Көкшетаудағы жаңа ауруханада 19 операциялық зал бар
Көкшетаудағы жаңа көпбейінді аурухана Сарыарқа шағын ауданында орналасқан. Осы жерден қаланың ең шалғай нүктелеріне жедел жәрдем 10-20 минутта жете алады. Алыс ауылдар мен көрші аудандардан жеткізілген ауыр науқастар уақыт жоғалтпай, қабылдау бөліміндегі компьютерлік томографиядан бірден өтіп, қажет болған жағдайда тікелей операциялық залға жеткізіледі. Кешенде 3 шұғыл және 16 жоспарлы операциялық зал қарастырылған.
Медицинада алғашқы минуттардың маңызы зор. Бұрын Көкшетауда аурухана бөлімдері әр жерде орналасқандықтан, инсульт немесе инфаркт алған науқасты бірнеше мекемеге тасымалдауға тура келетін.
Жаңа көпсалалы ауруханада негізгі қызметтердің барлығы бір жерге шоғырланып, уақыт жоғалтпай көмек көрсетуге мүмкіндік туады.
Бескөлдегі емхана заманауи талапқа сай жабдықталады
Жаңа емханада қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған лифт, пандус және арнайы көтергіштер қарастырылған. Ғимаратта бес кіреберіс пен екі дәріхана болады.
Арнайы кабинеттерде радиациядан қорғайтын қапталған есіктер, күшейтілген қабырғалар және жеке желдету жүйесі орнатылады.
Бескөл ауданындағы жаңа аурухана құрылысына пайдаланылып жатқан материалдардың 95 пайызы Қазақстанда өндірілген.
Құрылысшылардың айтуынша, терезе, жылу оқшаулағыш материалдар мен кафель секілді өнімдер еліміздің әр өңірінде жасалады. Отандық материалдардың сапасы жоғары әрі ұзақ жыл пайдалануға арналған.
🇰🇿🥊Токиодан Азиадаға арнайы қолдау көрсетуге келген отандасымыз
Жапонияның Токио қаласынан Азиадада ел намысын қорғап жатқан боксшыларымызға арнайы қолдау көрсетуге келген Мирас Балтағұлов жарыс барысындағы әсерімен бөлісті.
Айта кетейік, Мирас Балтағұлов – Жапонияда «Кимбодзан Хируки» лақап атымен танымал, Қазақстаннан шыққан тұңғыш кәсіби сумошы Ерсін Балтағұловтың туған інісі.
Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады 29 қыркүйекте Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы жасанды интеллект пен цифрлық ынтымақтастықты дамытуға арналған C5+1 SI Conference конференциясы жұмысын бастады. Екі күнге созылатын кездесу бірлескен жобаларды, инвестицияларды және цифрлық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдардың, технологиялық компаниялардың және сарапшылар қауымдастығының өкілдерін бір алаңға жинайды.
C5+1 – Орталық Азияның бес мемлекеті – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық алаңы. Формат 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді және экономика, қауіпсіздік пен өңірлік өзара іс-қимыл мәселелері бойынша диалог тетігі ретінде қызмет етеді. Ол елдерге басымдықтарды келісуге және мемлекет пен бизнестің қатысуымен бірлескен бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді.
Астанадағы конференция осы серіктестіктің технологиялық бағытына назар аударады. Конференцияда озық жасанды интеллект жүйелерін, цифрлық инфрақұрылым мен деректерді өңдеу орталықтарын дамыту, киберқауіпсіздікті нығайту және американдық технологиялық компаниялармен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады.
Қазақстан үшін мұндай диалогтың практикалық құндылығы – инвестициялар мен технологиялық сараптаманы тарту, есептеу инфрақұрылымын дамыту және отандық компаниялардың халықаралық серіктестер мен нарықтарға қолжетімділігін кеңейту мүмкіндігінде. Осы бағыттардағы ынтымақтастық жасанды интеллектіні экономика мен мемлекеттік қызметтерге енгізуге, мамандар даярлауға және цифрлық жүйелердің қорғалуын арттыруға жағдай жасайды.
Бұл басымдықтар C5+1 елдерінің экономикалық ынтымақтастық саласындағы ниеттер туралы бірлескен мәлімдемесінде бекітілген. Құжат IT-стартаптарды қолдауды, жасанды интеллект бойынша зерттеулер мен білім беру саласындағы ынтымақтастықты, цифрлық қызметтерді, телекоммуникациялық инфрақұрылым мен деректерді өңдеу орталықтарын дамытуды көздейді.
Бүгінгі кездесу ең жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы болып табылады. 2025 жылғы қарашада Вашингтонда Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мен АҚШ Президентінің қатысуымен C5+1 саммиті өтті. Кездесуде Қазақстан атынан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапарының қорытындысы бойынша өнеркәсіп, энергетика, цифрландыру, білім беру және инновациялар салаларын қамтитын жалпы сомасы шамамен 17 млрд долларды құрайтын 29 келісімге қол қойылды. Технологиялық бағыттардың қатарында спутниктік байланысты енгізу, зияткерлік көлік жүйелерін, цифрлық төлемдерді және жасанды интеллектіге негізделген білім беру шешімдерін дамыту бар.
Атап айтқанда, қарашадағы сапар барысында Direct to Cell технологиясын енгізуге бағытталған меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастықтың бұл бағыты жерүсті мобильді желілері қамтымаған аудандарда байланысқа қолжетімділікті кеңейтуге арналған. Білім беру саласында американдық университеттермен және технологиялық серіктестермен, соның ішінде OpenAI компаниясымен құжаттарға қол қойылды.
Астанадағы конференция алдағы практикалық қадамдарды талқылау алаңына айналады: қатысушылар өңір елдерінің цифрлық бастамаларын таныстырып, тәжірибе алмасады және жаңа серіктестік мүмкіндіктерін қарастырады. Қазақстан үшін бұл – цифрлық дамудың ұлттық міндеттерін халықаралық серіктестердің технологияларымен, инвестицияларымен және құзыреттерімен ұштастыру мүмкіндігі.
Астанада «Болашақ атомы» халықаралық конференциясы өтті Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының базасында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ұйымдастыруымен «Болашақ атомы» атом ғылымы мен технологиялары бойынша халықаралық конференциясы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Атом саласы қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды.
Конференцияның мақсаты – Қазақстанның атом саласының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін, кадр даярлау және сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыру мәселелерін, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу мен коммерцияландыру бағыттарын талқылау болды.
Іс-шарада Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының, Ядролық физика институтының, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ және «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС өкілдері баяндама жасап, атом саласының өзекті мәселелері мен даму перспективалары жөнінде пікірлерімен бөлісті.
«Қазақстанның бүгінгі атом саласы» тақырыптық блогы аясында қатысушылар атом саласы үшін кадр даярлау, ғылыми зерттеулер мен перспективалық энергетикалық технологияларды дамыту, ғылыми әзірлемелерді енгізу және коммерцияландыру, отандық ғылыми ұйымдардың қызметі, сондай-ақ уран саласының өндірістік тізбегі мен сұранысқа ие құзыреттер мәселелерін қарастырды.
Конференция барысында сарапшылар мен қатысушылар арасындағы ашық диалогқа ерекше назар аударылды. «Қазақстанның атом саласын кім қалыптастырады?» атты пікірталас барысында саланы одан әрі дамытудағы кадрлық және ғылыми қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. «Атом саласының маманына сұрақ қой» ашық микрофоны аясында қатысушылар сала өкілдері мен мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарды тікелей қоюға мүмкіндік алды.
Конференция қорытындысы бойынша атом ғылымы мен технологияларын дамытудың өзекті бағыттары айқындалып, Қазақстанның атом саласының кадрлық және ғылыми-технологиялық әлеуетін қалыптастыруда мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, сала кәсіпорындары мен жас мамандар арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.
Қазіргі заманда тауар қозғалысы деректер қозғалысымен тығыз байланысты. Сондықтан цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу қазақ-герман ынтымақтастығының тағы бір перспективті бағытына айналуға тиіс.
Білікті мамандарсыз бірде бір стратегия табысты болмайды. Германия стандарттарына сай білім алған және оны бірлескен кәсіпорында кәдеге жаратып жүрген жас қазақстандық инженер бейнесі – біздің келешек серіктесіміздің келбеті десек, қателеспейміз.
Инвестициялық шешімдер де ұзақмерзімді тәсілді талап етеді. Мемлекеттік институттарға сенім болмаса, мұндай шешімдерді жүзеге асыру мүмкін емес.
2019 жылдан бері Қазақстан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар арқылы оның іргесін дәйекті түрде нығайтып келеді.
Сыртқы саясатта еліміз өзара құрметке, мемлекеттердің дербестігі мен халықаралық құқықты сақтауға негізделген теңгерімді әрі сындарлы бағыт ұстанады. Бұл Қазақстанды сенімді әрі перспективті серіктес ретінде танытады.
Немістерде «Einigkeit macht stark» – «Күш – бірлікте» деген нақыл сөз бар. Осы ұлағатты сөз мүмкіндіктерін тоғыстырған Қазақстан мен Германияның ықпалдастығын дәл сипаттайды. Өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейте отырып, елдеріміз Еуразия құрлығындағы тұрақтылық пен өркениет кеңістігін нығайта береріне сенімдімін.
Энергетикалық ауысымға және цифрландыруға ауадай қажет стратегиялық ресурстар
Қазақстан Еуропа экономикасында стратегиялық мәнге ие 34 шикізат түрінің 21-ін өндіреді. Олардың арасында литий, кремний, кобальт, ниобий, вольфрам және мыс секілді элементтер бар. Аталған материалдар энергетикалық ауысымға, машина жасау, өнеркәсіп өндірісі, микроэлектроника, цифрлық технология салаларына ауадай қажет.
Біз германиялық серіктестерге тек шикізат жеткізуге кепілдік беріп қана қоймай, геологиялық барлау мен кен өндіруден бастап, оны өңдеу, компоненттер шығару және материалдарды қайта қадеге жарату кезеңдерін түгел қамтитын толық өндіріс тізбегін қалыптастыруды ұсынамыз.
Байланыстарымыздың тағы бір маңызды бағыты – энергетика. Қазақстан Еуропаға тұрақты түрде энергия ресурстарын жеткізуші ел ретінде сенімге ие болды. Еуропа Одағына импортталатын мұнайдың шамамен 13 пайызын, табиғи уранның 20 пайызын Қазақстан қамтамасыз етеді. 2025 жылы Германияға жеткізілген мұнай көлемі 10 миллион тоннадан асты.
Біз көлік тасымалы мүмкіндіктерін ескере отырып, бұл міндетті одан әрі жауапкершілікпен атқаруға әзірміз.
Жаңартылатын қуат көздері, электр желілерін жаңғырту және энергия тиімділігін арттыру бағыттарындағы серіктестік келешегінен көп үміт күтеміз. Экономикалық байланысты нығайта түсу үшін Шығыс пен Батысты жалғайтын сенімді көлік дәлізі қажет.
Қытайдан Еуропаға құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 85 пайызға жуығы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Былтыр шамамен 40 миллион тонна жүк жеткізілді.
Транскаспий халықаралық көлік бағдары Азия мен Еуропа арасындағы көлік қатынастары мүмкіндіктерін кеңейтіп жатыр. Биылғы сегіз айдың нәтижесінде аталған дәлізбен тасымалданған жүк көлемі 22 пайызға, ал Шығыс – Батыс бағытындағы транзит 55 пайызға өсті.
Жаңа көлік жобалары бірқатар өңірді Каспий теңізіндегі айлақтармен тікелей байланыстырып, Қытай – Еуропа бағытын 1000 шақырымға қысқартады. Осылайша біз жолды қысқартатын бағыттарды қалыптастырып, Германия бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отырмыз.
Тағы бір әлеуетті бағыт – неміс компанияларын еліміздің аумағы арқылы әуе жүк тасымалын жүзеге асыруға белсенді тарту және Қазақстандағы әуе хабтарын дамыту.
Президент Қ.К.Тоқаевтың «Handelsblatt» іскерлік басылымына жарияланған мақаласы 2026 жылғы 29 қыркүйек
Біз Германияға стратегиялық маңызды материалдар саласында серіктестік құруды ұсынамыз
Қазақстан Еуропа экономикасында стратегиялық мәнге ие 34 шикізат түрінің 21-ін өндіреді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинге қосылған құны жоғары өнімдер шығаратын өндіріс тізбегін бірге қалыптастыруды ұсынады.
Саясатта да, экономикада да сенім – капитал, ал сенімділік оның ең жоғарғы формасы саналады. Халықаралық дүрбелең белең алған кезеңде дәл осындай сипаттағы қарым-қатынастың құндылығы арта түсті.
Отыз жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан мен Германия өзара сенімнің берік іргесін қалап, арқауы мықты стратегиялық серіктестік қалыптастыра алды. Сындарлы саяси диалог, уағдаластықтарды дәйекті түрде жүзеге асыру және нақты нәтижені көздеу өзара қарым-қатынасымыздың ерекшелігін көрсетеді.
Қазақстан үшін Германия жай ғана басты сауда серіктесі әрі ірі инвестор емес. Біздің экономикалық мүдделеріміз ұқсас әрі екі мемлекет те халықаралық құқықтың сақталуына әрқашан бейіл.
Бүгінде өзара ықпалдастығымыз екіжақты күн тәртібімен шектелмейді. Біз Азия мен Еуропа арасындағы маңызды дәнекер рөлін атқарып, тұтас Еуразия кеңістігіндегі экономикалық орнықтылықты, энергетикалық қауіпсіздікті және көлік қатынастарын нығайтуға елеулі үлес қосып келеміз. Халықтар арасындағы тығыз байланыс ынтымақтастықтың берік ұстыны іспеттес. Қазіргі таңда Қазақстанда 200 мыңнан астам этникалық неміс өмір сүреді, ал Германияда елімізде туып-өскен миллионнан аса азамат тұрады. Ортақ тарихи жадымыз және мәдени дәстүрлеріміз қос халықтың арасын жақындата түседі.
Дәл осы берік тұғыр келешекке сеніммен көз тігуге мүмкіндік берері сөзсіз.
Сондықтан Германияға бұл жолғы сапарымды, ең алдымен, стратегиялық серіктестігіміздің жаңа кезеңіне қадам басатын, жаңа өсім бағыттарын айқындайтын және бірлескен жұмысқа тың серпін беретін мүмкіндік ретінде қарастырамын.
Бұған қажетті алғышарттардың бәрі бар. 2025 жылы өзара сауда-саттық көлемі 9 миллиард долларға жуықтады (7,9 миллиард еуро). Қазақстанда германиялық капиталдың үлесі бар мыңнан астам кәсіпорын тіркелген.
Осы ретте Қазақстан экспортын әртараптандыруға және қосылған құны жоғары өнімдер шығаруға айтарлықтай әлеует барын айтқым келеді.
Біз Германия нарығына 80-нен астам дайын өнім түрін жеткізе аламыз.
Металлургия, мұнай химиясы, тамақ өнеркәсібі және темір жол машинасын жасау салаларында мол мүмкіндік бар. Осы орайда аса маңызды минералдар саласында да күш-жігер біріктіру өте өзекті көрінеді