Month: October 2026 (Page 30 of 37)

Ерлан Сайыр: Қоғам Ата заңның нормаларын бұлжытпай орындауы керек

Ерлан Сайыр: Қоғам Ата заңның нормаларын бұлжытпай орындауы керек

«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Сайырдың Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыруға қатысты жолдаған депутаттық сауалы.

t.me/quryltairesmi

Антифрод-базаға түсті: бұл банк клиенті үшін нені білдіреді?

Антифрод-базаға түсті: бұл банк клиенті үшін нені білдіреді?

Банк аударымы өтпей, карта жұмыс істемей немесе шот бойынша операцияларға шектеу қойылса, оның себептерінің бірі күдікті транзакцияларға байланысты жүргізілетін тексеру болуы мүмкін. Кей жағдайда клиентке оның деректері Антифрод-орталықтың базаларымен байланысты екені хабарланады.

Алайда бұл адамның алаяқ деп танылғанын білдірмейді.

Антифрод-орталығы не үшін қажет?

ҚР Ұлттық Банкінің Антифрод-орталығы алаяқтық белгілері бар төлем операциялары туралы ақпаратпен қаржы ұйымдары мен құқық қорғау органдары арасында алмасуды қамтамасыз етеді.

Маңыздысы — Антифрод-орталығының өзі банк шоттары мен карталарын бұғаттамайды және азаматтарды базаға енгізу немесе одан шығару туралы шешім қабылдамайды.

Сондықтан операцияларға шектеу қойылған жағдайда бірінші кезекте қызмет көрсететін банкке жүгіну қажет.

Шектеу қойылса, не істеу керек?

Банкке ресми арналар арқылы хабарласып, мынаны нақтылаған жөн:

  • қандай операцияларға шектеу қойылғанын;
  • шектеудің Антифрод-орталығымен байланысты-болмағанын;
  • тексеруге не себеп болғанын;
  • қандай құжаттар қажет екенін;
  • құқық қорғау органдары іске қатысып жатыр ма, жоқ па.

Егер ақша мен операцияның заңды екеніне сенімді болсаңыз, оның шығу тегін растайтын құжаттарды дайындау қажет. Мысалы, сатып алу-сату немесе қызмет көрсету шарты, чек, табысты растайтын құжаттар, қарызды қайтару туралы мәліметтер және басқа да материалдар сұралуы мүмкін.

Егер мәселе құқық қорғау органдарына қатысты болса, банк көрсеткен тиісті органға жүгініп, қажетті түсініктемелер мен құжаттарды ұсыну керек.

Антифрод-орталығына тікелей жүгінуге бола ма?

Шотты бұғаттан шығару мәселесін тікелей Антифрод-орталығы арқылы шешу қарастырылмаған. Клиент алдымен өз банкіне жүгінуі тиіс.

Сонымен бірге Антифрод-орталығының ресми порталында биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін өзі туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеру мүмкіндігі бар.

Ақша заңды болса да, неге тексерілуі мүмкін?

Кейде адамның өзі заңсыз әрекет жасамаса да, оның шоты күдікті операциялар тізбегіне байланысты тексерілуі мүмкін. Мысалы, таныс адамнан түскен қарапайым аударым басқа күдікті транзакциялармен байланысты болуы ықтимал.

Мұндай жағдайда жағдайды өз бетіңізше «түзетуге» тырыспаған жөн.

Ақшаны басқа шоттарға аудармаңыз, төлемдерді әдейі бөлмеңіз, шектеуді айналып өтпеңіз және үшінші тұлғалардың өтініші бойынша қаражатты қолма-қол шешіп бермеңіз.

Оның орнына банктің сұрауы бойынша ақшаның шығу тегін растап, операцияның мән-жайын түсіндіру қажет.

Дропперлік схемалардан сақ болыңыз

Өз картаңызға басқа адамның ақшасын қабылдап, оны әрі қарай аударып беру және бұл үшін сыйақы алу дропперлік схемаға қатысуға әкелуі мүмкін.

Қазақстанда 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап дропперлік үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Сондықтан банк картасын, шотын немесе мобильді банкингке қолжетімділікті басқа адамдарға беруге болмайды.

Егер адам алаяқтардың құрбаны болса, бұл туралы банкке дереу хабарлап, қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуі керек.

Есте сақтаңыз: шот бойынша шектеу қойылуы адамның алаяқтыққа қатысы бар екенін автоматты түрде білдірмейді. Ең бастысы — шектеудің нақты себебін банк арқылы анықтап, қажетті құжаттарды ұсыну және операцияларды айналып өтуге әрекет жасамау.

Ақшаны «антифрод-базадан шығарып береміз» немесе шотты «бірден ашып береміз» деп уәде ететін делдалдарға сенбеңіз. Мұндай мәселелер тек белгіленген тәртіппен шешіледі.

Материал Fingramota.kz ақпараттары негізінде дайындалды.

«Оңай табыс» қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін

«Оңай табыс» қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жастарға қысқа уақытта көп ақша табуға уәде беретін түрлі күмәнді ұсыныстар кездеседі. Бір қарағанда, мұндай хабарламалар қарапайым жұмыс немесе қосымша табыс көзі сияқты көрінуі мүмкін. Алайда оның артында есірткі заттарын заңсыз тасымалдау немесе тарату сияқты қылмыстық әрекеттер тұруы ықтимал.

Құқық қорғау органдары азаматтарды, әсіресе жастарды, интернеттегі осындай ұсыныстарға сақтықпен қарауға шақырады.

Кей жағдайда қылмыстық топтардың өкілдері мессенджерлер арқылы «курьер», «жеткізу қызметкері» немесе «жасырын тапсырманы орындаушы» ретінде жұмыс ұсынады. Тапсырма қарапайым болып көрінгенімен, оның мазмұны заңсыз болуы мүмкін. Мәселен, адамға белгісіз бір пакетті алып, көрсетілген жерге жеткізу немесе белгілі бір орынға қалдыру тапсырылады. Ол үшін белгілі мөлшерде ақша ұсынылады.

Мұндай жағдайда «пакеттің ішінде не бар екенін білмедім» деген уәж әрдайым жауапкершіліктен босата бермейді. Егер адамның есірткі заттарын заңсыз айналымға тартуға қатысы анықталса, ол заң алдында жауап береді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабында есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Мұндай қылмыс үшін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Сондықтан әлеуметтік желілерде немесе мессенджерлерде «оңай ақша», «тәжірибе қажет емес», «бір тапсырма үшін жоғары ақы» деген сипаттағы күмәнді ұсыныстарға ерекше сақтықпен қараған жөн.

Бейтаныс адамдардың өтініші бойынша белгісіз заттар мен пакеттерді тасымалдауға, сақтауға немесе басқа адамдарға беруге болмайды. Күмәнді ұсыныс түскен жағдайда оған келіспей, құқық қорғау органдарына хабарласқан дұрыс.

Бір сәттік табыс үшін өз болашағыңызға қауіп төндірмеңіз. Оңай ақша туралы ұсыныс кейде ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Заңды білу және күмәнді ұсыныстардан дер кезінде бас тарту – өзіңізді және жақындарыңызды қылмыстық қауіптен қорғаудың маңызды жолы.

Көкшетауда мәдени апта өтеді

Көкшетауда мәдени апта өтеді
Көкшетауда 7-9 қазан аралығында өңірдің үш өнер ордасының мерейтойына арналған мәдени шаралар өтеді. Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы 80 жылдығын, Шақмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры 30 жылдығын, ал Ақмола облыстық орыс драма театры 50 жылдығын атап өтеді.

Мерейтойлық бағдарлама 7 қазанда филармонияның 80 жылдығына арналған шаралармен басталады. Сағат 11:00-де Қазақстан филармонияларының директорлары мен мәдениет саласының өкілдері қатысатын «Тазалық – мәдениеттің бастауы» атты дөңгелек үстел өтеді. Ал 16:00-де қонақтар Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжіне барып, мәдениет пен өнер саласына маман даярлау жүйесімен танысады.

Кешкі 19:00-де филармония сахнасында мерейтойлық гала-концерт ұйымдастырылады. Бағдарламада К. Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, симфониялық және эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрлері, «Гәкку» би ансамблі мен солистер өнер көрсетеді. Арнайы қонақтар қатарында Секен Тұрысбек, Біржан Хасанғалиев және Айтқали Жайымов бар.

8 қазанда Шақмет Құсайынов атындағы театр 30-шы маусымын Мәр Байджиевтің «Он екінші күн» комедиясымен ашады. Қойылымға биыл 90 жасқа толатын Қазақстанның халық әртісі Жібек Бағысова қатысады.

9 қазанда Ақмола облыстық орыс драма театры 50-ші маусымын Мұхтар Әуезов шығармасы негізінде сахналанған «Лютый» драмасымен бастайды. Қойылым бұған дейін республикалық және халықаралық фестивальдерде бірнеше марапатқа ие болған.

Үш күндік бағдарлама Көкшетауда әр буын мен әр бағыттағы өнер өкілдерін бір алаңға жинап, өңірдің кәсіби өнерінің тарихы мен бүгінгі тынысын таныстырады.

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру белгіленген талаптардың сақталуын бақылауға, ықтимал ауытқуларды уақтылы анықтауға және жобаны іске асыру барысында қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте бақылаудың мәні тиісті кезеңде орындалатын жұмыстар мен қабылданатын шешімдердің сипатына қарай өзгеріп отырады.

Бұл туралы ҚР Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Қанат Тұяқбаев мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңында (бұдан әрі – Заң) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басымдығы, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылаудың міндеттілігі мен үздіксіздігі бекітілген.

Радиациялық қауіптіліктің бірінші санатындағы қондырғылар үшін Заңда тікелей объектіде тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау режимі көзделген. Ол уәкілетті лауазымды адамдардың қондырғыда болуын және оның өмірлік циклі бойында ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік жай-күйін бақылауды көздейді.

Заңнамада бекітілген мұндай тәсіл халықаралық практикаға сәйкес келеді. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің қауіпсіздік талаптары ядролық қондырғының өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдерінде қауіпсіздік мәселелерін қарау мен бағалауды, сондай-ақ инспекциялар жүргізуді көздейді.

Алаңды таңдау кезеңінде АЭС-ті қауіпсіз орналастыруға және одан әрі пайдалануға әсер етуі мүмкін жағдайларға назар аударылады. Табиғи және техногендік әсерлер, сондай-ақ аумақтың геологиялық, сейсмикалық, гидрологиялық және метеорологиялық сипаттамалары бағаланады. Алаңды таңдау жөніндегі жобалау құжаттамасы ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасына жатады.Жобалау кезеңінде болашақ станцияның қауіпсіздігін айқындайтын техникалық шешімдер бағаланады. Олардың қатарында қауіпсіздік үшін маңызды жүйелер мен элементтер, бақылау және қорғау құралдары, сондай-ақ авариялардың алдын алу және олардың салдарын шектеу жөніндегі шаралар бар. Мұндай бағалау қабылданатын шешімдердің оларды іс жүзінде іске асыру басталғанға дейін белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді, – деді Қанат Тұяқбаев.

Құрылыс барысында бақылау жобада көзделген шешімдердің іске асырылуына және белгіленген талаптардың сақталуына шоғырланады. Станцияны қауіпсіз пайдалануға маңызы бар жүйелер мен жабдықтарды монтаждауға, сондай-ақ көзделген тексерулер мен сынақтарды жүргізуге ерекше назар аударылады.

Құрылыс барысында жобаға енгізілетін өзгерістерді бақылаудың да маңызы зор. Қауіпсіздік мәселелерін қозғайтын өзгерістер олардың бұрын қабылданған жобалық шешімдер мен объектінің сипаттамаларына ықтимал әсерін ескере отырып қаралады. Мұндай тәсіл енгізілетін түзетулердің ықтимал салдарын олар іске асырылғанға дейін ескеруге мүмкіндік береді.АЭС-ті пайдалануға беруге дайындау кезеңінде станцияның қауіпсіз жұмысқа дайындығын растауға басты назар аударылады. Жабдықтар мен жүйелердің техникалық дайындығы, қажетті құжаттаманың және персоналдың әзірлігі бағаланады. Физикалық және энергетикалық іске қосу белгіленген талаптар орындалып, көзделген тексерулер жүргізілгеннен кейін дәйекті түрде жүзеге асырылады, – деді Қанат Тұяқбаев.

Осылайша, мемлекеттік бақылау мен қадағалау АЭС құрылысының барлық негізгі кезеңдерін қамтиды және жобаны қауіпсіз іске асыру негізіне алынған талаптардың дәйекті сақталуын қамтамасыз етеді. Оның үздіксіздігі туындайтын мәселелерді уақтылы ескеруге және қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік бере отырып, станцияны кейіннен қауіпсіз пайдалануға беру және одан әрі пайдалану үшін тиісті жағдайлар қалыптастырады.

https://baq.kz/aes-qurylysy-qauipsizdik-talaptarynyn-saqtaluy-baqylauda-bolady-320048042

The World Financial Review: Қазақстанның инвестициялық картасы қалай өзгерді

The World Financial Review: Қазақстанның инвестициялық картасы қалай өзгерді

Соңғы жылдардағы экономикалық трансформация елдің дәстүрлі шикізат секторынан тыс инвестициялық мүмкіндіктерін біртіндеп кеңейтуде. Өңдеу өнеркәсібін, көлік инфрақұрылымын, ауыл шаруашылығын және цифрлық қызметтерді дамыту халықаралық капитал үшін жаңа бағыттарды ашуда. Бұл туралы The World Financial Review британдық іскерлік басылымының мақаласында айтылған.

Қосымша фактор ретінде экономиканың сыртқы міндеттемелер құрылымындағы өзгерістерді атап өтуге болады. Бес жыл ішінде сыртқы борыштың ЖІӨ-ге қатынасы 83,1%-дан 59,4%-ға дейін төмендеді, бұл салыстырмалы борыштық жүктеменің азайғанын көрсетеді.
Әрине, әртараптандырылған экономикалық модельге көшу ұзақмерзімді міндет болып қала береді. Ол Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығында да көрініс табады. Дүниежүзілік банктің 2026–2031 жылдарға арналған жаңа елдік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, экономиканың орнықтылығын арттыруға және өнімділігі жоғары әрі инновациялық жеке секторды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Негізгі басымдықтардың бірі жеке капиталдың қатысуын кеңейту және экономикалық өсудің өндіруші салаларға тәуелділігін төмендету болып саналады.

Қазақстанның экономикалық бағыты осы міндеттерді шешуге бағытталған. Бұл саясатты одан әрі жүзеге асыру елдің жаңа салаларды дамыту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін жинақталған ресурстық әрі инвестициялық әлеуетті қаншалықты тиімді пайдалана алатынына байланысты болады.

The World Financial Review: Тоқаевтың экономикалық саясаты Қазақстанға не берді

The World Financial Review: Тоқаевтың экономикалық саясаты Қазақстанға не берді

Өнеркәсіп, инфрақұрылыммен қатар Қазақстан цифрлық ортаны және кадрлар даярлау жүйесін дамытуда. Бұл бағыттар технологиялық өндірістерді, қызмет көрсету орталықтарын және білікті мамандарды қажет ететін басқа жобаларды орналастыруға мүдделі халықаралық компаниялар үшін маңызды бола түсуде, деп жазады The World Financial Review.

Елімізде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды түрде ұсынылады. Электрондық қызмет түрлерінің саны 2021 жылы 657-ден 2026 жылы 1 333-ке дейін өсті. Халықтың 97,5%-ы интернетке қол жеткізген.

Цифрлық мемлекеттік қызметтердің кеңеюі бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жеңілдетуге негіз қалыптастырады. Өз кезегінде интернетке қолжетімділіктің жоғары деңгейі электрондық коммерцияны, финтехті және цифрлық сервистерді дамытуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, аумағы кең және халық тығыздығы салыстырмалы түрде төмен ел үшін мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшірудің технологиялық қана емес, экономикалық маңызы да бар. Цифрландыру азаматтар, бизнес және мемлекет арасындағы қашықтықты қысқартып, қызметтерге қолжетімділік құнын төмендетеді.

Қазақстанның цифрландыру саласындағы серпілісі басқа елдер үшін жақсы үлгіге айналды: Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) Global Innovation Index 2025 рейтингінде «Үкіметтің онлайн-қызметтері» көрсеткіші бойынша Қазақстанды әлемде 10-орынға қойды. ДЗМҰ цифрлық мемлекеттік қызметтерді елдің инновациялық дамуындағы ең мықты көрсеткіштердің бірі ретінде бағалайды.
Экономиканы жаңғырту адами капиталды сапалы түрде жаңартуды да қажет етеді. Қазақстанның дамуының жаңа стратегиясында бұл фактор ескеріліп, басым бағыттардың біріне айналды. Ел білім беру мен ғылыми зерттеулерге салынатын инвестиция көлемін арттырып келеді. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) ішкі шығындар 2019 жылғы 42,3 млрд теңгеден 2025 жылы 252,5 млрд теңгеге дейін өсті.

Жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық дамуда: елде шетелдік университеттердің 32 филиалы жұмыс істейді және шетелдік жоғары оқу орындарымен стратегиялық әріптестіктің басқа да нысандары жүзеге асырылуда. Ұзақмерзімді перспективада бұл экономиканың неғұрлым технологиялық және ғылымды қажет ететін секторларына инвестициялар тарту үшін негіз қалыптастырады.

Қазақстан өндіріс логистика және технологияны дамытуды көздейді

Қазақстан өндіріс, логистика және технологияны дамытуды көздейді

The World Financial Review басылымы Қазақстан туралы жаңа материалында елдің Еуразиядағы ірі экономикалық орталықтардың арасындағы орналасуы көлік инфрақұрылымының дамуы мен сыртқы сауда байланыстарының кеңеюі жағдайында барған сайын маңызды мәнге ие болып келе жатқанын жазады.

Соңғы жеті жылда елде 36 300 шақырым автомобиль жолы салынып, жөндеуден өтті. Сонымен қатар шамамен 5 000 шақырым теміржол желісі салынып, жаңғыртылды. Бұдан бөлек, 110 теміржол стансасында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.
Көлік желісін дамыту Қазақстанның транзиттік-логистикалық хаб ретіндегі рөлін нығайтады. Халықаралық компаниялар үшін бұл тарату орталықтарын орналастыруға, өңірлік жеткізілімдерді ұйымдастыруға және қазақстандық өндірісті халықаралық құн тізбегіне интеграциялауға жағдай жасайды.

Инфрақұрылымдағы өзгерістер сыртқы экономикалық қызметтің кеңеюімен қатар жүруде. 2025 жылы Қазақстанның тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша сыртқы сауда айналымы $170 млрд-тан асып, бес жыл ішінде 40,5%-ға өсті.

Көлік байланысы халықаралық инвестициялық ынтымақтастық бағыттарының біріне айналуда. 2026 жылы Қазақстан мен ЕҚДБ 2030 жылға дейін есептелген жаңа бес жылдық келісімге қол қойды. Ол жеке секторды, тұрақты инфрақұрылымды, цифрландыруды, Қаржы нарығын дамыту және Қазақстанның өңірлік сауда-логистикалық хаб ретіндегі рөлін нығайту бойынша бірлескен жұмысты көздейді.
Дамып келе жатқан көлік инфрақұрылымы мен өсіп келе жатқан сауда ағындарының үйлесімі логистика, қойма, көлік қызметтері және экспортқа бағытталған өндіріс саласында мүмкіндіктер ашады.

The World Financial Review сарапшылары Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді бағалады

The World Financial Review сарапшылары Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді бағалады

Британдық The World Financial Review іскерлік басылымы Қазақстанның шикізатқа тәуелділіктен арылу бағытындағы қадамдары туралы талдау жариялады. Экономикадағы өзгерістердің басым бағыттарының бірі – өңдеу өнеркәсібін дамыту. Оның Қазақстан экономикасындағы үлесі қазірдің өзінде тау-кен өнеркәсібінің үлесінен асып түсті. Бұл өндіріс құрылымының біртіндеп өзгеріп келе жатқанын көрсетеді.

Кейінгі жеті жылда елде 625 жаңа өнеркәсіп кәсіпорын іске қосылып, 62 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Өңдеу секторын дамыту өндірісті локализациялауға, жабдық жеткізуге және өңірлік өндірістік тізбектерге қосылуға мүдделі халықаралық компаниялар үшін қосымша мүмкіндіктер қалыптастырады.

Автомобиль өнеркәсібі өндірістік трансформацияның жарқын мысалына айналды. Соңғы жеті жылда Қазақстанда 800 мыңға жуық автомобиль өндірілді. Өндірістік қуаттарды кеңейтуге Kia Qazaqstan және Astana Motors Manufacturing Kazakhstan ірі жобаларының іске қосылуы ықпал етті. Автомобиль өнеркәсібінің дамуы қосалқы бөлшектер өндірушілерін, жабдық жеткізушілерін және технологиялық компанияларды тартуға мүмкіндік береді. Өндіріс көлемі ұлғайған сайын жергілікті қамту үлесін арттыруға және сабақтас салаларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер пайда болады.

Агроөнеркәсіп кешенінің де халықаралық бизнес үшін әлеуеті жоғары. Кейінгі жеті жылда ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі нақты мәнде 24%-ға, ал ақшалай мәнде 5,2 трлн теңгеден 9,8 трлн теңгеге дейін өсті. Өндіріс көлемінің артуы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сақтау, логистика, ауыл шаруашылығы техникасы және заманауи технологияларды енгізуге инвестиция салу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бүгінде бизнес, оның ішінде халықаралық компаниялар Қазақстанның ішкі нарығына ғана емес, экспортқа бағдарланған өндірістер құру мүмкіндігіне де қызығушылық танытып отыр.

Өнеркәсіпті жаңғыртумен қатар ішкі нарық пен кәсіпкерлік базасы да кеңеюде. Соңғы жеті жылда шағын және орта бизнестегі жұмыспен қамту 31,3%-ға артып, 2025 жылы 4,5 млн адамға жетті. Бұл өсім жеке кәсіпкерлер мен шағын компаниялар санының артуы есебінен қамтамасыз етілді.

Кәсіпкерлік сектордың дамуы жергілікті жеткізу тізбектерін қалыптастыруға, серіктестер табуға және ішкі нарыққа шығуға жаңа мүмкіндіктер береді.

Ал экономика ауқымының ұлғаюы жабдыққа, технологияға, қаржылық және кәсіби қызметтерге қосымша сұраныс тудырады.
Құрылыс саласы ішкі нарықты дамыту көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Жеті жыл ішінде Қазақстанда 118,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Құрылысты кеңейту құрылыс материалдарына, инженерлік жабдықтарға, заманауи технологияларға және ілеспе қызметтерге сұранысты қалыптастырады.

Кәсіпкерлікті дамыту Тоқаевтың экономикалық саясатының басымдықтарының бірі болып қала береді. Президенттің бағыты жеке меншікті қорғауды, бәсекелестікті дамытуды, әкімшілік кедергілерді азайтуды және мемлекеттің экономикаға қатысуын азайтуды көздейді. Осы мақсаттарды жүзеге асыру жеке капиталды одан әрі тарту және неғұрлым бәсекеге қабілетті іскерлік ортаны қалыптастыру үшін маңызды.

Қазақстан экономикасы өсіп келеді: инвесторларға қандай мүмкіндіктер бар

Қазақстан экономикасы өсіп келеді: инвесторларға қандай мүмкіндіктер бар

Қазақстан туралы мақаласында The World Financial Review халықаралық қаржы институттары мен рейтинг агенттіктерінің ел экономикасына қатысты оң болжамдарын атап көрсетті.

2026 жылғы қыркүйекте Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан экономикасының өсімі жөніндегі болжамын сақтап, 2026 жылы 4,7%, 2027 жылы 4,5% деңгейінде өсім болады деп күтетінін мәлімдеді.

Азия даму банкі де Қазақстан экономикасындағы оң динамика сақталады деп болжап отыр. Оның бағалауынша, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2026 жылы 4,8%-ға, 2027 жылы 4,5%-ға өседі. Екі халықаралық институттың бағалауы алдағы екі жылда экономикалық өсімнің шамамен 4,5–5% деңгейінде болатынын көрсетеді.

Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингтері де халықаралық инвесторлар үшін маңызды фактор болып отыр.

2026 жылғы тамызда S&P Global Ratings Қазақстанның ұзақмерзімді тәуелсіз кредиттік рейтингін BBB− деңгейінен BBB деңгейіне дейін көтеріп, болжамын «тұрақты» деп белгіледі. Агенттік жаһандық белгісіздік белең алған тұста Қазақстан экономикасының орнықтылығын, елеулі сыртқы резервтерді және мұнайға жатпайтын бюджет тапшылығының одан әрі қысқаратыны жөніндегі болжамды атап өтті. S&P Қазақстанның нақты жалпы ішкі өнімі 2026 жылы 5,1%-ға, ал ортамерзімді перспективада шамамен 4%-ға өседі деп болжайды.

Fitch Ratings те Қазақстанның дербес несиелік рейтингін инвестициялық деңгейдегі BBB деңгейінде, болжамын «тұрақты» күйінде растады. Агенттік елдің несие қабілеттілігін қолдайтын факторлардың қатарында таза сыртқы активтердің елеулі көлемін және мемлекеттік борыштың салыстырмалы түрде төмен деңгейін атап өтті. Fitch ортамерзімді перспективада көлік, өңдеу өнеркәсібі және қызмет көрсету салалары экономикалық белсенділікті қолдауды жалғастырады деп күтеді.

Мұндай бағалаулар Қазақстан экономикасының даму үрдісін тұтастай көрсетеді: болжамды экономикалық өсім инвестициялық деңгейдегі несиелік рейтингімен және елеулі қаржылық резервтермен ұштасып отыр. Шетелдік компаниялар үшін мұндай көрсеткіштер ел ішіндегі тәуекелдерді бағалау және ұзақмерзімді жобаларды жоспарлау кезінде маңызды.

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑