Ақмола облысында «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында «Көшпелі заң керуені» акциясы басталды.

Акция аясында прокуратура, полиция, әділет органдары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Бурабай және Зеренді аудандарына барып, тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес береді. Азаматтар заңнамаға қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардан түсіндірме ала алады.

Акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге қолдау көрсету.

Көшпелі қабылдаулар тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты нығайтып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.