесе болашақ АЭС орналасатын аумақтағы жағдайды толық сипаттай алмайды. Сондықтан радиациялық мониторинг бір реттік өлшемге емес, тұрақты бақылау желісіне және уақыт бойынша жиналған деректерді салыстыруға сүйенеді.
Гамма-жағдай 89 метеостанцияда күн сайын өлшенеді
Қазақстандағы радиациялық бақылау АЭС салу жоспарымен бірге пайда болған жүйе емес.
2026 жылдың бірінші тоқсанында гамма-жағдай 89 метеорологиялық станцияда және 9 автоматты бақылау бекетінде күн сайын өлшенген.
Тағы 17 облыстағы 43 станция радиоактивті түсулерді бақылаған.
Бұл желі ел ауқымындағы радиациялық жағдайды бағалауға мүмкіндік береді. Ал атом электр станциясы орналасатын аудан үшін бақылау әлдеқайда егжей-тегжейлі жүргізілмек.
АЭС-тегі мониторинг станция іске қосылмай тұрып басталады
Радиациялық бақылаудың ең маңызды ерекшеліктерінің бірі — оның АЭС электр энергиясын өндіре бастағаннан кейін емес, одан әлдеқайда бұрын басталуы.
«Мониторингтің бірінші кезеңі АЭС пайдалануға берілгенге дейін басталады», — дейді Мади Азбергенов. Мамандар алдымен аумақтың табиғи радиациялық жағдайын зерттейді. Оның жыл мезгіліне, ауа райына, су деңгейіне және басқа табиғи факторларға байланысты қалай өзгеретінін анықтайды.
Бұл мәліметтер кейінгі өлшеулер үшін бастапқы нүкте болады.
Яғни станция іске қосылғаннан кейін алынған көрсеткіштер ел бойынша орташа мәнмен ғана емес, сол аумақтың АЭС салынғанға дейінгі табиғи радиациялық жағдайымен салыстырылады.
Осы тәсіл табиғи ауытқулар мен қосымша зерттеуді қажет ететін өзгерістерді ажыратуға мүмкіндік береді.
Ауа, су, топырақ пен өсімдіктер тексеріледі
АЭС маңындағы радиациялық мониторинг бір ғана дозиметрмен шектелмейді.
Бақылау жүйесі ауаның, судың, топырақтың және өсімдіктердің радиациялық жағдайын қамтиды. Арнайы таңдалған нүктелерде гамма-жағдай тұрақты өлшеніп, зерттеу үшін сынамалар алынады.
Қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдері мен қоршаған ортаның басқа объектілері де зерттеледі.
Бақылау пункттері кездейсоқ таңдалмайды. Олардың орналасуын айқындау кезінде жер бедері, желдің басым бағыттары, су объектілерінің ерекшеліктері және елді мекендердің орналасуы ескеріледі.
Бұл АЭС аумағының өзін ғана емес, өнеркәсіптік алаңнан тыс қоршаған ортаны да бақылауға мүмкіндік береді.
АЭС қызметкерлері жеке дозиметр қолданады
Радиациялық бақылаудың тағы бір деңгейі тікелей атом станциясының ішінде жүргізіледі.
Өндірістік үй-жайлар, жабдықтар, желдету жүйелері және басқа объектілер бақыланады.
Персонал жеке дозиметрлерді пайдаланады. Ал автоматтандырылған жүйелер белгіленген бақылау нүктелеріндегі радиациялық жағдайды үздіксіз қадағалайды.
Осының нәтижесінде екі бөлек деректер ағыны қалыптасады: біріншісі станция ішіндегі жағдайды, екіншісі қоршаған ортаның жай-күйін көрсетеді.
АЭС операторы өзін өзі ғана бақыламайды
Радиациялық қауіпсіздік мәселесіндегі негізгі сұрақтардың бірі — станцияны пайдаланушы ұйымның жұмысын кім тексеретіні.
Пайдаланушы ұйым өндірістік бақылау жүргізеді, бірақ ол мемлекеттік қадағалаумен толықтырылады.
«Пайдаланушы ұйым жүргізетін бақылау мемлекеттік қадағалаумен толықтырылады», — дейді Азбергенов. Қазақстанда бұл функцияларды Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті орындайды.
Уәкілетті органдар радиациялық қауіпсіздік талаптарының, санитариялық қағидалардың және лицензия шарттарының сақталуын тексереді.
Яғни жүйеде екі деңгей бар: оператор объектінің жағдайын тұрақты бақылауға міндетті, ал мемлекеттік орган белгіленген талаптардың орындалуын қадағалайды.
АЭС маңында бақылау бекеттері көбірек болады
Қазақстан бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік радиациялық мониторинг желісі жалпы жағдайды көрсетеді.
Алайда АЭС орналасатын аудан үшін бақылау пункттерінің неғұрлым тығыз желісі және бақыланатын көрсеткіштердің кеңейтілген тізбесі бар жеке бағдарлама әзірленеді.
«Атом электр станциясын орналастыру ауданы үшін бақылау пункттерінің неғұрлым тығыз желісі және бақыланатын көрсеткіштердің кеңейтілген тізбесі бар жеке мониторинг бағдарламасы әзірленуде», — дейді Мади Азбергенов. Мұндай жүйе станция пайдалануға берілгенге дейін қоршаған ортаның бастапқы жағдайы туралы дерек жинауға, ал кейін сол көрсеткіштерді АЭС жұмысы кезіндегі нәтижелермен салыстыруға мүмкіндік береді.
Радиациялық мониторинг үшін жеке өлшемнен гөрі ұзақ уақыт бойы қалыптасқан деректер қатары маңызды. Өйткені көрсеткіштің өзі ғана емес, оның белгілі бір аумақтағы табиғи фонға қатысты қалай өзгергені де бағаланады.
Радиациялық бақылау АЭС іске қосылғаннан кейін басталмайды
АЭС маңындағы бақылаудың логикасы бірнеше кезеңнен тұрады.
Алдымен табиғи радиациялық жағдай тіркеледі. Одан кейін маусымдық және табиғи өзгерістер зерттеледі. Станция жұмысын бастаған соң өндірістік радиациялық бақылау, қоршаған орта мониторингі және мемлекеттік қадағалау қатар жалғасады.
2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан бойынша гамма-сәулелену дозасының орташа қуаты сағатына 0,13 микрозиверт болды. Бұл сағатына 0,57 микрозиверттік бақылау деңгейінен шамамен 4,4 есе төмен.
АЭС орналасатын аумақта осы жалпыұлттық бақылауға қосымша неғұрлым тығыз әрі кеңейтілген мониторинг желісі жұмыс істеуге тиіс.
Степногорскіде әлеуметтік инфрақұрылым мен өндіріс қатар дамып келеді
Степногорск қаласында әлеуметтік нысандар жаңартылып, ауыл шаруашылығының қажеттіліктеріне бағытталған өндіріс орындары дамып келеді. Пресс-тур барысында журналистер күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектепке, балық өсіру өндірісіне және өсімдіктерді қорғау құралдарын шығаратын зауытқа барды. Маршруттың алғашқы нысаны Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 жалпы білім беретін мектеп болды. Мектеп 1964 жылғы 18 қыркүйекте ашылған, биыл оған 62 жыл толып отыр. Ғимаратқа жүргізілген техникалық тексеруден кейін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданған. Жөндеу жұмыстары өткен жылы басталып, екі жылға жоспарланған. Бірінші кезеңде терезелер толық ауыстырылып, қасбеті мен жылыту жүйесі жаңартылды. Биыл сумен жабдықтау және кәріз жүйелері, шатыр жаңартылып, едендер ауыстырылды, бөлмелердің ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, төбелер орнатылды. Қазір жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Мектеп 1 қыркүйекте оқушыларға есігін ашуы тиіс. Жаңа оқу жылында мұнда 24 бірінші сынып оқушысын қабылдау жоспарланып отыр, яғни бір сынып-жиынтық жасақталған. «Өткен жылдан бері мектебімізде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінде жұмыстар аяқталуға жақын. Соңғы жұмыстар ғана қалды, 1 қыркүйекте жаңарған мектебіміз оқушыларға есігін ашады», – деді мектеп басшысының міндетін атқарушы Асель Есенаманова. Әлеуметтік нысаннан кейін журналистер өндірістік нысандарға барды. «Прогресс-Агро» ЖШС-да балық өсіру цехының жұмысы көрсетілді. Мұнда уылдырықты инкубациялау және шабақты 50 грамға дейін өсіру жұмыстары жүргізіледі. Процесс бірнеше кезеңнен тұрады. Инкубациядан кейін уылдырық шабақ өсіру цехында 20–30 грамға дейін өсіріліп, кейін салмағы шамамен 50 грамға жететін өсіру цехына ауыстырылады. «Біз уылдырық сатып алып, оны инкубациялаймыз. Одан кейін шабақ өсіру цехында 20–30 грамға дейін өсіріп, өсіру цехына ауыстырамыз. Бір жыл ішінде 10 килограмм уылдырықтан салмағы 50 грамм болатын шамамен 6 тонна шабақ аламыз», – деді балық өсіру цехының аға шебері Александр Дербенко. Балық өсіру бағытында ауысыммен төрт маман жұмыс істейді. Сонымен қатар «Прогресс-Агро» ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарына арналған жемшөп қоспаларын өндірумен айналысады. Бұл бағыттың өндірістік қуаты тәулігіне 11 тоннаға дейін жетеді. Пресс-турдың келесі нысаны өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық құралдар өндірілетін «ASTANA-NAN CHEMICALS» ЖШС болды. Кәсіпорын агрохимиялық өнімдердің отандық өндірушісі болып табылады. Барлық препараттар Ауыл шаруашылығы министрлігінде тіркелген, сондай-ақ жаңа өнімдерді тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Зауытта автоматтандырылған режимде жұмыс істейтін 13 өндірістік желі бар. Өндірістік қуаты жылына 50 миллион литрге дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді. «Біздің зауыттың қуаты – жылына 50 миллион литрге дейін. Қазақстан Республикасының қажеттілігін толық қамтамасыз ете аламыз. Алайда бүгінде ресейлік және қытайлық өндірушілермен қатаң бәсекелестік жағдайында жұмыс істеп жатырмыз», – деді филиал директоры Талғат Уали. Өндірістік процестердің басым бөлігі автоматтандырылған. Қол еңбегі негізінен компоненттерді реакторға жүктеу кезінде пайдаланылады, ал өнімді түсіру және қаптау автоматты түрде жүзеге асырылады. Кәсіпорында 180 адам жұмыс істейді. Сонымен қатар шамамен 45 бос жұмыс орны бар. Жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары. Атап айтқанда, дәнекерлеушілер, кран машинистері, ауыр жүк көліктері мен тиегіш жүргізушілері, тракторшылар қажет. Пресс-тур бағыты Степногорстың бүгінгі дамуы тек қалалық инфрақұрылымды жаңартумен шектелмейтінін көрсетті. Қалада әлеуметтік нысандар жаңғыртылып, ауыл шаруашылығына қажетті өндіріс бағыттары да дамып келеді. Бұл өзгерістердің артында нақты нысандар, білікті мамандар және күнделікті еңбек тұр. Осындай жобалардың нәтижесінде Степногорстың бүгінгі келбеті біртіндеп қалыптасып келеді.
Жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер маңындағы қауіпсіздік күшейтіледі Ақмола облысында жаңа оқу жылының басталуына орай мектептер маңындағы жолдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілуде. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Ақмола облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Данияр Аманжолов мәлімдеді. Полиция жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, білім беру ұйымдарына жақын орналасқан жолдарды тексерді. Жол белгілері мен жол таңбаларының, жаяу жүргіншілер өткелдерінің, жарықтандыру мен қоршаулардың жағдайы қаралды. Мектептер маңына 900-ге жуық «Абайлаңыз, балалар!» белгісі, 700-ге жуық «Жаяу жүргіншілер өткелі» белгісі және 500-ге жуық жылдамдықты шектеу белгісі орнатылды. Сонымен қатар 200-ге жуық жасанды жол кедергісі жасалып, 300-ге жуық білім беру ұйымының маңындағы жол таңбалары жаңартылды. Сонымен қатар іргелес аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 200-ге жуық нысанда жарықтандыру орнатылып, шамамен 80 нысанда тротуарлар жаңартылды, 120-дан астам нысанда автотұрақтар жабдықталды. Полиция жүргізушілерді жылдамдықты төмендетіп, мектептер маңындағы жол учаскелерінде, әсіресе сабақ басталып, аяқталатын уақытта барынша мұқият болуға шақырады.
Үкімет 2029 жылға дейін Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс қимыл жоспарын бекітті Қазақстан Республикасы Президентінің «Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы» Жарлығын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Іс-қимыл жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Жоспар цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізудің үш негізгі бағытын қамтиды, олар – азаматтардың, бизнес пен экономиканың мүддесі үшін, сондай-ақ мемлекеттік аппаратта енгізу.
Жоспардың басымдықтарының бірі – білім берудің барлық деңгейінде ЖИ-ді жаппай енгізу. AI-SANA бағдарламасын кеңінен тарату шеңберінде 2029 жылға қарай мектептер, колледждер мен ЖОО түлектерінің кемінде 80%-ы ЖИ-дің базалық дағдыларын меңгеруі тиіс. Сонымен бір мезгілде студенттерді тереңдетіп оқыту және педагогтердің біліктілігін арттыру шаралары да кеңейтіледі. 2028 жылға қарай жоғары оқу орындары мен колледждердің кемінде 80%-ы білім беру процестеріне жасанды интеллект технологияларын енгізеді және экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес бағдарламаларды жаңартады.
Денсаулық сақтау саласын цифрландыру деректерді басқарудың бірыңғай жүйесіне көшуге және бетпе-бет жүгінудің қажет етпейтін сервистерді кеңінен пайдалануға бағытталатын болады. 2029 жылға қарай медициналық self-service сервистерін пайдаланатын азаматтар санын едәуір ұлғайту, нақты уақыт режимінде деректер алмасу арқылы бірыңғай цифрлық контурға көбірек медициналық ұйымдарды біріктіру және клиникалық шешімдер қабылдау кезінде жасанды интеллектіні қолдану аясын кеңейту жоспарлануда.
Жоспардың жеке бағыты қалалық ортаның қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырумен байланысты. Өңірлерде интеллектуалды мониторинг және талдау жүйелерін қоса алғанда, AI Native cities®️ions шешімдерін енгізу жалғасады. Оларды қолдану оқиғаларға тезірек жауап беруге, қауіпсіздік қызметтері жұмысының тиімділігін арттыруға және басқару мен мониторингтің ЖИ-платформалары есебінен ірі қалалардағы көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметтер және әлеуметтік қолдау саласында азаматтардың артық жүрісінің уақыты мен санын қысқартуға баса назар аударылды. Жоспар жасанды интеллектіні, белсенді қызметтерді, автоматты түрде қол қоюды және процестерді автоматтандыруды анағұрлым кеңінен қолдану мүмкіндіктерін қарастырады. 2029 жылға қарай мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну уақыты кем дегенде 50%-ға қысқаруы тиіс.
Бизнес пен экономиканың мүддесі үшін цифрлық трансформация энергетика, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, логистика және агроөнеркәсіптік кешен сияқты негізгі салаларды қамтиды. Жылу-энергетика кешенінде 2029 жылға қарай активтердің кемінде 70%-ы цифрлық мониторингке қосылады. Бұл олардың жай-күйін нақты уақыт режимінде бақылауға және сенімділікке төнетін тәуекелдерді алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар энергия ресурстарының қозғалысын бастан-аяқ цифрлық қадағалау жүйесі кеңейтіледі.
Құрылыста цифрлық тәсіл нысандардың жобалау кезеңінен бастап пайдалануға берілгенге дейінгі бүкіл өмірлік циклін қамтиды. 2029 жылға қарай техникалық күрделі жаңа нысандардың 100%-ын бірыңғай цифрлық контурда сүйемелдеу жоспарлануда.
Көлік және логистика саласында цифрландыру жүктердің бүкіл қозғалыс бағытын — өткізу пункттерінен өтуінен бастап негізгі көлік дәліздері мен мультимодальды тораптар арқылы тасымалдануына дейін қамтиды. Негізгі міндеттердің бірі – жүк автокөлігінің басым өткізу пункттері арқылы өту уақытын қысқарту болады. Ол үшін тасымалдау туралы деректерді алдын ала алуға және өңдеуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ қолмен орындалатын операциялардың санын азайтатын цифрлық құралдарды қолдану аясын кеңейту жоспарлануда.
Smart Cargo-ны дамыту аясында басым жүк тасымалдары цифрлық паспортпен және бүкіл маршрут бойынша трекинг жүйесімен сүйемелденеді. Бұл жүктің бүкіл бағыт бойынша қозғалысын бақылауға және логистикалық процестердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар негізгі көлік дәліздері, өткізу пункттері мен мультимодальды тораптар интеллектуалды көлік аналитикасымен қамтылады. Бұл инфрақұрылымның жүктемесін жедел бағалауға, көлік ағындарын басқаруға және «тар жолдар» туындаған жағдайда шешімдерді жылдам қабылдауға мүмкіндік береді.
АӨК-те цифрлық шешімдер ауыл шаруашылығы өндірушілерінің тиімділігін арттыруға және заманауи басқару құралдарына қолжетімділікті жеңілдетуге бағытталады.
Шағын және орта бизнес үшін әкімшілік жүктемені азайтуға және цифрлық шешімдерді нысаналы түрде енгізуге басымдық беріледі. Кәсіпорындар цифрлық жетілу деңгейін бағалаудан өтіп, цифрландыру бойынша жеке жол карталарын ала алады. Цифрлық комплаенс пен тәуекелге бағдарланған қадағалауды қолдану тәуекел деңгейі төмен ШОБ субъектілерін физикалық тексеру санын азайтуға мүмкіндік береді.
Салық саласында салықтық әкімшілендірудің интеллектуалды моделіне көшу көзделуде. Бұл ретте процестердің едәуір бөлігі салық төлеушінің қосымша қатысуынсыз автоматты түрде жүзеге асырылады. Мұндай тәсіл «көзге көрінбейтін» салықтық әкімшілендіруді қалыптастыруға және көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға бағытталған.
Жоспардың жеке бір бөлігі қаржы секторын, екінші деңгейдегі банктер мен квазимемлекеттік компанияларды цифрлық трансформациялауға арналған. 2028 жылға қарай екінші деңгейдегі банктердің кемінде 80%-ын ақпаратпен қауіпсіз алмасудың цифрлық жүйесіне қосу жоспарланып отыр. Жеке тұлғаларға өнімдер ұсынатын және Бірыңғай цифрлық платформаға қосылған қаржы ұйымдарының нарығы үшін де осындай көрсеткіш көзделген.
Квазимемлекеттік секторда цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу де нақты өлшенетін экономикалық нәтиже беруі тиіс. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның портфельдік компанияларында цифрлық және AI-бастамалардың EBITDA өсіміне қосатын үлесін жылына 5%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Ал «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-да 2029 жылға қарай инвестициялық жобалардың 100%-ын AI-мониторингпен қамту жоспарланып отыр.
Жоспар бағыттарының бірі – отандық IT-индустрияның бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға және оның сыртқы нарықтардағы қатысуын кеңейтуге байланысты. 2029 жылға қарай IT-қызметтер мен цифрлық шешімдер экспортының көлемін кемінде 50%-ға ұлғайту жоспарланып отыр. Жаңа технологиялық экономиканы қалыптастыру үшін робототехника саласындағы өңірлік құзыреттер орталықтарын дамыту және коммерциялық жобаларды жүзеге асыратын отандық интеграторларды қолдау көзделген.
Цифрлық инфрақұрылымды дамытуда «ДӨО алқабына» маңызды роль беріледі. Жоба Қазақстанға жаһандық технологиялық және бұлтты технологиялар саласындағы серіктестерді тартуға, заманауи есептеу қуаттарын орналастыруға және жасанды интеллектіні ауқымды енгізу үшін база құруға бағытталған. Бұл ел ішінде деректерді өңдеу мен сақтаудың мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа AI-сервистерді іске қосуға және отандық цифрлық индустрияны дамытуға жол ашады.
Цифрлық мемлекетті дамыту киберқауіпсіздік талаптарын күшейтумен қатар жүреді. Жоспарда мемлекеттік ақпараттық жүйелердің қорғалу деңгейін арттыру, кибермәдениетті дамыту және халықты цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану жөнінде хабардар етуді арттыру көзделген. «Цифрлық үкімет» нысандары азаматтарға өздерінің дербес ақпаратын пайдалануды неғұрлым ашық бақылауға мүмкіндік беретін «Дербес деректерге қолжетімділікті бақылау» сервисіне қосылады. Дереккөз: primeminister.kz
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстан өңірлерінде жаңа өндірістер, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар ашылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен аптада келесідей өндірістер, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандары іске қосылды:
Қызылордада халықтың әлеуметтік осал санаттарының ішінде кезекте тұрғандарға 90 пәтердің кілті табысталды. 4 жыл ішінде өңірде 30 мыңнан астам кезекте тұрғандар тұрғын үймен қамтамасыз етілді, 2026-2027 жылдары 25 мың адамға 62 мыңнан астам пәтер тапсыру жоспарлануда.
Ақмола облысының Аршалы кентінде мұқтаждар санатындағы 47 отбасы жаңа 100 пәтерлі үйден пәтер алды.
Ақтөбе облысының Жабасақ ауылына көгілдір отын келді. 43 шақырымдық негізгі құбыр және 12,6 шақырымдық кентішілік газ құбыры тартылып, бес жүзден астам тұрғын газға қол жеткізді.
Көлік инфрақұрылымы
Арқалықта 30 жылдан кейін қала әуежайы кең ауқымды реконструкциядан өткізілгеннен кейін тұрақты әуе қатынасы қайта жанданды. Аптасына 2 рет Астана – Арқалық; Алматы – Арқалық; Қостанай – Арқалық бағыттары бойынша рейстер іске қосылды.
Павлодар әуежайында ұшу-қону жолағын реконструкциялау аяқталды. Заманауи әуе кемелерін қабылдау үшін ұшу-қоны жолағы 45 метрден 60 метрге дейін кеңейтілді. Субсидияланатын Астана-Павлодар бағыты іске қосылды. 1 қыркүйекте күнделікті Павлодар-Алматы және Павлодар-Новосібір рейстері қайта қатынай бастайды.
Теміржол вокзалдарын жаңғыртудың жалпы республикалық бағдарламасы аясында тағы екі ірі нысанда жұмыстар аяқталды. Бүгінгі таңда Қазақстанда 74 вокзал салынды және реконструкцияланды:
Ақтөбеде жалпы ауданы 7 мың шаршы метрден астам теміржол вокзалы жаңартылып, қайта ашылды. Кешен тәулігіне 6 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады. Ғимаратта қасбет, шатыр, күту залдары, желдету және ауаны баптау жүйелері жаңартылды, платформа жаңа қалқа шатырлармен жабылып, қауіпсіздік жүйелері іске қосылды және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасалды.
Қостанай облысында Тобыл стансасының теміржол вокзалының ғимаратына жүргізілген реконструкция жұмыстары аяқталды. Станса тәулігіне 2 жолаушы платформасына және 13 жұп пойызға қызмет көрсетеді, орташа тәуліктік жолаушылар ағыны – шамамен 235 адам.
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 2024 жылғы су тасқыны кезінде қираған Ойыл ауылына баратын автожол бойындағы 280 метрлік көпір пайдалануға берілді. Нысан «Батыс Қазақстан – Оңтүстік Қазақстан» транзиттік дәлізіне кіреді.
Тамақ өнеркәсібі
Қостанай облысында «Баян Сұлу» фабрикасының «Кондитерлік астана» атты кешені іске қосылды. Қуаты жылына 16,6 мың тонна өнім өндіруге жететін жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылды. Осылайша кәсіпорынның жалпы қуаты жылына 85 мыңнан 101 мың тоннаға дейін артып отыр.
#АӨК #Инфрақұрылымдық даму #Көлік #Логистика #Президенттің тапсырмасы Дереккөз: primeminister.kz