Month: August 2026 (Page 8 of 40)

«Халық өз таңдауын жасады»: «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Дания Еспаева қазақстандықтарға үндеу жолдады

  • «Халық өз таңдауын жасады»: «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Дания Еспаева қазақстандықтарға үндеу жолдады

Құрметті отандастар, қадірлі сайлаушылар!

Бүгін еліміздің саяси өміріндегі тарихи оқиға – алғашқы Құрылтай сайлауы өз мәресіне жетіп, халқымыз өз таңдауын жасады.

Бұл Құрылтай – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды саяси реформаларының айқын нәтижесі, жалпыұлттық референдумда қабылданған халықтық Конституциямыздың жүзеге асуының нақты көрінісі.

Осы тарихи өзгерістердің заңды дәлелі ретінде өткен алғашқы Құрылтай сайлауы ашықтық пен әділдік қағидаттарына сай өтіп, азаматтарға өз таңдауын еркін жасауға мүмкіндік берді.

Барлық саяси партиялар ашық бәсеке жағдайында сайлауға қатысып, өз бағдарламаларын сайлаушыларға жан-жақты жеткізді.

Бұл – еліміздің саяси жүйесін жаңғырту жолындағы маңызды қадам әрі халықтың өз болашағын айқындауға тікелей қатысуының жаңа кезеңі.

«Ақ жол» Демократиялық партиясы осы сайлауға жан-жақты дайындықпен, мол тәжірибемен, мықты командамен және елдің ертеңіне бағытталған жаңашыл идеялармен қатысты.

Бүгінгі нәтиже біз үшін жай ғана пайыздық көрсеткіш емес. Оның артында «Ақ жолға» сенім артқан мыңдаған азаматтың үміті мен арманы, елдің болашағына деген нақты сенімі тұр.

Сондықтан бізге артылған сенімнің салмағын терең сезінеміз.

«Ақ жолға» дауыс берген әрбір қазақстандықтың аманатын орындауға бар күш-жігерімізді саламыз. Сайлаушылардың сенімін ақтау – басты міндетіміз.

«Ақ жол» Демократиялық партиясы – елдің әрбір азаматының үні естіліп, еңбегі бағаланып, кәсібі дамып, отбасы мен балаларының болашағы берік болуы үшін бар күш-жігерін жұмсайды.

Біз осы жолда сайлаушыларымыз қолдау білдірген саяси бағдарламамыздың әрбір тармағын іске асыру бағытында жұмыла жұмыс жасаймыз!

Алдымызда үлкен міндеттер тұр.

Еліміздің экономикасын күшейту, отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы жұмысымызды жалғастырамыз.

Бізге сенім білдірген барша азаматқа шын жүректен алғыс айтамыз!

Әрбір дауыс – ел тағдырына деген азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.

Бірлігіміз бекем, мақсатымыз айқын болсын!

Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын!

“Әділет” партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

“Әділет” партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

Ол өз сөзінде азаматтардың білдірген сенімі мен қолдауына ризашылығын жеткізді.
«Сайлауалды науқан кезинде еліміздің әр өңірін аралап, талай азаматпен жүздестік. Әр кездесуде халықтың мұң-мұқтажын, ойы мен ұсынысын өз аузынан естідік. Айтылған әр пікір біз үшін маңызды, олардың барлығы алдағы жұмысымызда ескеріледі. Бұл сайлау ашық, әділ әрі айқын өтті. Саяси партиялар арасында шынайы бәсекелестік болды. Сіздердің сенімдеріңіз біз үшін үлкен жауапкершілік. Біз халықтың үмітін ақтау үшін аянбай еңбек етеміз. Бізге сеніп, «Әділет» партиясын қолдаған әр азаматқа шын жүректен алғыс айтамыз!», – деді Айбек Дәдебай.

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

«Еліміздің 20 өңірінде 20 креативті хаб жұмыс істейді»

«Еліміздің 20 өңірінде 20 креативті хаб жұмыс істейді»

Креативті даму қорының Таланттарды және жобаларды дамыту жөніндегі басқарушы директоры Алмас Сағынұлының айтуынша, еліміздің өңірлеріндегі креативті хабтар қарқынды жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар «Креативті аймақ» жобасы әр өңірде жүзеге асырылып жатқан бірегей әрі қызықты жобаларды таныстырып, олардың әлеуетін көрсетіп келеді. Сондай-ақ ол 20 өңірдің барлығында креативті хаб жұмыс істейтінін атап өтті.

«Экспресс-камера» алаңында IT-кәсіпкер цифрландыру саласының сарапшысы, бірнеше стартаптың авторы Олжас Бегалы.

«Экспресс-камера» алаңында IT-кәсіпкер, цифрландыру саласының сарапшысы, бірнеше стартаптың авторы Олжас Бегалы.

Онлайн трансляция – Qazaqstan TV

#Онлайнмарафон2026

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders NorenUp ↑