Month: September 2026 (Page 20 of 28)

Мемлекет басшысы: «Көшпенділер ойындарының мәртебесі – баршамыздың ортақ абыройымыз»

Мемлекет басшысы: «Көшпенділер ойындарының мәртебесі – баршамыздың ортақ абыройымыз»

✔️Осы ретте Президент бүкіл әлем түркі халықтарына көз тігіп отырғанын алға тартып, бұл жарысты бірлесе дамытуға шақырды.

– Қазақстан осы ортақ іске белсене атсалысуға қашанда дайын. Екі бауырлас елге ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен ең құнды өсиеті: бұл – өзара құрмет және мәңгі достық. Осы даналықты ұмытуға ешқандай хақымыз жоқ. Біз – Ұлы дала өркениетінің заңды мұрагерінің біріміз. Батыр бабаларымыз ұлан-ғайыр жерді бізге аманат етті. Салт-дәстүрімізді, рухани құндылықтарымызды мұра етіп қалдырды. Қастерлі қазынаны көздің қарашығындай сақтап, жас буынға табыстау – ортақ парызымыз. Осы рухты борышымызды өркениетті, мәдениетті түрде, абыроймен жүзеге асыруымыз қажет, – деді Мемлекет басшысы.

✔️Президент Қазақстан мақсаты – биік, жоспары – айқын, болашаққа сеніммен қарайтын озық ойлы ұлт ретінде әрдайым алға қарай ұмтылып келе жатқанын айтты.

– Біз, соның ішінде ұлттық спортпен айналысатын жастар, басқа да спортшылар, мемлекеттік қызметшілер мен кәсіпкерлер, дәрігерлер мен ұстаздар, студенттер мен ғалымдар, жұмысшылар мен басқарушылар, әскери қызметкерлер мен мекеме қызметшілері – бәріміз мәдениетті, сабырлы болып, даңғаза мен айқай-шуға жол бермеуіміз қажет. Сонда ғана қазақ халқы толыққанды өркениетті қоғам болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

t.me/aqorda_resmi

Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
 
✔️Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар мен бапкерлерді Көшпенділер ойындарындағы жарқын жеңістерімен құттықтап, олар Қазақстанның ұлттық спорттағы абырой-беделін дүние жүзіне паш еткенін атап өтті.
 
– Әлемнің 100-ден астам елінен келген спортшылармен бәсекеге түсіп, көк байрағымызды биікке көтеру – нағыз ұлт перзенттеріне тән асыл қасиет. Ұлттық командамыз ел үмітін толығымен ақтады деп айтсақ, әділеттікке сай сөз болады. Мен Президент ретінде баршаңызға Отанымызға әкелген рухты жеңістеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге тұтас халқымыз жанкүйер, тілекші болды, – деді Президент.
 
✔️Мемлекет басшысы ұлттық құраманың жалпы есепте бірінші орынға шыққанын ел мерейін өсірген елеулі жетістікке балады.
 
– Сайыс қорытындысы бойынша спортшыларымыз 74 медаль еншіледі. Оның 32-сі – алтын жүлде. Осы тамаша жеңіс қазақтың рухы биік, жігері мықты, нағыз жеңімпаз ұлт екенін тағы бір мәрте айқын көрсетті. Жалпы, спорттың басты миссиясының бірі – өзара құрмет пен сыйластықты дәріптеу, халықтар достығын нығайту. Бұл дүбірлі дода жоғары деңгейде өтті. Сайыс нәтижелері әділ болды. Осыған орай, Қырғыз елінің Президентіне ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының төмендеуі тіркелді

  • Қазақстанның бірқатар өңірлерінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының төмендеуі тіркелді
    2026 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендегені байқалды.

Апта ішінде картоптың (-6,9%), пияздың (-5,9%), ақ қырыққабаттың (-5,1%), сәбіздің (-4,5%), алманың (-0,8%), нанның (-0,4%) және ірімшіктің (-0,3%) бағасы төмендеді.

Есепті аптада бірінші сұрыпты бидай ұны, рожки, сүт және сүзбе бағасы өзгеріссіз қалды.

Өңірлік бөліністе елдің бірқатар қалаларында дефляциялық динамика байқалды. Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларының жалпы деңгейі Астана, Атырау, Жезқазған, Қызылорда, Өскемен, Семей және Түркістан қалаларында 0,1%-ға төмендеді. Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Тараз қалаларында бағалар алдыңғы апта деңгейінде сақталды.

Республика бойынша пияздың орташа бағасы бір килограмына 156 теңгені құрады. Бұл ретте ең төмен баға Павлодар қаласында тіркелді – бір килограмына 123 теңге.

Ел бойынша сәбіздің орташа бағасы бір килограмына 227 теңгені құрады. Ең төмен баға Павлодар қаласында тіркелді – бір килограмына 146 теңге.

Республика бойынша картоптың орташа бағасы бір килограмына 217 теңгені құрады. Ең қолжетімді бағалар Павлодар қаласында – 152 теңге және Қостанай қаласында – 184 теңге деңгейінде тіркелді.

Республика бойынша қызанақтың орташа бағасы бір килограмына 586 теңгені құрады. Ең төмен баға Тараз қаласында тіркелді – бір килограмына 347 теңге.

Ет өнімдерінің ішінде республика бойынша сүйекті сиыр етінің орташа бағасы бір килограмына 3 819 теңгені, тауық етінің бағасы – 1 747 теңгені құрады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары индексінің көрсеткіші апта сайын есептеледі. Бағаларды бақылау барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының динамикадағы өзгерістерін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының сайтынан және «Талдау» ақпараттық-талдау жүйесінен көруге болады.

*Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №362-НҚ бұйрығымен бекітілген және 31 атаудағы азық-түлік өнімдерін қамтиды.

Қазір елімізде құрылыс саны артты.

Қазір елімізде құрылыс саны артты. Жақын аралықта тіпті құрылыс көбеймек. Мектептер, аурухана, емхана, жол, теміржолдар салынып жатыр. Әуежайлар да бой көтеруде. Жақында ғана Арқалықта әуежай ашылды. Дәл сондай әуежай бірнеше аймақта салынып жатыр. Сонымен бірге су құбырлары, энергетика нысандары, өндіріс ошақтары да салынуда. Құрылыстың көп болғаны жақсы.

Біріншіден, бұл жұмыс орны деген сөз. Құрылыс нысанын салуға сол аймақтың халқы жұмысқа тартылады. Екіншіден, өндіріс ошақтарына да тапсырыс артады. Құрылысқа қажетті тас, цемент, темір және басқаны шығару көбейеді. Ол материалды тасу үшін транспорт саласындағы мамандарға тапсырыс артады. Олар да жұмысқа ие болады. Қызмет көрсету саласының да саудасы жүреді дегендей. Жалпы ірі құрылыс нысаны тізбекті деңгейде бірнеше салаға жұмыс береді ғой. Осылай кете береді.

Ауқымды құрылыстар мемлекет есебінен жүргізіледі. Жолдар, көпірлер, бөгеттер мен мектептер салынады. Бұл азаматтарды жұмыспен қамтуға сеп болады. Құрылыстың көп болуы есебінен зауыттарға тапсырыс артады. Бұл өз кезегінде құйылатын инвестицияны ұлғайтады.

Осылайша экономиканың нақты секторына қаржы ағымы ұлғая береді. Халық қаражатының бір бөлігін тауар алуға жұмсайды. Сәйкесінше сауда және қызмет көрсету саласына қатысты тапсырыс та артады.

Ауқымды құрылыстар бір жағынан халықты жұмыспен қамтуға, ал бір жағынан инфрақұрылымды жаңартуға, енді бір жағынан ақша түсімін арттыруға себепкер болады.

Жалпы ауқымды құрылыс нысандары тек бір ғимарат салу, құбыр төсеумен шектелмейді. Ол тізбекті реакция ретінде экономиканың түрлі саласына жан бітіреді. Ішкі сұранысты арттырады (зауыттарға), қызмет көрсету саласын күшейтеді (транспорт пен тасымалдау саласы, жол бойындағы асхана және басқа дегендей), инфрақұрылымды күшейтеді. Бастысы салынатын нысандардың сапасын, қажеттілігін және қаржылық сипатын қатаң қадағалап отыру керек. Салынатын нысанның сол аймаққа қажеттілігін де зерттеу маңызды. Мысалы 20 адам тұратын ауылға млрд теңгелік мектеп салып қоймау керек дегендей ғой. Осындай тұстарын бақылап, нақты есеппен жүргізілсе, ауқымды құрылыстар экономика үшін өте маңызды қозғаушы күш бола алады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті “Онлайн бюджеттік мониторинг” модулі арқылы жалақы төлеудің жүргізілген мониторингінің нәтижелері

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті “Онлайн бюджеттік мониторинг” модулі арқылы жалақы төлеудің жүргізілген мониторингінің нәтижелері

Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде бюджет қаражатының пайдаланылуын «Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулін қолдана отырып, нақты уақыт режимінде бақылау жалғасуда.
«Онлайн-бюджеттік мониторингі» модулі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және туризм салаларында қолданылады. Ол нақты уақыт режимінде бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын, соның ішінде еңбекақы төлеуді бақылауға мүмкіндік береді.
Ерекше назар қызметкерлерге негізсіз төлемдерді бүркемелеп,жалақы ретінде карт-шоттарға аударымдарды талдауға аударылады.
Тексерулер тәуекелдердің бар екенін бірқатар жағдайда көрсетті,бұл цифрлық мониторингті әрі қарай дамыту қажеттілігін дәлелдейді. Кешенді тәсіл мен заманауи технологиялар бюджет қаражатын бақылауды анағұрлым тиімді әрі ашық етеді.
Осылайша, Департамент 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 тамызға дейінгі кезеңде ОБМ арқылы еңбекақы төлемдерін мониторнгтеу жүргізіп, барлығы 41419 тәуекелді төлем бойынша барлығы 1642 хабарламалар жолданды оның ішінде:

  • білім беру саласында 38123 тәуекелді төлем бойынша барлығы 902 хабарламалар;
  • мәдениет саласында 3058 тәуекелді төлем бойынша барлығы 679 хабарламалар;
  • денсаулық сақтау саласында 238 тәуекелді төлем бойынша барлығы 61 қою хаттары хабарламалар;
    Заңсыз төлемдер расталған 29 тәуекелді төлем бойынша қаражат мемлекеттік бюджетке қайтарылды.
    Департамент мониторинг нысанының хабарламаны орындамаған және жоғары тәуекелдерді сақтаған жағдайында мемлекеттік аудит тағайындалады, оның қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Қаржылық пирамидалар: жылтыр сыртқы көріністің астарындағы алаяқтықты қалай тануға болады

Қаржылық пирамидалар: жылтыр сыртқы көріністің астарындағы алаяқтықты қалай тануға болады

Бүгінде қаржылық пирамида бұрынғыдай бірден байқалмайды. Ол өзін инвестициялық компания, криптожоба, халықаралық бизнес немесе онлайн табыс платформасы ретінде таныстыруы мүмкін. Әдемі сайт, жеке кабинет, кеңсе, презентациялар мен жоғары табыс туралы уәделер сенімділік әсерін қалыптастырады. Алайда мұның бәрі жобаның заңды әрі сенімді екенін білдірмейді.

86 мыңнан астам азамат қаржылық пирамидаларға тартылған

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) деректеріне сәйкес, 2025 жылдың басынан бері 36 қаржылық пирамида жойылып, оларға 86 мыңнан астам азамат тартылған.

Осы кезеңде 19 қаржылық пирамидаға қатысты 46 сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталған. Мүлікке тыйым салуды ескере отырып, 12,5 млрд теңге залалдың орны толтырылды.

Сондай-ақ ҚМА жалған инвестициялық жобалар туралы ақпарат таратқан 7 мыңнан астам интернет-сайтты бұғаттап, Instagram және Telegram желілеріндегі жалпы аудиториясы 276 мың адамды құрайтын 43 құқыққа қарсы чатты жапқан.

Қаржылық пирамида қалай жұмыс істейді?

Пирамиданың негізгі ерекшелігі — қатысушыларға төлемдер нақты экономикалық немесе инвестициялық қызметтен түсетін тұрақты табыстан емес, көбіне жаңа қатысушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Жаңа салымшылар ақша салып тұрған кезде жүйе жұмыс істеп тұрғандай көрінеді. Ал жаңа адамдардың келуі тоқтаған кезде төлемдер де тоқтап, қаржылық қиындықтар басталады.

Қандай белгілерге назар аудару керек?

Ақшаңызды жобаға салмас бұрын мына сұрақтарға жауап беріңіз:

Кіріс қайдан келеді?
Егер компания пайда көзін нақты түсіндіре алмаса немесе кіріс негізінен жаңа қатысушылардың ақшасына байланысты болса, бұл — маңызды қауіп белгісі.

Неге соншалықты жоғары табыс уәде етіледі?
Қысқа мерзімде жоғары пайда және «тәуекел жоқ» деген уәде күмән тудыруы тиіс.

Жаңа адамдарды тартқаны үшін сыйақы беріле ме?
Егер табыс мөлшері басқа адамдарды жобаға тартуға және олардың салымдарына тікелей байланысты болса, бұл пирамидалық модельдің негізгі белгілерінің бірі.

Ақшаны кімге аударып жатырсыз?
Заңды тұлғаны, құжаттарды және қажетті лицензиялардың бар-жоғын тексеріңіз. Ақшаны жеке тұлғаның банк картасына немесе жеке криптоәмиянына аударуды ұсынса, ерекше сақ болған жөн.

Жоба жаңа қатысушыларсыз жұмыс істей ала ма?
Егер жүйе тұрақты түрде жаңа ақша түсіп тұрғанда ғана міндеттемелерін орындаса, оның бизнес-моделіне күмән келтіруге негіз бар.

Сіз нақты не сатып алып немесе қаржыландырып жатырсыз?
Ұсынылып отырған өнімді, активті немесе қызметті, сондай-ақ салған ақшаңызды қалай қайтаратыныңызды нақты түсіну қажет.

Жеке кабинеттегі «табысқа» сене бермеңіз
Кейбір жобалар қатысушыға онлайн-платформадағы жеке кабинет арқылы күн сайын өсіп жатқан баланс пен кірісті көрсетеді.
Алайда экрандағы цифр нақты активтердің, инвестициялық операциялардың немесе нақты пайданың бар екенін білдірмейді.

Сондықтан жобаға ақша салмас бұрын қаражаттың нақты қайда жұмсалатынын және табыстың қандай қызметтен қалыптасатынын анықтау қажет.

Кеңсе мен алғашқы төлемдер қауіпсіздік кепілі емес

Қаржылық пирамидалар сенімділік қалыптастыру үшін заманауи сайттар, кеңселер, презентациялар, әлеуметтік желілер, оң пікірлер және табысты қатысушылардың мысалдарын пайдалана алады.

Тіпті алғашқы төлемдерді алу да жобаның заңды әрі тұрақты екенін дәлелдемейді. Пирамидалық жүйеде алғашқы қатысушыларға төлем кейін қосылған адамдардың қаражаты есебінен жасалуы мүмкін.

Сондықтан сыртқы көрініске емес, ақшаның нақты қайдан келіп, қайда жұмсалатынына назар аудару маңызды.

Ақша аудармас бұрын жобаны тексеріңіз

ҚМА ресми интернет-ресурсында қаржылық пирамида белгілері бар жобалар туралы ақпарат жариялайды. Сонымен қатар күдікті жобаларды тексеру үшін ҚМА-ның «Baiqa, piramida!» Telegram-ботын пайдалануға болады.

Бірақ жобаның бұл тізімде болмауы оның автоматты түрде сенімді екенін білдірмейді. Компанияның қызметін, құжаттарын, лицензиясын және табыс көзін өзіңіз де тексеру қажет.

Ең бастысы — ақшаңыздың қайдан көбейетінін түсіну

Қаржылық пирамида кез келген сипатта болуы мүмкін: инвестициялық қор, халықаралық жоба, криптоплатформа немесе онлайн-бизнес.

Сондықтан ақша салмас бұрын ең алдымен бір сұраққа жауап іздеңіз:

«Маған табыс нақты не есебінен төленеді?»

Егер бұл сұраққа нақты әрі түсінікті жауап болмаса, күмәнді ұсыныстан бас тартқан дұрыс.

Дереккөз: Fingramota.kz

Буллинг үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?

Буллинг үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?

Буллинг – кәмелетке толмаған баланы жүйелі түрде қорлау, қудалау немесе қорқыту. Мұндай әрекеттер интернетте жасалса, ол кибербуллинг болып саналады.

Қазақстан заңнамасында буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

12 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірім буллинг жасаған жағдайда, жауапкершілік оның ата-анасына немесе заңды өкіліне жүктеледі. Ескерту немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл, ал әрекет бір жыл ішінде қайталанса, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

16 жасқа толған жасөспірім әкімшілік құқық бұзушылық үшін заңда белгіленген тәртіппен өзі жауап береді.

Сонымен қатар, ата-аналар баланың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне тиісті деңгейде көңіл бөлмеген жағдайда, заңда көзделген негіздер бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Буллинг – жай ғана балалар арасындағы жанжал емес. Оның алдын алу үшін ата-ана, мектеп және қоғам бірлесіп әрекет етуі маңызды. Травляға тап болған балаға дер кезінде қолдау көрсетіп, қажет болған жағдайда мектеп әкімшілігіне, психологқа немесе құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Бір таңдаудың бағасы» атты ашық диалог өтті.

Бір таңдаудың бағасы

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Бір таңдаудың бағасы» атты ашық диалог өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және студенттердің есірткінің заңсыз айналымына тартылуының алдын алу.

Кездесудің бұл форматы кездейсоқ таңдалған жоқ. Студенттерге есірткі қылмыстарының салдары тек заң тұрғысынан ғана емес, өз басынан өткен оқиға арқылы да түсіндірілді.

Алдымен Ақмола облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік, заңнамадағы соңғы өзгерістер және «оңай ақша табу» жолына түсудің қауіптілігі туралы айтып берді.

Кездесу екі жастың студенттік өмірін бейнелейтін қысқа бейнероликтен басталды. Екеуінің де мүмкіндігі бірдей болғанымен, бірі білім алып, адал еңбек етуді таңдаса, екіншісі есірткі таратудан ақша табуды көздейді. Соңында екінші кейіпкер ұсталып, бас бостандығынан айырылады.

Одан кейін студенттер алдында есірткі қылмысы үшін сотталған, қазіргі таңда волонтерлік қызметпен айналысатын азамат сөз сөйледі. Ол заң бұзушылықтың ықтимал салдары туралы ғана емес, өз басынан өткен жағдайды ашық айтып берді.

Бір кездері оның да білім алуға, жұмыс істеуге және заңды жолмен табыс табуға мүмкіндігі болған. Алайда тез ақша табуға деген ұмтылыс басым түсіп, ол қате шешім қабылдаған. Өзінің айтуынша, сол кезде «ұсталмаймын» деген сенім болған.

Оның өміріндегі қарапайым есептің өзі көп нәрсені аңғартты. Қылмыстық жолмен тапқан ақшасы күткен пайдасын әкелмеген. Кейін отбасының адвокатқа, азық-түлік пен қажетті заттарға жұмсаған шығыны оның заңсыз жолмен тапқан табысынан үш-төрт есе көп болған.

Бұл оқиға студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды. Кездесу ашық пікір алмасуға ұласып, жастар полиция қызметкеріне де, бұрын сотталған азаматқа да көптеген сұрақ қойды. Олар әртүрлі әрекеттер үшін көзделген жауапкершілік, ұстау тәртібі, жазасын өтеу жағдайы және бостандыққа шыққаннан кейін қалыпты өмірге оралу қаншалықты қиын екені туралы сұрады.

Кездесуге қатысқан жастардың белсенділігі ашық диалог форматының тиімді екенін көрсетті. Жастарға белгілі бір әрекеттің заңмен тыйым салынғанын айтып қана қою жеткіліксіз. Ең маңыздысы – сол әрекеттің нақты өмірде қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін түсіндіру.

Өйткені кейде бір ғана қате таңдау адамның бүкіл өмірін өзгертуі мүмкін. Сондықтан дұрыс таңдау жасау туралы дер кезінде айту – құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды жолдарының бірі.

Қазақстанның жаңа белесі – ғылым мен білім

Қазақстанның жаңа белесі – ғылым мен білім

Әр дәуір ұлттың даму бағытына өз ізін қалдырады. Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа кезеңін ғылым мен технологияның дәуірі ретінде айқындап, ел дамуының негізгі басымдықтарының бірін белгіледі.

ҚҚДИ сарапшысы, PhD, әлеуметтанушы Руслан Ыбырайдың айтуынша, ел үшін ғылым мен экономиканың сабақтастығын күшейтіп, озық технологияларды дамыту маңызды. Бұл бағыт Қазақстанның жаңа болмысын қалыптастырып, жаһандық бәсекеге қабілетін арттыруға жол ашады.

Мемлекеттік саясат – халық үні мен мемлекеттік шешімдерді байланыстыратын көпір

Мемлекеттік саясат – халық үні мен мемлекеттік шешімдерді байланыстыратын көпір

Қоғамның сұранысын ескеру, халықтың көңіл күйі мен өзекті мәселелеріне жедел үн қату – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі.

«Жасампаз ұлт» подкастында ҚҚДИ сарапшысы, PhD, әлеуметтанушы Руслан Ыбырай қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты күшейтудің маңызына тоқталды. Оның айтуынша, жаңа саяси тәсілдер азаматтардың үнін естіп қана қоймай, олардың ұсыныс-пікірлерін мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне жақындатуға мүмкіндік берді.

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑