Қазақстанның жаңа дәуірі ғылыми олимпиадалардың жас жеңімпаздарын құрметтеуден басталады













Қазақстанның жаңа дәуірі ғылыми олимпиадалардың жас жеңімпаздарын құрметтеуден басталады













Ресейден келген халықаралық байқаушы Қазақстандағы сайлаудың ақпараттық сүйемелдеу жағы жоғары деңгейде болғанын айтты Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары мен сайлау комиссиялары Құрылтай сайлауын тұрақты әрі жедел ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етті. Күні бойы дауыс беру барысы мен азаматтардың белсенділігі туралы елдің әр өңірінен ақпарат үздіксіз келіп отырды. Соның арқасында сайлаушылар мен халықаралық байқаушылар сайлау барысын іс жүзінде нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік алды. Ақпараттық сүйемелдеудің жоғары деңгейде болғанын Ленинград облысының сайлау комиссиясының төрағасы Михаил Лебединский мәлімдеді.
Михаил Лебединскийдің халықаралық байқау саласында мол тәжірибесі бар: 2013 жылдан бері ол ТМД елдеріндегі сайлау науқанына сарапшы әрі байқаушы болып қатысып келеді. Оның айтуынша, Қазақстан бұған дейін де сайлауды жоғары деңгейде ұйымдастырумен көзге түскен. Алайда бұл жолы сайлаушыларға жасалған жағдай мен өзгеріс ерекше байқалған.
«Мен Қазақстанға бірнеше рет келдім, келген сайын сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын үнемі айтып жүретінмін. Сайлау комиссиясының мүшелерін оқыту мен бірыңғай стандартты қалыптастыру бойынша көп жұмыс істелгені көрініп тұр. Бұл жолы сайлаушыларға көңілдің айрықша бөлінгені қуантты: арнайын әзірленген бағыттағыштар жұртқа учаскені тез табуға көмектесті. Бір қарағанда ұсақ-түйек болып көрінетін осындай дүниелер дауыс беруді айтарлықтай ыңғайлы етеді», – деп өз ойымен бөлісті Михаил Лебединский.
Ресей Федерациясынан келген халықаралық байқаушылар бір күнде шамамен 20 сайлау учаскесіне барды. Олар дауыс беру барысын ғана емес, сонымен қатар учаскелердің жабылуын, пайдаланылмаған бюллетеньдердің жойылуы мен дауысты санау процесін де бақылаған.
Спикер сайлаудың ақпараттық сүйемелдеу жағына да тоқталды. Дауыс беру барысы мен азаматтардың белсенділігі туралы жаңалықты бұқаралық ақпарат құралдары, Орталық сайлау комиссиясы мен аумақтық сайлау комиссиясы үзбей жариялап отырды. Соның арқасында сайлаушылар мен халықаралық байқаушылар күні бойы барлық өңірден жедел ақпарат алып отырған.
Михаил Лебединский Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне кәсіби әрі ашық жұмыс істегені үшін алғыс білдірді. Оның пікірінше, сайлау қатаң бақыланатын процесс ғана емес, сонымен бірге әркім өз ойын еркін білдіретін маңызды қоғамдық оқиға болып қала беруі тиіс.

«Халық үні» Құрылтай сайлауын бақылау қорытындысын жариялады
Алматыда «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы Құрылтай сайлауы күні жүргізілген қоғамдық бақылаудың қорытындысын шығарды. Байқаушылар сайлау учаскелерінде өрескел заң бұзушылықтар тіркелмегенін мәлімдеп, Алматыдағы сайлауға қатысудың жоғары көрсеткішін азаматтық белсенділік пен қоғамдық сананың артуымен байланыстырды.
Баспасөз конференциясына қоғам қайраткерлері мен байқаушылар – Дос Көшім, Ермұрат Бәпи, Бекнұр Қисықов, Нұргелді Әбдіғаниұлы және Нұрболат Нышанбай қатысты.
Спикерлердің айтуынша, «Халық үні» байқаушылары Қазақстанның 11 қаласындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру барысына мониторинг жүргізген. Олар бақылаудың мұндай ауқымы еліміздің әр өңіріндегі сайлау барысын жан-жақты әрі объективті бағалауға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Қозғалыстың негізгі штабы Алматы қаласында орналасты. Сонымен қатар «Халық үні» жақтастары мен байқаушылар желісі еліміздің бірқатар өңірін қамтыды. Бақылау Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Семей, Тараз, Қонаев және Талдықорған қалаларында жүргізілді.
Байқау миссиясына дайындық алдын ала басталған. 11 қалада мыңнан астам азамат электоралдық бақылау әдістері бойынша арнайы даярлықтан өтті.
Дауыс беру күні «Халық үні» байқаушылары таңертеңнен бастап барлық сайлау рәсімдері толық аяқталғанға дейін учаскелерде жұмыс істеді. Негізгі мақсат – сайлау барысына барынша сапалы әрі жан-жақты қоғамдық бақылау жүргізу болды.
Қозғалыс өкілдерінің бағалауынша, сайлау учаскелеріндегі негізгі дауыс беру рәсімдері қолданыстағы заңнама талаптарына толық сәйкес жүргізілген. Байқаушылар сайлаушылардың жоғары белсенділігін де атады. «Халық үні» өкілдерінің айтуынша, сайлау процесі ашық әрі әділ өтті.
Қоғам белсенділерінің айтуынша, сайлау барысында жекелеген ескертулер болғанымен, олар негізінен рәсімдік сипатта болды. Мәселен, кейбір сайлаушылар дауыс беру кабинасына екі адам болып кіруге әрекеттенген немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз келген. Алайда байқаушылардың айтуынша, сайлау комиссияларының мүшелері азаматтарға белгіленген талаптарды жедел түсіндіріп, туындаған мәселелерді шешуге көмектескен.
Бақылау барысында анықталған жекелеген ұсақ заң бұзушылықтар бойынша тиісті актілер мен хаттамалар толтырылды. Қазіргі уақытта өңірлерден келіп түскен ақпаратты жинақтау, жүйелеу және қосымша тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Алдағы уақытта барлық материалдар қорытындыланып, сараптамалық талдау жасалады.
Сонымен қатар қозғалыс мүшесі, журналист Ермұрат Бапи Алматы тұрғындарының сайлауға мұндай жоғары деңгейде қатысуы Қазақстанда жиі кездесе бермейтінін атап өтті. Оның айтуынша, жоғары сайлаушылар белсенділігі азаматтардың саяси процестерге деген көзқарасының өзгергенін және ел болашағын қалыптастыруға деген қызығушылығының артқанын көрсетуі мүмкін.
Жалпы, «Халық үні» байқаушылары өткен сайлауды азаматтардың өз сайлау құқығын жүзеге асыруға айрықша қызығушылық танытқан саяси үдеріс ретінде бағалады. Қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндігі мен өрескел заң бұзушылықтардың тіркелмеуін олар өз жұмыстарының негізгі қорытындысы деп атады.

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті
✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпас атанып, жүлделі орындарға и болған оқушылармен және студенттермен кездесті.
✔️Салтанатты іс-шараға 21 лауреат, сондай-ақ олардың ұстаздары мен тәлимгерлері шақырылды. Физика, химия, биология, математика, информатика, география және лингвистика пәндері бедненелді білім сайысында топ жарған жеңімпасдардың алтауы – алтын медаль, он бірі – күміс, төртеуі – қола медаль иегерлері.
✔️Президент білім сайысында үздік нәтижеге қол жеткізген дарынды жастарды жарқын жеңісімен құттықтап, оларға шынайы ризашылығын білдірді.
– Әрқыңыз әлемнің ең зияткер оқушыларымен бәайсеге түсіп, беделді білім додаларында топ жардыңыздар. Көк Туймызды бікке көтеріп, еліміздің абырой-беделін арттыруға мол үлес қосып жүрсіздер. Біз сіздерді мақтан тұтамыз. Қазақстанның жарқын болашағы – ойы ұшқыр, білімді, дарынды жастардың қолында. Мужчины Мемлекет бассысы ретінде бәріңізге или ризашылығымды білдіремін. Сіздер ел мақтанышы деген атқа лайықсыздар! – деді Мемлекет басшысы.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев табанды еңбек, үздіксіз ізденумен жеңіп алған әр медальдің бағасы қымбат, маңызы зор екенін атап өтті.
– Сағаттап оқу, айлар бойы дайындық жүргізу, жылдар бойы биик мақсатқа ұмтылу үшін, ең алдымен, қажырлы қайрат пен мықты күш-жігер керек. Ұлы Абай да «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп өсиет айтты. Сіздер әрқайсыңыз көп ұзамай білікті инженер, көрнекті ғалым, мықты маман боласыздар. Самая технологияларды ойлап тауып, еліміздің өркендеуіне, әлемнің дамуына ықпал ететін жаңалық ашасыздар. Мен бұған кәміл сенемін, – деді Президента.

Дауыс беру ашық әрі заңнама талаптарына сай өтті – «Ел Дауысы» байқаушылары «Ел Дауысы» қоғамдық қоры 2026 жылғы 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарын сайлаудағы дауыс беру барысына жүргізілген қоғамдық байқаудың қорытындысын шығарды.
Сайлау күні қор атынан Қазақстанның 20 қаласында 582 өкіл жұмыс істеп, 457 сайлау учаскесі тұрақты байқаумен қамтылған. Қордың қалған өкілдері мобильді үйлестірушілер ретінде жергілікті жерлердегі байқаушылардың қызметін үйлестірді, ал қажет болған жағдайда жедел түрде учаскелерге барып, ақпараттың республикалық штабқа жеткізілуін қамтамасыз етті.
Күні бойы қор байқаушылары дауыс беру барысын, белгіленген рәсімдердің сақталуын, байқаушылардың жұмыс істеуіне жасалған жағдайларды бақылап отырды. Ал сайлау учаскелері жабылғаннан кейін дауыстарды санау процесі мен қорытынды хаттамалардың рәсімделуін қадағалады.
Қордың республикалық штабына ықтимал кемшіліктер мен даулы жағдайлар туралы 11-ге жуық хабарлама келіп түскен. Алдын ала тексеруден кейін бастапқы қорытынды жасалған сәтте олардың тек үшеуі расталған.
Оның екеуі дауыс беру кабиналары орналасқан аумақта бейнебақылау камераларының болуына қатысты болған. Алайда байқаушылардың бұған назар аударғанының арқасында аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері ескертуді дер кезінде жойып, камераларды сол жерде жауып тастады.
Тағы бір жағдай Ақтөбедегі №25 сайлау учаскесінде тіркелген. Ол мүгедектігі бар, арбамен қозғалатын азамат үшін сайлау учаскесінің қолжетімділігіне қатысты болды.
Алдын ала қорытынды жасалған сәтте байқаумен қамтылған өзге сайлау учаскелерінде дауыс беру барысына қатысты ауқымды тұжырым жасауға негіз болатын расталған фактілер қор тарапынан тіркелген жоқ.
«Ел Дауысы» байқаушылары анықталған кемшіліктердің елеусіз сипатта болғанын атап өтті. Ал олардың дауыс беру барысы мен оның нәтижесіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін заң бұзушылықтар тіркелмегенін айтты.
Ұсынылған деректер осы уақытқа дейін өңделіп, расталған ақпаратты қамтиды. Дауыс беру бір күн бұрын аяқталғанымен, 23 тамыз күні 20 қаладан 20-дан астам жұмыс және үйлестіру чатына үздіксіз ақпарат келіп түскен. Бұл – сайлау учаскелерінен жолданған хабарламалар, есептер, фото және бейнематериалдар мен құжаттардан тұратын ауқымды ақпарат массиві.
Алынған және өңделген деректер негізінде қор дауыс берудің ашық әрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткенін атап өтті.
«Біз үшін байқаушыларымыз жұмыс істеген учаскелердегі жағдайдың объективті көрінісін алуы маңызды болды. Алдымызда тек заң бұзушылықтарды анықтаймыз деген міндет болған жоқ және олардың санын байқау сапасының көрсеткіші деп есептемейміз. Күні бойы штабқа 20 қаладан ауқымды ақпарат келіп түсті. Бүгін біз тек тексеріліп, расталған деректерді ғана жариялап отырмыз. Қалған материалдарды өңдеу жұмысы жалғасуда. Дегенмен қазірдің өзінде сайлаушылардың белсенді болғанын, дауыс берудің ашық әрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткенін айтуға болады. Біздің ұстанымымыз өзгермейді: алдымен факті және оны тексеру, содан кейін ғана қорытынды», – деді «Ел Дауысы» ҚҚ жетекшісі Аида Джексенова.
«Ел Дауысы» қоғамдық қоры 2020 жылдан бері электоралдық процестерге қоғамдық байқау жүргізіп келеді. Биылғы сайлау науқаны қор үшін алтыншы байқау науқаны болды.

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) халықаралық бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына жоғары баға берді. Миссияның қорытындысына сәйкес, дауыс беру ел заңнамасы мен халықаралық талаптарға сай өткен. Бұл туралы Халықаралық бақылаушыларға қолдау көрсету орталығындағы брифингте ТМҰ делегациясының басшысы, ұйым Бас хатшысының орынбасары Нуру Гулиев мәлімдеді.
Миссия Қазақстанда жаңа бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтайдың жасақталуы мен оның алғашқы сайлауын оң бағалады. ТМҰ бақылаушыларының айтуынша, бұл – Қазақстандағы саяси институттарды жетілдіру жолындағы елеулі қадам болып отыр.
Бақылаушылардың пікірінше, Құрылтайдың алғашқы сайлауы азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді түрде араласуына мүмкіндік беріп, жаңа өкілді органға деген сенімді арттырады.
Дауыс беру күні миссия мүшелері екі топқа бөлініп, Астанадағы №194 және №228 сайлау учаскесінің ашылуын қадағалаған. Олардың мәліметінше, қос учаске де өз жұмысын Қазақстанның сайлау заңнамасында белгіленген тәртіпке сай жүргізген.
Жалпы миссия мүшелері сайлау күні 33 учаскені аралаған. Бақылауында болған учаскелерінде олар мемлекеттік және құқық қорғау органдарының сайлау барысына араласқанын мүлде байқамаған.
Сондай-ақ, ТМҰ өкілдері азаматтардың еркін дауыс беруіне барлық жағдай жасалғанын мәлімдеді.
Миссия мүшелері Астанадағы №129 сайлау учаскесінің жабылуын және дауыс санау барысын да бақылады. Олардың мәліметінше, бюллетеньдер заңда белгіленген тәртіппен саналып, дауыс беру қорытындысы жарияланған.
«Миссия сайлау қорытындысына ықпал ететін заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Біз барған учаскелерде қоғамдық тәртіп толық сақталды», – деді Нуру Гулиев.
ТМҰ байқаушыларының айтуынша, сайлау комиссиялары халықаралық және жергілікті бақылаушыларға учаскелерді еркін аралап, дауыс беру барысын кедергісіз қадағалауға мүмкіндік берген. Соның арқасында сайлау барысы шетеледен келген бақылаушылар үшін ашық болды.
Сондай-ақ, олар сайлау учаскелерінен заңға қайшы үгіт-насихат материалдарын байқамаған. Сайлаушылардың таңдауына ықпал ету, белгілі бір кандидатқа дауыс беруге шақыру әрекеттері де тіркелмеген.
Сөз соңында ТМҰ-ның халықаралық бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауы ел заңнамасы мен халықаралық талаптарға толық сәйкес өтті деген жоғары баға берді.
Миссия Қазақстан халқын сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады. ТМҰ өкілдері сайлау қорытындысы елдегі тұрақтылық пен өркендеуге, сондай-ақ түркі әлеміндегі бауырластық байланысты одан әрі нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

ТүркПА бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы Құрылтай сайлауына оң баға берді ТүркПА халықаралық бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауы бірқалыпты әрі ұйымдасқан жағдайда өткенін мәлімдеді. Бақылаушылар сайлау барысының ашықтығын, барлық санаттағы азаматтардың дауыс беруге жасалған жағдайды және жастардың белсенділігін ерекше атап өтті.
Сайлауды бақылау қорытындысын Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы (ТМПА) миссиясының басшысы Осман Местен таныстырды.
Оның айтуынша, миссия мүшелері Қазақстанның сайлау заңнамасы мен оған енгізілген өзгерістерді, сайлаушылар мен кандидаттарды тіркеу тәртібін, сайлауалды науқанның өту барысын, сондай-ақ сайлауды бақылауды ұйымдастыру тәртібін зерделеген.
Осман Местен биылғы сайлау науқанының елдің саяси даму жолындағы айрықша маңызына да тоқталды. 23 тамызда өткен сайлау Қазақстан бір палаталы Құрылтай жүйесіне көшкеннен кейінгі алғашқы парламенттік сайлау болды.
«Миссия сайлау органдарының науқанға дайындығын және оны өткізу жұмыстарын, соның ішінде сайлауды қамтамасыз ететін азаматтарды оқыту мен халықты ақпараттандыру шараларын оң бағалайды. Біз барған сайлау учаскелерінде дауыс беру ұйымдасқан түрде өтті. Сайлаушылар өз таңдауын еркін жасап, дауыс беру құқығын еш кедергісіз жүзеге асыра алды», – деді Местен.
Дауыс беру күні ТүркПА өкілдері Астана мен Алматыдағы сайлау учаскелерін аралып, олардың ашылуынан бастап дауысты санау процесіне дейін бақылаған.
Миссия мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне жасалған жағдайға да ерекше назар аударды. Бақылаушылар сайлау учаскелерінде пандустар, Брайль қарпіндегі арнайы үлгілер, сондай-ақ көру және есту қабілеті шектеулі азаматтарға арналған көмекші құралдар қарастырылғанын атап өтті. Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық материалдары мен отырыстары да ымдау тіліне аударылған.
ТүркПА-ның Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулық сақтау комиссиясының мүшесі Махмұт Өзер Қазақстандағы сайлауды басқа елдердегі сайлау процестерімен салыстыра отырып, екі ерекшелікке баса назар аударды.
Біріншісі – барлық азаматтың дауыс беру құқығын жүзеге асыруына мүмкіндіктің берілуі. Мәселен, денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне бара алмайтын азаматтар мен шетелде жүрген қазақстандықтардың да дауыс беруіне толық жағдай қарастырылған. Екіншісі – Қазақстанның халықаралық бақылаушылар үшін ашық болуы.
«Дауыс беру барынша ашық өтіп, халықаралық байқаушылар үшін сайлау барысын бақылауға барлық жағдай жасалды», – деп түйіндеді Өзер.

Орманды заңсыз ағаш кесуден қорғайық
Заңсыз ағаш кесу қоршаған ортаға және мемлекеттік орман қорына елеулі зиян келтіреді. Орман алқаптары маңызды экологиялық қызмет атқарады, биоалуантүрлілікті сақтауға, топырақты қорғауға, қолайлы микроклиматты қалыптастыруға ықпал етеді және өңірдің табиғи байлығының маңызды бөлігі болып табылады.
Бүгінгі таңда Ақмола облысының аумағында орман екпелерін заңсыз кесудің төрт фактісі тіркелді. Заңсыз кесілген сүректің жалпы көлемі 22,3 текше метрді, ал келтірілген залалдың сомасы 636 070 теңгені құрады.
Анықталған барлық фактілер бойынша материалдар тиісті процестік шешімдер қабылдау және кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту үшін сот және құқық қорғау органдарына жолданды.
Үш факт бойынша құқық бұзушылар анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік орман қорына келтірілген залал толық көлемде өтелді.
Ормандарды заңсыз кесуден қорғау және орман заңнамасының талаптарын сақтау бағытындағы профилактикалық жұмыстар да тұрақты негізде жүргізілуде. Инспекция қызметкерлері орман шаруашылығы мекемелерімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, орман қорын қорғау, заңсыз ағаш кесу фактілерінің алдын алу және анықтау бойынша тиісті іс-шараларды жүзеге асыруда.
Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы орман заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Сонымен қатар, Инспекция облыс тұрғындарын табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, орман байлығын сақтауға және орман екпелерін заңсыз кесу, сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасын бұзудың өзге де фактілері туралы уәкілетті органдарға дереу хабарлауға шақырады.
Әрбір азамат орманды сақтауға өз үлесін қоса алады. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, белгіленген талаптарды сақтау және құқық бұзушылықтарға бейжай қарамау — орман байлығын қорғаудың маңызды шарттарының бірі.
Орман байлығын сақтау және көбейту — мемлекеттік органдар мен әрбір азаматтың ортақ міндеті. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ормандарды сақтап, көбейтіп және осы табиғи байлықты келер ұрпаққа аманат етуге болады.
Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының орман және ЕҚТА бөлімінің бас маманы
Қ. Шаймерденов
3 квартал.


Жаңа оқу жылы қарсаңында балалар қауіпсіздігі күшейтілді
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Осыған байланысты елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шаралар күшейтілуде.
Қазіргі уақытта республика бойынша «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық акциясы басталды. Оның басты мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолдағы қауіпсіздікті күшейту және балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру.
Акция аясында оқу жылы басталар алдында мектептер мен өзге де білім беру ұйымдарының маңындағы бақылау күшейтіледі. Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілер өткелдерінің, жол белгілері мен жол таңбаларының жай-күйін тексеріп, жол инфрақұрылымындағы кемшіліктерді анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар мектеп автобустарының және балаларды тасымалдайтын көліктердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Тексеру нәтижесінде білім беру ұйымдарына жақын орналасқан жол инфрақұрылымын ретке келтіруге қатысты 548 нұсқама берілді.
Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді жаңа оқу жылы қарсаңында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға және көлік жүргізу кезінде барынша мұқият болуға шақырады. Әсіресе мектептер мен балалар көп жүретін аумақтарда сақтық шараларын күшейту маңызды.
Бұл жұмыстар «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Заң талаптарын сақтау мен жол қозғалысы ережелеріне жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек полиция қызметкерлерінің міндеті емес. Бұл ретте ата-аналардың да жауапкершілігі зор. Балаларға жолда, көшеде, қоғамдық көлікте, мектепте және интернет кеңістігінде қауіпсіздік талаптарын сақтауды күн сайын еске салып отыру қажет.
Балалардың қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік. Заң мен тәртіп сақталған жерде ғана қауіпсіз қоғам қалыптасады.

© 2026 ЗЕРЕН
Theme by Anders Noren — Up ↑