«Гуманизм тұрғысынан және “Заң мен тәртіп” принципін бұзбай, біз кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге қатысты заңды тәсілдерді қайта қарастыруымыз мүмкін», — деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

Президент бұл мәселенің терең әрі мұқият талдауды талап ететінін атап өтті. Құқық қорғау органдары мен депутаттарға осы мәселені шешудің мүмкін жолдарын әзірлеу тапсырылды.
Әділет пен адамгершілік теңгерімі — қоғамда сенімді нығайтуға маңызды қадам.