Республикалық «Жұлдызай» ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар шығармашылығы фестивалі аясында Ақмола облысының атынан Ақмола облысы білім басқармасына Ақкөл ауданы Урюпинка ауылындағы «Мектеп – интернат бар арнайы кешен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы қатысуда.
Қатысушылар «Арт-ложки» аспаптық ансамблі номинациясы бойынша өнер көрсетеді.
Байқау нәтижелері мен кәсіби қазылар алқасының шешімі бойынша ұжым финалға өтіп, Гран-при жүлдесіне үміткер атанып отыр.
Қазіргі уақытта https://fest.juldizai.kz/ сайтында ашық халықтық дауыс беру жүріп жатыр.
Өңір тұрғындарын финалистерімізге қолдау көрсетіп, өз дауыстарын беруге шақырамыз!