Month: October 2026 (Page 22 of 37)

Ақмола облысында санитариялық бақылау цифрландырылуда

Ақмола облысында санитариялық бақылау цифрландырылуда

Ақмола облысында санитариялық-эпидемиологиялық қызметті цифрландыру есептілікті өңдеу уақытын қысқартып, кәсіпкерлермен жұмысты жеңілдетуге және жұқпалы аурулардың таралуын бақылауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы брифингте облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Серік Омарханов мәлімдеді.

Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың ақпараттық жүйесі бақылаудағы объектілер туралы мәліметтерді жинауға, талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді есепке алуға және қосымша бақылауды қажет ететін нысандарды анықтауға көмектеседі.

2026 жылдың тоғыз айында e-sen.kz платформасын пайдалану нәтижесінде есептілікті қолмен өңдеу көлемі 23,8%-ға азайып, цифрлық есептілік көлемі 47,7%-ға артқан. Кәсіпкерлерге арналған ұсынымдарды дайындау уақыты екі күннен 15 минутқа дейін, ал объектілер туралы мәліметтерді алу мерзімі үш күннен бір сағатқа дейін қысқарған.

«Цифрлық жүйелер мамандардың жұмысын жеделдетіп, қажетті ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетеді. Бұл бақылаудағы объектілердің жағдайын бағалауға, ықтимал қауіптерді дер кезінде анықтауға және санитариялық-эпидемиологиялық шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді», – деді Серік Омарханов.

Цифрландыру вакцинацияны есепке алуды да қамтиды. 2026 жылғы қаңтардан бастап профилактикалық екпелер мен вакциналардың қозғалысы туралы есептілік электрондық форматта жүргізіледі. Тұрғындар өздерінің екпе туралы мәліметтерін eGov Mobile қосымшасындағы «e-Densaulyq» сервисінен тексере алады.

Сонымен қатар, ilisari.kz ақпараттық жүйесі арқылы ЖРВИ мен тұмау бойынша сырқаттанушылық көрсеткіштері, асқынулар және зертханалық зерттеулердің нәтижелері бақыланады. Бұл эпидемиологиялық жағдайдағы өзгерістерді дер кезінде анықтап, қажетті профилактикалық шараларды қабылдауға жағдай жасайды.

Цифрлық құралдарды енгізудің негізгі мақсаты – бақылау үдерістерін оңтайландырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету.

🇰🇿 Қазақстанның соңғы 7 жылдағы өнеркәсіптік серпілісі!

🇰🇿 Қазақстанның соңғы 7 жылдағы өнеркәсіптік серпілісі!

Осы уақыт ішінде елімізде жалпы құны 8,7 трлн теңгені құрайтын 1 226 өнеркәсіптік жоба іске қосылып, 106,8 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.
🏭 Өңдеу өнеркәсібіне 5,9 трлн теңгеден астам инвестиция салынды. Қазақстанда автобус, трактор және автокөлік өндірісі кеңеюде.
🚀 Биыл тағы 200 жобаны іске қосып, 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Қазақстан өнеркәсіпті дамытып, экономикасын нығайту жолында сенімді қадам басуда! 🇰🇿

Қазақстанның соңғы 7 жылдағы өнеркәсіптік серпілісі.

Қазақстанның соңғы 7 жылдағы өнеркәсіптік серпілісі.

Соңғы жылдары елдің индустриялық секторы жаңа деңгейге көтерілді. Ауқымды жұмыстың басты қорытындылары:

Жалпы құны 8,7 триллион теңге болатын 1 226 өнеркәсіп жобасы іске қосылды.

106,8 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Өңдеу өнеркәсібі экономиканың локомотивіне айналды — оған 5,9 триллион теңгеден астам инвестиция бағытталды.

Өңірлерде сұранысқа ие өнімдерді шығару жолға қойылды: автобустар мен тракторлардан бастап полипропилен мен жеңіл автокөліктерге дейін (Chery, Changan, Haval, Kia).

Ағымдағы жылдың жоспарында — тағы 200 жобаны іске асыру және 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру бар.

🇰🇿 Оралда қоғамдық құндылықтар мен ұлттық тәрбие мәселелері талқыланды

🇰🇿 Оралда қоғамдық құндылықтар мен ұлттық тәрбие мәселелері талқыланды

14 қазанда Батыс Қазақстан облысында «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп және әдет» тақырыбында республикалық форум өтті. Жиынға мыңнан астам қоғам өкілі, белсенді әйелдер мен сарапшылар қатысты.

Форум барысында ұлттық құндылықтарды сақтау, отбасылық тәрбиені нығайту, жастардың бойында жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ана тілді құрметтеу, салт-дәстүрді дәріптеу, үлкенге ізет көрсету және білімге ұмтылудың маңыздылығы атап өтілді.

Қоғамда адалдық пен тәртіп мәдениетін қалыптастыруда «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» және «Адал азамат» қағидаттарының орны ерекше. Бұл құндылықтар әр азаматтың күнделікті іс-әрекетінен көрініс табуы тиіс.

🤝 Осындай кездесулер қоғамдағы өзара түсіністікті нығайтып, ел бірлігі мен ортақ жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Ұлттық құндылықтарды сақтау, адал болу және ел болашағына жауапкершілікпен қарау — әр азаматтың міндеті! 🇰🇿

🇰🇿 Оралда «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет әдеп және құндылықтар» республикалық форумы өтті

🇰🇿 Оралда «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп және құндылықтар» республикалық форумы өтті

14 қазанда Батыс Қазақстан облысында мыңнан астам қоғам өкілі, белсенді әйелдер мен сарапшылардың басын қосқан республикалық форум өтті.

Іс-шара қоғамдық мәдениетті дамыту, адамгершілік құндылықтарды нығайту және жауапты ұрпақ қалыптастыру мәселелерін талқылауға арналған ашық диалог алаңына айналды. Қатысушылар ұлттық дәстүрлердің, отбасылық тәрбиенің, азаматтық жауапкершілік пен әдеп мәдениетінің қазіргі қоғамдағы рөлін сөз етті.

Форумда тарихи мұраны сақтау, Конституция құндылықтарын түсіндіру, ана тілді құрметтеу, үлкенді сыйлау және білімге ұмтылу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» және «Адал азамат» қағидаттарын әр азаматтың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырудың маңыздылығы атап өтілді.

🤝 Форум мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтуға, ел бірлігін сақтауға және ортақ құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Қоғамдық әдеп әрқайсымыздан — құрметтен, адалдықтан және Отан болашағына деген жауапкершіліктен басталады!🇰🇿

🇰🇿 Оралда «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет әдеп әдет» республикалық форумы өтті

🇰🇿 Оралда «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумы өтті

14 қазанда Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, мыңнан астам қоғам өкілі қатысқан республикалық форумға қатысты.

📌 Басқосуда ұлттық тәрбие, адамгершілік құндылықтар, жастарды жұмыспен қамту, әйелдер құқығын қорғау және кітап оқу мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды.

Ерлан Қошанов туған тілді құрметтеу, салт-дәстүрді сақтау, үлкенді сыйлау және білімге ұмтылу отбасындағы тәрбиеден басталатынын атап өтті. Бұл құндылықтар «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» және «Адал азамат» қағидаттары арқылы нығаюы тиіс.

Форумда жастардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту, әскери бөлімдердегі жағдайды жақсарту және азаматтық жауапкершілікті арттыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

🤝 Жиын мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтып, ортақ құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Адалдық, тәрбие және жауапкершілік — ел болашағының негізі 🇰🇿

📚 Көкшетауда «Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері» тақырыбында оқыту семинары өтті

📚 Көкшетауда «Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері» тақырыбында оқыту семинары өтті

2026 жылғы 14 қазанда Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының бастамасымен Көкшетау қаласында «Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Семинарға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Тіл саясатын іске асыру және тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету басқармасының басшысы Қайыржан Рақымжанов пен аталған комитеттің бас сарапшысы Мақсат Несіпбаев, сондай-ақ Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Ақмарал Дауткулова қатысты.

🔹 Семинардың мақсаты – қазақ тіліндегі контент көлемін арттыру, Уикипедияға мақала әзірлеу және орналастыру дағдыларын қалыптастыру, цифрлық кеңістікте мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.

Оқыту семинары аясында түрлі салада қызмет атқаратын 50-ден астам маман Уикипедияға мақала әзірлеу, ақпаратты дұрыс рәсімдеу және оны энциклопедияға орналастырудың негізгі алгоритмдерімен танысты.

🌐 Қазақ тіліндегі сапалы контентті көбейту – мемлекеттік тілдің цифрлық кеңістіктегі қолданыс аясын кеңейтудің маңызды қадамы!

Қазақстанда электр энергиясын өндіру тоғыз айда 91,7 млрд кВт/сағатқа дейін өсті

Қазақстанда электр энергиясын өндіру тоғыз айда 91,7 млрд кВт/сағатқа дейін өсті
 
Электр энергиясы тапшылығын төмендету үшін биыл шамамен 2,4 ГВт дәстүрлі энергетикалық қуат көздерін пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров баяндады.

Оның айтуынша, бұл тізімге Алматыдағы қуаты 557 МВт болатын ЖЭО-2 мен 544 МВт болатын ЖЭО-3-ті жаңғырту жобалары, қуаты 1000 МВт болатын Түркістан облысындағы бу-газ қондырғысының құрылысы, сондай-ақ №11 турбоагрегатты іске қосу және Атырау ЖЭО-да №15 қазандықты орнату кіреді. Бүгінгі күні қуаты 240 МВт болатын Қызылорда облысындағы бу-газ қондырғысы, сондай-ақ қуаты 17 МВт болатын Текелі энергия кешеніндегі генераторы бар үш кәдеге жарату қазандығы мен бу турбинасы пайдалануға берілді.

«Өткен 9 айда ЖЭК нысандары 7,8 млрд кВт/сағат электр энергиясын өндірді. Биылға жоспар – 8,8 млрд кВт/сағат. 2026 жылы жиынтық қуаты 245,8 МВт болатын 10 ЖЭК нысанын пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінде жалпы қуаты 212,6 МВт болатын 7 ЖЭК нысаны іске қосылды. Жыл соңына дейін қуаттылығы 30 МВт болатын 2 СЭС нысанын, сондай-ақ қуаттылығы 3,2 МВт болатын 1 СЭС нысанын іске қосу жоспарлануда»,
— деп атап өтті вице-министр.

Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті

Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
 
2026 жылдың 9 айында Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк көлемі 13,1%-ға артты. Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің отырысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді.

🔺Саланың басқа бағыттарында да оң динамика байқалады. Теміржол көлігімен 241,7 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артық. Автомобиль көлігімен тасымалданған жүк көлемі 270,4 млн тоннаға (5,6%-ға) жетті. Отандық әуе компаниялары 12,4 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткіштен 4,2%-ға жоғары.

📈Инфрақұрылым дамып келеді. 101 теміржол вокзалы жаңартылып, жаңа 20 халықаралық әуе бағыты ашылды. Балқаш, Арқалық, Павлодар және Ақтау қалаларындағы әуежайлар жаңғыртылды.

«Автомобиль жолдары саласында Ақтөбе – Қызылорда, Бейнеу – Сексеуіл, Сарыағаш айналма жолы, Орталық – Батыс және Қарағанды – Жезқазған бағыттарындағы жаңа жобалар бойынша жұмыстар басталды»,
— деп атап өтті вице-министр.

Жол-құрылыс материалдарының электронды базасы қалыптастырылып, олардың сапасын бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін «Е-Жолы» ақпараттық жүйесі құрылды. Авиация саласында да бірқатар нәтижеге қол жеткізілді. 20 жаңа халықаралық әуе бағыты ашылды. Балқаш, Арқалық, Павлодар және Ақтау қалаларындағы әуежайлар жаңартылды.

✔️Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында автожолдар сапасын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа барлық мәселені егжей-тегжейлі талдап, нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды. 

106 жаңа өндіріс нысаны және 7,8 трлн теңгеге құрылыс жұмыстары: еліміздің негізгі салалары өсім көрсетуде

106 жаңа өндіріс нысаны және 7,8 трлн теңгеге құрылыс жұмыстары: еліміздің негізгі салалары өсім көрсетуде
 
2026 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларындағы өсім 8,6%-ды құрады, ал құрылыс жұмыстарының көлемі 11,5%-ға артып, 7,8 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов баяндады.

Өнеркәсіп саласында жеңіл өнеркәсіпте (62,4%), химия (23,4%) және машина жасау (22,8%) салаларында ең жоғары өсім тіркелді. Өсімге негізінен жаңа өндірістік қуаттарды іске қосу ықпал етті. Жыл басынан бері жалпы құны 642,3 млрд теңге болатын 106 өнеркәсіптік жоба пайдалануға беріліп, 8 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды. 

«Осы жобаларды жүзеге асыру нәтьижесінде елімізде бұрын өндірілмеген жаңа өнім түрлерін шығару жолға қойылды. Олардың қатарында натрий сульфаты, тамшылатып суару жүйелері, ламинат, кофе машиналарына арналған алюминий капсулалар және басқа да өнімдер бар. Жалпы, жыл соңына дейін жалпы құны 1,7 трлн теңге болатын 200 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр»,
— деп мәлімдеді Қуандық Қажкенов.

Сонымен қатар тұрғын үй құрылысының көлемі де артып келеді. 9 айда 13,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға артық. 17 өңірде өсім тіркелді, ең жоғары өсім көрсеткіштері Алматы, Маңғыстау және Павлодар облыстарында байқалды. 

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑