Month: September 2026 (Page 2 of 28)

Қазақстан Жаһандық инновациялық индексте 8 сатыға көтеріліп соңғы он жылдағы ең үздік нәтижемен позициясын нығайтуда

Қазақстан Жаһандық инновациялық индексте 8 сатыға көтеріліп, соңғы он жылдағы ең үздік нәтижемен позициясын нығайтуда Женева, 2026 жылғы 29 қыркүйек – Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) 2026 жылғы Жаһандық инновациялық индексінде (Global Innovation Index, GII) елеулі ілгерілеу көрсетіп, бірден 8 сатыға көтерілді және әлемнің 139 экономикасы арасында 81-орыннан 73-орынға шықты. Бұл – Қазақстанның соңғы 10 жылдағы ең үздік нәтижесі.

Өңірлік көрсеткіш бойынша Қазақстан Орталық Азия елдері арасында 1-орынға, ал Орталық және Оңтүстік Азияның 11 экономикасы арасында 2-орынға ие болды. Табыс деңгейі орташадан жоғары 35 елдің ішінде Қазақстан 17-орынға орналасты. Ең елеулі ілгерілеу инновациялық нәтижелер бойынша тіркелді. Инновациялық нәтижелер субиндексі (Innovation Outputs) бойынша Қазақстан бірден 11 сатыға көтеріліп, 84-орыннан 73-орынға шықты, ал инновациялық ресурстар субиндексі (Innovation Inputs) бойынша 75-орыннан 73-орынға жақсарды.

GII 2026 нәтижелері Женевадағы ДЗМҰ штаб-пәтерінде мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдеріне арналған Индекстің алдын ала таныстырылымы аясында ұсынылды.

Қазақстанның рейтингтегі позициясының жақсаруына ұлттық және халықаралық деңгейлерде жүргізілген жүйелі жұмыс негіз болды. 2026 жыл ішінде Қазақстан Республикасының Женевадағы Тұрақты өкілдігі GII мәселелері бойынша ДЗМҰ-мен тікелей өзара іс-қимыл орнатып, нақты индикаторларға, оларды есептеу әдістемесіне және деректердің сапасына басымдық берді.

Тұрақты өкілдіктің бастамасымен ДЗМҰ сарапшылары мен Қазақстанның мемлекеттік органдарының қатысуымен жеке онлайн-консультация ұйымдастырылды. Оның барысында ел көрсеткіштері, дереккөздер, жетіспейтін және ескірген статистикалық мәліметтер, сондай-ақ одан әрі жұмыс істеу бағыттары егжей-тегжейлі қаралды. Консультациялар қорытындысы бойынша Тұрақты өкілдік GII жөнінде нақты ұсынымдары бар талдамалық материал әзірлеп, оны Қазақстанның мүдделі мемлекеттік органдарына жолдады. Халықаралық статистиканың сапасына және Қазақстан бойынша деректердің уақтылы әрі дұрыс көрсетілуіне ерекше назар аударылды.

Атқарылған жұмыс Қазақстан мен ДЗМҰ арасындағы өзара іс-қимылды рейтингті жыл сайынғы мониторингтеуден нақты көрсеткіштер, дереккөздер және мемлекеттік саясаттың қажетті шаралары бойынша мазмұнды жұмыс форматына көшіруге мүмкіндік берді.

Қол жеткізілген ілгерілеуге қарамастан, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар, университеттер мен бизнестің өзара іс-қимылы, венчурлік қаржыландыру, инновациялық кластерлерді дамыту, бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-техникалық жарияланымдар бағыттарында одан әрі өсу әлеуеті сақталып отыр.

Тұрақты өкілдік GII-дің жекелеген көрсеткіштері мен әдістемесі бойынша ДЗМҰ-мен өзара іс-қимылды жалғастырады. Келесі міндет – қол жеткізілген нәтижені бекіту және Индекстің негізгі индикаторлары бойынша мемлекеттік органдардың жүйелі жұмысы есебінен Қазақстанның позициясын одан әрі жақсарту.

Moody’s Қазақстан Республикасының «Baa1» деңгейінде егеменді кредиттік рейтингін растады, болжам «Тұрақты» Рейтингті растау мемлекеттік борыштың төмен деңгейімен

Moody’s Қазақстан Республикасының «Baa1» деңгейінде егеменді кредиттік рейтингін растады, болжам «Тұрақты» Рейтингті растау мемлекеттік борыштың төмен деңгейімен, борышқа қызмет көрсетудің жоғары қабілеттілігімен және жинақталған валюталық активтермен қолдау көрсетілетін Қазақстанның күшті фискалдық ұстанымын көрсетеді.

Мұның бәрі экономикалық саясаттың икемділігін және сыртқы экономикалық күйзелістерді азайту үшін айтарлықтай қауіпсіз қорды қамтамасыз етеді.

Агенттік мұнай өндірудің төмендеуіне қарамастан, Қазақстан экономикасы өңдеуші өнеркәсіптің, құрылыстың, көліктің және басқа да мұнай емес секторлардың ЖІӨ өсуіне елеулі үлес қосу есебінен өсуін жалғастырып отырғанын атап өтті.

Цифрлық, көлік және энергетикалық инфрақұрылымға жүргізіліп жатқан инвестициялар экономиканың күрделілігін тереңдете отырып, орта мерзімді экономикалық өсуді одан әрі қолдайтын болады. Агенттіктің бағалауы бойынша шикізаттық емес секторлар өсудің негізгі драйверлері болып қала береді.

Moody’s-тің пікірінше, салық реформалары бюджеттің мұнай емес кіріс базасын кеңейту арқылы фискалдық орнықтылықты нығайтуға ықпал етеді.

Тұтастай алғанда, экономиканы одан әрі әртараптандыру салық реформасымен, цифрлық, көлік және энергетикалық инфрақұрылымға инвестициялармен бірге фискалдық перспективалар мен одан әрі экономикалық өсу үшін мүмкіндіктерді жақсартады.

Қоғам Президент Қ. Токаевтың армияны реформалау туралы шешімін қолдайды

Қоғам Президент Қ. Токаевтың армияны реформалау туралы шешімін қолдайды
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 27 қыркүйекте Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен өткен арнайы кеңесте әскердегі жағдайға баға берді. Мемлекет басшысы министрліктің жұмысына жан-жақты тексеру жүргізіп, он күн ішінде армияны реформалау жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Мемлекет қабылдап жатқан шараларға қоғамның көзқарасын білу үшін «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы 28-29 қыркүйекте қоғамдық пікірді зерттеу мақсатында сауалнама жүргізді.
Сауалнама нәтижесі армияның қазіргі жағдайы мен болашағы көпшілік назарында екенін көрсетті. Қатысушылардың 85,2%-ы Президенттің Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру туралы шешімін толық немесе ішінара қолдайды.
Қарулы Күштерді реформалау туралы шешімге де осындай көзқарас қалыптасқан. Мемлекет басшысының бұл шешімін оң бағалағандардың үлесі де жоғары – 85,7%.
Сауалнамаға қатысушылар армияда қандай өзгерістер қажет екенін де айтты. Бұл сұраққа бірнеше жауап таңдауға мүмкіндік берілді. Ең көп аталған ұсыныс – Қорғаныс министрлігінің ашықтығы мен есептілігін арттыру (47,4%). Бұдан кейін командалық құрамды жаңарту және оның кәсіби деңгейін көтеру (34,3%), сондай-ақ қорғаныс саласындағы жемқорлыққа қарсы күресті күшейту (29,4%) тұр.
Әскери қызметтің күнделікті жағдайына қатысты мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Сауалнамаға қатысушылардың 25,3%-ы олардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік жағдайын жақсартуды маңызды деп санайды. Қару-жарақ пен әскери техниканы жаңартуды 20,7%, жаңа технологияларды, оның ішінде цифрлық шешімдерді енгізуді 20,4%, ал жауынгерлік даярлық пен оқу-жаттығу деңгейін көтеруді 19,2% атаған.
Сауалнама нәтижесі қоғамның армияда жан-жақты өзгеріс күтетінін көрсетеді. Елдің қорғаныс қабілетін нығайтумен қатар, жұрт әскери қызметтің күнделікті ұйымдастырылуы да жақсарғанын қалайды.
Президент бастамаларын қолдаудың жоғары деңгейі реформаның нәтижесіне қатысты нақты талаптармен ұштасып отыр. Халық реформаны армияның әскери-техникалық әлеуеті қаншалықты артқанымен ғана емес, әскери қызметтің жағдайы мен қауіпсіздігі қалай өзгергенімен де бағалайды.
 
Зерттеу туралы. Сауалнаманы «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы 2026 жылғы 28-29 қыркүйекте онлайн-сауалнама (CAWI) әдісімен жүргізді. Зерттеуге 17 облыс пен республикалық маңызы бар үш қала – Астана, Алматы және Шымкенттен 18 жастан асқан 1000 респондент қатысты.

2026 жылы денсаулық сақтау саласында 79 жоба іске асырылады

2026 жылы денсаулық сақтау саласында 79 жоба іске асырылады

Биыл елімізде жалпы құны 1,6 трлн теңге болатын 79 медициналық нысан салу жоспарланған.

Оның ішінде 9 перинаталдық орталық, 9 балалар ауруханасы, 25 амбулаториялық-емханалық нысан, 8 көпбейінді және 2 инфекциялық аурухана, 3 перзентхана, 4 жедел жәрдем орталығы бар.

Науқастарды шұғыл жеткізу үшін тікұшақ алаңы қарастырылған

Науқастарды шұғыл жеткізу үшін тікұшақ алаңы қарастырылған

Көкшетаудағы жаңа көпбейінді ауруханада санитарлық авиация тікұшағына арналған арнайы қону алаңы бар. Енді дәрігерлер шалғай елді мекендерге шұғыл аттану үшін әуежайға бармай-ақ, аурухана аумағынан тікелей ұша алады.

Ауылдарда 813 медициналық нысан салынды

Ауылдарда 813 медициналық нысан салынды

2023–2025 жылдары елімізде 813 медициналық нысан бой көтерді. Оның 665-і – ауылдардағы емханалар мен амбулаториялар.

Нәтижесінде 1 млн-ға жуық ауыл тұрғыны өз елді мекенінде ем алуға мүмкіндік алды.

Өңірлерде медициналық нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Өңірлерде медициналық нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Көкшетауда 17 гектар аумақта көпбейінді аурухана салынып жатыр. Нысан 71 пайызға дайын, құрылыс жұмыстары жоспардан екі айға озып келеді. Аурухана жылына 25–30 мың пациент қабылдай алады.

Қызылордадағы жаңа аурухана 10 блоктан тұрады. Мұнда емхана, физиотерапия, химиотерапия, радиотерапия және ота жасау бөлімдері, сондай-ақ шалғайдан келген науқастарға арналған пансионат болады.

Ал Бескөлдегі жаңа емхана Қызылжар ауданы тұрғындарының кезек күту мәселесін азайтып, медициналық көмектің қолжетімділігін арттырмақ.

Сырдария жағасындағы аурухана емделуге де,тынығуға да қолайлы болады

Сырдария жағасындағы аурухана емделуге де,тынығуға да қолайлы болады

Қызылорда тұрғындары жаңа аурухананың тезірек ашылып, сапалы медициналық көмек қолжетімді болғанын күтеді.

Жоба бойынша аурухана аумағына 562 түп ағаш пен көшет отырғызылып, 30 мың шаршы метр көгал мен гүлзар жасалады.

Сырдария жағасындағы нысан емдеу орны ғана емес, тұрғындар тынығатын жасыл кеңістікке де айналмақ.

Радиациядан қорғану үшін бетон қабаты 1 метрге дейін қалыңдатылған

Радиациядан қорғану үшін бетон қабаты 1 метрге дейін қалыңдатылған

Қызылордадағы жаңа аурухана іске қосылса, өңір тұрғындарына медициналық қызмет қолжетімді бола түседі. Онкология бөлімшесі де заманауи ғимаратқа көшіріледі.

Радиология бөлімінде радиациялық қауіпсіздікке ерекше мән берілген. Кей тұста бетон қабатының қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді.

Баллонсыз оттегі, медициналық қалдықты өртейтін орын: Жаңа нысанның ерекшеліктері

Баллонсыз оттегі, медициналық қалдықты өртейтін орын: Жаңа нысанның ерекшеліктері

Қызылордадағы жаңа ауруханада медициналық газ жүйесі барлық палатаны қамтиды. Соның арқасында мамандарға оттегі баллонын іздеудің қажеті жоқ. Жүйе реанимация мен ота жасау бөлімдерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ нысанда негізгі және резервтік қазандықтар, төтенше жағдайға арналған су қоймалары мен медициналық қалдықтарды жоятын арнайы орын қарастырылған.

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑