Month: November 2026 (Page 2 of 2)

«Халықтық құрылыс» жобасы аясында 100 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған

«Халықтық құрылыс» жобасы аясында 100 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған

Атырауда Президент Жолдауында белгіленген міндеттер мен бастамаларды түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихаттық топ өз жұмысын бастады. Топ мүшелері өңірдегі мекемелердің еңбек ұжымдарымен және тұрғындармен кездесулер өткізіп, ел дамуының басым бағыттарын талқылайды.Алғашқы кездесу Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өтіп, оған 100-ден астам адам қатысты.

Жиында ҚР Құрылтай депутаты Арман Хайруллин Жолдауда көтерілген әлеуметтік-экономикалық мәселелерге тоқталып, алдағы кезеңге арналған бастамалардың маңызын түсіндірді.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласында учаскелік медицина қызметкерлерінің еңбекақысын кезең-кезеңімен 40 пайызға көтеру жоспарланып отыр. Білім беру бағытында мұғалімдердің қағазбастылығын азайтып, негізгі міндеті – сапалы білім беруге басымдық беру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар 20 өңірде 237 мың балаға арналған арнайы мектептер салу көзделген.

Кездесуде «Халықтық құрылыс» жобасына да ерекше назар аударылды. Депутаттың айтуынша, 2027 жылды Құрылыс жылы деп жариялау туралы ұсыныс елдегі демографиялық өсімге сай әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жол ашады. Жаңа мектептер, мәдениет және әлеуметтік нысандар салу қажеттілігі артып келеді. Бұл ретте құрылыс саласын дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға да ықпал етеді.

– «Халықтық құрылыс» жобасы елдің дамуына серпін береді деп есептеймін. Бұл – болашаққа салынған инвестиция. Жоба аясында 100 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Ол үшін заңнамалық негіздерді жетілдіріп, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмейтін қолайлы жағдай қалыптастыру маңызды, – деді Арман Хайруллин.

https://www.gov.kz/org/atyrau/press/news/details/1322596?lang=kk

50 жылға шыдайтын көпір: Семейдегі жаңа өткелдің ерекшелігі неде?

50 жылға шыдайтын көпір: Семейдегі жаңа өткелдің ерекшелігі неде?

Семейде бүгінде небәрі екі көпір бар. Жүк көліктерінің қала ішінен өтуі жолдардың тозуына және кептелістің көбеюіне себеп болып отыр.

Жаңа көпір осы мәселені шешуге мүмкіндік бермек. Құрылыс сапасы ультрадыбыстық тексеру және тәуелсіз зертханалық сараптама арқылы бақыланады. Мамандардың айтуынша, қолданылған материалдар 50 жылға дейін қызмет етеді.

Толығырақ «Халықтық құрылыс» бағдарламасынан көріңіз. https://youtu.be/ccq6GTNQXAI

#Халқтыққұрылыс #БольшаяСтройка #Семей #qarqyndyqurylys

Алматыда LRT құрылысы қалай жүріп жатыр?

Алматыда LRT құрылысы қалай жүріп жатыр?

Алматыда LRT құрылысы аясында жол инфрақұрылымын дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс алаңдарында қазаншұңқыр қазу, тегістеу және нығыздау жұмыстары атқарылуда. Мердігердің мәліметінше, осы уақытқа дейін 150 мың шаршы метр аумақ дайындалған. Ал инженерлік желілерді тарту жұмыстарының 80-90 пайызы аяқталған.

Толығырақ «Халықтық құрылыс» бағдарламасынан көріңіз. https://youtu.be/ccq6GTNQXAI

#Халықтыққұрылыс, #qarqyndyqurylys,
#БольшаяСтройка #Алматы #LRT

«Бір көпірді бүкіл қазақ болып көтеріп жатырмыз»

«Бір көпірді бүкіл қазақ болып көтеріп жатырмыз»

Павлодарда айналма жолдың негізгі нысаны саналатын көпір құрылысы жалғасып жатыр. Қазір жұмысшылар екінші және үшінші тірек бағандарын біріктіріп, арматура тоқу жұмыстарын жүргізуде.

Құрылыста Қазақстанның түрлі өңірінен келген мамандар еңбек етіп жүр. Көпір пайдалануға берілгенде қала ішіндегі көлік жүктемесі азайып, жол қауіпсіздігі артады. Сонымен қатар елдің транзиттік әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.

Толығырақ «Халықтық құрылыс» бағдарламасынан көріңіз. https://youtu.be/ccq6GTNQXAI
#Халықтыққұрылыс, #qarqyndyqurylys,
#БольшаяСтройка #Павлодар #көпір

Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑