Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін жаңа өкілді орган – Құрылтайға кең ауқымды өкілеттіктер беріледі. Құрылтай депутаттары:
- заңдарды, оның ішінде конституциялық заңдарды қабылдайды;
- республикалық бюджетті бекітеді;
- салықтар мен міндетті төлемдерді белгілейді;
- әлеуметтік, экономикалық және экологиялық саясат мәселелерін қарайды.
Сондай-ақ Құрылтайдың құзыретіне білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, қорғаныс, халықаралық шарттар және өңірлерді дамыту мәселелері де кіреді.
Депутаттар заң шығару бастамасын көтере алады, парламенттік тыңдаулар өткізеді, Үкімет мүшелерінің есебін тыңдайды және бюджеттің орындалуына бақылау жасайды.
