Month: August 2026 (Page 7 of 40)

Сөз бостандығы және жауапкершілік: әлеуметтік желідегі шекара қай жерде?

Сөз бостандығы және жауапкершілік: әлеуметтік желідегі шекара қай жерде?

Бүгінде әлеуметтік желілер тек қарым-қатынас алаңы ғана емес. Мұнда ақпарат таратылады, тікелей эфирлер жүргізіледі және қысқа уақыт ішінде мыңдаған адам көретін түрлі контент жарияланады. Сондықтан интернет – ережесіз кеңістік емес.

Лайк пен қаралым қуған кейбір контент авторлары балағат сөз айтып, өзге адамдарды қорлап, ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітетін немесе қауіпті пранктер ұйымдастыратын жағдайлар жиілеп отыр.

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі заңға қайшы контентке мониторинг жүргізіп, оның авторларына қатысты тиісті шаралар қабылдауда. Әсіресе балағат сөздер, қорлау мен адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсіту, қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер және қауіпті әзілдерге ерекше назар аударылады.

Тек соңғы бір аптаның ішінде 40-қа жуық адам жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылықтың сипатына қарай оларға айыппұл салу және әкімшілік қамаққа алу шаралары қолданылды.

Сөз бостандығы – бәріне рұқсат деген сөз емес. Әр адам өз пікірін білдіруге құқылы. Алайда бұл құқық басқа адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеуі, олардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеуі және заң бұзушылыққа жол бермеуі тиіс.

Әсіресе қауіпті пранктер алаңдаушылық туғызады. Кейбір авторлар әсерлі видео түсіру үшін көшедегі адамдарды қорқытып, жанжалға арандатады немесе оларды көпшіліктің алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Автор үшін бұл кезекті контент болуы мүмкін, ал оған қатысы жоқ адам үшін мұндай «әзіл» күйзеліске, қорлануға немесе нақты қауіпке айналуы ықтимал.

Тікелей эфир форматы да жауапкершіліктен босатпайды. Қоғамдық интернет кеңістігінде жасалған кез келген әрекетке құқықтық баға берілуі мүмкін.

Смартфон экраны жауапкершіліктен қорғай алмайды. Танымалдыққа ұмтылу өзге адамды қорлауға, қоғамдық тәртіпті бұзуға немесе адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруге себеп болмауы тиіс.

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында цифрлық ортада да жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру маңызды. Әлеуметтік желілер қарым-қатынас жасауға, шығармашылыққа және пайдалы ақпарат таратуға арналған қауіпсіз кеңістік болуы керек.

Сөз бостандығы заң бұзушылықтан, өзге адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаудан және оның қауіпсіздігіне қатер төндіруден басталмайды.

Есте сақтаңыз: заңға қайшы әрекет үшін оның көшеде немесе тікелей эфирде жасалғанына қарамастан жауапкершілік қарастырылған.

ШЫҰ елдерінің миссиясы: Қазақстанда өткен Құрылтай сайлауында заң бұзушылықтар тіркелген жоқ Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына халықаралық бақылау жүргізген

ШЫҰ елдерінің миссиясы: Қазақстанда өткен Құрылтай сайлауында заң бұзушылықтар тіркелген жоқ Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына халықаралық бақылау жүргізген Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің миссиясы сайлау барысының ұйымдастырылу деңгейіне мен ашықтығына жоғары баға берді. Бұл туралы байқаушылар Халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхунның айтуынша, елімізідң халықаралық байқаушыларды шақыруы Қазақстанның Құрылтай сайлауын барынша ашық әрі ашықтық қағидаттарын сақтай отырып өткізуге деген ұмтылысын көрсетеді.
Миссия мүшелері сайлау учаскелеріне ашылғанға дейін барып, бюллетеньдерді дайындау барысын және дауыс беруге қажетті жағдайлардың қамтамасыз етілу деңгейін бақылаған. ШЫҰ елдірінің миссиясы тарапынан бақылау Астана қаласы мен Ақмола облысында жүргізілді. Сайлау қарсаңында және дауыс беру күні миссия өкілдері 102 сайлау учаскесіне барған.
Т.Р. Мидхун сайлаушылардың азаматтық белсенділігін және учаскелік сайлау комиссиялары қызметкерлерінің кәсібилігін ерекше атап өтті. Ол комиссия мүшелері сайлауды өткізу үшін барлық қажетті жағдайды қамтамасыз еткенін жеткізді.
«Сайлау учаскелерінде қажетті құжаттар, ақпараттық-анықтамалық материалдар, байқаушыларды тіркеу журналдары, кезекшілік кестелері мен өзге де мәліметтер толық көлемде ұсынылған», – деді ол.
Сондай-ақ, миссия сайлау күні әйелдер мен жастардың белсенді қатысқанына назар аударды. Бақылаушылар сайлау учаскелеріндегі дауыс беру бірқалыпты әрі ұйымдасқан түрде өтіп, белгіленген тәртіп пен көзделген барлық рәсімдер толық сақталғанын айтты.
Т.Р. Мидхунның айтуынша, дауыс беру күні миссия өкілдеріне бірде-бір шағым немесе ескерту түспеген. Миссия алғашқы Құрылтай сайлауын ашық, шынайы әрі демократиялық қағидаларға сәйкес өтті деп бағалады.
Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Республика Кеңесінің Білім, ғылым, мәдениет және әлеуметтік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Наталия Павлюченко да сайлаудың ұйымдастырылуына жоғары баға берді.
Оның айтуынша, ШЫҰ миссиясының мүшелері сайлау учаскелеріне дауыс берудің қарсаңында да, дауыс беру күні де барып, сайлаушылар үшін жасалған жағдайлар мен учаскелердің дайындық деңгейін бақылаған.
Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Алена Булгакова сайлау процесінің жариялылығы мен ашықтығына ерекше мән берді.
«Сайлау комиссияларының мүшелері үй-үйді аралап, азаматтарды ақпараттандырып, дауыс беру тәртібі мен мемлекеттік құрылымдағы алдағы өзгерістер туралы толық түсіндірме жұмыстарын жүргізген», – деді ол.
Сөз соңында Миссия өкілдері Қазақстан халқын Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады.

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауын әділ бәсекеге толы әрі ашық өтті деп бағалады

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауын әділ, бәсекеге толы әрі ашық өтті деп бағалады ТМД байқаушылар миссиясы Қазақстанда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауына қорытынды бағасын берді. Байқау нәтижесі бойынша ТМД миссиясы дауыс беру нәтижесіне әсер етуі ықтимал заң бұзушылықтарды анықталмағаны белгілі болды. Халықаралық байқаушылар сайлауды әділ, бәсекеге толы әрі ашық өтті деп бағалады.
Дауыс беру күні Миссия өкілдері Қазақстанның 14 өңіріндегі 900-ден астам сайлау учаскесінде болған. Миссия басшысы, ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Игорь Петришенконың айтуынша, дауыс беру ұйымдасқан түрде, тыныш әрі қолайлы жағдайда өтті, ал дауыстарды санау рәсімі сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізілді.
«Сайлау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін заң бұзушылықтар анықталған жоқ», – деді Игорь Петришенко.
Оның айтуынша, сайлауды әзірлеу және өткізу кезеңінде сайлау заңнамасының ықтимал бұзушылықтарына жедел ден қою және қабылданып жатқан шаралар туралы азаматтарды хабардар ету үшін қажетті жағдайлар жасалған. Бақылаушылара келіп түскен шағымдар мен өтініштердің заңда белгіленген тәртіппен қаралғанын да айтты.
Миссия басшысы сайлау процесінің құқықтық негіздеріне де жеке тоқталды. ТМД байқаушыларының бағалауына сәйкес, Қазақстанның қолданыстағы сайлау заңнамасы сайлауды еркін әрі демократиялық жағдайда өткізуге жеткілікті мүмкіндік береді.
ТМД миссиясы сайлау науқанын байқауға 3 тамызда кірісті. Осы уақыт аралығында оның өкілдері сайлау комиссияларының мүшелерімен және сайлаушылармен кездесіп, дауыс беруге дайындық барысын, дауыс беру процесін және одан кейінгі дауыстарды санау рәсімін бақылап отырды.
Жалпы байқау жұмысының қорытындысы бойынша Миссия сайлауға түпкілікті бағасын берді.
«ТМД байқаушылар миссиясы 2026 жылғы 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы жоғары ұйымдастырушылық деңгейде, елдің сайлау заңнамасына толық сәйкес өткізілді. Әділ, бәсекеге толы әрі ашық сипатта болды және Қазақстан Республикасы азаматтарының өз еркін ашық түрде білдіру құқығын жүзеге асыруына мүмкіндік берді деген қорытындыға келді», – деді Игорь Петришенко.
Осы уақытта Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.
ОСК-ның алдын ала деректеріне сәйкес, «Әділет» партиясы 71,17% дауыс жинады. «Ауыл» партиясына сайлаушылардың 6,26%-ы, Respublica партиясына – 5,56%-ы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына – 5,21%-ы, ЖСДП-ға – 5,11%-ы дауыс берген. ҚХП 3,11%, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 1,07% дауыс жинады. Дауыс беруге қатысқандардың 2,51%-ы «Бәріне қарсымын» нұсқасын таңдады.
Сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша Құрылтайда бес саяси күш – «Әділет», «Ауыл», Respublica, «Ақ жол» және ЖСДП өкілдік ету құқығына ие болды.

Қазақстан халқының 47,7% дене шынықтырумен және спортпен айналысады

Қазақстан халқының 47,7% дене шынықтырумен және спортпен айналысады
12 000 үй шаруашылығы арасында жүргізілген қоғамдық пікірді іріктемелі зерттеу нәтижесі бойынша, 2026 жылы үш жастан асқан Қазақстан халқының 47,7%-ы дене шынықтырумен және спортпен айналысады. Оның ішінде 19,2%-ы бос уақытында өз бетінше жаттығады, 28,1%-ы білім беру ұйымдарында өткізілетін спорттық сабақтарға қатысады, ал сауалнамаға қатысқандардың 0,4%-ы спортпен кәсіби түрде айналысады. 2025 жылмен салыстырғанда дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың үлесі 1,2 пайыздық тармаққа артып, 46,5%-дан 47,7%-ға жетті.

Қала тұрғындары арасында дене шынықтырумен және спортпен айналысу деңгейі біршама жоғары – 49,3% (2025 жылы – 48,4%), ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 45,0%-ды құрады (2025 жылы – 43,5%). Бұл ретте қала тұрғындары бос уақытында өз бетінше жаттығуды жиі таңдайды – 22,2%, ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 13,7%-ды құрайды.

Өз бетінше дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың ең жоғары үлесі 36-48 жас аралығындағы адамдарға тиесілі (28,4%). Одан кейін 17-28 жас аралығындағы (18,6%), 58 жастағы және одан үлкен (16,6%), 29-35 жас (16,0%) және 49-57 жас аралығындағы (15,4%) топтары келеді.

Өңірлік бөліністе 17-28 жас аралығында өз бетінше дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың ең жоғары үлесі Маңғыстау (48,1%), Қызылорда (31,0%), Ақтөбе облыстарында және Ұлытау облысында (28,9%) байқалады. 36-48 жас аралығындағылар арасында ең жоғары көрсеткіш Павлодар (42,6%), Жамбыл (40,8%) облыстарында және Шымкент қаласында (39,2%) тіркелді. 58 жас және одан жоғары жастағылар арасында Солтүстік Қазақстан (32,7%), Қостанай (32,2%) облыстары және Алматы қаласы (30,3%) көш бастап тұр.

Жынысы бойынша өз бетінше дене жаттығулары мен спортпен айналысатындар арасында бөлініс іс жүзінде тең: 51,0%-ын ерлер, 49,0%-ын әйелдер құрайды. Ерлер арасында ең жоғары үлес 36-48 жас аралығындағы жас тобына тиесілі (14,4%), одан кейін 17-28 жас (11,3%) және 29-35 жас (9,1%) топтары келеді. Әйелдер арасында да 36-48 жас аралығындағы жас тобы көш бастап тұр (13,9%), сондай-ақ 58 жастағы және одан үлкен әйелдердің үлесі жоғары (12,3%).

Қалаларда әйелдердің 43,9% және ерлердің 34,5% өз бетінше дене белсенділігімен айналысса, ауылдық жерлерде арақатынас керісінше: ерлердің 54,6% және әйелдердің 32,7% өз бетінше айналысады.

Өз бетінше жаттығу жасау дене белсенділігінің негізгі түрі болып қала береді: ерлердің 39,7%-ы және әйелдердің 41,0%-ы ұйымдастырылған сабақтарға қатыспай, өз бетінше жаттығуды жөн көреді.

Спорт секциялары мен тренажер залдарын қоса алғанда, ұйымдастырылған спорттық сабақтарға ерлердің 8,7%-ы және әйелдердің 6,6%-ы қатысады. Тағы 2,5% ер адам және 1,5% әйел ұйымдастырылған сабақтарды өз бетінше жаттығумен қатар алып жүреді.

Өз бетінше дене белсенділігімен айналысатын ерлердің ең жоғары үлесі Жамбыл (68,5%), Түркістан (66,2%), Қызылорда (60,6%) облыстарында және Жетісу облысында (56,9%) байқалады. Әйелдер арасында ең жоғары көрсеткіштер Шымкентте (53,8%), Астанада (52,1%), Ақмола (49,7%) және Шығыс Қазақстан (46,3%) облыстарында тіркелді. Ұйымдастырылған сабақтар ерлер арасында Маңғыстау (25,3%), Ұлытау (21,9%), Қарағанды (21,7%) және Алматы (21,0%) облыстарында, ал әйелдер арасында Солтүстік Қазақстан (21,2%), Павлодар (17,5%) облыстарында, Алматыда (16,4%) және Қарағанды облысында (16,0%) кең таралған.

«Сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне күмән келтіретін заң бұзушылықтар болған жоқ»

«Сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне күмән келтіретін заң бұзушылықтар болған жоқ» – «ДАУЫС» коалициясы «ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан астам байқаушысы жұмыс істеген.
Коалиция төрағасы Төлеген Күнәділовтің айтуынша, сайлау процесі жалпы алғанда тыныш жағдайда өткен. Учаскелердің басым бөлігінде белгіленген рәсімдер сақталып, сайлау комиссиялары мен қоғамдық байқаушылардың өзара жұмысы талапқа сай жүргізілген.
«Жүйелі дайындық қоғамдық байқауға бірыңғай кәсіби көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді. Байқаушылар өз өкілеттіктерін түсініп, учаскелердегі ахуалды объективті түрде тіркей алды. Ерекше назар аударуды қажет ететін немесе осы науқанның әділ әрі ашық өтуіне күмән келтіретін заң бұзушылықтар болған жоқ», – деді Төлеген Күнәділов.
Байқаушылар күн бойы сайлаушылардың тұрақты легін тіркеген. Коалиция өкілдері дауыс беруге жастардың белсенді қатысқанын ерекше атап өтті.
«Сайлаушылар арасында жастардың көп болғаны назар аудартады. Бұл олардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қызығушылық танытып, Қазақстанның болашағын қалыптастыруға қатысуға дайын екенін көрсетеді», – деді коалиция төрағасы.
Сайлауға дейін байқаушылар бір ай бойы арнайы дайындықтан өткен. Оларға сайлау заңнамасы, құқықтары мен міндеттері, дауыс беру және дауыстарды санау тәртібі түсіндірілген.
Мониторинг барысында учаскелердің мүгедектігі бар және жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігі де бағаланды. Байқаушылар пандустардың, арнайы кабиналар мен ақпараттық материалдардың болуына назар аударған.
Қазір коалиция өңірлерден түскен мәліметтерді жинақтап жатыр. Материалдар толық өңделгеннен кейін қоғамдық байқаудың қорытынды талдамалық есебі жарияланады.

Тазалық – күнделікті өмір салты.

♻️ Тазалық – күнделікті өмір салты.

Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, қоқысты арнайы орындарға тастау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз.

#ТазаҚазақстан

Таза Қазақстан – әр азаматтың ортақ міндеті.

🌿 Таза Қазақстан – әр азаматтың ортақ міндеті.

Табиғатты қорғап, қоршаған ортаны таза ұстау – мәдениетті қоғамның белгісі. Есіңізде болсын, табиғатты ластағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік пен айыппұл қарастырылған.

#ТазаҚазақстан

«Ауыл» партиясының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

«Ауыл» партиясының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

Ол Президенттің дәйекті саяси бағыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын және қоғаммен ашықты диалог нығайтқанын атап өтті.
Күні бойы партии дауыс беру барысын бақылап, өңірлермен тұрақты байланыста болды. Қайрат Айтуғановтың айтуынша, сайлау тыныш, ашық әрі ұйымдасқан жағдайда, заңнама талаптарына сәйкес өтті.
Қайрат Айтуханов «Ауыл» партиясының нәтижесін халықтың сенімі әрі үлкен жауапкершілік деп бағалады. Сондай-ақ сайлауға қатысқан барша қазақстандықтарға жәнепартиға қолдау білдірген азаматтарға алғысын жеткізді.
«Сіздердің әрбір дауыстарыңыз – бізге бұдан да көп әрі жауапкершілікпен жұмыс істеуге берілген аманат. Сайлау аяқталады. Жұмыс жалғасады», – деді партии төрағасы.
Сайлаудың түпкілікти қорытындысын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиисы шығарады.

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

Экзитпол нәтижесі бойынша ЖСДП Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сайлауында сайлаушылардың 5% аса қолдауына ие болды.
Алғашқы болжамды нәтижеге байланысты ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов, партияға сенім артқан барша қазақстандықтарға, сондай-ақ бүкіл сайлау науқаны бойы партияластармен бірге болған белсенділер мен еріктілерге шынайы алғысын білдірді.

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders NorenUp ↑