Month: September 2026 (Page 25 of 28)

«Заң мен тәртіп» – жауапты қоғамның негізі

«Заң мен тәртіп» – жауапты қоғамның негізі

Абай Мырзахметов атындағы университетте жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету мақсатында студенттермен кездесу өтті.

Кездесуді университеттің тәрбие және кәсіби бағдар беру жұмысы жөніндегі проректоры А.А. Темербекова өткізді.

Жиын барысында заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру, әр азаматтың өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауы, сондай-ақ өзгенің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мәселелері кеңінен талқыланды.

Әсіресе жастардың саналы азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік көзқарасын орнықтыруға және заңды сақтау әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын түсіндіруге басымдық берілді.

Кездесуде заң мен тәртіптің қоғам тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің басты негіздерінің бірі екені атап өтілді. Құқықтық сауатты, жауапкершілігі жоғары жас ұрпақ қалыптастыру – әділетті әрі қауіпсіз қоғам құрудың маңызды алғышарты.

Осындай кездесулер жастардың құқықтық санасын арттырып қана қоймай, олардың қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді.

🇱🇦Лаос Президенті Тхонглун Сисулит Қазақстанға сапары екіжақты қарым-қатынасты дамытудың маңызды кезеңі екенін атап өтті

🇱🇦Лаос Президенті Тхонглун Сисулит Қазақстанға сапары екіжақты қарым-қатынасты дамытудың маңызды кезеңі екенін атап өтті

– Мен Қазақстанды Орталық Азиядағы Лаоспен әрдайым ізгі әрі орнықты қарым-қатынас жасаған елдердің бірі ретінде қарастырамын. Қазақстан Лаосқа ұлт-азаттық күрес кезінен бері көмек қолын созып, бүгінге дейін қолдау көрсетіп келеді. Әлемдегі ахуал сан мәрте өзгерсе де, Қазақстан мен Лаостың қарым-қатынасы, бауырластық байланыстары және бір-біріне тілеулестігі мүлде өзгерген емес. Бүгінгі сапар екі ел арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға және кеңейтуге ықпал етеді, – деді Лаос Президенті.

✔️Тхонглун Сисулит Қазақстан Лаосқа мамандар даярлауға көмек көрсететініне баса мән берді.

– Лаостың жүздеген азаматы Қазақстандағы оқу орындарында білім алды. Бүгінде олардың көбі мемлекеттік қызметте, кәсіпкерлікте, орталық және жергілікті деңгейде басшылық қызмет атқарады. Отандастарым студенттік жылдарда көмектесіп, қолдау көрсеткені үшін қазақстандықтарды жылылықпен еске алады. Олар қазақстандықтарды Лаоста қарсы алуға да, кездескен жерде ризашылығын білдіруге де дайын екені сөзсіз, – деді Лаос Президенті.

✍️Келіссөз қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қос елдің де мүдделі екенін растайтын Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос компанияларын «Астана» халықаралық қаржы орталығының жеңілдіктерін барынша пайдалануға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос компанияларын «Астана» халықаралық қаржы орталығының жеңілдіктерін барынша пайдалануға шақырды

– АХҚО бизнес ашу мен инвестиция тартудың халықаралық алаңына айналды. Онда әлемнің 90-нан аса елінен келген 6300-ден астам компания тіркелген. АХҚО платформасы арқылы Қазақстанға 27 миллиард доллар инвестиция тартылды. АХҚО Лаос компаниялары үшін Қазақстан нарығына шығатын әрі Орталық Азиядағы қызметін кеңейтетін тиімді құрал бола алады, – деді ол.

✔️Әңгімелесу кезінде мәдени-гуманитарлық және туризм салаларындағы ықпалдастық перспективасына ерекше назар аударылды.

✔️Екі елдің жоғары оқу орындары арасында тығыз байланыс орнатудың, академиялық алмасу мен бірлесе кадр даярлау аясын кеңейтудің, сұранысқа ие лаостық мамандарды Қазақстанда оқытудың әлеуеті зор.

🇰🇿🇱🇦Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

🇰🇿🇱🇦Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

✔️Делегация мүшелерінің қатысуымен өткен келіссөз барысында Қазақстан мен Лаос президенттері екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың даму перспективасын талқылады.

✔️Мемлекет басшысы Лаос Халық Демократиялық Республикасы Президентінің елімізге жасаған алғашқы ресми сапары екіжақты байланыстарды нығайтуға тың серпін беретінін жеткізді.

✔️Сондай-ақ Қазақстан Лаосты Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.

– Біз Қазақстан мен Лаос арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастықты одан әрі дамытуға ниеттіміз. Бұл қарым-қатынасымызды нығайта түсуге берік негіз болады деп ойлаймыз. Лаос нарығына жеткізілетін қазақстандық тауар көлемін кеңейтудің мүмкіндігі мол екенін көріп отырмыз. Ең алдымен, металл, тағам, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, машина жасау және фармацевтика өнімдерін тасымалдай аламыз, – деді Президент.

✔️Мемлекет басшысы екі елдің көлік-логистика саласындағы ықпалдастығына назар аударып, Лаостың бұл бағыттағы табысын жоғары бағалады.

– Қазақстан Орталық Азияда тоғыз жолдың торабында орналасқан. Қытай мен Еуропаны жалғайтын Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді түрде дамытып келеді. Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық жолымен тасымалданатын жүктің 85 пайызы еліміз арқылы өтеді. Грузияның Батуми және ҚХР-дың Ляньюньган порттарында қазақстандық терминалдар жұмыс істейді. Біз Қытайдың Сиань қаласында Қазақстанның логистикалық хабын іске қостық. Осы платформаларды лаостық жүк тасымалдаушылар пайдалана алады. Лаос өнімдерін Орталық Азия мен Еуропаға біздің көлік дәліздері арқылы шығаруға болады. Қазақстан да Лаос арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияға тасымалдайтын өнім көлемін ұлғайтуға ниетті. Біз Лаостың теңізге шығатын жолы жоқ елден Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін байланыстырушы елге айналу жолындағы жетістіктерін жоғары бағалаймыз. Лаос – Қытай теміржолы елдің транзиттік әлеуетін күшейтіп, АСЕАН елдерін Қытаймен және Еуропамен жалғауға жол ашты. Осы орайда, үкіметтеріміз көлік-логистика саласы бойынша үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер бекітуді пысықтауы қажет, – деді Қазақстан Президенті.

🇱🇦Тхонглун Сисулит достас қазақ еліне арнайы сапармен келуге шақырғаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

🇱🇦Тхонглун Сисулит достас қазақ еліне арнайы сапармен келуге шақырғаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

– Президент мырза, сапар кезінде еліңіздің жан-жақты дамығанына, Сіздің басшылығыңызбен ауқымды өзгерістер жүргізіліп жатқанына куә болдым. Қазақстанға Лаос Президенті ретінде ресми сапармен келіп, Сізбен жүздесу – мен үшін зор мәртебе. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасымызға елеулі үлес қосатынына кәміл сенемін. Келіссөз барысында көптеген мәселені талқылап, өзара ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын айқындаймыз әрі алдағы ортақ жұмысты ақылдасамыз деп ойлаймын, – деді Лаос Президенті.

🇰🇿🇱🇦Қазақстан мен Лаос президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

🇰🇿🇱🇦Қазақстан мен Лаос президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
 
🟦Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Лаос Президентінің Қазақстанға жасап отырған алғашқы сапарын тарихи оқиға деп атады.
 
– Келесі жылы екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толуын атап өтеміз. Бұл – үлкен меже. Елдеріміздің қарым-қатынасы достық сипатқа ие. Екі мемлекет халықаралық аренада, ең алдымен, БҰҰ аясында тығыз жұмыс істеп отыр. Лаос мемлекеті біздің Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінде көтерген бастамаларымызды қолдады. Ол үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бұл – Сіздің Қазақстанға жасаған алғашқы сапарыңыз. Осы сапардың нәтижесі бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға екі ел үкіметтері белсенді түрде кіріседі деп ойлаймын, – деді Президент.
 
🟦Мемлекет басшысы Лаосты Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктесі деп санайтынын жеткізді.

🟦Сондай-ақ Лаос елінің экономикасы соңғы жылдары тұрақты өсіп келе жатқанына, әсіресе, энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм салалары бойынша зор нәтижеге қол жеткізгеніне назар аударды.

🇰🇿🇱🇦Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Лаос Президенті Тхонглун Сисулитті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

🇰🇿🇱🇦Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Лаос Президенті Тхонглун Сисулитті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, қос мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

Тазы – қазақ даласының мақтанышы, ал төбет – оның сенімді сақшысы.

Тазы – қазақ даласының мақтанышы, ал төбет – оның сенімді сақшысы. 🐾

Ғасырлар бойы бұл иттер адаммен бірге өмір сүріп, оған көмектесіп, қорғап келген. Ұлттық ит тұқымдарын сақтау және дәріптеу – тарихымыздың бір бөлігін сақтаумен тең.

Қазақтың ұлттық ит тұқымдары – тазы мен төбет күні құтты болсын!

Қазақтың ұлттық ит тұқымдары – тазы мен төбет күні құтты болсын!

Тазы – жүйрік аңшы ит, ал төбет – сенімді қорғаушы әрі адал серік. Бұл тұқымдар қазақ халқының мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады.

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑