Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау құрылтайдың мәніне тоқталды.
«Құрылтай сөзі өте әдемі, иә? Енді қарасақ, осыдан тура 300 жыл бұрын 1726 жылы Әбілқайыр хан Ордабасы құрылтайын жасаған. Ол биыл, мысалы, тура 300 жыл болды. Енді сол жерде жоңғарлар шапқыншылығына қарсы тұру үшін үш жүздің басын қосқан. Сондықтан біз ешқашан тарихи сәттерді ұмытпауымыз керек. Тарихи сәттерде жіберген қателігімізді, ұтқан жерімізді қарап отыруымыз керек».
Month: September 2026 (Page 9 of 28)
«Партияда боласың ба, болмайсың ба – мәселе онда емес. Қоғамға аз да болса үлесіңді қоссаң, соның өзі – үлкен пайда», – дейді ол.
Кәсіпкер осы ойын түсіндіру үшін әлеуметтік желіден көрген бір жағдайды мысалға келтірді. Оның айтуынша, бірнеше жұмысшы түскі үзіліс кезінде ағаштың көлеңкесінде отырып тамақтанған. Мұны көрген адамдар олардың еңбегіне мән берудің орнына видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.
«Соларды сынаған адамнан көшені сыпырып, тазалап жүрген қарапайым еңбек адамының қоғамға пайдасы жүз есе артық. Қолыңнан ештеңе келмей ме – ең болмаса жұмыс істеп жүрген адамға тиіспе. Еңбек етіп жатқан адам бар ғой, соған кедергі жасама. Ал «менен не пайда?» деу – адамның өзін төмендетуі», – деді Сырымбек Тау.
Ақтауда халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өтеді 2026 жылғы 25–27 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өткізіледі.
Фестиваль бағдарламасы аясында халықаралық ән байқауы ұйымдастырылып, Ақтау қаласының туған күніне орай қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт өтеді.
Бағдарлама:
- 25 қыркүйек – халықаралық «Каспий – достық теңізі» эстрадалық вокал фестиваль-байқауының салтанатты ашылуы. 📍Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы. 🕔 Уақыты: 19:00;
- 26 қыркүйек – байқаудың конкурстық бағдарламасы. 📍Өтетін орны: 4А ш/а «Жартасты соқпақ» алаңы. 🕔 Уақыты: 17:00;
- 27 қыркүйек – фестиваль-байқаудың жабылу салтанаты және Ақтау қаласының туған күніне арналған мерекелік гала-концерт. Кештің жұлдыздары қатарында Лұқпан Жолдасов, Тамара Асар, Raim, Маржан Арапбаева және Жанар Дұғалова. 📍Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы.
🕔 Уақыты: 19:00.
Баршаңызды халықаралық фестиваль мен мерекелік концерттің құрметті қонағы болуға шақырамыз!
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы
📍Президент орталығы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды
– Бұл – конституциялық мәртебесі бар, беделді лауазым. Сондықтан бұл лауазымға елге белгілі, халық пен биліктің арасында дәнекер болатын азамат келуге тиіс деп санаймын. Осының бәрін ескере отырып, мен Ерлан Жақанұлы Қошановтың кандидатурасын ұсынамын. Бұл азаматты бәріңіз жақсы білесіздер, жауапкершілігі жоғары, білікті, тәжірибесі мол тұлға. Ол мемлекеттік қызмет жүйесінде ұзақ жыл еңбек етті, бұл жұмысты абыроймен атқарды. Мәжіліс Төрағасы ретінде ауқымды реформаларды іске асыруға белсене атсалысты. Енді Халық Кеңесі Төрағасы ретінде табысты жұмыс істеп, қоғамдық келісімді нығайтуға мол үлес қосатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Ерлан Жақанұлы Қошановтың кандидатурасына мұқият назар аударып, қолдайсыздар деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚОҚЫС ҚАЛАЙ ҚАЙТА АҚШАҒА АЙНАЛАДЫ?♻️💰
Петропавлда ескі қағазды қайта өңдеп, жаңа өнім шығаратын алып зауыт салынып жатыр.
Бастапқы кезеңде мұнда тәулігіне 60 тонна санитарлық-гигиеналық қағаз өндіру жоспарланған. Бірақ ең қызығы — 1 тонна өнімге 200 текше метрден астам су қажет.
Сондықтан зауытта суды бір рет алып, тазалап, қайта айналымға жіберетін арнайы жүйе қарастырылған.
♻️ Яғни мұнда тек қағаз емес, судың өзі де қайта пайдаланылады.
Толық бағдарламаны осы сілтеме арқылы көре аласыз⤵️
https://youtu.be/hdD0x6PxIK8?si=IVrhbGQ7Lnb3cpS_
Бір жаңалық бірнеше рет қайта айтылған сайын қысқарып, әсерлі әрі кесімді сипатқа ие болады. Нәтижесінде аудиторияға жеткенде оқиғаның бастапқы нұсқасынан мүлде өзгеше мазмұн қалыптасуы мүмкін.
Ақпараттық кеңістікте «бұзылған телефон» әсері қалай көрініс табады және жаңалық қай сәтте өзінің бастапқы мазмұнынан айырылады? Ақпараттың өзгеру барысын карусель материалында талдаймыз.










Бір адамның жеке тәжірибесі оңай «тексерілген тәсілге» айналады. Бірнеше ұқсас оқиға біртіндеп «дәлел» ретінде қабылдана бастайды. Ал мыңдаған жазылушы мен сенімді сөйлеу мәнері алдыңызда шын мәнінде білікті маман тұрғандай әсер қалдырады. Алайда танымалдық пен пікірлердің көптігі қандай да бір кеңестің қауіпсіздігі мен тиімділігін өздігінен дәлелдемейді.
Неліктен біз өзгенің тәжірибесіне ғылыми зерттеулерден гөрі көбірек сенеміз? Жеке оқиға қай кезде жалған медицинаға айналады? Карусельді парақтап, жақындарыңызбен бөлісіңіз.









«Әділет» партиясы фракциясының депутаттық сауалы Мәдениет және ақпарат министрі А.О. Қырықбаевқа, Оқу ағарту министрі Ж.Д. Сүлейменоваға жолданады.
Құрметті Арман Оразбайұлы!
Құрметті Жұлдыз Досбергенқызы!
Халық қолдап-қуаттаған жаңа Конституциямызда мәдениет, білім, ғылым, инновация құндылығы айрықша жазылғаны мәлім.
Бүгінде ғылым мен инновация – жаңару мен ел сапасының маңызды тетігі.
Ата заңдағы құндылық пен басымдық енді өміріміздің мәніне, өзегіне айналуға тиіс. Әсіресе, ғылым мен инновацияның негізі мектепте жүйелі оқытылып, үзіліссіз жалғасуы шарт.
Өкінішке қарай, бүгінгі жасөспірімдер мен жастардың біршама бөлігі қайбір біліксіз блогер мен кереғар коучке еліктейтіні, тіпті көп тер төкпей-ақ мол қаржы табуға сенетіні байқалады. Бұл – дана Абай сынаған «бес дұшпан істің» жолы.
Еліміз «Әділет!» деп жаңарғанда, бұрынғы-кейінгі тоғышарлыққа, орынсыз еліктеп-солықтауға жол жоқ!
Президент айтқан озық ойлы ұлт жауапты, алғыр оқушыдан, сол ұл-қызға екі есе жауапты ата-ана мен мұғалімнің маңдай терінен қалыптасады.
Рас, кәсіптің жаманы жоқ. Алайда дәл қазір елімізге инженерлік-технологиялық ой, ізденіс, өнертабыс ауадай қажет. Иә, рухани жетілу ұмытылмайды. Тереңірек қарасақ, Тәуелсіздік мұратының өзі – мәдени қазына, адастырмас темірқазық.
Бүгін ХХ ғасырдың бас ширегіндегі инженер Мұхамеджан Тынышбайұлы, медик-биолог Халел Досмұхамедұлы, математик Ибадулла Ақбергенұлы, кеңес кезеңіндегі академиктер – инженер Қаныш Сәтбаев, энергетик Шапық Шөкин, молекуляр-биолог Мұрат Айтқожин, қазақ қыздарынан шыққан алғашқы академиктер – геолог Патшайым Тәжібаева, тұңғыш техника ғылымдарының докторы , маркшейдер Жамал Қаңлыбаева, заманымыздың біртуар академиктері – антрополог Оразақ Ысмағұлов, математик Мұхтарбай Өтелбай, генетик Рахметқажы Берсімбай сынды жүздеген тұлғаларды оқушыға да, студентке де үлгі ете білу – борышымыз. Гендік, медициналық инженерия, STEM мамандықтарының бастауы өз дәстүрімізде тұр.
Қоғамға пайда әкелетін ақыл-ой мен білім-білік қорын «адам капиталы» дейміз. Бізде ол болған және бола да береді. Тек ыждағат пен жүйелі іс үзілмегені жөн.
Сол үшін еліміздің ақыл-ой қорына өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлғаларды білім жүйесінің бар сатысында үлгі-өнеге еткен абзал. Мемлекетшіл тұлғатанудың мәні де, мақсаты да осында.
Сіздерге мынаны ұсынамыз:
- Ғалым, инженер, өнертапқыш т.б. интеллектуал тұлғалардың қоғамдық беделін, бейнесін жас буынға ұғындыратын жоба әзірленсе.
- Ғылымға, технологияға елеулі үлес қосқан бұрынғы-кейінгі тұлғаларды ақпарат құралдарында, цифрлық платформаларда үзбей кең насихаттау жолға қойылса.
- Инженерлік-техникалық, жаратылыстану мамандықтарына талантты жастарды тарту мен баулудың тиімді бағдарламалары жасалса.
- Орта білім жүйесінің, соның ішінде келешек мектептері мен Оқушылар сарайларының жұмыс нәтижесіне (КРІ) инженерлік-техникалық, жаратылыстану мамандықтарына қатысты конструкторлық алаңдар мен үйірмелердің табысы жеке көрсеткіш болып енсе.
Депутаттық сауалға заңнамада көзделген мерзімде жазбаша жауап беруді сұраймын.
«Әділет» партиясы
фракциясының мүшесі, депутат Дихан Қамзабекұлы
«Әділет» партиясы фракциясының депутаттық сауалы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі А.О. Қырықбаевқа жолданады.
Құрметті Арман Оразбайұлы!
Президент реформалары елдің саяси, экономикалық және қоғамдық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруды көздейді.
Алайда жаңа заңдар мен жаңғырған мемлекеттік институттардың өзі жеткіліксіз. Реформалардың орнықтылығы қоғамдағы ортақ құндылықтарға, азаматтардың заңға құрметіне, мемлекетке деген сенімі мен жеке жауапкершілігіне байланысты.
Осы уақытқа дейін біз конституциялық құндылықтарды құқықтық тұрғыдан бекітуге, қорғауға және оларға кепілдік беруге басымдық бердік. Ендігі міндет – сол құндылықтарды азаматтың санасына, мінез-құлқына және күнделікті өміріне орнықтыру. Өйткені Конституцияның қуаты оның нормаларының сақталуымен ғана емес, ондағы құндылықтардың азаматтың ішкі ұстанымына айналуымен де өлшенеді.
«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған әділет, заңға бағыну, жауапкершілік, еңбекқорлық, прогресс және патриотизм қоғамдық қатынастардың нақты қағидаларына айналуы тиіс. «Заң және Тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал азамат» бастамаларын да бір-бірінен бөлек науқандар емес, ортақ құндылықтар жүйесінің құрамдас бөліктері ретінде қарастырған жөн.
Әлемдік тәжірибе де конституциялық мәдениеттің тек құқықтық нормалар арқылы қалыптаспайтынын көрсетеді. Германияда конституциялық құндылықтарды қорғау демократиялық құқықтық мемлекеттің маңызды негіздерінің бірі ретінде қалыптасқан. Сингапур ұлттық бірегейлік пен азаматтық жауапкершілікті ортақ құндылық ретінде білім беру жүйесі арқылы орнықтырады. Финляндия азаматтық білім, медиасауаттылық пен сыни ойлау арқылы ортақ құндылықтардың күнделікті өмірде көрініс табуына мән береді. Бұл тәжірибелерге ортақ қағида – құндылықтарды декларация немесе ұран деңгейінде қалдырмай, мемлекеттік саясат пен қоғамдық өмірдің нақты мазмұнына енгізу.
Цифрлық мемлекет жағдайында бұл мәселе жаңа мазмұнға ие болуы тиіс.
Осыған байланысты:
- Конституциялық құндылықтарды қоғамда орнықтырудың мазмұны мен тәсілдерін жаңартып, оларды білім беру, мәдениет, БАҚ және цифрлық коммуникация салаларында іске асырудың нақты тетіктерін әзірлеуді;
- Конституциялық құндылықтардың қоғамдық санада қаншалықты орныққанын, азаматтардың оларды қалай қабылдайтынын және күнделікті мінез-құлқында қалай көрініс табатынын тұрақты зерделейтін ғылыми-сараптамалық жүйе қалыптастыруды;
- Конституциялық құндылықтарды ішкі саясаттың барлық бағыттарына енгізудің бірыңғай тәсілін әзірлеп, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жоспарлау және бағалау кезінде олардың құндылықтық мазмұны мен қоғамға ықпалын міндетті өлшем ретінде белгілеуді ұсынамын.
Депутаттық сауалға заң талаптарына сәйкес мерзімде жауап жолдауыңызды сұраймыз.«Әділет» партиясы Фракциясының депутаттары
