«Бүгін мен Мемлекет басшысы ретінде Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауымды жариялаймын.
Бұл Жолдаудың мәні де, мазмұны да айрықша.
25 қазанда ұлттық мерекеміз – Республика күнін атап өттік. Осы күні Егемендік туралы декларация қабылданды. Біз дербес ел болу жолында батыл қадам жасадық. Көп ұзамай Тәуелсіздік туын биікке көтеріп, елдігіміздің іргесін бекіттік.
Міне, биыл қасиетті Тәуелсіздігімізге 35 жыл толып жатыр. Бұл тарихи меженің ұлт шежіресінде алатын орны бөлек.
Биыл наурыз айында халқымыз мемлекеттігіміздің негізгі тірегін – Конституциямызды қабылдады. Бұл тұтас еліміз үшін тарихи мән-мағынасы терең оқиға болды.
Конституцияны бірнеше ұрпақтар арасындағы қастерлі келісім деп атауға болады. Өйткені Конституцияда Қазақстанның қазіргі бітім-болмысы мен болашақтағы бейнесі нақты айқындалды.
Азаматтарымыз жаппай қолдаған Конституция 1 шілдеде заңды күшіне еніп, еліміздің саяси жүйесінің түбегейлі жаңғыруына, жаңа билік институттарының құрылуына үлкен серпіліс берді.
Жұртымыз жарқын болашаққа бастайтын ауқымды жұмысты атқаруға белсенді түрде кірісті.
Ел өміріндегі тарихи өзгерістердің барлығы халықтың көз алдында болып жатыр. Бұл мәселе аса маңызды болса да, көп сөз айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын».
Смартфон қашан осал болады: деректерді ұрлаудың алты сценарийі
Смартфонның жеткілікті қорғалмауы жеке деректердің таралуына және қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін. Fingramota.kz мамандары киберқауіптердің кең таралған алты түрін атап, олардан қорғану жолдарын түсіндірді.
Смартфонның жоғалуы. Құрылғы бөтен адамның қолына түскен жағдайда, ол хат-хабарларға, құжаттарға және банк қосымшаларына қол жеткізуге әрекет жасауы мүмкін. Сондықтан сенімді PIN-код орнатып, биометриялық қорғанысты және құрылғыны қашықтан бұғаттау функциясын қосу қажет.
Зиянды қосымшаларды орнату. Күмәнді сілтемелер арқылы жүктелген бағдарламалар құрылғыдағы хабарландыруларға және басқа да функцияларға қол жеткізуі мүмкін. Қосымшаларды тек ресми дүкендерден жүктеп, олардың қандай рұқсаттар сұрайтынын тексерген жөн.
Құрылғының жасырын түрде зиянды бағдарламамен зақымдануы. Зиянды бағдарламалар смартфонды иесінің хабарынсыз хабарламалар тарату және басқа да заңсыз әрекеттер жасау үшін пайдалануы мүмкін. Мұндай қауіптің алдын алу үшін операциялық жүйені уақтылы жаңартып, белгісіз қосымшаларды жою қажет.
Файлдарды бұғаттайтын бопсалаушы бағдарламалар. Зиянды бағдарламалар құжаттарға қолжетімділікті шектеп, оларды қалпына келтіру үшін ақша талап етуі мүмкін. Маңызды деректердің резервтік көшірмелерін тұрақты түрде жасап, күмәнді файлдарды ашпау ұсынылады.
Жалған Wi-Fi желілері. Алаяқтар қоғамдық орындардағы заңды желілерге ұқсас атаумен жалған Wi-Fi нүктелерін құрып, пайдаланушыларды фишингтік сайттарға бағыттауы мүмкін. Желіге қосылмас бұрын оның атауын мекеме қызметкерлерінен нақтылап, күмәнді сайттарға банк картасының деректерін енгізбеген жөн.
NFC арқылы төлем жасауға қатысты алаяқтық. Қаскөйлер байланыссыз төлемнің қауіпсіздігін тексеруді сылтауратып, пайдаланушыларды арнайы бағдарлама орнатуға көндіруі мүмкін. Бейтаныс адамдардың өтініші бойынша қашықтан басқаруға арналған қосымшаларды орнатпаңыз. Сондай-ақ банк операциялары туралы хабарландыруларды қосыңыз.
Мамандардың ұсыныстары
Смартфонды қорғау үшін экранды сенімді кодпен бұғаттау, операциялық жүйені уақтылы жаңарту, қосымшалардың рұқсаттарын бақылау, екі факторлы аутентификацияны пайдалану және деректердің резервтік көшірмелерін жасау маңызды.
Егер құрылғыға бөгде адамның қол жеткізгеніне күмәндансаңыз, банкпен оның ресми нөмірі арқылы дереу байланысып, қажет болған жағдайда банк карталарын немесе қаржылық сервистерге қолжетімділікті бұғаттаңыз. Электрондық пошта мен маңызды аккаунттардың құпиясөздерін басқа, қауіпсіз құрылғыдан өзгертіңіз.
Ақша ұрланған жағдайда, қолда бар дәлелдерді сақтап, құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.
Көкшетауда “Қауіпсіз үй” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлерін, қоғам өкілдерін және белсенді жастарды біріктірген “Таза қала” акциясы өтті. Іс-шара Көкшетау қаласы Полиция басқармасының алаңында жалпы жиыннан басталды. Учаскелік инспекторлар мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлерге Ақмола облысы Полиция департаменті жанындағы есірткі құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестің мүшелері, “Жастар Рухы” жастар қанатының өкілдері және еріктілер қосылды. Брифингтен кейін қатысушылар топтарға бөлініп, полицейлермен бірге қаланың тұрғын үй алқаптарына бет алды. Олар үйлерді, аулалар мен кіреберістерді аралап, тұрғындармен сөйлесті, ақпараттық буклеттер таратып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті және көмек сұрау тәртібін түсіндірді. Есірткі қылмысының алдын алуға ерекше көңіл бөлінді. Бейінді бөлімшенің қызметкерлері жерасты есірткі зертханаларын орналастыру мүмкіндігіне тұрғын үй секторына тексеру жүргізді, сондай-ақ есірткі жарнамасы мен тыйым салынған интернет-ресурстарға сілтемелері бар жазулар мен граффитилерді анықтады. 4 есірткі граффити анықталып, боялды. Акцияның негізгі жолдауы қарапайым-қауіпсіздік тек полиция жұмысынан ғана емес, азаматтардың өздеріне де бей-жай қарамауынан басталады. Өйткені, кіреберістің тазалығы, қауіпсіз аула және отбасындағы әл-ауқат қаладағы тәртіп пен жайлылықтың негізі болып табылады. Мұндай іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етіп қана қоймай, жастарды қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін шешуге тарта отырып, полицияның халықпен өзара іс-қимылын нығайтады. Қауіпсіз үй, таза аула және есірткісіз қала-біздің ортақ міндетіміз!
Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру туралы: Құқықтық тәртіпті сақтамай, елдің экономикалық және әлеуметтік мақсаттарына қол жеткізу мүмкін емес
📌Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді
«”Заң мен тәртіп” – қазіргі таңда ең жоғарғы конституциялық деңгейде бекітілген мемлекетіміздің негізгі қағидаттары. Президентіміз үнемі айтатындай, нағыз патриот ол – бірінші кезекте заңға бағынатын, тәртіпті сақтайтын, тазалықты бағалайтын, табиғатты аялайтын еңбекқор, білімді азамат. Сондықтан дәл осындай құндылықтарды бәріміз кеңінен насихаттауымыз, ілгерілетуіміз қажет. Тәртіп болмаса, елімізде экономикалық, әлеуметтік, саяси, басқа мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
«Заң мен тәртіп» қағидаты заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталғаны атап өтілді, ал ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдардың құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысын үйлестірумен айналысады.
Жиында «Заң мен тәртіп» идеологиясын қоғамда ілгерілету жөніндегі тұжырымдамадағы іс-шаралардың орындалу барысы және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар қаралды.
Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты 2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,9%-ды құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 51 935 млрд теңгеге жетті. 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте бұл көрсеткіш 44 840,7 млрд теңгені құраған.
Өңдеу өнеркәсібінде оң динамика байқалды, мұнда өндіріс көлемі 8,6%-ға артты. Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 12,4%-ды, сумен жабдықтау, суды бұру және қалдықтарды басқару саласында 9,2%-ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде машина мен жабдықтан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру 34,8%-ға, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі 30,9%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру 23,4%-ға өсті. Машина жасау өнімдерінің өндірісі 22,8%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 18,1%-ға, тамақ өнімдерін өндіру 13,8%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру 5,9%-ға артты.
Өнеркәсіп өндірісінің өсуі еліміздің 16 өңірінде тіркелді. Ең жоғары өсім Алматы, Жамбыл, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалды.
🇰🇿 ХВҚ болжамы: Қазақстан экономикасы әлемдік экономикаға қарағанда жылдам өсіп келеді
🌍 Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) 2026 жылғы қазан айындағы болжамына сәйкес, Қазақстанның номиналды жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) жыл қорытындысы бойынша шамамен 398 млрд долларды құрайды.
📊 Visual Capitalist порталы ХВҚ деректері негізінде әлем елдерінің экономика көлемі бойынша рейтингін жариялады. Қазақстан 47-орынға орналасып, Португалия, Финляндия және Грекиядан озды.
📈 Негізгі экономикалық көрсеткіштер:
🔹 2026 жылғы нақты ЖІӨ өсімі – 4,4%; 🔹 2027 жылға арналған өсім болжамы – 4,9%; 🔹 Жан басына шаққандағы ЖІӨ – 19 мың доллардан астам; 🔹 Шикізаттық емес сектордың өсімі – 5,4%; 🔹 Құрылыс саласындағы өсім – 11,5%.
🌐 Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика мәртебесін сақтап отыр. Өзбекстан рейтингте 61-орында орналасқан. Қазақстанның ЖІӨ көлемі көрші елдің көрсеткішінен екі еседен астам жоғары.
🏗️ Экономикалық өсімге құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік және сауда салалары елеулі үлес қосуда. Бірінші жартыжылдықта өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесі 14,1%-ға жетті.
📌 ХВҚ-ның орта мерзімді болжамына сәйкес, келесі онжылдықтың басына қарай Қазақстанның номиналды ЖІӨ көлемі 500 млрд доллардан асуы мүмкін.
Дереккөз: ХВҚ, Visual Capitalist, ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
🇰🇿🇺🇸 Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады
📩 2026 жылғы 27 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан Республика күніне орай құттықтау жеделхаты келіп түсті.
Өз құттықтауында Америка көшбасшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығайғанын, халықаралық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың дамуын және екі елге де тиімді маңызды сауда-экономикалық келісімдердің жасалғанын атап өтті.
💬 «Өткен жылы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан бастап, екі елге де пайда әкелетін маңызды коммерциялық келісімдерге қол қоюға дейінгі аралықта әріптестігімізді тереңдете түскенімізді мақтан тұтамын», – делінген жеделхатта.
🇺🇸 Дональд Трамп 1991 жылы Америка Құрама Штаттары Қазақстанды егемен мемлекет ретінде халықаралық аренада алғашқылардың бірі болып танығанын еске салды. Сондай-ақ АҚШ-тың Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және аумақтық тұтастығына деген берік ұстанымын растады.
🤝 АҚШ Президенті америкалық компаниялардың Қазақстан экономикасының дамуындағы маңызды рөлін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
📌 Құттықтау соңында Дональд Трамп желтоқсан айында өтетін G20 саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді асыға күтетінін жеткізді.
Republic Day және Bereke Fest акцияларының соңғы күні: мерекелік жеңілдіктерді пайдаланып үлгеріңіз
27 қазанда Қазақстанда Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары аяқталады. Тұтынушылардың тауарларды арнайы бағамен сатып алып, сауда орындарының мерекелік ұсыныстарын пайдаланып үлгеруіне бір күні қалды.
Еліміздің барлық өңірін қамтыған ауқымды акцияларға сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілері, сондай-ақ маркетплейстер қатысуда. Тауарлардың жекелеген санаттарына 50%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған.
Акцияларға 649 сауда нысаны қосылды. Оның ішінде Republic Day аясында 232 сауда-ойын-сауық орталығы, сауда орталығы мен сауда үйі және 417 сауда желісі қатысуда.
Republic Day акциясы аясында сатып алушыларға киім-кешек, аяқ киім, тұрмыстық техника, үйге қажетті заттар және басқа да тауарлар арнайы бағамен ұсынылуда. Ал Bereke Fest акциясы азық-түлік, күнделікті тұтыну тауарлары мен тұрмыстық химия өнімдерін тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен және аумақтық департаменттермен бірлесіп, акцияларды ұйымдастырып, сауда кәсіпорындарын тарту бойынша үйлестіру жұмыстарын жүргізді.
Еске саламыз, 27 қазан – Republic Day және Bereke Fest акцияларының соңғы күні. Ал жеңілдіктер мөлшері, акцияға қатысатын тауарлардың ассортименті және оларды сатып алу шарттары сауда нысанына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?
Қазақстанда Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Еліміздің барлық өңіріндегі сауда орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілерінде азық-түлік, киім-кешек, аяқкиім, тұрмыстық химия, техника және басқа да тауарларға арнайы баға ұсынылуда. Жекелеген тауарларға жеңілдіктер 50%-ға дейін жетеді.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі акция аясындағы бағаларға талдау жасап, тұтынушылардың түрлі санаттағы тауарларды сатып алу кезінде қанша қаражат үнемдей алатынын есептеді. Талдау өңірлер ұсынған ақпарат негізінде дайындалды.
Азық-түлік тауарлары
Астанада Bereke Fest акциясы аясында күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларына жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, күнбағыс майы – 1 349 теңгенің орнына 889 теңгеге, макарон өнімдерін (400 г) – 499 теңгенің орнына 329 теңгеге, ал 30 данадан тұратын жұмыртқа қаптамасын 2 134 теңгенің орнына 1 619 теңгеге сатып алуға болады.
Осылайша, аталған үш тауардан құралған азық-түлік қоржынының жеңілдіксіз құны 3 982 теңге болса, акция кезінде 2 837 теңгені құрайды. Сатып алушы 1 145 теңге немесе шамамен 29% үнемдей алады.
Тұрмыстық тауарлар
Арнайы жеңілдіктер тұрмыстық химияға да қарастырылған. Астанадағы сауда желілерінде кір жуғыш ұнтақ (5,5 кг) 10 239 теңгенің орнына 5 599 теңгеге, кір жууға арналған гель (2,145 л) 10 865 теңгенің орнына 7 389 теңгеге, ыдыс жууға арналған құрал (900 мл) 1 977 теңгенің орнына 1 679 теңгеге, ал сабын 669 теңгенің орнына 469 теңгеге ұсынылуда.
Аталған төрт тауардың жалпы құны 23 750 теңгеден 15 136 теңгеге дейін төмендейді. Осылайша, сатып алушы 8 614 теңге немесе шамамен 36% үнемдей алады.
Маусымдық киімдер
Алматыда Republic Day акциясы аясында күзгі киімдерге жеңілдіктер ұсынылған. Маусымаралық күртешелер 39 990 теңгенің орнына 25 990 теңгеге, джинсы шалбарлар 19 990 теңгенің орнына 13 990 теңгеге, әйелдер жемпірлері 16 990 теңгенің орнына 10 190 теңгеге, худилер 17 990 теңгенің орнына 10 790 теңгеге, ал балаларға арналған спорттық костюмдер 24 990 теңгенің орнына 13 740 теңгеге сатылуда.
Аталған бес тауардың жеңілдіксіз жалпы құны 119 950 теңге болса, акция аясында 74 700 теңгені құрайды. Осылайша, сатып алушы 45 250 теңге немесе шамамен 38% үнемдей алады.
Ұсынылған есептеулер жекелеген сауда нысандары берген бағалар негізінде жасалған және ықтимал үнемдеу мөлшерін көрсетеді. Жеңілдіктер көлемі, тауар түрлері мен арнайы ұсыныстардың шарттары дүкенге және өңірге байланысты өзгеруі мүмкін.
Акциялар Қазақстанның барлық өңірін қамтиды
Арнайы жеңілдіктер еліміздің өзге өңірлерінде де қарастырылған. Шымкентте тұрғындарға киім-кешек, аяқкиім, балалар тауарлары мен тұрмыстық техника жеңілдетілген бағамен ұсынылуда. Атырау облысындағы жекелеген сауда нысандарында жеңілдіктер 50%-ға дейін жетеді.
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында құрылыс, жөндеу жұмыстары материалдарына және үйді жабдықтауға арналған тауарларға арнайы бағалар белгіленген. Ұлытау, Батыс Қазақстан, Павлодар және басқа да облыстарда азық-түлік пен күнделікті тұтынатын тауарларға жеңілдіктер жасалуда.
Өңірлердің мәліметінше, сатып алушылар арасында маусымдық киімдер мен аяқкиім, азық-түлік, тұрмыстық химия, үйге қажетті тауарлар мен электроника өнімдері сұранысқа ие.
Еске сала кетейік, Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары 17–27 қазан аралығында (қоса алғанда) өткізіледі.
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
– Республика күніне орай жолдаған риясыз құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін барлық мемлекеттер және үкіметтер басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын. Егемен елімізге арнаған ізгі тілектеріңізді халқымыз ризашылықпен қабылдады, – деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.