Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономикаға инвестиция тарту жөніндегі жұмыстар туралы хабарлады.
💬 Вице-премьер қабылданған шаралар нәтижесінде қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция 16,1%-ға өскенін атап өтті.
«Инвестицияның ең көп өсімі білім беру саласында 2,3 есе, қаржы қызметінде 90,1%, өңдеу өнеркәсібінде 38,7%, ауыл шаруашылығында 27%, денсаулық сақтауда 17,5%, көлікте 17% мөлшерінде байқалады»,
— деп нақтылады Серік Жұманғарин.
