Month: September 2026 (Page 19 of 28)

Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі.

Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Бұл мереке отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасылық бірлікті нығайтуға және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға бағытталған.

🇰🇿🇺🇸АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

🇰🇿🇺🇸АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

Құрметті Президент мырза!

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жылы лебізімді қабыл алыңыз!

Миллиондаған қазақстандық Астанада және елдің түкпір-түкпірінде 1991 жылы республика Тәуелсіздігі жарияланғаннан бері көздің қарашығындай сақтап, еселей түскен бай мәдениетін, тарихи мұрасын және қайталанбас келбетін ерекше мақтанышпен паш етеді.

Мемлекеттеріміз арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін.

Қазақстан халқының бағына орай, Сіз сияқты тегеурінді әрі батыл көшбасшысы бар. Осы қуанышты сәтті сіздермен бөлісу – мен үшін зор мәртебе.

t.me/aqorda_resmi

🇺🇸Серджио Гор Қазақстан мен АҚШ көшбасшыларының тығыз әрі өзара сенімге құрылған қарым-қатынасының арқасында екі ел ынтымақтастығы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті

🇺🇸Серджио Гор Қазақстан мен АҚШ көшбасшыларының тығыз әрі өзара сенімге құрылған қарым-қатынасының арқасында екі ел ынтымақтастығы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті

– Бүгінде мемлекеттеріміздің сауда-экономикалық байланыстары мен ықпалдастығы белсенді өрбіп келеді. Президентіміз Қазақстанмен және Орталық Азиямен серіктестікті күшейтуге айрықша мән береді, – деді Арнайы өкіл.

✔️Кездесу барысында бірлескен жұмыстың маңызды бағыттары, әсіресе, жасанды интеллект және цифрлық технология секілді басым салалар қарастырылды.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджио Гор өзара тиімді ынтымақтастыққа тың серпін беретін сан қырлы серіктестікті одан әрі кеңейтуге ниетті екендерін растады.

t.me/aqorda_resmi

🇰🇿🇺🇸Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады

🇰🇿🇺🇸Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады

✔️БРИКС саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті.

✔️Серджио Гор ең әуелі Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Президент Дональд Трамп жолдаған құттықтау хатты табыстады.

✔️Мемлекет басшысы жылы лебізі үшін АҚШ Президентіне алғыс айтып, Америка көшбасшысын Қазақстанға сапармен келуге шақыратынын растады.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-америка стратегиялық серіктестігі қарқынды түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, ықпалдастық аясын одан әрі нығайтудың маңызына тоқталды.

– Қазіргі уақытта Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуға дайындалып жүрмін. Бұл екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Өзара тиімді ықпалдастықты ілгерілету жолында сөзден гөрі нақты іске көшкенді жөн көреміз, – деді Қазақстан Президенті.

t.me/aqorda_resmi

🇰🇿🇮🇳Мемлекет басшысы БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Дели қаласына барды

🇰🇿🇮🇳Мемлекет басшысы БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Дели қаласына барды
 
Қазақстан Президентін Үндістан Үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

2026 жылғы 1–10 қыркүйек аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

2026 жылғы 1–10 қыркүйек аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы
 
➡️ Фейк: 8 қыркүйектен бастап нотариустарға атқарушылық жазбалардың күшін жоюға тыйым салынып, оларды тек сот тәртібімен даулау қажет болады.
 
ҚР Әділет министрлігінің ресми түсіндірмесі:
 
Борышкердің атқарушылық жазбаға қарсылық білдіріп, нотариусқа жүгіну құқығы сақталады. Нотариус та заңда көзделген жағдайларда атқарушылық жазбаның күшін жоюға бұрынғыдай құқылы. Борышкер өндіріп алушының талабымен келіспеуінің нақты себептерін көрсете отырып, хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде нотариусқа қарсылық жолдай алады. Атқарушылық жазба негізінде атқарушылық іс жүргізу қозғалған жағдайда сотқа жүгіну қажет.
 
JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Заңнамадағы өзгерістер нотариустардың атқарушылық жазбалардың күшін жоюға толық тыйым салу ретінде түсіндірілген. Нәтижесінде жекелеген рәсімдердің нақтылау борышкерлерді өз құқықтарын қорғаудың бір тәсілінен айыру ретінде көрсетіледі. Мұндай түсіндірмелер азаматтарды жаңылыстырып, мәселені тікелей нотариус арқылы реттеуге болатын жағдайлардың өзінде оларды ақылы заңгерлік қызметке жүгінуге итермелеуі мүмкін.
 
➡️ Фейк: Ресей аумағынан тараған табиғи өртке байланысты Қарабалық ауданындағы Үрнек ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр.
 
Қостанай облысы әкімдігі мен Қостанай облысы ТЖД-ның ресми түсіндірмелері:
 
Үрнек ауылы тұрғындарын эвакуациялау жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Облыс әкімдігі халықты эвакуациялау жүргізілмейтінін хабарлады.
Сонымен қатар табиғи өрттің Ресей Федерациясы аумағынан Қарабалық ауданының аумағына өткені расталды. Дала өсімдіктерінің жануы Қарадум орманшылығы аумағына ішінара тараған. Жағдай Қостанай облысы ТЖД бақылауында.
 
JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл жағдайда төтенше жағдайға қатысты нақты ақпарат расталмаған эвакуация туралы мәліметпен толықтырылған. Өрттің болғаны туралы расталған ақпарат пен оған байланысты қабылданған шаралар жөніндегі жалған мәліметтердің араластырылуы хабарламаның шынайылығына деген сенімді арттырып, тұрғындар арасындағы алаңдаушылықты күшейтуі мүмкін. Мұндай жағдайларда оқиғаның өзін ғана емес, оның ауқымы мен салдарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдер туралы ақпаратты да жеке-жеке тексеру маңызды.

➡️ Фейк: Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның Қазақстанға қатысты өткір мәлімдеме жасағаны туралы ақпарат.
 
JAQ.OrtCom ресми түсіндірмесі:
 
Таралып жатқан дәйексөз бұрмаланған. Тексеру барысында Никол Пашинянның Қазақстанға қатысты мұндай мәлімдеме жасамағаны анықталды. Манипуляцияға Армения Премьер-министрінің 3 қыркүйектегі брифинг барысында журналистің сұрағына берген жауабы негіз болған. Түпнұсқа сөзінде Арменияның мемлекеттік шешімдерді дербес қабылдауы туралы айтылған, бұл контексте Қазақстан мүлде аталмаған.
 
JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл жағдайда нақты айтылған сөздің мазмұнын бұрмалау тәсілі қолданылған: түпнұсқа дәйексөз ішінара өзгертіліп, ойдан шығарылған сөз тіркестерімен толықтырылған. Соның нәтижесінде бастапқы дәйексөзге мүлде басқа мағына берілген. Шетелдік мемлекет қайраткеріне Қазақстанға қатысты өткір мәлімдемелерді телу қоғамда теріс пікір қалыптастыру және екі ел арасында шиеленіс туғызатын жасанды ақпараттық себеп жасауға пайдаланылуы мүмкін.
 
➡️ Фейк: Астана қаласында мектеп оқушысының қара түсті шалбар кигені үшін ата-анасына айыппұл салынады.
 
Астана қаласы Білім басқармасының ресми түсіндірмесі:
 
Ата-аналарға шалбардың қара түсі үшін айыппұл салынуы мүмкін деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Елордадағы жалпы білім беретін мектептерде қара және қою көк түсті мектеп формасын киюге рұқсат етіледі.
 
JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Жекелеген жанжалды жағдай мен нақты бір мектептің талаптарды дұрыс түсіндірмеуі барлық білім беру ұйымдарына ортақ ереже ретінде көрсетілуі мүмкін. Нәтижесінде ата-аналарда қара түсті мектеп формасына тыйым салынғаны және бұл талапты бұзғаны үшін автоматты түрде айыппұл салынатыны туралы қате түсінік қалыптасады. Алайда елорда мектептеріне ортақ мұндай талап жоқ.
 
➡️ Фейк: Қазақстандықтар неке тіркеу мерзімін міндетті түрде ұзартуы тиіс.
 
ҚР Әділет министрлігінің ресми түсіндірмесі:
 
Неке-отбасы заңнамасына сәйкес неке бір рет тіркеледі және оның белгіленген қолданылу мерзімі жоқ. Некені ұзарту талап етілмейді.
 
JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Алаяқтық схема міндетті мемлекеттік рәсім туралы ресми хабарламаға ұқсатып жасалған хабарламаны таратуға негізделген. «Некені ұзарту» туралы ақпарат азаматтар арасында алаңдаушылық туғызып, оларды хабарламаның мазмұнын тексерместен сілтемеге өтуге немесе дербес деректерін беруге итермелеуі мүмкін.
Сенімді арттыру мақсатында алаяқтар азаматтарға таныс цифрлық сервистерді және ресми хабарламаларға ұқсас тұжырымдарды пайдаланады.

Президент: «Ұлттық спорт түрлерін дамыту – Үкімет пен әкімдіктердің алдында тұрған аса маңызды міндет»

Президент: «Ұлттық спорт түрлерін дамыту – Үкімет пен әкімдіктердің алдында тұрған аса маңызды міндет»

– Қазір осы салада жұмыс істейтін отыздан астам арнайы мекеме бар. Астанада Ұлттық спорт университеті ашылды. Бұл оқу орны спорт саласындағы кәсіби кадрларды даярлауға шешуші үлес қосады деп жоспарлап отырмыз. «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» да табысты қызмет ете бастады. Елімізде жыл сайын қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар, бәйге және басқа да спорт түрлері бойынша мыңнан астам жарыс өткізіледі. Ұлттық спорт түрлерінің фестивалі, «Ақ бидай» ауыл ойындары, «Қазақстан барысы» додасы тұрақты түрде ұйымдастырылады. Ең бастысы, ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды. Бүгінде қазақ спортының беделі зор. Мұны бүкіл әлем мойындайтын болды. Қазақстан спортшылары әрдайым үздіктер қатарында. Күні кеше даңқты спортшымыз Елена Рыбакина теннистен әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Бұл – шын мәнінде өте үлкен жетістік. Мен Елена Рыбакинаны құттықтадым, оның еңбекқорлығы мен шеберлігін атап өтіп, бойындағы жеке мәдениетінің жоғары екеніне ерекше баға бердім, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

✔️Президент спорт саласындағы жетістіктерге Үкіметтің, тиісті министрліктің табанды жұмысының алғашқы нәтижесі ретінде оң баға беріп, алдымызда әлі талай міндет тұрғанын еске салды.

– Елімізде түрлі халықаралық додалар өткізілуде. Биыл Астанада дәстүрлі спорт пен цифрлық технологияны ұштастырған бірегей жарыс – «Болашақ ойындары» сәтті өтті. Келесі жылы елорда төрінде жеті бірдей әлем чемпионаты жалауын көтереді. Өте ауқымды жұмысты атқаруымыз керек, бірақ мұның бәрі – еліміздің абыройына, беделіне өте қажетті халықаралық іс-шаралар. Ал 2029 жылы Алматыда X Қысқы Азия ойындары өтеді. Осы маңызды шаралардың бәрін сапалы әрі жоғары деңгейде ұйымдастыру қажет, – деді Мемлекет басшысы.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, спортшылардың жеңісі, ең алдымен, өскелең ұрпаққа жігер беретінін айтты.

– Жастар сіздерге қарап бой түзейді. Бұл – үлкен мәртебе және зор жауапкершілік. Жеңімпаз, чемпион болу – бір басқа, жеңімпазға, чемпионға лайық үлгі көрсету – бір бөлек. Жас ұрпақты табанды, қайсар, шыдамды болумен қатар, оларды әдепті, мәдениетті, тиянақты болуға үйрету өте маңызды. Сонда жастарымыздың тәні де, жаны да сау, санасы сергек болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Соңғы жеті жылда елімізде 500-ден астам спорт нысаны салынды»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Соңғы жеті жылда елімізде 500-ден астам спорт нысаны салынды»

✔️Мемлекет басшысы қазір еліміз тарихи өрлеу дәуіріне қадам басқанын жеткізіп, елде болып жатқан елеулі өзгерістерге тоқталды.

– Біз біртұтас ел болып аса ауқымды реформаларды табысты жүзеге асырдық. Барша жұртымызға, әсіресе, өскелең ұрпаққа бағдар беретін Конституциямызды қабылдадық. Әділетті, Күшті, Озық, Таза Қазақстанның берік негізін қаладық. Мұны ұлт тарихындағы нағыз бетбұрысты оқиға деп бағалауға болады. Конституция – халқымыздың темірқазығы, ел ішіндегі түбегейлі өзгерістерге тың серпін берген қастерлі құжат. Таяуда ғана Құрылтай сайлауы өтті. Құрылтайға кәсіби, іскер, жаңашыл азаматтар кірді. Олардың ішінде жастар да аз емес. Вице-Президент тағайындалды. Жаңартылған Үкімет жұмысына кірісті. Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты жасақталды. Көп ұзамай Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітіледі. Құрылтайдың келісімімен Конституциялық сот судьялары, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалады. Осылайша, еліміздің негізгі мемлекеттік институттары толық жаңғыртылады. Бұл да – ауқымды реформаларымыздың өте маңызды бөлігі. Ал қазан айында мен Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдауымды жасап, алдағы жоспарымызды айқындаймын, – деді Мемлекет басшысы.

✔️Сонымен қатар Президент ұлт саулығын нығайту және адам капиталын күшейту мемлекеттің конституциялық міндеті саналатынын мәлімдеп, осы бағытта қолға алынған іргелі істерді атады.

– Соңғы жеті жылда елімізде 500-ден астам спорт нысаны салынды, бірқатары жөндеуден өткізілді. Былтыр менің тапсырмаммен «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға бірқатар өзгеріс енгізілді. Жаңа заң отандық спорттың дамуына күшті серпін бермек, соның ішінде ұлттық спорттың өркендеуіне ерекше ықпал етеді. Балаларымыз спортпен немесе дене шынықтырумен міндетті түрде айналысуы керек. Бұл – еліміздің жарқын болашағының кепілі. Осы мақсаттың жалпыұлттық мән-мағынасы айрықша. Өйткені дене-бітімі әлсіз, рухы қауқарсыз халқы бар ел ешқашан озық, дамыған мемлекет бола алмайды. Бұл – баршаға белгілі ақиқат. Сондықтан спорт мектептерінде оқитын әр балаға бөлінетін қаражат көлемі екі есеге жуық артты, яғни 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге ұлғайды. Былтыр 220 мыңнан астам бала спорт үйірмесіне мемлекет есебінен ақысыз барды. Осы мақсатқа 50 миллиард теңге бөлінді. Дене шынықтырумен шұғылданатын адамдардың саны 8 миллионнан асты. Бұл – халқымыздың жартысына жуығы деген сөз. Осы тұрғыдан алғанда, бізді салауатты ұлт деп атауға болады. Бірақ босаңсуға болмайды, – деді Президент.

t.me/aqorda_resmi

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑