Month: October 2026 (Page 36 of 37)

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өткен жылы қазақстандық IT-қызметтер экспорты 1 миллиард доллардан асты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өткен жылы қазақстандық IT-қызметтер экспорты 1 миллиард доллардан асты. Цифрлық шешімдеріміз әлемнің 100-ден аса елінде қолжетімді»

🔹Мемлекет басшысы жасанды интеллектіге қатысты асқан жауапкершілік таныту қажет екенін атап өтті.

– Жақында Президент Дональд Трамптың бастамасымен Американың жетекші технологиялық компаниялары Суперинтеллект туралы келісімге қол қойғанын айтқым келеді. Менің ойымша, мүдделі елдер осы тәсілді үлгі ретінде қарастырып, мұқият зерделеген соң жаһандық деңгейде қолдануға болар еді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

🔹Президент Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру үшін жүйелі шаралар қабылданып жатқанына назар аударып, еліміздің жетістіктеріне тоқталды.

– Өткен жылы қазақстандық IT-қызметтер экспорты 1 миллиард доллардан асты. Цифрлық шешімдеріміз әлемнің 100-ден аса елінде қолжетімді. Бұл қадамдар мен жетістіктер еліміздегі және әлемдегі прогреске үлес қосуға Қазақстанның да ниетті екенін көрсетеді. Дегенмен озық технология саласындағы бұл жетістіктермен шектеліп қалуға болмайды. Біз еліміздің мықты технологиялық негізін қалыптастырамыз десек, инновациялық стартап-компанияларға нақты қолдау көрсетіп, озық жобаларды жүзеге асыруымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

🔹Бұл ретте Президент өнеркәсіп саласы бойынша жасанды интеллект міндеттерінің тізімін жасау маңызды деп санайды. Аталған тізім нақты экономикалық қажеттіліктерге негізделуге тиіс.

🔹Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев осы тізімге сүйене отырып, Қазақстан мен шетелден келген командалардың қатысуымен AI Challenge ұйымдастыруды ұсынды. Оң нәтиже көрсеткен үздік жобалар міндетті түрде өндіріске енгізіледі.

t.me/aqorda_resmi

Көкшетауда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды: Ақмола облысында 16 вокзалды жаңғырту жұмыстары аяқталды

Көкшетауда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды: Ақмола облысында 16 вокзалды жаңғырту жұмыстары аяқталды

Көкшетау қаласында жаңартылған теміржол вокзалының ашылу рәсімі өтті. Ол Ақмола облысындағы теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарламаның қорытынды нысаны болды. Салтанатты шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов қатысты.
Салтанатты шарада облыс әкімі теміржол инфрақұрылымын дамыту Мемлекет басшысы қойған міндеттердің бірі екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында көлік-логистика саласының стратегиялық маңыздылығына ерекше тоқталып, «Біз кейінгі ұрпаққа жоғары деңгейдегі автомобиль және теміржол магистральдарын, тиімді жұмыс істейтін әуе хабтарын, теміржол вокзалдары мен теңіз порттарын қалдыруымыз керек» деп атап өтті.
Бүгін біз жай ғана жөндеуден өткен ғимаратты ашып отырған жоқпыз. Ең алдымен адамға бағытталған заманауи кеңістікті пайдалануға беріп отырмыз. Ең бастысы – Көкшетау вокзалының көпшілікке таныс сәулеттік келбеті мен тарихи тұтастығын сақтай отырып, оны заманауи мазмұнмен толықтыра алдық», – деді Марат Ахметжанов.
Ақмола облысында бұл міндет нақты жүзеге асырылды: бағдарлама аясында өңірдегі 16 нысанның барлығы заманауи талаптарға сай жаңғыртылды. Бұл – бір өңірлік бағдарлама аясында жаңартылған теміржол вокзалдарының ең көп саны.
Бұл тізімде Көкшетау вокзалының орны ерекше. Ғимарат 1981 жылы салынған, ал соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 20 жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген. Бүгінде вокзалдың ішкі кеңістігі толық жаңарғанымен, қала тұрғындарының бірнеше буынына таныс сәулеттік келбеті сақталды.
Вокзал тәулігіне шамамен 1 800 жолаушыға қызмет көрсетеді. Осы жерден өңір тұрғындары еліміздің басқа қалаларына аттанып, Көкшетауға қонақтар мен туристер келеді. Қала арқылы Бурабай курорттық аймағына бағыт алатын маңызды теміржол бағыттарының бірі өтеді. Сондықтан вокзал көлік қатынасы үшін ғана емес, өңірдің туристік тартымдылығын арттыру тұрғысынан да маңызды нысан саналады.
Жаңғырту барысында ғимараттың қасбеті, ішкі бөлмелері, кіреберіс топтары, инженерлік жүйелері мен жолаушылар инфрақұрылымы жаңартылды. Заманауи күту залдары мен ақпараттық аймақтар жасалып, қонақүй бөлмелері қарастырылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қажетті жағдайлар жасалды.
Жобаның негізгі элементтерінің бірі – платформаларға шығатын жерүсті өткелі. Қазіргі уақытта онда жұмыстар жалғасып жатыр. Вокзал лифттер мен эскалаторлармен жабдықталып, кедергісіз орта қалыптастырылды. Жалпы аумағы 0,75 гектарды құрайтын вокзал маңы аумағы да абаттандырылды. Мұнда жаяу жүргіншілер аймақтары жасалып, көгалдандыру және жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
«Вокзал бір жылдан астам уақыт жөндеуде болды. Енді оның қандай болғанын көру ерекше қуантады. Барлығы заманауи әрі ұқыпты жасалған, әлдеқайда жайлы және ыңғайлы болыпты. Көкшетау тұрғындары үшін бұл – маңызды орын. Сапарларымыз осы жерден басталады, осында туған-туыстарымыз бен қонақтарымызды қарсы аламыз. Көптеген отбасыларда теміржол саласында еңбек ететін адамдар бар. Вокзалдың жаңғыртудан кейін қайта ашылып, жаңа тыныс алғанына өте қуаныштымын», – деді қала тұрғыны Жанар Алмағамбетова.
Көкшетаудағы жаңартылған вокзалдың ашылуы бүкіл өңірді қамтыған ауқымды жұмыстың қорытындысы болды. Бағдарламаны іске асыру барысында Көкшетау, Щучинск, Атбасар, Ақкөл, Макинск, Есіл, Ерейментау, Державинск қалаларындағы, сондай-ақ Жақсы, Жалтыр, Аршалы, Шортанды, Никольское, Еркіншілік, Сарыоба және Үленті станциялары мен елді мекендеріндегі нысандарда заманауи жағдай жасалды.

Үлкеннің өнегесі – ұрпаққа аманат

Үлкеннің өнегесі – ұрпаққа аманат

Қарияларымыздың көргені мен түйгені кейінгі буын үшін баға жетпес тәжірибе. Ұрпақ сабақтастығы осындай құндылықтарды сақтаудан басталады.

🤍 1 қазан — Қарттар күні

🤍 1 қазан — Қарттар күні

Ақылдың кені — қарттарымызға құрметіміз шексіз.
Әрбір үлкен кісінің жанында қамқорлық пен жылулық болсын.
Қарты бар үйдің — қазынасы бар.

Қарттар күні құтты болсын!

Қарттар күні құтты болсын!

1 қазан – қарттар күні. Бұл күн – аға буынға құрмет көрсетіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбегіне алғыс білдіретін ерекше күн.
Үлкеннің батасы мен өнегесі – кейінгі ұрпақ үшін қашанда қымбат.
Қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық тілейміз!

1 қазанда Кеңес Одағының Батыры екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанған әскери ұшқыш Сергей Луганскийдің туған күні атап өтіледі.

1 қазанда Кеңес Одағының Батыры, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанған әскери ұшқыш Сергей Луганскийдің туған күні атап өтіледі.

Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсетіп, әскери авиация тарихында өз есімін қалдырды.

✈️ Сергей Луганскийдің туғанына 108 жыл

✈️ Сергей Луганскийдің туғанына 108 жыл

1 қазан – Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, әскери ұшқыш Сергей Луганскийдің туған күні.
Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсетіп, әскери авиация тарихында өшпес із қалдырды.

Жастарға құқықтық сауаттылықтың маңызы түсіндірілді

Жастарға құқықтық сауаттылықтың маңызы түсіндірілді

Көкшетау қаласындағы Ж. Мусин атындағы Қазақ педагогикалық жоғары колледжінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кездесу өтті. Оған 150-ге жуық колледж студенті қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын түсіндіру және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара барысында студенттерге есірткі қылмысының алдын алу, қаржылық қауіпсіздік, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша маңызды ақпарат берілді. Мамандар жастарға түрлі құқық бұзушылықтардың салдары мен одан сақтану жолдарын түсіндірді.

Кездесуге Ақмола облысы Жастар ресурстық орталығының NEET санатындағы жастармен жұмыс және кеңес беру бөлімінің басшысы Елеш Шыңғысхан Маратұлы, Ақмола облысы ПД есірткіге қарсы басқармасының жедел аға уәкілі, полиция подполковнигі Курсанова Разия Талгатовна, Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің талдау және тәуекелдер басқармасының аға уәкілі Турсунбаев Ильяс Даулетханұлы, Көкшетау қаласы ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Нысанбай Ескендір Бекболатұлы, сондай-ақ Esbol qorgau жанындағы өңірлік «Есірткісіз Ақмола» фронт-кеңсесінің басшысы Жағупар Даниал Қуанышбекұлы қатысты.

Сонымен қатар Ақмола облысы ПД кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері қызметтік иттердің мүмкіндіктерін көрсетіп, студенттерге арнайы интерактивті көрсетілім ұйымдастырды. Бұл бөлім жастардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Кездесу соңында студенттер мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Ашық форматтағы әңгіме барысында жастар құқықтық жауапкершілік, есірткіден аулақ болу, қаржылық алаяқтықтан сақтану және заң талаптарын сақтау жөнінде пайдалы ақпарат алды.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қоғамдағы қауіпсіздік пен заңға құрмет қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

Көкшетауда студенттерге өз құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді

Көкшетауда студенттерге өз құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 180 студенті құқық қорғау, мемлекеттік және құқық қорғау саласының өкілдерімен кездесіп, жастардың құқықтары мен қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Өз құқығыңды қалай қорғауға болады? Қысым көрсетуге немесе қудалауға тап болған жағдайда қайда жүгіну керек? Интернеттегі алаяқтық схемаларды қалай тануға болады? Осы және басқа да өзекті сұрақтар Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде өткен кезекті «Құқықтық сағат» барысында талқыланды.

Іс-шараны Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі ұйымдастырды. Кездесуге Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшелері, Ақмола облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің өкілдері, облыстық прокуратураның, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында студенттерге адам құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету мәселелері түсіндіріліп, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар әйелдердің құқықтарын қорғау, жастар ортасындағы қауіпсіздік және заң талаптарын сақтау мәселелері қозғалды.

Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі буллинг пен сталкингтің алдын алу болды. Мамандар мұндай жағдайларға тап болған кезде немқұрайлы қарамаудың, құқық бұзушылық белгілері байқалған жағдайда дер кезінде тиісті органдарға жүгінудің маңызын түсіндірді.

Студенттерге интернеттегі қауіпсіздік мәселелері де кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, алаяқтық схемалар мен қаржы пирамидаларына алданып қалмау, киберқылмыстардан сақтану және күмәнді ұсыныстарды ажырата білу жолдары айтылды.

Бұдан бөлек, есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, ерте жүктіліктің алдын алу және төтенше жағдай кезінде әрекет ету алгоритмдері туралы ақпарат берілді.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті. Студенттер спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты өмірлік жағдайларға қатысты құқықтық түсініктемелер алды.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінуіне мүмкіндік береді. Құқықтық білімді күнделікті өмірде дұрыс қолдану, қауіптің алдын ала білу және қажет болған жағдайда көмекке жүгіну – жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі.

«Құқықтық сағат» сияқты іс-шараларды өткізу жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

🤖 Дженсен Хуанг Қазақстанға алғаш рет келеді

🤖 Дженсен Хуанг Қазақстанға алғаш рет келеді

NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуанг Қазақстанға алғаш рет келіп, Астанада өтетін AI MONTH шарасына арнайы қонақ ретінде қатысады.

Сапар ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің шақыруымен, Astana Hub қолдауымен өтеді.

📅 23 қыркүйек – 23 қазан аралығындағы AI MONTH AI мамандарын, әзірлеушілерді, стартаптар мен технологиялық компанияларды біріктіреді.

Бағдарламада HackAlem AI, Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің отырысы және 2–3 қазанда өтетін AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы бар.

🌐 AI MONTH – Қазақстанның AI және цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастығын дамытуға арналған маңызды алаң.

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑