Month: September 2026 (Page 10 of 28)

Атбасарда қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалы ашылды

Атбасарда қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалы ашылды Атбасар қаласында қайта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалының ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғанов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен мердігер ұйымның өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Нұржан Келбұғанов еліміздің жолаушылар теміржол инфрақұрылымын жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда. Ақмола облысында жұмыстардың елеулі көлемі жүргізілуде, мұнда бағдарлама 16 теміржол вокзалын қамтиды. Бұл – республика өңірлері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Аталған жобаның іске асырылуы жолаушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасап, қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді», – деді Нұржан Келбұғанов.

Атбасар станциясының теміржол вокзалы 1956 жылы салынған. Жоба аясында бұрынғы ғимарат бұзылып, оның орнына жаңа заманауи вокзал кешені салынды. Ғимараттың ішкі бөлмелері толық жабдықталып, инженерлік коммуникациялар жаңартылды, шатыр мен қасбетті орнату жұмыстары жүргізілді, перрон қайта жаңғыртылып, іргелес аумақ абаттандырылды. Нәтижесінде вокзал кешенінің аумағы 661 шаршы метрден 823 шаршы метрге дейін ұлғайды.

Нысанның қауіпсіздігі мен қолжетімділігіне ерекше көңіл бөлінді. Жаңа эвакуациялық шығу жолдары жабдықталып, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай есіктер орнатылды. Қозғалысы шектеулі азаматтар үшін пандус қарастырылды.

Атбасар станциясының вокзалы 3-санатты вокзалдарға жатады. Тәулігіне орта есеппен 310 жолаушыға қызмет көрсетіледі. Станция арқылы Қазақстанның Астана, Қостанай, Семей, Қарағанды, Ақтөбе, Орал, Маңғыстау және басқа да қалаларымен теміржол қатынасын қамтамасыз ететін 16 жолаушылар пойызы өтеді.

Вокзалды қайта жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, сондай-ақ келушілер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.

Дженсен Хуанг алғаш рет Қазақстанға келеді

Дженсен Хуанг алғаш рет Қазақстанға келеді

NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуанг біздің шақыруымызбен Қазақстанға алғаш рет келіп, Астанадағы AI Month айлығының арнайы қонағы болады.

Astana Hub қолдауымен өтетін AI Month ЖИ мамандарын, әзірлеушілерді, стартаптар мен технология саласының өкілдерін біріктіреді.

Айлық 23 қыркүйекте HackAlem AI хакатонымен басталады. Қатысушылар NVIDIA технологиялық ресурстарын пайдаланып, өздерінің ЖИ шешімдерін әзірлей алады.

2–3 қазанда AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы өтеді. Ал 23 қазанда айлық Дженсен Хуангтың қатысуымен қорытындыланады. Alem.ai орталығында ЖИ-дің болашағы, технологиялық үрдістер, мамандар даярлау және Орталық Еуразияның мүмкіндіктері талқыланады.

🇰🇿 Қазақстанның мақсаты — Орталық Еуразиядағы ЖИ таланттары мен озық технологиялар тоғысатын орталыққа айналу. Бұл бағытта мамандар даярлау, технологиялық кәсіпкерлікті қолдау және қажетті инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізілуде.

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО АЛТЫН ДУБЛЬ ЖАСАП АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛТЫ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО АЛТЫН ДУБЛЬ ЖАСАП, АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛТЫ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

🇰🇿🥇 Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Айти–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында екінші алтын медалін жеңіп алды.

Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы тасжолдағы велоспорттан ерлер арасындағы 160,5 шақырымдық топтық жарыста мәреге бірінші болып жетті. Луценконың нәтижесі – 4 сағат 13 минут 11 секунд.

Қазақстан құрамасының спортшылары бұл жарыста тұғырдың алғашқы екі сатысына көтерілді. Евгений Федоров Алексей Луценкодан 1 минут 58 секундқа қалып, күміс медаль иеленді. Қола жүлде Жапония өкілі Юхэй Тодомеге бұйырды. Тағы бір қазақстандық Николя Винокуров жарысты жетінші орында аяқтады.

Бұл – Алексей Луценконың биылғы Азия ойындарындағы екінші алтын жүлдесі. Бұған дейін, 20 қыркүйекте қазақстандық спортшы жекелей сын жарысында топ жарып, 41 минут 24,05 секунд нәтижемен чемпион атанған болатын.

Осылайша, Алексей Луценко Азия ойындары-2026 додасында алтын дубль жасап, құрлықтық додадағы чемпиондық атақтарының санын алтыға жеткізді.

Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарына төртінші рет қатысып отыр. Ол алғашқы алтынын 2014 жылы Инчхонда жекелей сында жеңіп алды. 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында Луценко жекелей және топтық жарыста екі алтын медаль иеленді. Ханчжоудағы Азия ойындарында жекелей сында тағы да чемпион атанып, топтық жарыста күміс жүлде жеңіп алды. Енді Жапонияда спортшы өз жүлде қоржынына тағы екі алтын медаль қосты.

Айта кетейік, Луценко Азия ойындарындағы топтық жарыста бұған дейін 2018 жылы да чемпион атанған.

Ерлер арасындағы топтық жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бірден екі жүлдеге ие болды – Алексей Луценко алтын, Евгений Федоров күміс медаль жеңіп алды.

Еңбек ететін адамның әлеуметтік қорғалуы: еңбек құқықтарынан зейнетақы кепілдіктеріне дейін

Еңбек ететін адамның әлеуметтік қорғалуы: еңбек құқықтарынан зейнетақы кепілдіктеріне дейін

Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда “Еңбек күні” аталып өтеді. Бұл әр адамның өміріндегі еңбектің маңыздылығын және азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын сақтаудың маңыздылығын еске түсіруге себеп.

Ресми жұмысқа орналасу — бұл тек жалақы алу мүмкіндігі ғана емес. Ол жұмыскердің заңнамада көзделген еңбек және әлеуметтік кепілдіктерге ие болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ болашақ зейнетақымен қамсыздандырудың негізін қалыптастырады.

Еңбек құқықтары: Әрбір жұмыскердің қауіпсіз еңбек жағдайларына, еңбегіне уақтылы және тиісті ақы төленуіне, демалуға, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына және еңбек заңнамасында көзделген басқа да кепілдіктерге құқығы бар.

Егер еңбек құқықтары бұзылған жағдайда, азамат өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиісті мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.
Әлеуметтік кепілдіктер: Ресми түрде жұмысқа орналасу адамның әлеуметтік қорғалуында маңызды рөл атқарады. Заңнамада белгіленген жағдайларға сәйкес жұмыскер үшін міндетті әлеуметтік және зейнетақы аударымдары жүзеге асырылады.

Бұл төлемдер азаматтың мемлекеттік әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне қатысуын қамтамасыз етеді.
Болашаққа қамқорлық бүгіннен басталады
Болашақ зейнетақы төлемдерінің мөлшері тек еңбек өтіліне байланысты емес. Зейнетақы тағайындау кезінде еңбек қызметінің кезеңдері, зейнетақы аударымдары жүргізілген табыс мөлшері, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуы және заңнамада көзделген басқа да көрсеткіштер ескеріледі.

Сондықтан еңбек қызметі туралы мәліметтерді, сондай-ақ зейнетақы аударымдарының толықтығы мен дұрыстығын алдын ала тексеріп отырған маңызды.
Өз құқықтарыңызды біліңіз!

Әлеуметтік қорғалу — азаматтың өз құқықтарын білуінен басталады. Еңбек құқықтарын білу, еңбек қатынастарын ресми түрде рәсімдеу, әлеуметтік және зейнетақы аударымдарына жауапкершілікпен қарау — заңда көзделген кепілдіктерді уақтылы пайдалануға мүмкіндік береді.
Лайықты еңбек — бұл бүгінгі жұмыспен қамтылу ғана емес, адамның болашақтағы әлеуметтік қорғалуы.

Халықты әлеуметтік реттеу және
бақылау комитетінің Ақмола облысы
бойынша департамент басшының м.а.
Гүлмира Ысқақова

Талдықорғанда жаңа емхананың құрылысы аяқталуда

Талдықорғанда жаңа емхананың құрылысы аяқталуда
Жетісу облысында денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымды дамыту және медициналық жедел жәрдемнің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасын тауып жатыр. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасының аясында шалғайдағы елді мекендерде 59 жаңа нысан салынып, пайдалануға берілді.

Облыс орталығы Талдықорған қаласында дәл қазір жаңа үш емхананың құрылысы аяқталуға таяп қалды. Олардың ашылуы алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттырып, қаладағы медициналық ұйымдардың жұмысын жеңілдетуге септігін тигізеді.

Олардың бірі – ауысымында 500 адамды қабылдайтын жаңа емхана. Қазіргі күні дайындық жұмыстары 90%-ды құрап отыр. Құрылыс алаңында 150 маман және 5 техника тынымсыз жұмыс атқаруда. Сантехника, су және жылу жүйесін бекіту, электрмен қамту және интернет, қорғаныс жүйелерін орнату жұмыстары 98%-ға орындалды. Нысан аумағын көгалдандыру 75%.

Жобаның ішінде емхананы жаңа технологиямен қамту жұмысына ерекше көңіл бөлінген. Онда магнитті-резонансты және компьютерлік томография, рентген аппараты, маммограф орнатылып, жеке зертхана жабдықталады. Бұл диагностикалық зерттеулер деңгейін бір емхана ішінде жүргізуге және ауруды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Медициналық қызметкерлерге арналған комфортты шарттар – киім ауыстыру орындары, санитарлық-тұрмыстық және жуыну бөлмелері қарастырылған.

Жалпы аумағы 11,5 мың текше метрді құрайтын ғимарат құрылысын 2026 жылдың 30 қарашасында аяқтау жоспарланған.

Жақын маңдағы ықшам аудандардың тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді көмек ұсынатын жаңа емхана Талдықорғандағы медициналық инфрақұрылымның ең маңызды бөлшегіне айналуы тиіс.

Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Азия ойындарының чемпионы атанды 🥇🇰🇿

Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Азия ойындарының чемпионы атанды 🥇🇰🇿

Қазақстандық жауынгер Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сәтті өнер көрсетті.

Отандық спортшы 71 келіге дейінгі салмақта (modern) жеңіс тұғырына көтерілді.

Қадырбек алтын жүлде сарапқа салынған жекпе-жекте тәжікстандық Бехруз Хуршедзодадан 3:0 есебімен басым түсті.

Осылайша Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен ұлттық құрама қоржынына екінші алтын медальді салды.

Аралас жекпе-жек: Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарында топ жарды! 🥇🇰🇿

Аралас жекпе-жек: Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарында топ жарды! 🥇🇰🇿

Дәстүрлі аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Еркінғали Бүркіталин Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіске жетті.

Қазақстандық жауынгер 77 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Еркінғали алтын жүлде үшін өткен ақтық бәсекеде Бахрейн өкілі Мухаммад Набиевті 3:0 есебімен жеңді.

Осылайша Еркінғали Бүркіталин Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медальді салды.

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады
Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстау әр адамның күнделікті әдетіне айналуы керек. Осы тұрғыдан алғанда, «Таза Қазақстан» бастамасының маңызы ерекше. Бұл тек қоқыс жинап, аумақты тазартумен шектелетін шара емес, адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертуге бағытталған жұмыс.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысушылармен кездесу барысында табиғатқа қамқорлық жасау халықтың өмір салтының бір бөлігі болуы қажет екенін атап өтті. Отанға деген сүйіспеншілік алдымен өз үйіңе, ауылыңа және қалаңа деген жанашырлықтан басталатыны да айтылды. Экологиялық бастамаларға белсенді қатысып жүрген жастардың жауапкершілігі де осы бағыттың маңызын көрсетеді.
Бастаманың уақытша науқан емес, ұзақ мерзімді жоба ретінде жүзеге асуы маңызды. Себебі бір күнде тазаланған аумақтың қайта ластанбауы үшін адамның санасы мен әдеті өзгеруі қажет. Тазалықты біреудің міндеті деп емес, ортақ жауапкершілік деп қабылдау қоғамда қалыптасса, нәтиже де тұрақты болады.
Биыл жыл басынан бері елімізде 600 ден астам экологиялық іс шара өткізіліп, оған 7 миллион азамат қатысты. 130 мың гектардан астам аумақ тазартылып, 1,3 миллион ағаш отырғызылды. Ал бастама жүзеге асырыла бастағаннан бері 2 мыңнан астам экологиялық іс шара өткізіліп, 3,8 миллион тоннадан астам қалдық жиналған. Сонымен бірге шамамен 10 мың қоқыс орны жойылған.
Бұл көрсеткіштер қоғамның экологиялық бастамаларға белсенді қатысып келе жатқанын аңғартады. Дегенмен жұмыстың негізгі нәтижесі тек жиналған қоқыс немесе тазартылған аумақ көлемімен өлшенбеуі керек. Ең маңыздысы, осы жұмыстар адамдардың күнделікті өміріне әсер етіп, тазалыққа деген жауапкершілікті күшейтуі.
Таза орта ең алдымен адамның өзінен басталады. Өз ауласын таза ұстау, қоқысты кез келген жерге тастамау, табиғатқа ұқыпты қарау қарапайым әрекет болып көрінгенімен, оның қоғам үшін мәні зор. «Таза Қазақстан» осы қарапайым әдеттерді қалыптастыруға ықпал ететін тұрақты қоғамдық мәдениетке айналса, бастаманың ең маңызды мақсаты да осы болмақ. https://www.facebook.com/100006539401753/posts/4817579231803343/?mibextid=wwXIfr&rdid=t9p81hJqtbigqsc9#

Жыл қорытындысы бойынша Ақмола облысына екі миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жыл қорытындысы бойынша Ақмола облысына екі миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жаздың үш айында «Бурабай» ұлттық паркіне миллионға жуық турист келген. Бұл ретте аумаққа келушілердің экологиялық негізделген нормасы 890 мың адамды құрайды. 2026 жылғы туристік маусымның қорытындысы туралы брифингте Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский мәлімдеді.

Жалпы өңірдегі туристік ағын өсіп келеді. Бірінші жартыжылдықта ресми орналастыру орындарында 350 мыңнан астам адам қабылданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға көп. Демалушылардың шамамен 99 пайызын Қазақстан тұрғындары құрады. Жыл қорытындысы бойынша облысқа екі миллионнан астам турист келеді деп күтілуде.

«Жаз мезгілі дәстүрлі түрде өңіріміз үшін басты сынақ болды. Биыл аптап ыстыққа байланысты ұлттық парктерге түсетін жүктеме барынша жоғары болды. Соған қарамастан, инфрақұрылым өз міндетін атқарды. Туристер ағыны Қазақстандағы ішкі туризмнің тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетті», – деді Андрей Подгурский.

Басқарма мәліметінше, биылғы маусымда Щучинск-Бурабай курорттық аймағында туристік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасты. Мұнда 200-ден астам ресми орналастыру нысаны және 29 жабдықталған жағажай жұмыс істейді. Маусым айында Бурабай көлінің жағасында жаңа муниципалдық жағажай ашылып, көлде электрлі өзен трамвайлары іске қосылды. Ал Зерендіге жаз айларында шамамен 100 мың адам келген.

Сонымен қатар демалушылардың көп болуы табиғи аумақтарға түсетін жүктемені де арттырады. Жаздың үш айында «Бурабайдан» шамамен 500 тонна қоқыс шығарылды. Тағы 200 тоннаға жуық қалдық «Көкшетау» МҰТП аумағында, оның ішінде Зеренді ауданында жиналды. Жыл соңына дейін Бурабай және Зеренді аудандарында органикалық қалдықтарды компосттау кешендерін іске қосу жоспарланып отыр.

Өңірлер қоғамдық және этномәдени бірлестіктердің өкілдері – Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы жарияланды

Өңірлер, қоғамдық және этномәдени бірлестіктердің өкілдері – Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы жарияланды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 
«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілсін.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
    Қазақстан Республикасының
    Президенті Қ.Тоқаев
    Астана, Ақорда, 2026 жылғы 22 қыркүйек
    № 1474
    Қазақстан Республикасы
    Президентінің
    2026 жылғы 22 қыркүйектегі
    № 1474 Жарлығымен
    БЕКІТІЛГЕН
    Қазақстан Халық Кеңесінің
    ҚҰРАМЫ
  3. Аймұрзаева Раушан Нұрғалиқызы – Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты
  4. Акижанова Гаухар Берікқызы – Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қарағанды облысының халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі
  5. Ақтаев Жандос Берікұлы – «Esti Bol Qory» қоғамдық қорының төрағасы
  6. Алтай Алмас – «Eco-social» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, журналист
  7. Алтынбеков Бекзат Қомарұлы – Қарағанды облысы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы
  8. Антоненко Андрей Иванович – дипломатиялық қызмет ардагері
  9. Арсютин Николай Геннадьевич – «Орыс, славян және казак этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, қоғам қайраткері
  10. Асанов Латипша Каймаханович – «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы
  11. Атайбеков Бақыт Ынтықбайұлы – «Герефорд тұқымының республикалық палатасы» коммерциялық емес ұйымы кеңесінің төрағасы
  12. Әбдібеков Нұрбек Елікбайұлы – Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі
  13. Әбенов Мұрат Абдуламитұлы – «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері
  14. Әбіл Еркін Аманжолұлы – «Мемлекет тарихы институты» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының бірінші орынбасары
  15. Әзілханов Марат Алмасұлы – «Шаңырақ» кафедралар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, қоғам қайраткері
  16. Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы – «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары
  17. Әмірғалиева Айгүл Маулышарифқызы – Атырау облысы мәслихатының депутаты
  18. Байрамуков Ислам Ильясович – «Жамбыл облысы қарашайлар мен балқарлар этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, еңбек сіңірген спорт шебері, ХХVІІ жазғы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері
  19. Бапи Ермұрат Сейтқазыұлы – қоғам қайраткері
  20. Бимұратқызы Жанар – Қызылорда облысы Білім басқармасының «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясы» қосымша білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы
  21. Болатбек Уәлихан Болатбекұлы – Тараз қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары;
  22. Борчашвили Исидор Шамилович – «Астана халықаралық университеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жоғары құқық мектебінің профессоры
  23. Буларов Лугмар Харкиевич – «Қазақстандағы дүнгендердің этномәдени бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі байқау кеңесінің төрағасы
  24. Гаджибалаев Рафаил Сададдин оглы – «Қостанай облысындағы әзербайжандардың «Бірлік» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
  25. Гаджиев Гаджи Шапиевич – «Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитеті» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті
  26. Газдиева Белла Асланбековна – «Вайнах» шешендер мен ингуштар қауымдастығы» республикалық этномәдени бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры
  27. Гайдай Андрей Николаевич – «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының кафедра доценті
  28. Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы – «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы» кәсіподақтардың республикалық бірлестігінің төрағасы
  29. Дәуталиев Қазыбек Нұрсейітұлы – Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы облысы бойынша филиалының директоры
  30. Дементьева Наталья Григорьевна – «Аналар мектебі» қоғамдық қорының мүшесі, қоғам қайраткері
  31. Джанаев Увайс Хаважиевич – «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
  32. Ертаев Сырым Махамбетұлы – Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі
  33. Жақыпов Нұржан Бауыржанұлы – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Almaty Azаmattyq Alliance» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
  34. Жанықұлов Жұмабек Есілбекұлы – «PARYZ» Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілердің (кәсіпкерлердің) ұлттық конфедерациясы» заңды тұлғалар бірлестігі төралқасының төрағасы
  35. Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы – «Саламатты Ел» қоғамдық қорының мүшесі, қоғам қайраткері
  36. Жаңбыршина Қырмызы Сапарқызы – Қостанай облысы мәслихатының депутаты, Қостанай облысы бойынша «Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үйлестіру кеңесінің мүшесі
  37. Жүнісова Фарида Амансарықызы – Жамбыл облысы мәслихатының депутаты, Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы
  38. Жұмашев Мейрамбек Тоғысұлы – Қызылорда облысы мәслихатының депутаты
  39. Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы – «Қазақстанның Медиа Альянсы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, қоғам қайраткері
  40. Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы – Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы
  41. Зейнұлқабден Табиғат – Астана қаласы мәслихатының төрағасы
  42. Зенченко Геннадий Геннадьевич – Қазақстанның Еңбек Ері, «Зенченко және Компания» коммандиттік серiктестiгiнің бас директоры
  43. Иманқұлов Әбдез Рахманұлы – Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі
  44. Исбекова Әйгерім Әуезқызы – Қарағанды қаласы Білім бөлімінің «Кәусар» оқушылар сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
  45. Исмаилов Акбаржон Яхияхожаевич – «Тәжіктердің республикалық этномәдени бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы
  46. Исматуллаев Абдулла Жапарович – «Дустлик» өзбектердің этномәдени қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
  47. Кан Алина Александровна – «Қазақстандағы немістердің республикалық этномәдени бірлестігі» қоғамдық қорының мүшесі, «Ер Азамат» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Alash» тіл үйрету клубының негізін қалаушы
  48. Канкуров Станислав Владимирович – «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының жетекшісі
  49. Кенжеханұлы Рауан – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті
  50. Кереев Қайрат Нұрғабылұлы – Жетісу облысы мәслихатының депутаты
  51. Ким Вера Александровна – «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
  52. Көбеева Алтынай Орманқалиқызы – «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының Алматы қаласындағы басшысы
  53. Көпжасарұлы Ерқанат – «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының мүшесі, журналист
  54. Куприенко Александр Григорьевич – Қарағанды облысы мәслихатының депутаты
  55. Күнәділов Төлеген Нығыметжанұлы – Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Астана қаласының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы
  56. Қайдарова Диляра Радикқызы – «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бірінші проректоры
  57. Қалтаева Ләззат Молдабекқызы – «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Біріккен Ұлттар Ұйымы Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі
  58. Қарт Мерей Мейіртайұлы – Абай облысы мәслихатының депутаты, «Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
  59. Қопабаев Әділхан Амангелдіұлы – «Digital Nomads» IT-қоғамдастығының мүшесі, Apple Inc. мемлекеттік органдармен байланыс және Орталық Азия мен Арменияға арналған саясат бөлімінің басшысы
  60. Қоспаева Шолпан Насиболлақызы – Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі
  61. Қосшиев Назарбек Төлеуішұлы – Атырау облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Атырау» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы
  62. Құрманалин Сағынғазы Даниярұлы – Ақтөбе облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы
  63. Құсметова Әсел Нұрланқызы – Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Ұлан ауданы филиалының директоры
  64. Қыдырманов Әсет Серікқалиұлы – Жетісу облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Алматы облысы кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы
  65. Қисықова Сәуле Дүйсебекқызы – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесі директорының кеңесшісі, медицина ғылымдарының докторы
  66. Лаврентьев Андрей Сергеевич – «Қазақстан машина жасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма мүшесі
  67. Лактюшин Дмитрий Николаевич – «Орыс, славян және казак этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары
  68. Локшин Вячеслав Нотанович – «Мицва» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының академигі
  69. Лукин Андрей Иванович – қоғам қайраткері
  70. Мақышев Тұрсынбек Шамбұлұлы – Сәтпаев қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері
  71. Малькова-Солопова Алёна Юрьевна – Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Құрылыс-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының оқытушысы
  72. Маткенов Мұрат Қадерұлы – Ұлытау облысы мәслихатының депутаты, Қарсақпай металлургия зауытының директоры
  73. Мәлікова Сәуле Зейноллақызы – Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Солтүстік Қазақстан Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
  74. Мельниченко Юрий Васильевич – «Қазақстан күрес федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, еңбек сіңірген спорт шебері, ХХVІ жазғы олимпиада ойындарының чемпионы
  75. Микаелян Наринэ Гамлетовна – «Наири» армян этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
  76. Мусин Бағдат Батырбекұлы – Спорттық бағдарламалар жасау федерациясының президенті, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
  77. Мусин Манат Айтбайұлы – Ақмола облысы мәслихатының депутаты
  78. Мұқаев Мұрат Рахметұлы – Батыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы
  79. Мұқанова Роза Қажығалымқызы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, драматург
  80. Мухамеджанов Евгений Викторович – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «ECO Network» жобасының негізін қалаушы
  81. Мұсабеков Арман Төлегенұлы – Павлодар облысы мәслихатының депутаты, «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры
  82. Мұхтарова Найла Алтайқызы – «Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры
  83. Мусапиров Жанұзақ Керімбекұлы – «Қазақстан Республикасының Көркем сурет академиясы» қоғамдық қорының вице-президенті
  84. Мүтәліп Шахмұрат – «Қазақстан бокс федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті
  85. Мырзағараев Мәди Жомартұлы – Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы
  86. Надыров Камалжан Талғатұлы – «Қазақстандағы ұйғырлардың республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Орталық Азия биотехнологиялар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі
  87. Нысанбаев Ерлан Нұралыұлы – мемлекет қайраткері
  88. Огузхан Абдулкарим – «Алматы қаласындағы түрікмен этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
  89. Омаров Бауыржан Жұмаханұлы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының академигі, Қазақстан Респубикасы Президентінің кеңесшісі
  90. Орынбасаров Нұрсұлтан Жұмабайұлы – Алматы облысы мәслихатының депутаты, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Sagadat Batyr» спорт клубының директоры
  91. Орынбеков Думан Рымғалиұлы – Абай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры
  92. Осин Кирилл Владимирович – «ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің директоры
  93. Останькович Дмитрий Валерьевич – «Родны кут» беларусь этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
  94. Оторбаев Ардақ Рахметоллаұлы – Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Jasa-Life» орталығы» мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестігінің төрағасы
  95. Отыншиев Мейіржан Батырбекұлы – Алматы қаласы мәслихатының төрағасы
  96. Павленко Дмитрий Иванович – «Қостанай автомобиль көлігі жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры
  97. Поломарчук Борис Викторович – Павлодар облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының оқытушысы
  98. Правдина Вера Николаевна – «Шығыс Қазақстан орыс мәдени орталығы» жергілікті этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы
  99. Рақышева Ботагөз Исламқызы – «Қоғамдық пікір» зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің доценті
  100. Рахметулина Бағдат Сағынғанқызы – Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қауымдастырылған профессоры
  101. Рыпаков Денис Сергеевич – Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы
  102. Сабильянов Нұртай Салихұлы – қоғам қайраткері
  103. Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызы – «Философия, саясаттану және дінтану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры
  104. Сәлімов Алмас Алтайұлы – Түркістан облысы мәслихатының депутаты
  105. Серікжанова Әйгерім Телжанқызы – «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қорының креативті технологиялар және жасанды интеллект зертханасының басшысы
  106. Соловьёва Ирина Анатольевна – «Семей қаласындағы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры
  107. Спирина Ольга Сергеевна – «Қазақша Speaking Club» қоғамдық жобасының авторы, тележүргізуші
  108. Стадникова Лилия Викторовна – Павлодар облысы Білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы
  109. Сураган Дурвудхан – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының академигі
  110. Сүйінтаева Гүлқасима Рамазанқызы – Ақтөбе облысы мәслихатының төрағасы
  111. Сүлеймен Олжас Серікбайұлы – «Qazaqstan Team» республикалық қоғамдық жастар бірлестігінің жетекшісі
  112. Тахтай Василий Сергеевич – «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі
  113. Ташыбеков Манас Нурмаматович – «Қазақстандағы қырғыздардың этномәдени бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары
  114. Тварионас Виталий Ионо – «Lituanica» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
  115. Тимощенко Юрий Евгениевич – «Украиндар радасы» этномәдени бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
  116. Төреханов Роман Алмаханұлы – «Қазақстан бокс федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің құрметті президенті
  117. Тұрдалиева Ақнұр Нұрталапқызы – «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы
  118. Усанова Руфина Касымовна – «Татар мәдениетінің «Туган тел» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары
  119. Ұлжекова Нұргүл Төленқызы – «Қазақстан бочча федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы
  120. Хмелевский Виталий Альбертович – «Қазақстандағы поляктар одағы» этномәдени бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
  121. Цхай Александра Сергеевна – «Қазақстандағы корейлер қауымдастығы» этномәдени бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары
  122. Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы – Қызылорда облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры
  123. Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы – республикалық Аналар кеңесінің төрағасы
  124. Шиповских Геннадий Геннадиевич – «Жастар үні» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі
  125. Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы – «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы
  126. Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы – «Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
  127. Эктова Ирина Андреевна – Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты
  128. Юсупова Әлия Мақсұтқызы – Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «Қазақстан ұлттық гимнастика федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті.
« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑